Қазақстан территориясындағы тарихи-мәдени ескерткіштер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2015 в 10:06, курсовая работа

Краткое описание

Елбасымыздың 2005 жылғы Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауына сәйкестарихи-мәдени ескерткіштерді туризмнің ірі орталығына айналдыру керектігі, ондағы мәдени құндылықтарымызды қорғауға алынуы керектігі айтылған.
Осы тарихи ескерткіштерді көркейте отырып, көне ескерткіштері туристік жерлерге айналдырып, барынша отандық және шетелдік туристерге жағдай жасап, ескерткіштерді ел экономикасының көтерілуіне себебін тигізуіне мүмкіндік туғызуымыз керек. Бұл қазақ елін, жерін, тарихын бүкіл әлемге паш ете отырып, экономиканың көтерілуіне де өз үлесін қосады және Қазақстанның шетелдермен байланысын нығайта түседі.

Содержание

КІРІСПЕ
І. ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРДІҢ ТУРИЗМДЕГІ РӨЛІ
1.1 Қазақстандағы тарихи-мәдени ескерткіштерге сипаттама
1.2 Архитектуралық ескерткіштер
1.3. Көне замандағы қалалар
1.4. Қазіргі заманғы қалалардың сәулет өнері
ІІ. ҚАЗАҚСТАН ТЕРРИТОРИЯСЫНДАҒЫ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕР
2.1. Батыс Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштері
2.2. Солтүстік және Орталық Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштері
2.3. Оңтүстік Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштері
2.4. Шығыс Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштері
ІІІ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРДІ ҚОРҒАУ ҚОҒАМЫ ЖӘНЕ ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕРДІҢ ТУРИЗМДЕГІ РӨЛІ
3.1 Қазақстан Республикасы мемлекеттік ореалдық мұражайы
3.2 Еліміздегі тарихи-мәдени ескерткіштердің туризмдегі рөлі
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-ҚАЗАҚСТАН-ТЕРРИТОРИЯСЫНДАҒЫ-ТАРИХИ-МӘДЕНИ-ЕСКЕРТКІШТЕР.doc

— 228.00 Кб (Скачать документ)

Алтай ескерткіштері.  Бұл көне дәуір ескеркіштері. ХVІ  ғасырдың  басынан зерттеле бастады. 1713 жылы көне зираттарды тонаушылар ұрлаған асыл бұйымдар Ресей патшасы Петр І- ге жетіп, тұңғыш рет “Петр І- нің Сібір коллекциясы” аталған археологиялық коллекция жасалынды. Сол бұйымдар қазіргі уақытта Санкт- Петербургтегі Эрмитажда қымбат экспонат ретінде сақтаулы. Осы кезеңде Алтай жеріне географиялық эспедициялар жіберіле бастады. Оларға саяхатшы ғалымдар Г.Ф.Миллер (1733 және 1744). П.С.Паллас (1770) жетекшілік етеді. Миллер өлкедегі тарихи ескерткіштер туралы тұңғыш еңбек жазып, Ресей және Еуропа елдеріне паш етті. 1865 жылы түрколог- ғалым В.В.Радлов Бұқтырма өзенінің бойында Берел жазығында ерте темір дәуіріне жататын Берел обасын қазып, зерттеді. 1911 жылы А.В.Андриянов батыс Алтайда Черновая, Солнечные Белки, Майәмір деген жерлерде көшпелілер обаларын ашты. 1927 жылы С.И.Руденко Қатынқарағайда, 1956-65 жылдары С.С.Сорокин Берел, Күрт; Қатын, Құмай маңында, 1997 жылдан бастап Шығыс Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекші З.Самашев) Берел обаларынан алғашқы темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеді.

Алтай ескерткіштерін жерлеу дәстүріне, табылған бұйымдар ескерткіштеріне қарай хранологиялық жағынан төрт кезеңге бөлуге  болады:  Күрті (б.з.б. 7-8 ғасырлар), Майәмір (б.з.б. 7-6 ғасырлар), Пазырық (б.з.б. 5-3 ғасырлар) және Құлажорға (б.з.б. 3- б.з.-дың 1 ғасырлары) кезеңдері.

