Қазақстан территориясындағы тарихи-мәдени ескерткіштер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2015 в 10:06, курсовая работа

Краткое описание

Елбасымыздың 2005 жылғы Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауына сәйкестарихи-мәдени ескерткіштерді туризмнің ірі орталығына айналдыру керектігі, ондағы мәдени құндылықтарымызды қорғауға алынуы керектігі айтылған.
Осы тарихи ескерткіштерді көркейте отырып, көне ескерткіштері туристік жерлерге айналдырып, барынша отандық және шетелдік туристерге жағдай жасап, ескерткіштерді ел экономикасының көтерілуіне себебін тигізуіне мүмкіндік туғызуымыз керек. Бұл қазақ елін, жерін, тарихын бүкіл әлемге паш ете отырып, экономиканың көтерілуіне де өз үлесін қосады және Қазақстанның шетелдермен байланысын нығайта түседі.

Содержание

КІРІСПЕ
І. ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРДІҢ ТУРИЗМДЕГІ РӨЛІ
1.1 Қазақстандағы тарихи-мәдени ескерткіштерге сипаттама
1.2 Архитектуралық ескерткіштер
1.3. Көне замандағы қалалар
1.4. Қазіргі заманғы қалалардың сәулет өнері
ІІ. ҚАЗАҚСТАН ТЕРРИТОРИЯСЫНДАҒЫ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕР
2.1. Батыс Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштері
2.2. Солтүстік және Орталық Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштері
2.3. Оңтүстік Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштері
2.4. Шығыс Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштері
ІІІ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРДІ ҚОРҒАУ ҚОҒАМЫ ЖӘНЕ ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕРДІҢ ТУРИЗМДЕГІ РӨЛІ
3.1 Қазақстан Республикасы мемлекеттік ореалдық мұражайы
3.2 Еліміздегі тарихи-мәдени ескерткіштердің туризмдегі рөлі
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-ҚАЗАҚСТАН-ТЕРРИТОРИЯСЫНДАҒЫ-ТАРИХИ-МӘДЕНИ-ЕСКЕРТКІШТЕР.doc

— 228.00 Кб (Скачать документ)

 Халық  архитектура ескерткіштері. Батыс Қазақстан аймығының солтүстік батыс бөлігіндегі халықтық архиологиялық ескерткіштері көршілес облыстар мен салыстырғанда этнографиялық тұрғыдан да, тарихи архитектуралық жағынан да аз зерттелген. Бұл қалыптасқан зерттеу дәстүрлеріне және аумақтың негізгі ғылым орталықтан шалғай орналасқандығына, бәлки Жайық өңірінде мемориялдық- рәсми архитектуралық үрдісінің кенже әрі баяу дамуына да байланысты болуы мүмкін.

Көне жазбаларда қазіргі Батыс Қазақстан облысы мен оған шектес аумақтардағы ескерткіштер туралы деректер аракідік ұшырасып отырады. Мәселен, 1768- 74  жылы академиялық экспедицияны басқарған П.С.Паллас “Саяхаттар” атты еңбегінде  “1773 жылы студент Быков… Нарын даласының шағылдарына дейін келеді… Толағай көлінен 10 верст қашықтағы даладан ол қалмақтардың шикі кірпіштен қалаған пирамидасын тапты, оны қалмақтар “ Шороллигин Билгассун” (Топырақ қала)  деп атайды” деп жазды. Осы еңбекте , сондай-ақ А.Н.Харузиннің жазбаларында қазақтардың мола - қорымдарының ерекшелігіне көңіл бөледі, әйтсе де оның өзіндік болмысын, әсіресе тастан  қашалған эпиграфиялық ескерткіштер тұрпатын ашып көрсете алмаған. И.А.Кастаньенің “Қазақ даласы мен Орынбор өлкесінің ежелгі дүниелері” (Орынбор, 1910) еңбегінде Жайықтың сол жақ беткейіндегі кейбір архиологиялық ескерткіштері  шалқар көлінің солтүстік шығысындағы күйдірілген кірпіштен салынған ортағасырлық зират қалдығы мен Жымпиты болысындағы  “жүз жыл бұрын” ағаштан салынған Әбіл бейіті туралы сөз қозғайды. Сондай- ақ өлкетанушы Е.Ф.Тимофеев  “Урало- Прикаспийская степь” аймағында (Орал,  1930, №4) сол Жымпиты уезіндегі көне зираттар, мешіт ғимараты жөнінде жазады.

