Қазақстандағы басқару қызметінің құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2015 в 18:36, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмысым 2 тарауға негізделген, бірінші тарауда мемлекеттік басқарудың маңызы мен ерекшеліктері, мемлекеттік басқарудың басты бағыттары көрсетілсе , екіншісі Қазақстанның басқару құрылымы, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президенті , атқарушы органдары, жоғарғы сот және жергілікті соттар қарастырылған.
Жалпы мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру ісіне заңдар жүйесінің тигізетін ықпалы өте зор әрі маңызды . Ағымдағы көптеген құқықтық актілердің қандай да болмасын мөлшерде басқаруды ұйымдастыруға қатысы бар екенің білеміз.
Ең бастысы мемлекеттің саяси және экономикалық жүйесін тереңдете реформалау қажет. Мемлекеттік басқарудың бағдарлама нысаны, олардың ауысуы оның қызметіне,әдістері мен нысандары на тікелей әсер етеді .Осы мемлекеттік басқарудың қызметтері,әдістері және нысандары өз кезегінде оның мақсаты мен бағытын , сипаты мен мәнін көрсетеді.

Содержание

І.Кіріспе....................................................................................................
ІІ.Негізгі бөлім........................................................................................
1.Мемлекеттік басқару туралы түсінік..................................................
1.1.Басқару түсінігі және ол туралы тұжырымдамалар.......................
1.2.Басқарудың түрлері............................................................................
2.Қазақстандағы басқару құрылымы......................................................
2.1.Қазақстан Республикасының Президенті және заң шығарушы органдары.........................................
2.2. Қазақстан Республикасының атқарушы органдары......................
2.3. Қазақстан Республикасының Жоғары сот және жергілікті соттар..
ІІІ.Қорытынды..........................................................................................
IV.Пайдаланылған әдебиеттер.................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

542____.doc

— 258.50 Кб (Скачать документ)

           Парламент  Республикасының бүкіл аумағында  міндетті күші бар Қазақстан  Республикасының Заңдары, Парламенттің  Қаулылары, сенат және Мәжілістің  Қаулылары түрінде заң актілерін қабылдайды.

           Заңдар, аса маңызды қоғамдық қатынастарға  реттейтін, мынадай мәселелер бойынша  шығарылуы тиіс.

           1.жеке  және заңды тұлғалардың құқық  субъктілігіне, азаматтардың құқықтары  мен бостандықтарына, жеке және  заңды тұлғалардың міндеттері мен жауапкершілігіне;

          2.меншік  режиміне және өзге де мүліктік  құқықтарға ;

     3.мемлекеттік органдар  мен жергілікті өзін-өзі басқару  органдарын      ұйымдастыру  мен олардың  қызметінің, мемлекеттік  және әскери қызметтің негіздеріне;

     4.салық салуға, алымдар  мен басқа да міндетті төлемдерді  белгілеуге ;

     5.републикалық бюджетке;

     6.сот құрылысы мен  сотта іс жүргізу мәселелеріне;

     7.білім беруге, денсаулық  сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға;

     8.кәсіпорындар мен олардың мүлкін жекешелендіруге;

     9.айналадағы ортаны  қорғауға ;

     10.Республиканың әкімшілік-аумақтық  құрылысына;

     11.Мемлекет қорғанысы  мен қауіпсіздігін қамтамасыз  етуге қатысты негізгі принциптер  мен нормаларды белгілеуге қатысты.

     Өзге қатынастардың  барлыға заңға тәуелді актілермен  реттеледі.

     Республиканың мұндай  заңдары Республика Президенті  қол қойғаннан кейін күшіне  енеді. Парламент пен оның Палаталарының  Заң актілері, егер Конституцияда  өзгеше көзделмесе, Палаталар депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады, ал конституциялық заңдар Конституцияда көзделген мәселелер бойынша әр Палата депутаттарының жалпы санының  кемінде үштен екісінің көпшілік даусымен қабылданады.