Күрті (Бұқтырманың жоғарғы саласы) бойындағы обаларда мәйіт сол жақ қырына, аяқ- қолын бауырына бүктеп жатқызылған. Басы солтүстік батысқа қаратылған. Мәйіттің аяқ жағынан жылқы таңқалары табылды.

Майәмір (Нарын өзенінің жоғарғы жағы) обаларында мәйіт шалқасынан, аяқ қолы созылып жерленген, лақат қабырғалары ағашпен шегенделіп, төбесі бөренелермен жабылған. Зират тас үйіндімен қоршалған. 1997 жылы Майәмір тұсынан 45-50 жасында қайтыс болған әйел адам қаңқасы жанында қорамсаға салынған қола жебе ұштары т.б. заттар табылды. Радиокарбондық анықтау бойынша бұл әйел б.з.б. 803 жылы қайтыс болғаны дәлелдеді. Оның бет әлпетінде Еуропа және Маңғол нәсілдерінің араласу белгілері бар.

Пазырық (немесе Берел) кезеңіндегі зираттардан табылған бұйымдар бұл дәуірде қола мен мысты темір ығыстырғанын, зергірлік өнердің біршама дами түскенін көрсетеді.

Құлажорға )Шығыс Қазақстан ) кезеңі Пазырық үлгілерінің жаңа сатыдағы жалғасы болып табылады. Обалардан адам сүйегімен бірге аңдар  нақышымен өрнектелген көне петроглифтер көптеп табылды. Солардың ішінде бұғының, бүркіттің, таутекенің бейнелері тартымды берілген.

Алтай ескерткіштері бұл өңірде мәдениеті, шаруашылығы, діни нанымдары ортақ этностар жайлағанан, Алтайдағы сақ мәдениетінің  алғашқы қалыптасу орталығы болғанын көрсетеді.

 

 

 

 

 

ІІІ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРДІ ҚОРҒАУ ҚОҒАМЫ ЖӘНЕ ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕРДІҢ  ТУРИЗМДЕГІ РӨЛІ

 

3.1 Қазақстан  Республикасы мемлекеттік ореалдық  мұражайы

 

Қазақ тарихы және және мәдени ескерткіштерін  қорғау қоғамы – мекеме қоғамы.   1972 жылы 7 қаңтарда  құрылған. Мекеме халықты тарихи ескерткіштерді  қорғау ісіне қатысу тартып, ескерткіштерді қорғау мен пайдалану заңдылықтарын көпшілікке жеткізумен шұғылданады.  Мемлекеттік ескерткіштерді  қорғау  органдарының жұмысына  жәрдемдеседі,  ескерткіштердің сақталуына,  пайдалануына,  жөнделуіне және  қалпына келтіруіне  қоғамдық  бақылау  жасайды,  тарих  және  мәдениет  ескерткіштері туралы ғылыми танымдық деректерді халық арасында насихаттайды, соның  негізінде  Отанына, тарихына  сүйіспеншілігі құрмет  сезімін  тәрбиелеу  шараларын  жүргізеді.  Барлық  облыстарда  және  Алматы  қаласында   қоғамның  бөлімшелері  құрылды.      “Жалын”,  “Жазушы”, “Өнер”,  “Қазақстан”  баспаларынан тәрихи  және  мәдени ескерткіштер жөнінде шығармалар  жарық көрді.

Қоғам    “Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштері”  атты үш жинақты,   “Атамекен”,  “Мұра”  атты тарихи публисистикалық  альманахтарды әзірлеп, жарыққа шығады.  Жыл сайын өткізіліп тұратын  “Матғұлан  тағылымы”  атты  ғылыми конференция  ұйымдастырып,  қаржыландырып келеді.  Әр түрлі экологиялық экспедицияларқа  қатысты   Қызылорда  облысындағы Қорқыт Ата,  Алматы облысындағы  Черкаск қорған – мемориалы,  Атырау облысындағы Исатай Тайманов  ескерткішінің құрылысы,  Ақтөбе облысындағы Есет батыр  бейіті, т. б. қоғам қаржысына орнатылды.  Сол сияқты Астанадағы Кенесары   ескерткішін,  Семейдегі  атом сынақтарының құрбандарына арналған монументті, Алматыдағы Тәуелсіздік монументін  жасауға  қатысты. 

