Локомотивтер, моторвагонды поездар және өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрам машинистерінің поездарды жүргізу тәртібі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2014 в 06:07, доклад

Краткое описание

Машинист:
локомотивтің (моторвагонды поездың), өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамның конструкциясын, қызмет көрсететін учаскенің профилін, онда тұрақты сигналдардың, сигналдық нұсқағыштардың және белгілердің орналасуын және олардың тағайындалуын, сондай-ақ қызмет көрсететін учаскеде темір жол өтпелері орналасқан жерлерді білуге тиіс, онда поездардың қозғалыс кестесі болуына міндетті;

Прикрепленные файлы: 1 файл

Локомотивтер, моторвагонды.doc

— 50.50 Кб (Скачать документ)

Локомотивтер, моторвагонды 
поездар және өздігінен жүретін арнайы жылжымалы 
құрам машинистерінің поездарды жүргізу тәртібі     

64. Машинист: 
      локомотивтің (моторвагонды поездың), өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамның конструкциясын, қызмет көрсететін учаскенің профилін, онда тұрақты сигналдардың, сигналдық нұсқағыштардың және белгілердің орналасуын және олардың тағайындалуын, сондай-ақ қызмет көрсететін учаскеде темір жол өтпелері орналасқан жерлерді білуге тиіс, онда поездардың қозғалыс кестесі болуына міндетті; 
      локомотивті (моторвагонды поезды), өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамды қабылдаған кезде тежегіштердің, құмсалғыштардың және радиобайланыстың, дыбыстық сигналды беруге арналған аспаптардың жұмыс істеуіне ерекше назар аударып, оның түзулігіне көз жеткізуге, ал локомотивтің техникалық күйі журналындағы жазба бойынша автоматты локомотив сигнал беруінің және қауіпсіздік құрылғыларының дұрыс жұмыс істейтіндігіне көз жеткізуге; сигналдық құрал-жабдықтардың, өрт сөндіру құралдарының болуын тексеруге; 
      қозғалыс графигін дәл сақтай отырып, поездың қауіпсіз жүруін қамтамасыз етуге міндетті. 
      65. Локомотивті поездың құрамына, ал өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрам шаруашылық поездың құрамына тіркеген соң машинист: 
      1) локомотивтің, өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамның бірінші вагонға дұрыс тіркелуіне құрамның және ауа жеңдерінің дұрыс жалғануына, сондай-ақ олардың арасындағы шеткі крандардың ашық екендігіне көз жеткізуге; 
      2) тежегіш магистральді сығымдалған ауамен зарядтауға, қысымның төмендеуі белгіленген нормалардан асып түспейтіндігіне көз жеткізуге және автотежегіштерді сынауға; 
      3) поездың тежегіштермен қамтамасыз етілгендігі туралы анықтаманы алуға, соңғы вагонның сонда көрсетілген нөмірін анықтама қағазымен салыстырып тексеруге және поездағы тежегіштік басудың белгіленген нормаларға сәйкестігіне көз жеткізуге; 
      4) анықтама қағазы бойынша жүк және жүк-жолаушылар поезының құрамымен – адамдар отырғызылған, Жүк тасымалдау қағидасында аталған жекелеген санаттардың қауіпті жүктері бар вагондардың болуымен, сондай-ақ ашық жылжымалы құраммен танысуға; 
      5) анықтама қағазы бойынша жолаушылар және почта-багаж поезының құрамымен – жүк-багажы және багажы бар жүк вагондарының болуымен танысуға міндетті. 
      66. Егер локомотив жеке шақыруы бар радиостанциямен жарақталса, поезға берілген нөмірді радиостанцияны басқару пультіне орнатып қою қажет. 
      Локомотивті вагондары электрмен жылытылатын жолаушылар поезының құрамына тіркеген соң машинист электр механиктің вагонаралық жоғары вольтты электр жалғағыштарды іске қосуы үшін токқабылдағыштарды түсіруге міндетті. 
      Автоматты локомотив сигнал беруімен жабдықталған учаскелерде жетекші локомотивтің, моторвагонды поездың, өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамның машинисі станциядан жөнелтілер алдында осы құрылғыларды іске қосуға, ал радиобайланыспен жабдықталған учаскелерде радиостанцияның іске қосылғандығына және шақыру арқылы жолаушылар поезының бастығымен (механик-бригадирімен) және шаруашылық поезында тиісінше жұмыстар басшысымен радиобайланысты тексеруге міндетті. 
      67. Поезды жүргізген кезде машинист және оның көмекшісі: 
      1) жолдың бос болуын, сигналдарды, сигналдық нұсқағыштар мен белгілерді қадағалауға, олардың талаптарын орындауға және бағдаршамдар беретін барлық сигналдарды, жолдан және поездан берілетін тоқтау және жылдамдықты азайту сигналдарын бір біріне қайталауға; 
      2) поездың күйін және тұтастығын, ал электрлендірілген учаскелерде, бұдан басқа, түйіспе желісінің күйін де қадағалауға; 
