Заңды тұлға және жеке тұлға ұғымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2013 в 11:45, реферат

Краткое описание

1. Заңды тұлғаға түсінік
2. Заңды тұлғалардың түрлерi мен нысандары
3. Жеке тұлғалар

Прикрепленные файлы: 1 файл

Заңды тұлға және жеке тұлға ұғымы.doc

— 40.00 Кб (Скачать документ)

Тақырып :         Заңды тұлға және жеке тұлға ұғымы

1. Заңды тұлғаға түсінік

2. Заңды  тұлғалардың түрлерi мен нысандары

3. Жеке тұлғалар

1. Меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.

Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиiс.

Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрi болады.Заңды тұлғаның атауы оның қалай аталатынын және ұйымдық-құқықтық нысанын көрсетудi қамтиды

Заңды тұлғаның құрылтай құжаттары

1. Заңды тұлға  өз қызметiн жарғысы және құрылтай  шарты негiзiнде, немесе eгep заңды тұлғаны бiр тұлға құрған болса, жарғысы және заңды тұлға құру туралы жазбаша түрде ресiмделген шешiмi (жалғыз құрылтайшының шешiмi) негiзiнде жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда, коммерциялық ұйым болып табылмайтын заңды тұлға ұйымдардың осы түрi жөнiндегi жалпы ережелер негiзiнде iс-әрекет жасай алады.

Шағын, орта және ірі кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатын заңды тұлға өз қызметiн Қазақстан Республикасының Үкiметi мазмұнын белгiлейтiн үлгi жарғының негiзiнде жүзеге асыра алады.

2. Заңды тұлғаның  құрылтай шарты жасалады, ал жарғысын  құрылтайшылары бекiтедi. Егер коммерциялық  ұйымның құрылтайшысы бiр адам  болса, құрылтай шарты жасалмайды.

3. Коммерциялық  емес ұйым мен мемлекеттiк кәсiпорынның  құрылтай құжаттарында заңды тұлға қызметiнiң мәнi мен мақсаты белгiленуге тиiс.

Шаруашылық  серiктестiгi, акционерлiк қоғамы мен  өндiрiстiк кооперативтiң құрылтай құжаттарында олардың қызметiнiң  мәнi мен мақсаттары көзделуi мүмкiн.

2. Заңды тұлғалардың түрлерi мен нысандары

1. Өз қызметiнiң  негiзгi мақсаты ретiнде табысын  келтiрудi көздейтiн (коммерциялық  ұйым) не мұндай мақсат ретiнде  пайда келтiре алмайтын және  алынған таза табысын қатысушыларына  үлестiрмейтiн (коммерциялық емес  ұйым) ұйым заңды тұлға бола  алады. 

2. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттiк кәсiпорын, шаруашылық серiктестiк, акционерлiк қоғам, өндiрiстiк кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкiн.

3. Коммерциялық  емес ұйым болып табылатын  заңды тұлға мекеме, қоғамдық  бiрлестiк, акционерлiк қоғамдар тұтыну кооперативi, қоғамдық қор, дiни бiрлестiк нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкiн.

Коммерциялық емес ұйым кәсiпкерлiк  қызметпен өзiнiң жарғылық мақсаттарына сай келуiне қарай ғана айналыса алады.

Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және қайта тiркеу

1.  Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлға әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуден өтуге тиiс. Мемлекеттiк тiркеу тәртiбi заңдарда белгiленедi.

2. Мемлекеттiк тiркеу деректерi, соның iшiнде коммерциялық ұйымдар үшiн фирмалық атауы заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк регистрiне енгiзiледi.

3. Заңды тұлға мемлекеттiк  тiркеуден өткен кезден бастап  құрылды деп саналады.

4. Филиалдар  мен өкiлдiктер заң құжаттарында  белгiленген тәртiппен тiркеледi. Филиалдар мен өкiлдiктер атаулары  өзгерген жағдайда қайта тiркелуге  жатады.  Жалғыз құрылтайшының  шешiмi мүлiктердi меншiкке беру (шаруашылық жүргiзу,

Заңды тұлғаны тарату негiздерi

1. Заңды тұлғаның  мүлкiн меншiктенушiнiң немесе  меншiк иесi уәкiлдiк берген  органның шешiмi бойынша, сондай-ақ  құрылтай құжаттарында шешiм қабылдауға  уәкiлдiк берiлген заңды тұлға  органының шешiмi бойынша заңды  тұлға кез келген негiз бойынша  таратылуы мүмкiн.

2. Соттың шешiмi  бойынша заңды тұлға: 

1) банкрот болған;

2) заңды тұлғаны  құру кезiнде заңдардың түзетуге  келмейтiн сипатта бұзылуына жол  берiлуiне байланысты оны тiркеу  жарамсыз деп танылған;

3) заңды тұлғаның  жарғылық мақсаттарына қайшы  келетiн қызмет үнемi жүзеге асырылған;

4) тиiстi рұқсат  алынбаған (лицензиясыз) қызметтi, не заң құжаттарында тыйым  салынған қызметтi жүзеге асырған,  не қызметiн заңдарды бiрнеше  рет немесе өрескел бұза отырып  жүргiзген жағдайларда, 5) заң құжаттарында  көзделген басқа да жағдайларда таратылуы мүмкiн.

3. Жеке тұлғалар

Қазақстан Республикасының  азаматтары, басқа мемлекеттердiң  азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ  адамдар жеке тұлғалар болып ұғынылады. Азаматтардың құқық қабiлеттiлiгi

1. Азаматтық  құқыққа ие болып, мiндет атқару қабiлетi (азаматтық құқық қабiлеттiлiгi) барлық азаматтарға бiрдей деп танылады.

2. Азаматтың  құқық қабiлеттiлiгi ол туған  кезден басталып қайтыс болған  соң тоқтатылады. 

Азаматтың құқық қабiлеттiлiгiнiң  негiзгi мазмұны

Азаматтың Қазақстан Республикасы шегiнде де, одан тыс жерлерде де мүлiктi, соның iшiнде шетел валютасын меншiктенуге; мүлiктi мұраға алып, мұраға қалдыруға; республика аумағында еркiн жүрiп-тұруға және тұрғылықты жер таңдауға; республикадан тыс жерлерге еркiн шығып кетуге және оның аумағына қайтып оралуға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуға.

Азаматтардың  әрекет қабiлеттiлiгi

1. Азаматтың  өз әрекеттерiмен азаматтық құқықтарға  ие болуға және оны жүзеге  асыруға, өзi үшiн азаматтық мiндеттер  жасап, оларды орындауға қабiлеттiлiгi (азаматтық әрекет қабiлеттiлiгi) кәмелетке толғанда, яғни он сегiз жасқа толғаннан кейiн толық көлемiнде пайда болады.

2. Заң құжаттарында  он сегiз жасқа жеткенге дейiн  некелесуге рұқсат етiлетiн жағдайда, он сегiз жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемiнде әрекет қабiлеттiлiгiне ие болады.

3. Егер заң құжаттарында  өзгеше белгiленбесе, барлық азаматтардың  әрекет қабiлеттiлiгi тең болады.

Құқық қабiлеттiлiгi мен әрекет қабiлеттiлiгiнен айыруға және оларды шектеуге жол бермеу 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Заңды тұлға және жеке тұлға ұғымы