 

 

 

 

 

 

3.2 Еліміздегі  тарихи-мәдени ескерткіштердің туризмдегі  рөлі.

 

Бұл тарихи  туристік - экскурциялық   сапарлардағы орны  ерекше.  Архиологиялық ескерткіштердің  кез келген нысандары туристік экскурция  жұмыстарында маңызды орын алады. Соның ішінде Жетісудағы сақ қорғандары,  Талхиз  қалашығы,  Оңтүстік Қазақстандағы Отырар,  Сайран,  Батыс  Қазақстандағы  Сарайшық,  т.б. көне қалалардың орнына туристердің  қызығушылығы мол.   Архилогиялық – тарихи ескерткіштердің  қазірге  дейін  жеткен  нысандарының ішінде  қорғандар  мен мазарлардың  маңызы  зор. 

Қола  дәуірі ескерткіштеріне  жартастағы петроглифтерді атауға  болады.  Оларға  әйгілі бірегей ғибадатханалар:  Аңырақай  тауының   Таңбалы сайындағы,  Көксу  өзеніндегі  Ешкіөлмес ғибадатханасы,  сондай – ақ, Шолақ, Кіндіктас,  Баян жүрек  тауларындағы  тастағы суреттер  жатады.  Біздің  дәуірімізге  дейінгі 6 – 3 ғасырлардан қалған  сақ қорғандары,  Бесшатыр қорымындағы   жерлеу  камерасы  және  сақ  әскері киімін киген “Алтын адам”,  2001 – 2002  жылдары  Шығыс  Қазақстан облысындағы Катынқарағай ауданының  Бердіел (Берікел)  қорғанында табылған “Сақ патшайымы” архиологиялық туристік нысандарға  жатады. 

Орта  ғасырлық Түркістан, Отырар, Жаркент, Тұрбай,  Құлан, Мерке,  Талхиз қалалары, т.б. елді – мекендер қазіргі  туристік нысандар  болып табылады.

Түркістан – қазақ хандығының  алғашқы  астанасы.  Онда Қожа  Ахмет  Яссауи кесенесі  салынған, кесене іші мен айналасына қазақ мемлекетінің негізін қалаған Тәуке,  Тәуекел, Жәңгір, Есім, Абылай, Қазыбек би жерленген.

Қазақстанда Отырар, Сарайшық, Сайран т.б.  орта ғасырлық  көне  қалалар туристер үшін тартымды нысандар.  Тәуеп ету   (діни) туризм  нысандары республика аумағында  көптеп кездеседі.  Оларға  түркі  әлемендегі қасиетті  Түркістан қаласы,  Қожа Амет Яссауи кесенесі, Абаб – Араб  мешіті,  Гауһар ана зираты, Әли Қожа  бейіті, т.б.  жатады.

Адамдар бұл қасиетті жерлерге тәуеп етіп Аллаға сиыну үшін келеді.  Одан басқа  қоғам  адамдар маңында  (Отырар ауданы) Арыстанбаб кесенесі,  Ибрахим ата бейіті,  Қарашаш ана кесенесі, Тұраба  ауданында Исмаил ата мазары орналасқан.  Жамбыл облысында  Айша  бибі кесенесі мен Қарахан кесенесі,  Қызылорда  облысында Артық,  Айман  кесенелері,  Балхаш  қаласы  маңында Тектау ата,  Әуез  бақсы, т.б.  киелі орындары  бар.