      3) локомотив пен өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрам жұмысының толассыздығы мен қауіпсіздігін бақылайтын аспаптардың көрсеткіштерін байқап отыруға; 
      4) электр энергиясы мен отынды үнемдеп жұмсап локомотив қуатының ұтымды қолданылуын қамтамасыз етуге; 
      5) станцияға кіргенде және станциялық жолдар бойынша өткенде белгіленген сигналдарды беруге, бағыттамалық нұсқағыштар бойынша маршруттың дұрыстығын, жолдың бос болуын және станциялар қызметкерлері беретін сигналдарды, сондай-ақ қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төнген кезде тоқтатуға дереу шаралар қолдана отырып, поездардың қозғалысын және шектес жолдардағы маневрлік қозғалыстарды қадағалауға міндетті. 
      68. Поезд станцияда тоқтаған соң, егер онда қандай да болмасын ақаулықтар анықталса, машинист бұл туралы станция бойынша кезекшіге, ал диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған учаскелерде поезд диспетчеріне дереу баяндауға міндетті. 
      Станцияда тоқтау қажет болғанда машинист қабылдау жолының шығу бағдаршамынан (ол болмаған кезде – шектік бағаншадан) өтпей поезды тоқтатуға міндетті. Бұл ретте жүк поезының локомотиві шығу сигналының (ол болмаған кезде – шектік бағаншаның) жанында тоқтатылуы тиіс. Оларға жетпей тұрып машинист поездық радиобайланыс бойынша станция бойынша кезекші арқылы бүкіл құрамның қабылдау жолының пайдалы ұзындығы шегінде қойылғанына көз жеткізгенде ғана поезды тоқтата алады. 
      69. Жол жүріп келе жатқанда автобұғаттау бағдаршамдарында ақаулықтар, жолдың, түйіспе желісінің және басқа құрылыстар мен құрылғылардың зақымдануы, шектес жолдар бойынша келе жатқан поездарда ақаулықтар анықталған жағдайларда машинист бұл туралы жақын маңдағы станция бойынша кезекшіге немесе поезд диспетчеріне хабарлауға міндетті. Поездық радиобайланыс болған кезде машинист осы ақаулықтар туралы хабарламаны радио арқылы жақын маңдағы станция бойынша кезекшіге немесе поезд диспетчеріне, ал қажет болғанда шектес жол бойынша келе жатқан поездың машинисіне де беруі тиіс. 
      Сигналдар, сигналдық нұсқағыштар мен белгілердің нашар көрінуі (тұман, нөсер, қарлы боран және т.б.) жағдайында келе жатқанда машинистке қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін поездар қозғалысының белгіленген жылдамдығын төмендетуге рұқсат етіледі. 
      70. Поезды жүргізген кезде машинист: 
      1) онда қолдануға әрқашан дайын күйде тежегіш құрылғылары болуы, оларды жүрген жолда тексеруі, бас резервуарда және магистральда қысымның белгіленген нормалардан төмен түсуіне жол бермеуі; 
      2) тұрақты сигналдардың тыйым салушы көрсеткіштері, жылдамдықты азайту сигналдарының және жылдамдықты төмендетуді талап ететін басқа сигналдардың көрсеткіштері кезінде қызметтік тежеуді қолдана отырып, тоқтау сигналынан өтіп кетпей поезды тоқтатуы, ал жылдамдықты азайту сигналынан осы сигнал үшін белгіленгеннен аспайтын жылдамдықпен өтуі; 
      3) бейтарап ендірмені қоршайтын сигналдық белгіден (онда локомотивтің тоқтауын болдырмау үшін) кем дегенде сағатына 20 км жылдамдықпен өтуі; 
      4) тоқтау сигналын кенеттен берген кезде немесе кедергі пайда болған кезде поезды тоқтату үшін шұғыл тежеу құралын қолдануы тиіс. 
      71. Жол жүргенде машинистке: 
      1) осы Қағидада берілген ескертулерде және сигналдардың нұсқауларында белгіленген жылдамдықтарды асыруға; 
      2) локомотивті, моторвагонды поезды, өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамды басқарудан, оған қызмет көрсетуден және сигналдар мен жолдың күйін қадағадаудан алаңдауға; 
      3) дұрыс жұмыс істеп тұрған қауіпсіздік құрылғыларын ажыратып тастауға немесе олардың жұмысына килігуге; 
      4) локомотивте, өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамда поездың жүргізілуін қамтамасыз ететін тартым жабдықтары істен шыққан кезде және істен шығудың себебіе анықтау мүмкін болмаған кезде аралыққа шығуға тыйым салынады. 
      72. Поездың қозғалысын жетекші локомотивтің машинисі басқарады. Басқа локомотивтердің, соның ішінде итермелегіш локомотивтің машинистері жетекші локомотив машинисінің нұсқаулары мен сигналдарына бағынуға және оларды қайталауға міндетті. 
      73. Локомотивтің жұмыс кабинасында, кондукторларды (құрастыру бригадасын), рұқсаты бар лауазымды тұлғаларды қоспағанда (екі адамнан артық емес), локомотив бригадасының құрамына кірмейтін адамдардың жүруіне тыйым салынады.

 


Информация о работе Локомотивтер, моторвагонды поездар және өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрам машинистерінің поездарды жүргізу тәртібі