Енбек құқығы субъектілерінің түсінігі және түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2015 в 14:18, реферат

Краткое описание

Кез келген құқық саласы сияқты еңбек құқығының да өзінің субъектілер шеңбері бар. Осы субъектілер арқылы осы құқық саласының жалпы құқық жүйесіндегі ерекшеліктері анықталады. Еңбек құқығында осы құқық саласының субъектілері ретінде қолданыстағы заңнаманың негізінде қоғамдық еңбекті ұйымдастыруға, еңбек үрдісін қолдану мен ұйымдастыруға еңбек заңнамасын сақтай отырып катысатын еңбек қатынастарының катысушылары танылады.

Содержание

1. Кіріспе.
2. Енбек құқығы субъектілерінің түсінігі және түрлері.
3. Негізгі (статустық) еңбек құқықтары мен міндеттері.
4. Еңбек ұжымының құқықтық мәртебесі.
5. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ЕНБЕК КУКЫГЫ.doc

— 106.50 Кб (Скачать документ)

Азаматтардың еңбек етуге қатысты құқықтарының кепілдіктерін азаматтарды жұмысқа қабылдаудан заңсыз бас тартуға, қызметкерді келісімінсіз басқа жұмысқа ауыстыруға және т.б. қатысты тыйым салушылық сипаттағы нормалар орындайды.

Сонымен катар, азаматтардың еңбек етуге катысты құқықтарының кепілдіктерін еңбек даулары туындағанда азаматтардың бұзылған құқықтарын қорғау және қалпына келтіру үшін тиісті органдарға шағымдану мүмкіндігін беретін нормалар да орындайды.

Қолданыстағы заңдардың маңызды ерекшелігі болып бұларда тек жалданбалы қызметкерлердің ғана емес, сонымен катар жеке кәсіпкерлердің және жұмыс істейтін меншік иелерінің де кепілдіктерінің көзделуі табылады. Бұл кепілдіктер барлық кәсіпкерлерге шикізат нарығына араласу құқығын, олардың мемлекеттік органдарда тіркелу кепілдіктерін, сонымен қатар ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарына және т.б. қарамастан барлық кәсіпкерлерге қызмет етудің бірдей жағдайларын қамтамасыз етеді.

Құқықтық мәртебенің келесі элементі болып еңбек міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілік табылады. Барлығына белгілі бір жайт, экономикалық даму мүдделері еңбектің барысындағы өз құқықтары мен міндеттерін тиімді пайдалануды ғана емес, сонымен катар өзіне алған міндеттемелер үшін күшейтілген жауапкершілікті де талап етеді. Ескеріп өтетін жағдай - кепілдіктер мен жауапкершілік өзара бір-бірімен тығыз байланысты. Дәл осы байланыс құқықтық мәртебеге қажетті тұрақты және бірқалыпты сипатты тиесілі етеді. Құқықтың кепілдіктері еңбек құқығы субъектілерін өздерінің құқықтарын жүзеге асыруға және еңбек міндеттерін орындауға ынталандырып, көтермелейді, ал жауапкершілік субъектінің өзінің еңбек міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін санкцияларды белгілейді.

Жұмыс берушілердің құқықтық мәртебесі. Еңбек заңнамасының нормаларына сәйкес жұмыс беруші ретінде қызметкермен еңбек шартын бекіткен және оған жұмыс берген жеке немесе заңды тұлға табылады. Яғни, азаматтарға жұмыс беретін, олардың еңбегін төлейтін және жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттерін орындайтын фермерлер, жеке кәсіпкерлер, ұйымдар, мекемелер, кәсіпорындар, шаруашылықтар, кооперативтер, серіктестіктер және т.б. жұмыс берушілер болып табылады.

Еңбек құқығының субъектілері ретіндегі жұмыс берушілерді жеке тұлғалар, коммерциялық, коммерциялық емес ұйымдар және мемлекеттік кәсіпорындар деп бөлуге болады.

Коммерциялық ұйымдар мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооперативтер нысанында құрылуы мүмкін. Коммерциялық ұйымдар қызметінің негізгі мақсаты болып пайда табу табылады.

Коммерциялық емес ұйымдар мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік коғам, тұтынушылар кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестік және заңда көзделген өзге де нысандарда құрылуы мүмкін. Бұл ұйымдарды меншік иесі қаржыландырады және олардың қызметі пайда табуды көздемейді. Коммерциялық емес ұйымдар кәсіпкерлік қызметті өздерінің мақсатына жету шегінде ғана жүзеге асырады.