Қазақ халқының  азаттық  күресі жолындағы батырларға, қолбасшыларға  деген құрмет белгісі мемориалдар мен ескерткіштерде көрсетілді.  Бұларға  Райымбек  пен  Қарасай  батыры ескерткіштер.  (Алматы облысы),  Қордайдағы  (Жамбыл облысында) Өтеген батыр,  Ақтөбеде  Есет батыр,  Солтүстік  Қазақстандағы  Ағынтай  мен  Қарасай ескерткіштері,  Астанадағы  Қара Керей Қабанбай ескерткіштері  жатады.  Ордабасы  мен  Аңырақай  сағасының жазығы,  Ұлытаудағы  үш  жүздің басын  қосқан  жер, тарихи орындар  ретінде  Жошы  және  Алаша  хан кесенелері,  Алматыдағы  тәуелсіздік  монументы,  Астанадағы  үш ескерткіштері  қастерлі орындар санатында  туристік  нысандарға  қосылады.  Қазақ тарихындағы құнды  мәдени ескерткіштер қатарына  Қозы Көрпеш – Баян сұлу,  Еңлік – Кебек кесенелері,  Шохан  Уалиханов,  Қажымұқан Мұңайтпасұлы  мемориалдары,  Сұлтан Бейбарыс,  Құрманғазы  және  Дина  Нұрпейісова,  Абай Құнанбаев,  Абылай хан,  Әлия  мен Мәншүк,  Амангелді  Иманов, Ілияс  Жансүгіров,  Сакен Сейфуллин,  Мұхтар Әуезов, т.б. көптеген естелік орындар жатады. 

Солардың ішіндегі  туристерді  аса қызықтыратын  ерте орта  ғасырлық  сәулет  құрылыс  нысандарының  бірі  - ежелгі  Қойлық қаласының   шығыс  шетіндегі мұсылман  моншасы – Хамам. 

Ежелгі  Қойлық  қаласының ірі  сауда  орталығы  болғанын  айғақтайтын жақсы  сақталған,  туристік  тұрғыдан  алғанда   ең  тартымды  әрі  маңызды екінші  нысан – ежелгі қаланың  Солтүстік  Батыс шетіндегі ауданы  400 шаршы  метрден  асатын – будда  храмы.  Храм табынатын  кең  орталық  және  оған  жапсарлас   жатқан  бірнеше  қосалқы  бөлмелерден  тұрады.  

Ауданның 48 - 50 шаршы метрге  жететін  орталық бөлме   өтетін ғибадат  ету қызметін  атқарған. 

Табынатын  орталық  бөлменің  жан – жағынан ені үш метр болатын қосалқы  бөлмелер  ұзыннан  ұзаққа созылып  қоршап  жатыр.  Кіре беріс бөлме  дәліз қызметін атқарған.  Ғимараттың  биіктігі – 3 метр,  керегелерінің  қалыңдығы – 80 сантиметр.  Ең  астында  іргетас  қызметін  атқаратын    екі  қатар күйдірілген  қыш  кірпіштің  үстіне  5 – 6 қатар шикі  саз кірпіштер  қаланып,  тағы  да  екі  қатар күйдірілген  кірпіштер  қаланған.  Орталық  бөлменің  табанынан   1 – 2 метр биіктікте  бүкіл керегені бойлай көлбей  қаланған арасы  қуыс  екі қатар  кірпіш  бар.  Қуыс  дәлізбен  орталық  бөлмені  бір – бірімен  байланыстыратын есіктің жақтауыда айқын  байқалады.  Ол  бөлмелердің ішін  желдетіп,  керегені  ылғалдан  сақтау  немесе  бүкіл  керегені  бойлай салынған  түтін  шығатын  жылу  жүйесі  қызметін атқаруы  мүмкін. 

Елбасының  2005 жылғы Қазақстан халқына  дәстүрлі   Жолдауына  сәйкес,  ежелгі  Қойлық  қаласын  туризмнің  ірі  орталығына  айналдыру  үшін  архиологиялық  қазба  жұмыстары  жүргізілген  шығыс  моншасы, бай саудагердің  үйі,  мұсылман  мешіті,  будда храмы сияқты  маңызды - әлеуметтік  - тұрмыстық нысандарды орта ғасырдағы бастапқы қалпына келтіріп, реставрациялау жұмыстарына мемлекет тарапынан қомақты қаржы бөлінуі қажет.

