Автомобильге ТҚ көрсету

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Мая 2013 в 16:33, курсовая работа

Краткое описание

Автомобиль көлiгi елiмiздің тасымал кешенiнде ма¬ңызды орын алады. Миллиондаған мекеме, ұйым, фирма, фермер-кооператив, ұжымдар халық шаруашылығында маңызды қызмет етiп, еліміздің халқына тынымсыз еңбек iстеп келедi.
Жыл сайын автомобиль көлiгi apқылы халық шаруашылығында 80% -дан астам жүк тасылатың болса, тасымалдың 75% -даң астамы жолаушылар үлесiне тиеді.

Содержание

КІРІСПЕ............................................................................................................3-6
I.АВТОМОБИЛЬ ЖӘНЕ ОНЫ ПАЙДАЛАНУ, ЖӨНДЕУ
1.1 Автомобильдің электрлік жабдықтары......................................................7
1.2 Ток көздері..................................................................................................7-8
II.ТЕХНИКАЛЫҚ ДИАГНОСТИКА ЖАСАУ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
2.1 Техникалық қызмет (ТҚ) жұмыстарының арналымы..........................9-10
2.2 Автомобильдерге техникалық қызмет көрсетуде қойылатын талаптар..............................................................................................................11
2.3 Күрделі және ағымды жөндеу...............................................................12-13
2.4 Маусымдық техникалық қызмет көрсету............................................13-14
III. МОТОР (ДВИГАТЕЛЬ)
3.1 Моторды майлау.....................................................................................15-19
3.2 Қоректендіру жүйесінің негізгі ақаулары............................................20-24
3.3 Электр жабдықтарын пайдалану ерекшеліктері.......................................25
3.4 Электр жабдықтарының жүйесін күту және оның ақаулары............26-27
Қолданылған әдебиеттер................................................................28-29

Прикрепленные файлы: 1 файл

kurs_4513.doc

— 297.50 Кб (Скачать документ)

Ток көздері

Автомобильде eкi түрдегi ток көзi пайдаланылады:

Электр құуатына айналдырады. Генераторбарлық тұтынушыларды қозғалтқыш жұмыс iстеп тұрган кезде ток көзiмен қамтамасыз етедi. Мысалға, "Нива" автомобилiнде айналмалы ток көздерi Г-221 генераторы орналасқаңОл статордан (қозғалмайтын орамада, онда айналмалы ток индукцияланадық және қозғалыстағы магнит өpiciн туғызушы ротордан турады. Генератор роторы eкi шариктi подшипникке отырғызылады. Ал генератор шкивi арқылы қозгалтқыш иiндi бiлiгiндегi шкивтен бөлдiк берiлiспен жетек алып айналады.

Генератор ток  түзеткiш (выпрямитель) блоктан тұрады, ол1 айналмалы токты тұрақты тоққа айналдырады.Аккумулятор батареясы химиялық энергияны электр энергиясына айналдырады. Аккумулятор тұтынушыларды қозғалтқыш жұмыс iстемей турғанда ток көзiмен қоректендiредi. Автомобильдерде мысалға БСТ-55П аккүумулятор батареясы қойылады. Батарея келесi сипаттамада болады: қорғасынды-қышқылды, стартерлiк. 12 Вкернеулi. сыйымдылыгы 55 А/саг.

Тараmу  бiлiгi. Тарату бiлiгiнiңжәтегiн көбiне тicтi нeмece шынжырлы берiлiс түрiнде жасайды. Ticтi берілiсте тарату бiлiгiнiң алдыңғы басына дөңғелек орнатады. Ал иiндi бiлiк шестернясымен (тістi жәтегiмен) байланыстырылып бекiтiледi. Дыбыс азайту мақсатында тicтepiн қисық етiп әр турлi материалдардан жасайды. Жинау кезiнде тiстi дөңғелектер бөлгiлерi бойыншабайланыстыра бекiтiледi. Шынжырлы берiлiс тicтi берiлiске қараганда дыбысты аз шығарады. Шынжырлы жәтек тарату бiлiгi жоғарыда орналасқанда тиiмдi болады. ВА3-21011 автомобилiнде тарату бiлiгi қозғалтқышқақпағына арнайы қорапқа орнатылады. Бiлiктiн алдыңғы жағына жәтектегi жұлдызша қондырылыпол eкi қатарлы шынжыр арқылы иiндi бiлiк жұлдызшасынан жетек алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II.ТЕХНИКАЛЫҚ  ДИАГНОСТИКА ЖАСАУ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