Мемлекеттік кәсіпорындардың құқықтық мәртебесі және олардың кызметін жүзеге асыруы ҚР Президентінің 1995 жылғы 19-маусым-дағы «Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» заң күшіне ие жарлығында анықталған.

Бұл ұйымдардың (жұмыс берушілердің) еңбек құқық субъектілігін олар мемлекеттік тіркеуден өткен және заңнамада көзделген жағдайларда лицензия алған сәттен бастап туындайды. Барлық ұйымдардың қызметі Жарғыға және қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады. Қазіргі кезде бұл актілер ұйымдарға барынша дербестік беріп, жедел кызметті жүзеге асыруына жағдай жасайды. Жұмыс беруші - ұйымдар еңбек ақысын төлеу, жұмыс уақыты мен демалыс уақытын белгілеу мәселелерін дербес шешуге құқылы. Олар өздерінің экономикалық және мүліктік жағдайының негізінде қосымша жеңілдіктер мен сыйақыларды, жұмыс уақытының ұзақтығын белгілей алады. Соған қарамастан, жұмыс беруші ұйым еңбекті қорғау ережелерін сақтауды, заңнамада белгіленген мөлшерден кем емес жалақы төлеуді, еңбектің қауіпсіз және қолайлы жағдайларын жасауды, әлеуметтік қорғау шаралар мен қызметкердің өзге де құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге міндетті. Сонымен катар, егер еңбек кауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы не жұмыс берушінің өзге де кінәсінің нәтижесінде қызметкерлердің денсаулығына және еңбекке қабілеттігіне зиян өлтірілсе, жауапкершілік жұмыс беруші - ұйымға жүктеледі.

Жұмыс беруші - ұйымның кызметі оның таратылуымен байланысты тоқтатылады. Тарату туралы шешім ұйымның меншік иесі немесе осы ұйымды құрған органның шешімінің немесе сот шешімінің негізінде қабылдануы мүмкін.

Жұмыс беруші - ұйымдардың еңбек құқық субъектілігін екі өлшеммен анықтауға болады: жедел және мүліктік.

Жедел өлшем мамандарды таңдауды, орналастыруды және ұйымдастыруды жүзеге асыруды, еңбекті қорғауды және қызметкерлердің өз еңбек міндеттерін орындауы үшін қауіпсіз және қажетті енбек жағдайларын жасауды білдіреді.

Мүліктік талап еңбектің ақылы сипатымен байланысты және жұмыс берушінің жалданбалы енбекті төлеу қабілетін білдіреді. Бұл үшін жұмыс берушіде белгілі бір материалдық (мүліктік) база болуы тиіс, алайда, шын мәнінде еңбек құқық субъектілігін үшін жалақы қоры ғана аса зор мәнге ие.

4.Еңбек ұжымының құқықтық мәртебесі. Соңғы кезде «еңбек ұжымы» түсінігінің орнына «қызметкерлер» түсінігін қолдану жиі белең алып жатады. Және де еңбек ұжымдары мемлекеттің саяси ғана емес, экономикалық өмірінде де қандай да бір рөлді иеленуден айырылғандай. Соған қарамастан, біздің ойымызша, еңбек ұжымдары еңбек құқығының субъектілері болған және одан әрі болады да.

Еңбек ұжымы ретінде жеке еңбек шарттарының негізінде белгілі бір ұйымның шегінде бірлескен еңбек қызметін жүзеге асыру барысындағы адамдардың бір жұмыс берушімен ерікті түрде бірігуін атауға болады. Еңбек ұжымы адамдардың кездейсоқ тобырынан ұйымдастырушылық бір тұтастығымен, ортақ органдарының, басшылығының болуымен, еңбек тәртібінің бірыңғай ережелерімен және еңбек заңнамасына бағыныстылығымен ерекшеленеді. Басқаша айтар болсақ, ұжымның белгілері болып келесі айрықша сипаттар табылады:

1. адамдардың бұл тобын белгілі бір ұйым шегіндегі ақылы сипаттағы бірлескен қызмет біріктіреді;

2.адамдардың бұл тобының еңбекке қатысты ортақ мақсаттары мен мүдделері бар;

3.адамдардың бұл тобы жеке еңбек шарттарының негізінде бір жұмыс берушімен құрылған, салыстырмалы түрде тұрақты құрамға, басқару органдарына ие, тәртіпке бағынады;

4.адамдардың бұл тобы экономикалық тұрғыда дербес;

5. олар бағыныстылар және басшы болып бөлінеді және еңбек құқық бұзушылықтары үшін өзара міндеттемелерді орындайды.