Қаржы тапшылығына байланысты археологиялық жазба жұмыстары жүргізілген сәулет - құрылыс нысандары сыртқы күштердің әсерінен бұзылып тартымдылығын жоғалтуда. Ендеше, қойлық Қойлық (Қиялық) қаласын туризмнің ірі орталығына айналдыру үшін шығыс моншасымен басқа да әлеуметтік –экономикалық мағынасы бар нысандарды толығымен қайта қалпына келтіріп, ашық аспан астындағы тарихи - археологиялық қорық- бақ ашу болашақтағы кезек күттірмес мәселелердің бірі.

Жинақталған қолда бар деректерді талдай отырып, халықты еңбекпен қамтамасыз етумен қатар әлеуметтік- экономикалық жағдайын жақсартуда маңызды орын алатын туризмді дамытуға мүмкіндік беретін бірнеше алғышарттарды атап өтуге болады. Олар:

еліміздің оңтүстік шығысындағы – дәліз қызметін атқаратын Алматы облысының аумағының қолайлы көліктік жағдайы;

Қытаймен тікелей мәдени, сауда - экономикалық байланыстарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қолайлы геосаяси жағдайы;

Отандық және шетелдік туристерді көптеп тартуға мүмкіндік беретін табиғи және тарихи - мәдени ескерткіштердің халықаралық маңызы бар Алматы - Өскемен, Алматы - Жаркент – Қорғас тас жолдары мен темір жолдарға жақын  ꗬÁYЙሀ¿ကЀꞈ* 
橢橢埳埳Й*찦*㶑*㶑*凄*******]¦¦¦¦¦¦¦*ϢϢϢϢϢ$ІlϢ뎂ƂѾѾѾѾѾѾѾѾ댣Ā*댥댥댥댥댥댥$딄Ǵ뛸ž덉9¦ѾѾѾѾѾ덉ꗬÁYЙሀ¿ကЀꞈ* 
橢橢埳埳Й*찦*㶑*㶑*凄*******]¦¦¦¦¦¦¦*ϢϢϢϢϢ$ІlϢ뎂ƂѾѾѾѾѾѾѾѾ댣Ā*댥댥댥댥댥댥$딄Ǵ뛸ž덉9¦ѾѾѾѾѾ덉ꗬÁYЙሀ¿ကЀꞈ* 
橢橢埳埳Й*찦*㶑*㶑*凄*******]¦¦¦¦¦¦¦*ϢϢϢϢϢ$ІlϢ뎂ƂѾѾѾѾѾѾѾѾ댣Ā*댥댥댥댥댥댥$딄Ǵ뛸ž덉9¦ѾѾѾѾѾ덉ꗬÁYЙሀ¿ကЀꞈ* 
橢橢埳埳Й*찦*㶑*㶑*凄*******]¦¦¦¦¦¦¦*ϢϢϢϢϢ$ІlϢ뎂ƂѾѾѾѾѾѾѾѾ댣Ā*댥댥댥댥댥댥$딄Ǵ뛸ž덉9¦ѾѾѾѾѾ덉ꗬÁYЙሀ¿ကЀꞈ* 
橢橢埳埳Й*찦*㶑*㶑*凄*******]¦¦¦¦¦¦¦*ϢϢϢϢϢ$ІlϢ뎂ƂѾѾѾѾѾѾѾѾ댣Ā*댥댥댥댥댥댥$딄Ǵ뛸ž덉9¦ѾѾѾѾѾ덉ꗬÁYЙሀ¿ကЀꞈ* 
橢橢埳埳Й*찦*㶑*㶑*凄*******]¦¦¦¦¦¦¦*ϢϢϢϢϢ$ІlϢ뎂ƂѾѾѾѾѾѾѾѾ댣Ā*댥댥댥댥댥댥$딄Ǵ뛸ž덉9¦ѾѾѾѾѾ덉ꗬÁYЙሀ¿ကЀꞈ* 
橢橢埳埳Й*찦*㶑*㶑*凄*******]¦¦¦¦¦¦¦*ϢϢϢϢϢ$ІlϢ뎂ƂѾѾѾѾѾѾѾѾ댣Ā*댥댥댥댥댥댥$딄Ǵ뛸ž덉9¦ѾѾѾѾѾ덉ꗬÁYЙሀ¿ကЀꞈ* 
橢橢埳埳Й*찦*㶑*㶑*凄*******]¦¦¦¦¦¦¦*ϢϢϢϢϢ$ІlϢ뎂ƂѾѾѾѾѾѾѾѾ댣Ā*댥댥댥댥댥댥$딄Ǵ뛸ћ덉9¦ѾѾѾѾѾ덉ндыдан және қолданылған ғылыми әдебиеттер тізімінен тұрады.