     Қазақстан Республикасының  Президенті мынадай жағдайларда: Парламент Үкіметке сенімсіздік білдіргенде, Парламент Премьер- Министрді тағайындауға екі мәрте келісім бермегенде Парламенттің Палаталары арасындағы немесе Парламен пен мемлекеттік өкіметтің басқа тармақтары арасындағы ескерілмейтін келіспеушілік  салдарынан саяси дағдарыс болғанда Парламентті тарата алады. Бірақ, Парламентті төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы кезеңінде Президент, өкілеттілігінің соңғы алты айында, сондай-ақ осының алдындағы таратудан кейінгі  бір жыл ішінде  таратуға болмайды.

    Парламенттің ағымдағы  қызметі тұрақты комитеттерде  атқарылады, олардың саны әр Палатада  жетеуден аспауы тиіс. Палаталардың  бірлескен қызметіне қатысты  мәселелерді шешу үшін Сенат  пен Мәжіліс тепе-тең негізде  бірлескен комиссиялар құруға қақылы. Заңның Палата отырысында талқылануы оқылым деп аталады. Заң жобасы Мәжілістің  тұрақты комитетінде алдын-ала қаралып, комитет ол бойынша қорытынды бергеннен кейін Мәжілістің жалпы отырысында талқыланады. Әдетте, талқылау екі оқылымда өтеді. Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу және конституциялық заңдар қабылдау немесе оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері бойынша кемінде екі оқылым өткізу міндетті.

     Қаралған заң жобасы  бойынша Сенаттың Президент сияқты  қарсылық білдіру құқығы бар. Тұтас алғанда, Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданбаған  жоба Мәжіліске қайтарылады. Егер Мәжіліс депутаттары жалпы санының үштен екісінің көпшілік даусымен жобаны қайтадан мақұлдаса , ол Сенатқа қайта талқылауға және дауысқа салуға беріледі. Қайта қабылданбаған заң жобасын сол сессия барысында қайтадан енгізуге болмайды.

 

 

 

2.2.Қазақстан Республикасының  атқарушы органдары.

Атқарушы билік органының ұғымы және негізгі белгілері.

         Атқарушы билік органдары – мемлекеттік биліктің осы тармағын жүзеге асыратын негізгі субъект. Онсыз мемлекеттік – басқарушылық қызметті іс жүзінде жүзеге асыру, әкімшілік – құқықтық қатынастардың пайда болуы мүмкін емес. Бұл сияқты құқықтық қатынастардың өзге қатысушыларының әкімшілік –құқықтық мәртебесі көпшілігінде нақ осындай мемлкеттік органдардың қызмет аясында шындыққа айналады.

          Атқарушы  билік органының  ұғымы белгілі  бір дәрежеде « ұйым » деген  ұғымнан туындайды, ол тар мағынада  бірлескен қызметтің қандай да  болмасын түрін жүзеге асыру үшін құрылатын және осы мақсат үшін ең аз дәрежеде болса да адамдар ұжымының рәсімделген жекелеген бастауыш ұйымын білдіреді.

         Ұйымдарды  мемлекеттік және мемлекеттік  емес сипатына қарай ажырату  алынған. Біріншілері ресми түрде  мемлекетпен рәсімделеді. Екіншілері олардың мүшелерінің еркімен рәсімделеді./мысалы, партия /.

          Мемлекеттік  ұйымдардың тобына мемлекеттік  кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер  және , соңында, мемлекеттік органдар  енгізіледі. Бұл кәсіпорындар мен  мекемелерді біріктіретін ортақ белгі мынаған саяды. Олар өзінің қызметін, олады құратын мемлекеттің атынан, бірақ қандай да болмасын биліктік өкілеттіктерсіз және өзінен сыртқары қандай болса да басқару функцияларын атқармай, жүзеге асырады. Кәсіпорындар мен мекемелердің ішінде басқару сипаты бар функцияларды тиісті ұжым емес, оның басшылары , яғни әкімшілігі жүзеге асырады.