Алайда далалық Жайық архиологиялық ескерткіштерін мақсатты түрде зерттеу жұмыстары тек 1980 жылы Республика Мәдениет митингі “Казпроектреставрация” институтының Орал архитектура экспедициясының (жетекшісі Т.Төреқұлов) күшімен жүргізілді. Іздестіру экспедициясы шолу сипатында өтіп, мемориялдық- рәсми ескерткіштер қатарын құжаттау мақсатында зерттеу жүргізілді.

1998 жылы  Батыс Қазақстандағы кең ауқымда  этномәдени тұрғыдан зерттеу шеңберінде шыққан арнайы экспедиция (жетекшісі - С.Әжіғалиев, архитектор- Ғ.Мұсабеков бар) дәстүрлі- халықтық, бірінші кезекте, мемориялдық-рәсми архитектураны қарастырады. Облыстағы Ақжайық, Касталов, Бөкей ордасы, Жаңақала, Сырым, Қаратөбе аудандарының аумағындағы ескерткіштер назарға алынды. Экспедиция жұмысы барысында Жайықтың оң жағалауы Бөкей болысы жағында орналасқан ескерткіштер мұқият әрі тыянақты зерттелді, сондай - ақ, Жайықтың  сол жақ,  “Бұқара бетіндегі“ қорымдарға барлау жасалып , есебі алынды. Осы орайда Батыс Қазақстан облысында мемориялдық- рәсми архитектура ғимараттары Арал, каспий аймағына таралған халық сәулеткерлік пен тас қашау  өнері  ескерткіштерінің құрамдас бөлігі екендігі тұжырымдалды. Бұған қоса, далалық Жайық өңірінің ескерткіштерінде географиялық фактормен өлкелік тарихи-әкімшілік ерекшеліктері айқын аңғарылды. Мәселен, аймақтың батыс жағалауындағы құлпытас арасында беті жазық, эпиграфиялық пішіндегілері, ал шығыс жағында бөлікті, ауқымды тасбелгілер жиі ұшырасады. Сондықтан олар екі жергілікті топқа Бөкей ордасы және Жайық өңірі ескерткіштеріне бөлінеді. Атырау тобымен бірге бұл екеуі де солтүстік Каспий кешендерінің тобына жатады (қ. 12-15 қосымшалар).

Әсіресе оң жағалауда, “Бөкей бетінде” орналасқан ескерткіштердің өзіндік ерекшеліктері мол. Олар көбінесе Қараөзен мен Сарыөзен алабында 19 ғасыр мен 20 ғасыр басындағы қорымдарда, Жалпақтал, Казталовка ауылдары маңындағы  ескі зираттарда шоғырланған. Әсіресе,  Жалпақтал  маңындағы қорымдағы тастан қашалған құлпытастар тарихи – этнографиялық және   архитетуралық тұрғыдан көңіл аударарлық. Мұндағы көне белгілердің бәрі Бөкей Ордасындағы эпигарфилық құлпатастардың әдібімен жасалған.  Әдетте, жалпақ, кейде шаршы пішіндес қашалған, ұзын не орташа биіктіктегі құлпытастардың жазба бөлігі әр алуан кескінде  бедерленген.  Олардағы араб қарпімен айшықталаған жазулар мен таңбаларға қарап, мұнда негізінен байбақты, тана, табын, т.б. рулардың өкілдері жерленгенін байқауға болады.  Осы қорымдағы кейінгі кезеңдерде салынған ағаш ескерткіштерге де дәстүрлі сәулеттік кесуін сақталған. Сонымен қатар арнаулы экспедицияға қатысқан зерттеуші ғалымдар Көктерек, Казталовка, Беспішен, Айдарлы, Жаңаөзен, Мәстеқсай, ескіқала ауылдарының маңындағы зираттардың, Бөкей Ордасындағы Хан зираттарының (қ. 11 – қосымша) этнографиялық – тарихи  архиологиялық ескерткіштеріне зейін аударды. Жәңгір хан М.С.Бабажанов, т.б. тарихи тұлғалардың кесене – бейіттерінің сақталу жайына көніл бөлді.

