Құқықшығармашылықтың түсінігі және мәні, түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Января 2015 в 17:01, реферат

Краткое описание

Құқық шығармашылығы құқықтық реттеу жүйесінде негізгі бір орталық орынды алады. Ол қоғам өміріне қажет нормаларды өмірге әкеліп, кемшілік-кемістігі барларын өзгертіп, уақыты жеткенін жаңарта отырып, барлық қоғамдық, мемлекеттік институттардың құқықтық негізін жасайды. Мұның өзі ғылым аддында құқық шығармашылығымен байланысты мәселелерді терең, жан-жақты зерттеу қажеттігін белгілейді

Прикрепленные файлы: 1 файл

кукыкшыгармашылык.docx

— 31.97 Кб (Скачать документ)

                                                     Кіріспе 
        Құқық шығармашылығы құқықтық реттеу жүйесінде негізгі бір орталық орынды алады. Ол қоғам өміріне қажет нормаларды өмірге әкеліп, кемшілік-кемістігі барларын өзгертіп, уақыты жеткенін жаңарта отырып, барлық қоғамдық, мемлекеттік институттардың құқықтық негізін жасайды. Мұның өзі ғылым аддында құқық шығармашылығымен байланысты мәселелерді терең, жан-жақты зерттеу қажеттігін белгілейді. Құқық шығармашылығына байланысты мәселелерді зерттеуге қай кезеңде болмасын ғалымдар кең, мол назар аударып отыр. Құқықтың жалпы теориясы саласында құқық шығармашылығының мазмұнына және жағдайына терең зерттеулерді Кеңес заманында С.С. Алексеев, О.А. Гаврилов, А.В. Мицкевич, Р.О. Халфина т.б. көптеген ғалымдар жүргізсе, бүгінде құқық шығару, оның бір түрі - заң шығару мәселесін кеңінен зерттеп, жетілдіру жолдарын ұсынып отырған ғалымдар да жеткілікті. Олар - белгілі ғалым-заңгерлер: С.З. Зиманов, В.А. Ким, Ғ.С. Сапарғалиев, С.К.Амандықова, С.С. Сартаев, М.Т. Баймаханов, С.А. Табанов, М. Құл-Мұхаммед т.б. Құқық шығармашылығы - бұл мемлекеттің құқық нормаларын жасау жөніндегі қызметі. Жай ғана емес, саналы, ерікті, ғылыми негізделген, белсенді қызметі. Мемлекеттің құқық шығармашылығы қызметі негізінде экономикалық және өзге қоғамдық қатынастар заңды нормалар түрінде көрініс табады. Мемлекет осы қатынастарды құқықтық қатынастар ретінде рәсімдейді, дамуына әсер етеді.Құқық шығармашылығының қызметі арқылы экономикалық және өзге де қоғамдық әлеуметтік қатынастар жалпы құқықтық қатынастарға айнала отырып, қайтадан басқа жаңа әлеуметтік қатынастарға әсер ету үшін құқықтық нормаларда бекітіледі. Қандай да бір әлеуметтік қатынастардың қоғамдық дамудың мұқтаждықтарының анықталуы, оларды құқықтық реттеудің қажеттілігінің пісіп-жетілуі құқық шығармашылығының басталуына себеп болады. Құқық шығармашылығы нәтижесінде қолданымдағы құқық жүйесін толықтыратын немесе өзгертетін қажеттіліктер, алғышарттар заңи шынайы, құқық ережелеріне айналады, нормативтік актілерде белгіленеді. Заңды Президентке қол қоюға ұсыну және оған Президенттің қол қоюы - бұл Парламент қабырғасында қызу талас-тартыстардан, талқылаулардан өткен заңға Президенттің қояр нүктесі. Ол екі нысанда болуы мүмкін: Парламент қабылдаған заңға қол қою немесе қол қоймай кері қайтару. Республиканың заңдары Президент қол қойғаннан кейін күшіне енеді. Парламент қабылдаған заңдар қабылданған күннен бастап 10 күн ішінде Парламент палаталарының әрқайсысының төрағаларының қолдарымен, сондай-ақ егер заң жобасын Үкімет енгізсе Премьер-Министрдің қолымен алдын-ала бекітіліп, Республика Президентінің қол қоюына ұсынылады. Ол 15 жұмыс күні ішінде заңға қол қойып оны жариялайды не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін Парламентке қайтарады.