        Бұл келтірілген  жағдайлар атұарушы билік органдарының  ерекшелігін түсіну үшін қажет. Олар мемлекеттік ұйымдардың  жүйесінде ерекше орын алады, ол өзінің тікелей көрінісін мыналардан табады:

  1. Атқарушы билік органы заң шығарушы және сот биліктері органдарымен қатар мемлекеттік аппараттың бөлек буыны болып табылады. Бұл, біріншіден, олардың мемлекет атынан тікелей өкілдік ететінін, шаруашылық, әлеуметтік-мәдениет және әкімшілік-саяси өмірдің әр түрлі салаларында оның саясатын жүзеге асыратынын білдіреді және екіншіден, оларға мелекет бұл үшін қажетті мемлекеттік-биліктік өкілеттіктердің белгілі-бір көлемін береді, бұлардың кәсіпорындар мен мекемелерде болуы мүмкін емес.
  2. Атқарушы билік органдарына берілетін мемлекеттік биліктік сипаты бар өкілеттіктердің мәні олардың:
  • мемлекет атынан ұйымдастыру бағыныштылығы мен меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғаларға арналатын заңды түрде міндетті болатын құқықтық актілер шығару;
  • құқықтық актілермен белгіленген талаптар мен ережелердің сақталуына мемлекет атынан байқап отыруды / қадағалауды / жүзеге асыру;
  • заңды түрде міндетті болатын актілер талаптарының орындалыун қамтамасыз ету және оларды бұзушылықтан өзінің сипаты бойынша қажет болған жағдайларда- мемлекеттік / әкімшілік / мәжбүрлеу шараларын қолдану жолымен қорғау құқығынан көрініс табады.
  1. Атқарушы билік органдарының мемлекеттік-биліктік өкілеттіктері тек мемлекеттік – басқарушылық қызмет мақсаттарына ғана пайдаланылады. Бұл органдар заңдар мен заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді / оладың ішінде өздерінің актілерін де / орындау үшін құрылады.
  1. Атқарушы билік органдары өзінің қызметін заңға тәуелді негізде атқарады. Бұл – мемлекеттік – басқарушылық қызметтің негізгі базасы заң екендігін білдіреді, оның суъектілері осы мемлекеттік органдар болып табылады.
  2. Республиканың да, сондай-ақ аймақтық да деңгейлерін- де болатын атқарушы билік органдары мемлекеттік әкімшіліктің бірыңғай жүйесін құрады. Осы жүйенің шегінде оның әрбір буынының яғни нақты атқарушы билік органының қажетті қолма-қолдық дербестігі болады. Ол өзінің көрінісін , сол сияқты осы органға тиісті өкілеттіктердің көлемі мен тапсырылған іс үшін оның жауапкершілігінің  шарасын да оның құзыретінен / міндеттері, функциялары, өкілеттіктері, жауапкершілігі / табады. Бұл органдардың құзіретінің негіздері жарым - жартылай  Конституцияда және заңнамалық актілерде бекітіледі.
  3. Азаматтық құқық қабілеттілік атқарушы билік органдарының құқықтық мәртебесінің белгісі болып табылмайды. Оларды сипаттау  үшін Заңды тұлғаның санатын жалпы алуға болмайды, өйткені олардың жүзеге асыратын мемлекеттік – басқарушылық қызметінің сипатын да , сондай-ақ оларға тиісті мемлекеттік – биліктік  өкілеттіктердің ерекшелігін де білдіруге қабілетсіз.
  4. Атқарушы билік органдары адамдардың белгілі бір ұжымы - әкімшілік – басқарушылық персоналдың қызметкерлері немесе мемлекеттік қызметшілер / штаттар /. Ұжымның шеңберінде белгілі бір ұйымдық-құқықтық  байланыстар жасалынады, функционалдық міндеттер мен құқықтар бөлінеді, сондай-ақ тапсырылған жұмыстың бөлігі үшін жауапкершілік айқындалады. Бұл мемлекеттік-қызметтік қатынастар, өйткені осы органның қызметкерлері мемлекеттік қызметшілер болып табылады.
  5. Атқарушы билік органдарының ұйымдастыру құрылымы, яғни, бағынышты құрылымдық бөлшектер құруын болжайтын ішкі құрылысы болады / мысалы, министрліктердің департаменттері /. Олардың қызметі осы атқарушы органының өзінің сыртқары , яғни тікелей мемлекеттік басқару аясында міндетін тиімді орындауға қабілетті болу үшін қажет ішкі ұйымдастырудың / өзін-өзі ұйымдастырудың / көрінісі болып табылады.
  6. Атқарушы биліктің әрбір органының мемлекеттік – басқарушылық қызметінің белгілі біраумақтық немесе қызметтік көлемі болады. Біріншісі осы органның жүзеге асыратын өкілеттіктерінің не Қазақстанның бүкіл аумығында, не белгілі бір аймақта күші болатынын білдіреді.Екіншісі не жалпы басқарушылық функцияларды / мысалы, Үкімет /, не белгіленген қызмет аяларында арнаулы сипаты бар белгілі бір басқару функцияларын жүзеге асыруды болдайды. Олардың қатарында реттеу, рұқсат беру, бақылау және өкім ету функциялары. Бірақ олар да  әртүрлі аумақтық көлемде жүзеге асырылуы мүмкін.