Обылыстың шығыс жағында, сол жағалаудағы аудандарда орналасқан мемориалдық – рәсіми архиологиялық ескерткіштері әлі күнге дейін тиянақты зерттелмеген. Мұнда негізінен далалық Арал – Каспий аймағына таралған дәстүрлі нышан – ауқымды көп бөлікті құрылыстар кездеседі.  Солардың қатарында  Әулие қасірет қорығы мен  Қондыке бейітін атауға болады. Дәстүрлі соқпа тәсілімен құйылған молалар да осы өңірінде ғана ұшырасады. Ақкөл ауылының оңтүстік шығысында Қазының бейіті  бар.  Ал Қаратөбе ауданындағы  Ақбақай қорымына  төре тұқымы – Мұхит Мерәліұлы, Шәңгерей Бөкеев, т.б. жерленген. Сондай – ақ аудан орталығы – қаратөбе ауылынан солтүстікке қарай 20 км жердегі қорымға С.Датұлының серігі, батыр әрі би  Қаратау Өмірзақұлы жерленген.

Шола зерттеу нәтижесінде Батыс Қазақстан болысындағы дәстүрлі мемориалдық – рәсми архиологиялық ескерткіштеріне Еділ татарларының  әсері байқалады. Ал сол жағалау тұрғындары Үстірт ескерткіштерінің  әдібімен көп бөлікті, тастан қашалған белгі орнатуға  бейімделген.  Сонымен қатар, облыс аумағындағы қорымдарда өзге де ерекшеліктер – отарлау  кезеңінің просинциялық архитектурасының нышандары да із  қалдырған.  Облыс шеңберіндегі, әсіресе солтүстік пен шығыс кеңістіктегі ескерткіштерді кешенді түрде зерттеп, зерделеу келешектегі міндеті болмақ (қ. 16 – қосымша).

Облыс тарихында жергілікті экономикалық,  әлеуметтік -   мәдени дамуына үлес қосқандар көп. Тоғызыншы бесжылдықтың кезінде “Омега” прибор құрылысы зауыты, “Металист” тігін және киіз бастыру фабрикасы салынды. Он бірінші бесжылдықта   “Оралмұнайгазгеология” мұнай – газ бұрғылау бірлестігі құрылды.  Бірегей Қарашығанақ  мұнай – газ конденсаты кен  орны батысында   “Қазақгаз” мемлекеттік холдинг компаниясы ұйымдастырылды. Норвегия,   Жапония және  басқа шет елдерге экспорт шығаратын  мия өңдеу зауыты   жаңа өндіру корпусына көшірілді. Обылыс аумағында  өнеркәсіптің түрлі салаларын қамтитын жүзге жуық кәсіпорын  бар.  Облыс орталығының  өнеркәсіп кәсіпорындары 30 шет елге  өз өнімдерін өткізді.

 Орал қаласы – тоғыз жолдың  торабы, мұнда қала мен облыс  орталықтарына,  жақын және алыс  шет елдерге темір жол ауа,  су  және автомобиль жолдары тоғысады.