 

1. Құқықшығармашылықтың  түсінігі және   мәні, түрлері.

2. Құқықшығармашылықтың қағидалары. 

 

             1.Құқықшығармашылықтың түсінігі және мәні, түрлері.

       Құқықшығармашылық–бұл құзіретті органдардың заң нормаларын қабылдауға, өзгертуге және жоюға байланысты арнайы қызметі. Құқықшығармашылық мыналармен сипатталады:

- ол белсенді, мемлекеттік, шығармашылық қызметті білдіреді;

-  оның негізгі өнімі–нормативтік актілерден көрініс тапқан заң нормалары;

- бұл қоғамды басқарудың маңызды құралы; мұнда оның даму бағдараламасы  қалыптасады, маңызды жүріс-тұрыс ережелері қабылданады;

- құқықшығармашылықтың  деңгейі мен мәдениеті, қабылданған  нормативтік актілердің сапасы–бұл қоғамның өркениеттілігі мен демократиялылығының көрсеткіші.

Субъектілерінің түріне қарай құқықшығармашылық келесі түрлерге бөлінеді:

1) халықтың  мемлекеттік және қоғамдық өмірдің маңызды мәселелері бойынша жалпыхалықтық дауыс беруін–референдум– жүргізу кезіндегі тікелей құқықшығармашылығы;

2) өкілетті  мемлекеттік органдардың  тікелей құқықорнықтырушы қызметі;

3) әдет  түрінде қалыптасқан немесе мемлекеттік емес ұйымдар қабылдаған нормаларды мемлекеттің санкциялауы. 

 

                                Мемлекеттің түсінігі және белгілері.

Мемлекет–бұл арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты бар, қоғамның өкілі бола тұра, оны басқаратын және оның дамуын қамтамасыз ететін, бұқаралық биліктің саяси-аумақтық, егеменді ұйымы.

Мемлекетті рулық құрылымдағы әлеуметтік биліктен ажырататын төмендегідей белгілері болады:

1. Бұқаралық биліктің болуы. Міндетті түрде мемлекеттің басқару және мәжбүрлеу аппараты болуы тиіс, себебі, бұқаралық билік–бұл шенеуніктер, әскер, полиция, түрме мен басқа да мекемелер.

2. Аумақтық  бөлініс. Мемлекет өз аумағында өмір сүруші барлық адамдарды өз билігімен және қорғау арқылы біріктіреді.

3.Салықтар  жүйесі. Олар мемлекеттік аппараттың өмір сүруін қамтамасыз ету үшін қажет.

4. Егемендік. Бұл мемлекетке тән  өз аумағындағы үстемдік пен халықаралық қатынастардағы тәуелсіздік.

5. Құқықтың  болуы.  Мемлекет  құқықсыз өмір сүре алмайды, себебі, құқық мемлекеттік билікті заңдастырады.

 

               Мемлекеттік билік әлеуметтік биліктің ерекше түрі ретінде.

        Мемлекеттік билікке сипаттама берместен бұрын әлеуметтік билікке анықтама беріп алу қажет. Әлеуметтік билік–бұл адамдарың кез-келген бірігуіне тән үстемдік пен бағынушылық қатынастары, бұл кезде бір тұлғалардың–билік құрушылардың– еркі мен әрекеттері басқа тұлғалардың–бағынушылардың–еркі мен әрекеттеріне үстемдік құрады. Әлеуметтік билік кез-келген ұйымдасқан, белгілі бір дәрежеде тұрақты адамдар тобына–руға, тайпаға, отбасына, қоғамдық ұйымға, партияға, мемлекетке, қоғамға және т.б. тән.

      Мемлекеттік билік әлеуметтік биліктің ерекше бір тұрі ретінде көрініс табады. Бұл мемлекеттік мәжбүрлеуге сүйенген, субъектілер арасындағы үстемдік және бағынушылық сипаттағы бұқаралық-саяси қатынас. Мемлекеттік биліктің ерекшеліктері:

1. Бұқаралық  билік. Ол бүкіл қоғамның, халықтың атынан қызмет етеді және өз қызметінде бұқаралық негізге–қазына мүлкіне, өз кірістеріне, салықтарға ие.

2. Аппараттық  билік. Ол аппаратқа, мемлекеттік органдар жүйесіне сүйенеді және олар арқылы жүзеге асырылады.