 

2.1 Техникалық  қызмет (ТҚ) жұмыстарының арналымы

Көлік қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған жалпы бақылау (кecтeнi қараңыз); автомобильдiң қалыпты сыртқы қалпын сақтay; автомобильге жанармай құю, жанармай және салқындату суйығын құю, ал қозғалыс құрамыньң кейбiр түріндe кузовың: санитарлық өңдеуден өткiзу күнделiктi техникальқ қызметтiң мiндетi болып табылады. ТҚ қозғалыс құрамының жұмысынан соң және жолға шығар алдында орындалады. Автомобильдiң техникалық жағдайын жолға шықпас бұрын және ауысым кезiнде жүргiзушiнiң өзi бақылайды.

ТҚ-1 және ТҚ-2 міндеттері

ТҚ-1 және ТҚ-2 міндеттері- автомобильдiң механизмдерi мен агрегаттарыньң техникальқ қалпының жұмыс барысында өзгеруiн азайту, ақауларды анықтау мен алдын алу шаралары, тиiмдi жұмысын, қозғалыс қауiпсiздiгiн, қоршаған ортаны қорғауды өз yaқытындa бақылау, майлау, бекiту, реттеу және басқа жұмыстарды aтқapy жолымен қамтамасыз ету. Диагностикалық жұмыс (диагностикалау үдepici) автомобильдерге ТҚ және жөндеу технологияльқ элементi болып табылады және сейкес жұмыстарды орындаганда оның техникалық жағдайынан хабар бередi.

Қызметi мен  мерзiмдiлiгiне, диагностикалық жұмыстардың тiзбегi мен орнына байланысты eкire бөлiнедi: (Д-1) жалпы және (Д-2) бөлшектi тереңдетiлген диагностикалау. ТҚ автомобильдердiң агрегаттары мен буындарьн, жүйелерiнiң қауiпсiз жұмыс аткаруын, тiзбектегi процестердi бақылағанда, калпына келтiргенде бөлгiленген мерзiм аралығында қамтамасыз етiлуi тиiс.

Мезгілдік қызмеmmің (МҚ) міндеті жылына2 рет жұргiзiлетiн, қозғалыс құрамын пайдаланудьң жыл мезгiлi ауысымына дайындау болып табылады.

МҚ еңбек  сыйымдылығы көрсеткiшi (нормативi) өте  суық және өте құрғақ ыстық климатты аудандар үшінTҚ-2 еңбек сыйымдылығының 50%-на сәйкес; ал суық және өте құрғақ ыстық климатты аймақ үшін30%-ды,

ал басқа  аймақтарда 20% - ды құрайды. Басқа жағдайларда МҚ жұмыстарын TҚ-2 жұмыстарымен қосып, еңбек сыйымдылығының шамамен 20% -ға арттырады, l-кестедеқозғалыс құралдарына техникалық қызмет және ағымды жөндеу еңбек сыйымдылығы көрсеткiшi келтiрiлген.

 

 

1-Kecme

Қозғалыс құрамына техникалық қызмет және ағымдағы жөңдеу еңбек сыйымдылығы  нopмamuвi

(Ережәден алынған)

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Автомобильдерге  техникалық қызмет көрсетуде  қойылатын талаптар

 

Техникалық  қызмет көрсету және автомобильдер  мен мотоциклдерді жөндеу бойынша  қызметтерге көлік құралдарына  техникалық қызмет көрсету және жөндеу: механикалық, электротехникалық жөндеу жұмыстары, отынды электронды бүркү жүйелерін жөндеу, жүйелі тексеру және ағымдағы жөндеу, шанақты, көлік құралдарына арналған қосалқы бөлшектерді жөндеу, жұу, жылтырату және т.б., тоңазыту және бояу, алдыңғы шынылар мен терезелерді жөндеу, отырғыштарды жөндеу; шиналар мен камераларды жөндеу, орнату немесе ауыстыру, тотығуға қарсы өңдеу; қосалқы бөлшектер мен өндірістік үдерістің бөлігі болып табылмайтын құрал-жабдықтарды орнату кіреді.