Еліміз мемлекеттік тәуелсіздігін жариялап, бес даму жолын таңдауына байланысты  Батыс  Қазақстан облысының  саяси - әлуметтік  өмірінде,  жергілікті басқару жүйесінде түбегейлі өзгерістер  жүзеге  асты.  1992 жылы  республикада  әкімшілік басқару  институты  енгізіліп,  облыс әкімі  Н.Есқалиев (1992-93), Жақыпов (1993-2000)  болды.  2000 жылдың  желтоқсан айынан бастап  облысты  Қ.Көшербаев басқарды.   Жергілікті басқару жүйесінде  облыстық мәслихаттың  да алатын  орны  зор.  Бұл  мемлекетті  билік органы  тиісті  әкімшілік – аумақтық бөліністен сайланған депутаттар арқылы облыс тұрғындарының ерік – жігерін білдіреді.  Сондай – ақ батыс қазақстандықтар   республика аумағында  маңызды  мемлекет,  қоғамдық  іс – шараларға белсене қатысып, саяси – құқықтық  және экономикалық реформаларды  жүзеге асыруға  үлес  қосып келеді.  Мәселен,  еліміздің  жоғарғы  заң шығарушы  органына   А. Есенғалиев,  И.Б.Водолазов, Э.Ғаббасов,  В.В.Киянский, Т.Сапаров,  Р.Сүйербаев  (1994), М.Артығалиев,  С.Мұқанов  (1996),  В.Б.Асанов, Қ.Шалабаев, В.Я.  Землянов (1999),  сондай –ақ В.И.Балдин, А.Таспихов, Р.Ахметов  депутат сайланды.

Облыс тарихында жергілікті экономикалық, әлеуметтік – мәдени дамуына үлес  қосқан  басшылар есімі  құрметпен аталады.  Мәселен, Кеңес өкіметі  жылдарында облыс  партия  комитетін К.М. Аммосов  (1932), І.Құрамысов (1934), Х.М.Пазиков (1937),  М.С. Салин  (1946),  С.Тоқтамысов  (1955), С.Ниязбеков  (1959 – 62),  ш.Қоспанов  (1962 -75), М.Ықсанов (1975 – 86),  Н.Ескалиев (1986 -92), облыс атқару комитетін әр  жылдарда Х.Ищанов,  Ғафиатуллин, П.П. Волошко зерттеді.

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Солтүстік  және Орталық Қазақстанның тарихи-мәдени  ескерткіштері

 

 

Беғазы кешені -  Қазақстандағы қола дәуірінің соңғы кезеңінен сақталған  тайпа  көсемдері мен дін басыларының бейіттері. Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай кентінің  оңтүстік – шығысында 40 км жерде.  Беғазы қорымының   солтүстік – шығыс жақ шетінде орналасқан.  1947 – 1952 жыл Орталық Қазақстан  архиологиялық  экспедициясы ( жетекшісі - Ә.Мағұлан)“ зерттеген 6 қоршаулы обалардан тұрады.  Барлығы қазылған.  Құлылыста бір – біріне  ұқсас. Тек көлемдері әртүрлі.  Сыртқы көлемі 4х4 метрден 9,6х9,6 метрге жетеді, пішімі шаршы, кісі қойылған қоймасының көлемі 2,2х2,2 метрден 6х6 метрге дейін. Екі жағы үлкен қақпақ тастармен көмкерілген, қабырғаларының қалыңдығы -  1,8 -3,6 м, биіктігі 0,4 – 1,1 м. Барлығының шығыс жағынан 1,8 – 9 м, ені 0,75 – 4 дәліз салынған   Кешеннің ішінде көлемінің үлкендігімен көзге 1 -  және 2 – бейіт. Сыртқы қоршауды құрайтын қақпақ тастарды биіктігі – 2,5 м Бейіттер кезінде ұрланғандықтан жерлеу дәстүрін анықтау үшін”

тайпаның іріктелуі  нәтижесінде   жерлеу дәстүрінанықтау үшін емес. Қабірлер бірнеше бөлікке мүрдеге арналса, екінші бөлігі түрлі заттар мен  сс құылатын орын болған.  1 – бейітте бұл орын саз жентектерден қаланған,ұзына бойына үш сытас тіреуіш қадасы бар, сәкі тәрізді.  Оның үстіне найзаның қола ұшы, тас кетпен, тас балға,  төрт көзе мен марал, арқар таутеке сүйектері қойылған.Осы жерде мәйітті орын да бар.  Оның ұзындығы 2,8 м, ені 1,2 м. Басқа бейіттердің ішінен де күл, күйген сүйек қалдықтары кездеседі. Беғазы кешені көзеренінің пішіні де, өрнектері де андрон мәдениетінің көзелерінен басқаша. Көбі құмыра тәрәздес, қабырғалары жұқа, сырты мұқият тегістелген,  өрнек салу тәсілдері де  өзгеше.  Беғазы кешендерінен қола шаштүйреуіш, жұлдыз моншақ, тас қайрақ, өрнектелген және өрнегі жоқ сүйек түтікшелер, жебенің  үш қола ұшы табылған.  Бұл заттар, әсіресе, жебенің екі қанатты, үш қанатты ұштары Беғазы кешенінің б.з.б. – 8 ғасырларда салынғанын көрсетеді.  Осы кезеңде мұндай ірі кешендердің салынуы (Дәндібай,  Бұғылы Ақсу-Аюлы, Сангру)  құрылыс ісінің жоғары дәрежеде ұйымдастырылған.  Оған қойылған кісілердің сол қоғамдағы орнының ерекше болғандығы айтады.