        Сонымен, атқарушы  билік органы деп мемлекеттік  – биліктік механизмінің  / мемлекеттік аппаратың /  мынадй буыны түсініледі, билікті болу принципіне сәйкес мемлекет оған қоғамның шаруашылық, әлеуметтік – мәдениет және әкімшілік –саяси өмірінің әр түрлі облыстарында атқарушы  - өкім етуші қызметін іс жүзінде жүзеге асыруды тапсырады.

        Атқарушы билік органдарын ұйымдастыру мен қызметтерінің принциптері.

        Принциптер – бұл атқарушы билік органдарын ұйымдастыру мен қызметінің аса маңызды саяси-құқықтық және ұйымдастыру-құқықтық негіздері.

  1. Заңдылық мемлекеттік-басқарушылық қызметтің заңға тәуелсіздігінен, сондай-ақ Конституция мен заңдардың жоғары тұратындығынан туындайды. Атқарушы билік органдары заңнама талаптарын қатал сақтауға , оларға тапсырылған  қызмет аяларында оны қамтамасыз етуге міндетті.
  2. Мемлекеттік-басқарушылық қызмет объектілерінің ерекшеліктерін ескеру принципі. Мұның маңыздылығы мемлекеттік объектілермен қатар көптеген мемлекеттік емес құрылымдардың, жеке меншік институттарының , әр түрлі қоғамдық бірлест көптеген мемлекеттік емес құрылымдардың, жеке меншік институттарының , әр түрлі қоғамдық бірлестіктердің пайда болуымен, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының одан әрі кеңейе түсуімен байланысты.

      Осыған сәйкес  басқарушылық ықпал әр түрлі  әдістерін таңдау, тікелей басқару  құралдарын шектеу, мемлекеттік реттеу құралдарын кеңірек пайдалану, жалпымемлекеттік және аймақтық мүдделерді, орталықтандыру мен орталықсыздандыруды үйлестіру қажеттілігі пайда болады.