Автомобильдерге техникалық қызмет көрсеткенде, өндipic құралдарына технологиялық процестердi ұйымдастырганда қойылатын санитарлық ережелермен гигиена талаптарын, сондай-ақ мемлекеттік стандарт талаптарын дұрыс орындау керек.

Автомобильдер мен тiркемелерге маусымдықтехникалық  қызмет көрсету кезінде байқалған  сынықтарды жөндеу керек. Автомобильдерді пайдалануға бермес бұрын тексеруге бағытталған техникалық қызмет көрсету бөлімшелерінде жұргізіп байқайды.

Автомобильдер мен тiркемелергеТҚ-l жәнеТҚ-2 техникалық қызмет керсету ауыспалы агрегаттардьң  көмегімен жұмыс орнында жасалады, отын және жағар-май құю операңияларын жұргiзгенде автомобильдiң негiзгi бөлiмдерiне шаң, топырақ  және ықпал туспеуi керек. Жұмыстан кейін автомобильдiң  Kapтepiненалынған майларды, гидравликалық жүйенiңсұйықтарын техникалық қызмет көрсету кезінде алынған басқада мұнай өнімдерін арнайы ыдысқа жинап,есебін жүргізеді. Жұмыстан шыққан мұнай өнімдерін жәрге төгуге болмайды. Күрделі немесе ағымдағы жөндеу алдында жіберіліп, оны жұмысқа пайдалануға немесе жөндеуге қойылатыны анықталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3 Күрделі және ағымды жөндеу

 

Жөндеу жұмыстардың  міндеттері. Жөндеу сипатына және міндетіне  сәйкес күрделі және ағымдағы болып  бөлінеді.

Күрделі жөндеу. Агрегаттарды Күрделі жөндеуоны  толық бөлшектеу, ақауын анықтау, қалпына  келтiру немесе бөлшектерiн ауыстыру, peтіменқайта жинау, реттеу және сынау жұмыстарын қарастырады. Агрегаттың негiзгi және негiзгi бөлшектерi оны толық шешiп қалпына келтiрудi қажет еткенде, сондай-ақ агрегаттың жұмыс қабiлетi ағымдағы жөндеумен қалпына келтiругеболмайтын жағдайда күрделi жөндеуге жiберiледi.

Негiзгi бөлшектер  агрегаттыңжұмыс істеуқабiлетiн  орындауын қамтамасыз етедi және оның пайдалану сенiмдiлiгiн анықтайды. Сондықтан негiзгi бөлшектерiн күрделi жөндеумен қалпына келтiргенде оның сапалық деңғейiн қамтамасыз ету  немесе жаңа жасалымныңсапалылығына жақындату қажет.

Күрделi жөндеумен  сондай-ақ, жаңа жасалымның деңғейiн  немесе соган жуыққалпына келтiрудi қaмтaмасыз eтeдi: саңылауларды жәнебекiтулердi, бөлшеқтердiң өзара орналасуын (жазықтықта, осыбойында, т.с.с.), жұмыс беттерiнiңмикрожәне макрогеометриясын, металдың құрылымы мен Қаттылыгын, жасалымды Құpayшы бөлiктерiнiң пошымы мен сыртқыкөріністерін. Күрделi жөндеу басым Қөпшiлiгiнде арнайыландырылған автожөндеу меқемелерiнде жүргiзiледi. Қозғалыс құpaмынжәне агрегаттарды күрделi жөндеуге жiберудиагностикалық жабдықтарды қолдана отырып, оның техникалық жағдайын талдау қорытындысымен жәнежүрген жолын, сонымен бiрге ТҚ-пен жөндеу шығындарын ескеріп жүргiзiледi.

Жеңiл автомобильдер  мен автобустар күрделi жөңдеуге кузовына күрделi жөндеу қажет болғанда жiберiледi. Жүк автомобильдерi - рамасына, кабинасына, сондай-aқ кемiнде негiзгi үш агрегатына Күрделі жөндеуқажетболған жағдайда жiберiледi. Негiзгi агрегаттарга жататындар: қозгалтқыш, берiлiс корабы, тарату корабы, жетекшi бөлдiк (алдыңғы, ортаңғы, артқы бөлдiктер), алдыңғы бөлдiк және рульдiк механизм.