Беғазы қорымы– Қазақстандағы қола, ерте темір тоб.   Қарағанды обылысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай кентінің оңтүстік – шығысына қарай 40 км жерде.  Қаратал (Беғазы) өзінің оң жағалауында .  1947 – 49 және  1952 жылдары Орталық Қазақстан архиологияқ экспедициясы  (жетекшісі Ә.Марғұлан) зерттеген.Беғазы қорымында қола, ерте темір дәуірінің бейіттері мен ортағасырлық 57,  кейінгі кездердегі 100 – ге жуық қазақ бейіттері бар.   Қорымның аум 240х570 м 20 бейіт зерттелді.  Оның 14-і андрон мәдениетінен Беғазы – Дәндібаймәдениетіне өту кезеңіне жатады.  Өтпелі кезең бейіттері өңделеген төртбұрыш, шаршы, дөңгелек пішінді жалпақ грагнит тастары қырынан,  жоғырғы жағын ортаға қарай еңкейте құрастырылған қоршаулар ретінде болады. Мәйітті оның ортасындағы тас жәшіктерге жерлеген.  Кейбір қоршаудың ішінде қос жәшік қатар салынған. Олар ертеректе тоналған.  Сақталған сүйектерінің қалдығынан, олардың бүклеліп, қырынан батысқа қарай жерленген, бірінің мүрдесін өртелгенін күлінен анықталды. Бейіттер андрон мәдениетінің соңғы кезеңіне тән, өрнегі мен пішіні сақталған көселер мен олардың сынықтары. Жебенің тастан жасалған ұшы, мыстан, илемеден жасалған моншақтар, киімге тағатын өрнекті жапырмалар, Алтыннан апталған салпыншақтар мен екі дөңгелек сырға, т.б. заттар табылды. Беғазы қорымындағы  пішімі, құрылысы, табылған бұйымдар Оңтүстік Қазақстанда қола дәуірінен соңғы кезеңінде өмір сүрген. Тайпалардың жерлеу салты. Діни сенімдері, қолөнеру туралы күнделікті мағлұмат береді.

Қазақстан  территориясында 6002-ден аса неолиттік және энеолиттік тұрақтар болатын болса, соның үшеуі Баянауыл өңірінде. Олардың бірі Жақсыбай көлінің, екіншісі Сағындыкөлдің жағалауында,  үшіншісі Баянауыл орталығынан 8 км қашыттықтағы Капар  деген жерде орналасқан.  Орталық Қазақстанның тарихи топографиясында  да қола дәуірінің қоныстары мен өзен аңғарлары бойнан тыс жерлерде де кездесе бастады. Бұл қоныстар  Қарқаралы,  Баянауыл далалары мен Нұра, Есіл,  Шілдерті  өзендерінің бойын қамтиды. Қола дәуірінің қоныстарының үлгісі көп бөлмелі тұрғын үйлер ретінде  көрініс табады. Ол үйлердің ортасында жеке ошақтардың орны табылған.  Мұндай қоныс орындары Ақкезең,  Қаратомар,  Тағыбай бұлақ тағы басқа жерлерде ашылып зерттеледі.