  1. Атқарушы билік органдарын ұйымдастыру мен қызметінде алқалық пен дара басшылықты дұрыс үйлестіруді мемлекеттік-басқарушылық қызметтің негізгі мәселелерін шешкен кезде ұжымдық пікірді ескеруді қамтамасыз етеді.Осы мақсатпен атқарушы биліктің тиісті органдарының жанынан құрылатын әр түрлі сиялар кеңінен өріс алуда. Орталық және жергілікті атқарушы органдарда  алқалар құрылады.
  2. Жоғарыдағы принциптен келесі-тұтастай атқарушы билік органдарының және әрбір мемлекеттік қызметшінің оларға тапсырылған жұмыс бөлігі үшін жауапкершілігі туындайды.Бұл принцип атқарушы билік органдары туралы ережелерде, «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999ж  23-шілдедегі заңда , тәртіп туралы жарғыларда  және лауазымдық нұсқауларда бекітіледі.
  3. Атқарушы билік органдары жұмысының  жариялылық принципі өзінің жұмысының аса маңызды нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңінен жария етуді, жалпы жұртқа хабарлап жеткізуді болжайды.

Атқарушы билік органдарының түрлері. Атқарушы билік органдары өз мазмұны және нақтылы бағыты бойынша ажыратылады. Оларды төмендегідей түрлі топтарға бөлуге болады.

       1.Қызметінің аумақтық  көлемі бойынша атқарушы билік  органдарының екі деңгейін бөлуге болады: республикалық және жергілікті . Бұл белгі унитарлық мемлекеттік құрылыспен және Қазақстан Республикасын әкімшілік-аумақтық бөліністерге бөлумен байланысты. Қазақстан бүкіл аумағында Үкіметтің , республика министрлерінің және өзге де республикалық атқарушы билік органдарының  қызметі таратылады. Жергілікті : облыстардың, аудандардың, қалалардың, ауылдардың, кенттердің атқарушы органдары өзінің қызметін тиісті аумақтың шеңбеінде жүзеге асырады.

        Республикалық  атқарушы билік органдары жергілікті жерлерде өздерінің аумақтық органдарын (басқармалар, департаменттер және т.б.) құра алады, бірақ олар жергілікті атқару органдары жүйесіне кірмейді.

      Мұның сыртында, кейбір  республикалық атқарушы билік  органдарының аумақ аралық органдары болады. Олардың қызметі бірнеше аумақтарды қамтиды (мысалы, темір жол, әскери окургтер және тағыда басқа).

      2.Ұйымдастыру –  құқықтық нысандары бойынша, бұл  ең алдымен олардың аттарынан  көрініс табады. Республика деңгейінде  мыналар ажыратылады: Қазақстан Республикасының Үкіметі, министрліктері, агенттіктері, комитеттері, ұлттық комиссиялары, өзге де атқарушы билік органдары.

      Жергілікті жерлерде  мұндай нысандарға әкімдер, әкімдіктер, комитеттер, басқармалар, департаменттер, бөлімдер және өзге де органдар жатады.

      3.Атқарушы билік  органдары құзіретінің сипатына  байланысты мыналарға бөлінеді:

     а) жалпы құзіретті, яғни  мемлекеттік – басқарушылық қызметтің  барлық немесе көпшілік бөлшектеріне  тартылатын функциялар мен өкілеттіліктерді жүзеге асыратын органдарға. Бұлар аса маңызды органдар: Үкімет, әкімдер, әкімдіктер;

     ә) салалық құзіретті, яғни өздеріне тапсырылған басқару  салаларының немесе қызмет аяларының  шеңберінде функциялар мен өкілеттіліктерді  жүзеге асыратын органдарға (мысалы, денсаулық сақтауды, ішкі істерді т.с.с.). Бұлар әдетте, министрліктер, жергілікті атқарушы органдар.

     б) салааралық құзіретті, яғни барлық немесе бірнеше  салалық жүйелерге жалпы бірдей  болатын олардың қарастылығына  жатқызылған арнаулы мәселелер бойынша функциялар мен өкілеттіліктерді жүзеге асыратын органдарға (мысалы, стандартизациялау, қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша т.с.с.). Бұлар министрліктер де, агенттіктер де, ведомствалар да және т.б. болуы мүмкін.

Информация о работе Қазақстандағы басқару қызметінің құрылымы