Күрделi жөндеудiң  бiрден-бiр өpic алуы, жүк автомобильдерiндегi толықбөлшектi агрегаттарды күрделi жөндеуден  еткен агрегаттармен ауыстырып  жөндеу, яғни агрегаттық әдiспен жөндеу болып табылады, кейде ағымдағы жөндеу кезiнде де айналымдағықоймадан алынған, күрделi жөндеуден келген агрегаттардыауыстырып жөндейдi. Айналымдағықор шығарылған, күрделi жөнделген немесе ағымдағыжөндеуден еткен агрегат, бөлшектермен толықтырылып отырады. Кейде АТ мекемесіне айналым қорына орталықтандырылган қоймадан да жаңа немесе күрделi жөндеуден еткен агрегат, бөлшектер келiп толықтырылады.

Күрделi жөндеу үшін агрегатты және автомобильдi бiрiншi және кейiнгi күрделi жөндеулер белгiленедi.

Ағымдағыжөндеу  пайда болған ақауларды жөндеу, қалпына келтiру, сондай-ақ автомобильдер мен агрегаттарда қалыптасқан ереже бойынша күрделi жөндеугедейiнгi жүрiсiн қамтамасыз ету үшінқызмет жасайды.

Ағымдағыжөндеудiн  жұмыс сипаттамасына бөлшектеу, жинау, слесарьлық пiсiру, ақауын аныктау, сырлау, бөлшектерiн және агрегаттарын ауыстырулар жатады. Агрегатты АЖ кезiнде шектiк жағдайга жеткен, негiзгiден басқа бөлшектердi ауыстыруға болады. Автомобильде АЖ кезiнде кейбiр бөлшектердi, механизмдердi, агрегаттарды ауыстыруға болады. АЖ жөндеуден шыққан бөлшектiң немесе агрегаттың кезектi ТҚ-2-ге дейiн ақаусыз жұмыс icтey қабiлетiн қамтамасыз eтyi қажет. Қолданыстағыжүйеережесiмен АЖ үшінуақыт мөлшерiн бөлгiлеу меншiктi еңбек сыйымдылығымен алынады, яғни еңбек сыйымдылыгын автомобильдiңжүрiсiне шаққанда (aдaм.сағ./1000 км).

ТҚжәне жөндеу жөнiндегi ережеде және сейкес практика АЖ жұмыстарының уақыт мөлшерiн бөлгiлеудiңқажеттiлiгiн  көpceтеді (алдын алу жөндеулерi), мысалға,қозғалыс үлкен шығынга ұшырататын болған жағдайда агрегат механизмiнiңістен шығуының алдын алу. Мұндай АЖ процесiнiң кейбiр аз бөлiгiн ТҚжұмыстарымен бiрiктiруге болады. Басқа жұмыстар өз алдынаавтомобильдi, кузовын және кабинасын техникалық жарамды қалыпта ұстау мақсатында автомобильдiңжұмыс мерзiмi аралығында жұргiзiледi.

 

2.4 Маусымдық  техникалыққызмет көрсету

Автомобильдікүзгі-қысқы кезеңде  пайдалану 

кезiндегi маусымдық техникаяыққызмет көрсету

(ТҚК)

 

Күзгі-қысқы  кезеңде пайдалану кезiнде көрсетілген  маусымдық техникалыққызметте салқындатқышжүйесiне суықта қатпайтын (Төменгі температурада) сұйықтық құяды. Дара жылытқышты жұмысқа қосып, жылу ұстайтын қаппен жабады. Майлау кестесіне сейкес қыста қыстық, ал жазда жаздық май сортына ауыстырады, қозғалтқыштың майлау жүйесiндегi радиатордыажыратады. Реле-реттегiштiң реттеуi маусымдықбұрмасын "3" (Қыc) қалпына қояды. Қыста 40 'C-қa дейiн суық болатын, ауа райы қатаң континентальды аудандарда аккумулятордағыэлектролит тығыздыгын қысқы нормаға жеткізедi. Қозғалтқыштың от алуын жәңiлдететiн құралдардың жұмысқа жарамдылығын тексереді. Байқалған ақауларды жөндейдi.