Әуелі Темір дәуірі ескерткіші Тасмола зираты Павлодар облысы, Шідерті өзені бойынды кіші – гірім қырдың басында орналасқан.  Оларға  1959  жылы зерттеу жүгізілді.  Зиратта әртүрлі деңгейдегі 36 жерлеу жәшіктері, қола дуірінің қоршауы, жерқорғандар,  бір  “мұратты обы”, қазақ қорымы орнадасқан.  Баянауыл даласында 1964 – 1965 жылдар геолог В.С.Танцюра Қойтас жерінде  12 тұрақтың орнын ашты. Бұлардың ішіндегі айғақты   деректерді беретіндері Қойтас І, Қойтас ІІ, Қойтас IV, Қойтас VII, Қойтас XII.  Олардың барлығы Баянала тауының солтүстік беткейінде, осы өңірге белгілі  Қойтастың басы.  Табылған заттық құралдар:  70 нуклеус, 121 пышақ қырғыштар, 35 қырғыштардың  ұштары,  33 қашаулар, 1180 қырғыш  заттық құралдар.

Қола дәуірінің ескерткіштерінің бірі  “Тағыбай бұлақ”  деген жерде.   Бұл ескерткіш 1974 жылы М.Қадірбаевтың жетекшілігімен зерттелді. 1989 жылы Баянауыл ауданы Бірлік моласын А.Бейсеновтың ғылыми жетекшілігімен  зерттеу  жұмыстары басталды. Екі жыл ішінде 14 оба зерттеліп,  ерте көшпенділердің зерттеу  рәсімі жөнінен біршама  деректер берді.

Он саусағына  өнері тамған тас  безеуші – шеберлердің тамаша туындылары – тас  мүсіндер еді.  Өткен замандардан сақталып, біздің уақытқа дейінгі жеткен тас мүсіндер жөнінде ғылыми тұжырым жасаған Әлекей Марғұлан болды. Ол Сарыарқаны  30 жыл бойы зерттеген.  Тас  мүсіндері туралы жазғаны да көп. Түркі мен Қыпшақ дәуірінен қалған ондаған мүсіндер тауып, Ә.Марғұлан:  “Тегінде, мұндай тас мүсіндер  әрбір өлген адамның ескерткіші ретінде орнатылған, сондықтан олардың әрқайсысы әрбір өлген адамның келбетін бейнеледі деуге болады”, - деп жазды.

Мүсін тастардың шоғырланған жерлері Жаңаарқа, Ұлытау  өңірі болып есептеледі. Ұлытау ескерткіштері сияқты тас  мүсіндер тобы Астана қаласының  алдындағы Шұбардан басталып Ерментаудың сыртына дейін кездесіп отырады.  Олардың жие кездесетін жері Кедей, Торғай өзендерінің бойы мен Ерейменнің сыртқы жазықтары, Олжабай, Едіге сөрелерінің қасы.  Торғай өзені бойындағы тас мүсіндердің бір тобын ғалым А.Машанов зерттеп, қағаз бетіне түсірген.  Бұл мүсіндер қос батыр деп аталады. Кедей өзенінің бас жағындағы Жаушоқы деген жердегі ескерткіш солтүстіктен  оңтүстікке қарай созылған, көлемі   3,5х3,5 м екі тас шарбақ зерттелген.  Шарбақтың әрқайсысының шығыс жақ іргесіндегі беті шығысқа қарап  бір –бір мүсіннен тұрған.

Тас зират.  Бақтыбай қажының қорымында орналасқан енді бір зират бедері өңделмеген табиғи асты жымдастырып қалаған сәулеткерлік  өнермен ерекшеленеді.  Осы аталмыш қорымның сәулеткерлік құрылымын тас  күйінде қайталаған.  Зираттың барлық алты қыры және қабырғалары кескінделіп салынған.  Табиғи тасты өте ұқыптылықпен қалау әдісінің арқасында  бұрыштыма қырлары  бұл күндері де жақсы сақталған. Дегенмен, тас зираттың біршама бөліктері қираған. Сәулеткерлік құрылымындағы өлшемдерін қарастырсақ, ішкі диаметрі – 3,3 м, қабырғасының қалыңдығы – 1,20 м. табиғи заттардың аумақтары құрылыс қалауында қолданылғанына қарай әртүрлі.

Информация о работе Қазақстан территориясындағы тарихи-мәдени ескерткіштер