3. Заң  қолдайтын билік. Сол себепті, ол аппарат пен заң нормаларының көмегімен елдегі барлық халық үшін міндетті сипатты иеленеді.

4. Егеменді билік–ол кез-келген биліктен дербес және тәуелсіз.

5. Заңдастырылған  билік. Яғни, ол заңды негізді және қоғамдық тануды иеленген.

         Мемлекетте еңбек бөлінісі болған жағдайда ғана, яғни, ерекше қызмет түріне негізделген дербес билік түрлері қалыптасқан жағдайда ғана, мемлекеттік биліктің тиімділігі артады. Мұндай биліктің үш түрі бар: заң шығарушы билік, атқарушы билік және сот билігі.            

 

                                              Мемлекеттің мәні.

      Мемлекеттің мәнін түсіну мемлекет және құқық теориясының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Мемлекеттің мәні–бұл оның мазмұнын, мақсаттарын, қызмет етуін анықтайтын басты қасиеті. Мемлекеттің мәнін бұл түсініктің кең және тар мағынасында анықтауға болады.

Кең мағынада мемлекеттің әлеуметтік мәнін биліктік-саяси ұйымдасқан қоғам, құқықтық заңдарға бағынған көптеген адамдар бірлестігі ретінде анықтауға болады. Мұндай бірлестіктердің  тұтастығы сәйкес мемлекеттік-құқықтық институттар мен қатынастарда көрініс тапқан бұқаралық-биліктік құрылымдар негізінде қалыптасады.

Тар мағынада мемлекеттің әлеуметтік табиғатын қоғамнан бөлектенген, жекелеген класстар мен әлеуметтік топтардың да, қоғамның да мүддесін білдіруші әрі қорғаушы басқару аппараты,    бұқаралық биліктің әртүрлі мекемелерінің жүйесі ретінде анықтайды.

        Жоғарыда аталғандардың негізінде, мемлекеттің мәнін қарастыруда екі аспектіні ескерудің маңызы зор:

1) формальды–кез-келген мемлекеттің саяси биліктің ұйымы екендігі;

2) мазмұнды–осы  ұйымның кімнің мүдделеріне қызмет ететіндігі.

Мемлекеттің мәнін анықтауда келесі бағыттарды атап өтуге болады:

- класстық, бұған сәйкес мемлекетті экономикалық үстемдік құрушы топтың саяси билігінің ұйымы ретінде анықтауға болады;

- жалпы әлеуметтік, бұған сәйкес мемлекетті әртүрлі класстар мен әлеуметтік топтардың мүдделерін ескеру үшін жағдай жасайтын саяси биліктің ұйымы ретінде анықтауға болады.

Сонымен, мемлекеттің мәні саяси билік аппаратының көмегімен қоғамның тұтастығын және қалыпты қызмет етуін қамтамасыз етуден көрінеді.     

 

                            2. Құқықшығармашылықтың қағидалары.

      Құқықшығармашылыққа мына қағидалар тән:

1) ғылымилық–нормативтік актілерді дайындау процесінде әлеуметтік-экономикалық, сасяи және басқа да жағдайларды,  қоғамның дамуының объективтік қажеттіктерін және т.б. зерттеудің маңызы зор;

2) кәсібилік–мұндай  қызметпен құзіретті тұлғалар–заңгерлер, экономистер және т.б. айналысуы тиіс;

3) заңдылық–бұл қызмет Конституцияның және басқа да заңдардың негізінде және шеңберінде жүзеге асырылуы тиіс;

4) демократиялық–азаматтардың бұл процеске қатысу дәрежесін, қоғамдағы процедуралық нормалар мен институттардың даму деңгейін сипаттайды;

5) жариялылық–құқықшығармашылық  процестің көпшілік қауым үшін  ашықтығын білдіреді.

 

                         Құқықтың қағидаларының түсінігі және түрлері.

       Құқықтың қағидалары–бұл құқытың ерекше әлеуметтік реттеуші ретіндегі мәнін көрсететін негізгі бастамалар, ережелер, идеялар. Олар құқықтың заңдылығын, табиғатын және әлеуметтік мәнін көрсетеді және заңдардың өзінде тікелей көрініс тапқан немесе олардың мәнінен туындайтын жүріс-тұрыс ережелері болып табылады. Таралу саласына қарай жалпықұқықтық, салааралық және салалық қағидаларды бөліп қарастырады.