 

Көктемгі-жазғы  кезенде пайдалану кезінде техникалық қызмет көрсету(ТҚК)

Көктемгi-жазғы  жағдайда ауысым алдында автомобильдiң  жылу ұстайтын қаптарын алып тастайды. Қозғалтқышты майлау жұйесiнiң радиаторын жұмысқа қосады. Салқындатқыш  жұйесiнен дара жылытқышты ажыратады. Реле-реттегiштiң реттеуiш винтiн "Л" (жаз) қалпына қояды. Ауа райы қатаң континентальдi аудандарда аккумулятор батареяларындағы электролит тығыздығын жазғы нормаға жеткiзедi. Қажет болса, қозғалтқыштың салқындатқыш жүйесiн де тұнбадан тазартады.

 

Автомобильдердi ерекше жағдайда пайдаланғанда 

техникалық  қызмет көрсету

Шөлейт және құмдық топырақты жерлерде қозғалтқышқа отын мен майды жабық әдiспен құяды. Әрбiр маусым сайын автотрактордың ауа тазартңышының түбiндегi майды ауыстырады, ауа тазартқыштың орталық түтіктерін тексерiп, қажет болса әрбiр TҚ-1 техникалық қызмет керсетуде ауыстырып отырады. Автомобиль үш ауысым жұмыс атқарған сайын аккумуляторды тазартылған сумен толтырады.

Ауа райы суьқ (температура – 300 С0 темен) кезде арнайы мекемелер ұсынып отырған дизельдiк-арктикалық отын мен майдьщ арнайы сортын қолданады. Ауысым соңында басқа отын толтырады да, пневматикалық жүйесiнiц ауа баллондарындағы конденсатты төгедi. Қозғалтқыштың салқындатқыш жүйесіне ауауның төменгі температурасында қатпайтын сұйық құяды.

Автомобиль  тастақ жолсыз жерлерде жұмыс icтегенде  ауысым сайьн жүру жүйесiнiң және қорғаныш құрылғыларының қаншалақты зақымдалғанын, сондай-ақ қозғалтқыш картеріндегі төгу тығынының, алдынғы және артқыбелдіктің, жақтаудағы редукторлардың, жетекшi доңғалақтың берiктiгiн тексереді. Табылған ақауларды жөндейді.

Саздақ жерлерде ауысым сайын майлау және салқын-дату жүйелерiнiң сыртқы бетiн ластан тазартып, тексередi.

Орманда жұмыс iстегенде автомобильдi ағаштың кесiлген, шабылған ұсақ белшектерiнен тазартады.

Су кедергiлерiнен  немесе саздаң аймақтардан өткен  соң қуат берiлiсi мен жүру жүйелерiнiң  агрегаттарында судың қаншалықты екенін тексередi, ал тұнбада су болса, майды  ауыстыру керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III. МОТОР  (ДВИГАТЕЛЬ)

3.1Моторды  майлау

Үйкелуші беттердің арасына  жіберілетін майдың атқаратын қызметі  және диагностика жасау

Май қолданғанда  үйкеліс күшін азайту, демек үйкелуші бөлшектердің тозуы мен қызып  кетуін барынша кеміту мақсаты көзделеді. Мұнымен қоса, үйкеліс азайса, қозғалтқыштың механикалық әсер коэффициенті ұлғаяды.

Майлағанда  өзара жанаса қозғалатын беттердiң  арасына май қабаты жiберiледi, сөйтiп, беттердiң арасындағы тiкелей үйкелiстiң орнына май қабатының өзiнiң iшкi кедергiсiн жеңу ғана қалады.

Тежiребелер, үйкелiс  кушi үйкелушi беттердiң арасындағы май қабатының қалындығына кepi пропорционалды eкeнін көpceттi. Май  қабатының қалындығынұлғайтса, үйкелiс  пен май температурасына кететін

шығын азаяды.

Үйкелушi беттердiң  арасына жiберiлетiн май, үйкелicтi

азайтумен қатар  аз да болса, үйкелушi бөлшектердi салқындату үшiн қолданылады. Бұл салқындату майдың айналып ағып отыруының арқасыңда жүзеге асады. Жағар-май үйкелушi беттердi үйкелген кезде мүжiлiп түceтiн

Информация о работе Автомобильге ТҚ көрсету