Жұмыстың жалпы көлемі 6 беттен, 1 сызбанұсқадан тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Қазақ жері өзінің бай тарихымен ерекшеленеді. Оның ұлттық тарихы аса ерте замандардан бастау алады. Ел мен жерді қорғау ең алдымен сол ел мен сол жердің тарихын білуден басталады. Ел мен жердің тарихын білу тарихта өткен қасиетті ата-бабалар әруағына тағзым етіп, олардың  игілікті істерін еске алудан бастау алады. Ұлт тарихынан білімді болудың басты мақсаты-өткеннен тағылым алу. Осыған орай еліміздегі тарихи-мәдени ескерткіштері білу-біздің тарих алдындағы міндетіміз.

Әлемдегі әр ұлттың өз тарихында кие тұтатын мекендері бар. Ол жерлердің киелілігі сол халықтардың шығу ошағы немесе ұлттық мәдениетінің ошағы, елдіктің ошағы болуына байланысты болса керек. Қазақ халқының тарихында осындай жерлер өте көп. Алтай мен Жетісу, Ұлытау мен Қаратау, Еділ мен Жайық, Ертіс пен Сыр, Маңғыстау, Түркістан мен Отырар –міне, қазақтың төл бесігі болған киелі мекендер.  Бұл аймақтардың өз ішінде және кішігірім киелі орындары бар. Мысалы, айтар болсақ, оларға түркі әлеміндегі қасиетті Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иассауи кесенесі,  Арыстанбаб кесенесі, Қарашаш ана кесенесі, Гауһар ана зираты, Әли Қожа бейіті, шығыстағы Алтай ескерткіштері мен Жидебайдағы  Абай мұражайы, Қарағандыдағы Беғазы кешені, Жамбыл облысындағы –Айша бибі кесенесі мен Қарахан кесенесі, Маңғыстау өңіріндегі Шопан-Ата жер асты мешіті  және тағы басқа да тарихи-мәдени ескерткіштер туралы бұл бітіру жұмысында баяндалады.

Қазіргі кезде туризмнің өте қарқынды дамуына байланысты жоғарыда аталған тарихи-мәдени ескерткіштер арқылы біз елімізді дүниежүзіне таныта аламыз.

Осы құндылықтарымызды қорғау және оны қайта қалпына келтіріп отыру кезек күттірмейтін мәселердің бірі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қорыта келе, тарихи-мәдени ескерткіштердің Қазақстан тарихында алатын орны ерекше. Сол ескерткіштер арқылы өткенімізді зерттеп, тарихқа терең үңіле аламыз.

Осы тарихи-мәдени ескерткіштерді ғылыми негізде терең әрі дәйекті зерттеу, зерделеу сол арқылы өсіп келе жатқан ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеу, сол өткен тұлғалардан үлгі - өнеге беру қазіргі қазақ мемлекетінің алдында тұрған бірден бір маңызды мәселелерінің бірі болып табылады.

Алайда, олардың  кейбіреулері мемлекеттік орындардың қорғауына алынбаған, тіпті біршамасы тоналған күйінде тұр.  Бұл біздің өткен тарихымызды жоғалтуға алып келуі мүмкін. Сондықтан мемлекеттік мәдени мұра бағдарламасы аясында кезек күттірмейтін бірнеше мәселелер бар. Олар ескерткіштердің толық тізімін жасау, қорғау аймақтарын анықтау, белгілеу, мемлекеттік қорғауға алыну. Жойылу қаупі төнген археологиялық ескерткіштерді ғылыми тұрғыда зерреу жұмыстарын қолға алып, осы тұрғыда насихат жұмыстары кеңірек жүргізілуі керек.

Информация о работе Қазақстан территориясындағы тарихи-мәдени ескерткіштер