«Еңбек ұжымы» түсінігін әржақты түсінуге болады. Басшылық нақты бір қызметкерге қатысты ұйымның өкілдік органы рөлін иеленеді және еңбек құқығының субъектісі болып табылмайды. Алайда, ұйымдастырушылық - басқарушылық қатынастарында шарт бекітіп, жалақы төлеу мәселесін, жұмыс уақыты және демалыс уақыты жүйесін анықтаған жағдайда, олар еңбек құқығының дербес субъектілері болып табылады.

Ұжым тар мағынада тек қызметкерлерді білдіреді. Соңғы жылдары бірқатар нормативтік құқықтық актілерде «ұжым» түсінігінің орнына «қызметкерлер» сөзінің қолданылу себебі де осыдан шығар.

Кең мағынадағы еңбек ұжымының құрамына қызметкерлермен қатар басты міндеті еңбек үрдісін басқару мен шаруашылық қызметті қамтамасыз ету болып табылатын лауазымды тұлғалар, яғни, басшылыққа кіреді. Басшылыққа ұйымның бірінші басшысы, оның орынбасарлары, көмекшілері, бас мамандар, құрылымдық бөлімшелердің (бөлімдердің, цехтердің және т.б.) басшылары және басқару функциясын атқаратын, қарамағында жалданбалы еңбекпен айналысатын қызметкерлері бар өзге де тұлғалар жатады. Ұйымның бірінші басшысы және басшылық еңбек ұжымының құрамына кіреді, себебі, олар да жеке еңбек шартын бекітеді.

Сонымен, еңбек ұжымына құрамдас элементтер ретінде мыналар кіреді:

1.осы өндірістің барлық қызметкерлері;

2.басшылық (басшыны қоса алғанда);

3.еңбек ұжымының органдары;

4.осы ұжымның коғамдық ұйымдары және олардың органдары (кәсіптік одақ, әйелдер, жастар одақтары және т.б.)

Еңбекті қолдану саласы бойынша еңбек ұжымдары келесі түрлерге бөлінеді:

1.өндірістік (кәсіпорындардағы, құрылыстардағы және т.б.) еңбек ұжымдары;

2.халыққа кызмет көрсетуші (сауда, көлік, байланыс және т.б. салалар) еңбек ұжымдары;

3.ағарту, денсаулық қорғау салаларындағы еңбек ұжымдары;

4.жобалау,жобалау-құрастыру,ғылыми-зерттеу салаларындағы

енбек ұжымдары:

5.басқару саласындағы еңбек ұжымдары;

6.қоғамдық ұйымдардың (партиялардың, әр түрлі қорлардың және т.б.) аппараттары.

Еңбек ұжымы өндірістің нысанына қарай келесі түрлерге бөлінеді:

1.мемлекеттік өндірістердің еңбек ұжымдары;

2.өндірістік кооперативтердің еңбек ұжымдары;

3.жеке дербес меншік өндірістерінің еңбек ұжымы;

4.қоғамдық ұйым меншігі өндірістерінің еңбек ұжымы;

5.аралас меншік нысанындағы өндірістердің (шетелдік өндірістерді қоса алғанда) еңбек ұжымдары.

Еңбек ұжымдары өз деңгейіне қарай келесі түрлерге бөлінеді:

1.кәсіпорынның негізгі еңбек ұжымдары;

2.бөлімшелердің (бөлімдер, цехтер) еңбек ұжымдары;

3.бастапқы еңбек ұжымдары (бригадалар, учаскелер, буындар). Ұжымның құқықтық мәртебесі - бұл оның заңнамалық тұрғыда бекітілген құқықтық жағдайы.

 

5.Пайдаланған әдебиеттер:

1.Шойбеков А.К“ҚР Еңбек құқығы’’.Алматы,2001.

2.Уваров В.Н “ҚР Еңбек құқығы’’.Астана,2001.

3.Абзярова Н.А “ҚР Еңбек құқығы’’.Алматы,2001.

4.http://kazlive.com

5.http://eco.gov.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Енбек құқығы субъектілерінің түсінігі және түрлері