        Жалпықұқықтық қағидалар барлық құқық салаларында күшке ие болып келеді. Оларға мына қағидалар жатады:

  • әділеттілік;
  • азаматтардың заң мен сот алдындағы заңды теңдігі;
  • ізгілік (гуманизм);
  • демократиялық;
  • құқықтар мен міндеттердің біртұтастығы;
  • сендіру мен мәжбүрлеуді үйлестіру.

           Салааралық қағидалар бірнеше құқық саласының ерекше мәнді белгілерін сипаттайды. Олардың арасынан жарыспалылық және сот өндірісінің жариялылығы және т.б. қағидаларды бөліп атауға болады.

Салалық қағидалар тек бір саланың шеңберінде ғана әрекет етеді. Мысалы, азаматтық құқықта–мүліктік қатынастардағы тараптардың теңдігі қағидасы; қылмыстық құқықта–кінәсіздік презумпциясы.

Құқық қағидалары қоғамдық қатынастарды реттеуге қатысады, себебі, олар құқықтық әсер етудің жалпы бағыттарын анықтап қана қоймай, нақты бір іс бойынша шешімнің негіздемесіне де енуі мүмкін. 

 

                      Құқықтың  функцияларының түсінігі және түрлері.

          Құқықтың функциялары–бұл құқықтың қоғамдық қатынастарды реттеудегі рөлін көрсететін, құқықтық әсер етудің негізгі бағыттары.

Құқықтың функцияларын түрлерге бөлудің негізінде жатқан екі жақты шартты түрде бөліп қарастыруға болады:

1) сыртқы  жақ, бұған сәйкес құқықтың әлеуметтік  функциялары анықталады, олар: экономикалық (құқық өндірістік қатынастарды реттейді, меншік нысанын бекітеді және т.б.), саяси (құқық саяси қатынастарды, саяси жүйе субъектілерінің қызметін реттейді және т.б.), тәрбиелік (құқық белгілі бір идеологияны көрсетеді, тұлғаларға арнайы педагогикалық әсер етеді және т.б.) функциялар.

2) ішкі жақ, бұл құқықтың табиғатынан туындайды, олар–реттеуші және қорғаушы функциялар.

          Реттеуші функция–бұл позитивтік жүріс-тұрыс ережелерін орынқтырудан, қоғамның, мемлекеттің, тұлғаның мүдделеріне сәйкес қатынастарды дамытуыға жәрдем беру мақсатында құқық субъектілеріне субъективтік құқықтар беруден және заңды міндеттер жүктеуден көрініс табатын, құқықтық әсер етудің әлеуметтік мақсатпен байланысты бағыты.

Бұл функцияның шеңберінде оның екі түрін бөліп қарастырады: реттеуші статистикалық және реттеуші динамикалық функциялар.

           Реттеуші статистикалық функция құқықтың қоғамдық қатынастарға оларды белгілі бір құқықтық инстиуттарда бекіту жолымен әсер етуінен көрінеді. Статистикалық функцияны жүзеге асыруда конституцияда бекітілген саяси құқықтар мен бостандықтар институты ерекше мәнге ие.

Реттеуші динамикалық функция құқықтың қоғамдық қатынастарға құқық субъектілерінің белсенді жүріс-тұрысын қамтамасыз ету жолымен әсер етуінен көрінеді. Ол азаматтық, әкімшілік, еңбек құқығының институттарынан көрініс табады.

          Қорғаушы функция–бұл ерекше маңызды экономикалық, саяси, ұлттық және жеке қатынастарды қорғауға, заңды қорғау мен заңды жауапкершіліктің шамасын, оларды жүктеу мен орындаудың тәртібін орнықтыруға  бағытталған  құқықтық әсер етудің әлеуметтік мақсатпен байланысты бағыты.

 

                         Құқықшығармашылық процестің кезеңдері.

        Құқықшығармашылық процесс бірнеше кезеңдер арқылы жүзеге асырылады:

1. Заң шығару ынтасы–құқықшығарушы органға нормативтік актіні шығару туралы ұсыныс немесе актінің дайын жобасы ұсынылады. Заң шығару құқығына ие субъектілер шеңбері заңнамада қатаң түрде анықталған.

Информация о работе Құқықшығармашылықтың түсінігі және мәні, түрлері