Жшс смак сут ондіетін кәсіпорынға сапа меннедмент жүйесін орнату

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 06:43, дипломная работа

Краткое описание

Агро-өнеркәсіп кешені. Ауыл шаруашылығы – тұрғындарды маңызды тамақ өнімдерімен қамтамасыз ететін Оңтүстік-Қазақстан облысының негізгі салаларының бірі. Облыстың мақта, темекі, көкөніс бақша дақылдары мен жүзімдер өсіруге қолайлы климаттық жағдайлары бар, сонымен қатар жайылымдықтарды жыл бойына азықтық база ретінде қолдану мүмкіндігі бар және осы арқылы мал шаруашылығының дамуына ықпал ете алады.
Облыс жер аумағы 3224,9 млн. га құрайды, оның ішінде 2003 жылы егін алқабына 740,0 мың га қолданылған. 2009 жылы облыстың егін алқаптары 636,7 мың га қысқарған (13,3%).

Прикрепленные файлы: 1 файл

uko_kaz-damy.doc

— 325.50 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН  ОБЛЫСЫ

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІН 2011-2015 ЖЫЛДАРҒА ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шымкент 2010

 

2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

 

Агро-өнеркәсіп кешені. Ауыл шаруашылығы – тұрғындарды маңызды тамақ өнімдерімен қамтамасыз ететін Оңтүстік-Қазақстан облысының негізгі салаларының бірі. Облыстың мақта, темекі, көкөніс бақша дақылдары мен жүзімдер өсіруге қолайлы климаттық жағдайлары бар, сонымен қатар жайылымдықтарды жыл бойына азықтық база ретінде қолдану мүмкіндігі бар және осы арқылы мал шаруашылығының дамуына ықпал ете алады.

Облыс жер аумағы 3224,9 млн. га құрайды, оның ішінде 2003 жылы егін алқабына 740,0 мың га қолданылған. 2009 жылы облыстың егін алқаптары  636,7 мың га қысқарған (13,3%).

2010 жылы облыстың ауыл шаруашылық өндірушілерін 61372 меншік формаларының барлық түрлеріндегі ауыл шаруашылық кәсіпорындары көрсетеді, оның ішінде 2,5 мың ауыл шаруашылық кәсіпорындары және 58,8 мың шаруа қожалықтары.

2003-2009 жылдары агроөнеркәсіп кешенінің дамуы тұрақсыз болды. Жалпы,  ауыл шаруашылық өнімдерінің өсуі байқалған, 2009 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 137,9 млрд. теңге деңгейіне жеткен, оның ішінде өсімдік шаруашылығы 67,5 млрд. теңге, мал шаруашылығы өнімі             70,4 млрд. теңге.

Мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің салыстырмалы тұрақтылық жағдайында өсімдік шаруашылығы өнімдері өндірісінің тербелісі байқалған. Осы кезең ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің құрылымдық қатынастары да өзгерген. Егер 2003 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімдерінің    71%-ын өсімдік шаруашылығы өнімдері құраса, сәйкесінше 29%-ын мал шаруашылығының өнімдері құраған. 2009 жылы бұл қатынас өзгерген, мал шаруашылығының өнім үлесі артып, ауыл шаруашылығының жалпы өнімдерінің 51%-ын құраған, ал өсімдік шаруашылығының үлесі                    49% төмендеген.

2004 жылдан кейін Оңтүстік-Қазақстан  облысының өсімдік шаруашылығының  дамуында жағымсыз тенденция  қалыптасқан. Сол жылы шаруашылықтың  барлық категорияларында егіс  алқабы 762 807 гектарға жеткен. 2009 жылы егіс алқаптары 636 700 гектарға немесе 16,5%-ға қысқарған.

Оңтүстік-Қазақстан облысының  ауыл шаруашылығының жүйелік мәселесі, суғару суының жетіспеушілігі. Бұл мәселенің жалғыз шешімі – суғару тиімділігін арттыру, су үнемдеу технологияларын енгізу. Алдыңғы қатарлы технологиялар жоқ жерлерде егін алқаптарын суғаруда бір гектарына          17 000 метр куб су жұмсалынады. Мұнда, норматив 6 000 метр кубты құрайды. Алдыңғы қатарлы технологиялар енгізіп жатқан шаруашылықтарда – Арыс ауданында, Түркістан ауданында – тамшылап суғару есебінен су шығыны гектарына 3-3,5 мың метркубқа қысқарған. Есептеулер көрсетіп отырғандай, қолдағы бар көлеммен, қазіргіге қарағанда, ОҚО алқаптарын 5-6 есеге артық суғаруға болады. 

2008 жылы облыста 195 мың тн. астық жиналған. 2009 жылы 408 мың тн. астық жиналды, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 2 есеге артық.

Шит-мақтаны жалпы жинау бойынша  күрт төмендеу 2009 жылы байқалған, бұл жыл облыстың жалпы ауыл шауашылығы үшін ауыр жыл болған.

Оңтүстік-Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы өндірісінің құлдырау себептері ретінде, жиі екі факторды қарастырады: егіс алқаптарының қысқаруы және түсімнің қысқаруы. Бұл екі фактор да өзара байланысты және екеуі де, алғашқыға қарағанда, табиғи-климаттық сипатқа ие: Арал теңізінің құрғауы әсерінен климаттың құрғақтануының артуы және Сырдариямен Қырғызстаннан келетін су ресурстарының азаюы. Мұнда, бірінші, екінші факторда облыстық әкімшілік және әкімшілік-территориялық құрылымдардың ықпалынан тысқары.

Соңғы екі жылдың ішінде тамшылатып суғару әдісі ендірілген ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптары ұлғайды. 2008 жылы 1010 га, 2009 жылы 2136 га құрады, ал 2010 жылы 16000 га, 2011 жылы 22000 га жеткізу жоспарлануда. Тамшылатып сағару әдісін ендіру нәтижесінде судың шығының 2,5-4 есеге, минералдық тыңайтқыштарға шығындарды 2 есе дейін үнемдеуге мүмкіндік береді, қарапайым суғару технологиясымен салыстарғанда түсім  3-4 есеге артады. Сонымен қатар, 1 га жұмсалатын шығын 2-3 мың АҚШ долларын құрайды, бұл тікелей өнімнің өзіңдік құнына әсер етеді, осыдан басқа кейбір жағдайларда жылда жүйек аралық құбырлар мен басқа да агрегаттар ауыстырылады.

 

Мал шаруашылығы

Соңғы жылдары барлық мал түрлері  бойынша мал басы ұлғаюда. Оның ішінде ірі қара  749,2 мың бас, қой мен ешкі  3570 мың бас, жылқы  151,9 мың бас, түйе  17,1 мың бас, шошқа 34,7 мың бас, құс 2282,4 мың. Ет сойыс салмағында 83,1 мың тонна, жұмыртқа 247,1 млн.дана, жүн 7,0 мың тонна, сүт 617,7 мың тонна, орташа бір сауынды сиырдан 2088 кг сүт алынды.

Бүгінгі күнге 150 асыл тұқымды мал шаруашылықтары жұмыс істейді. Бұл шаруашылықтарда асыл тұқымды ірі қара 5493 бас (2009 ж-3874), қой мен ешкі 238,3 бас (2009ж - 268,5 мың), жылқы 7905 бас (2009 ж - 8815), түйе 3842 бас (2009 ж - 3826), құс 61056 (2009ж - 33000), шошқа 7159 бас (2009 ж - 7163). Тиісінше барлық малдан ірі қара 0,7%,  қой мен ешкі 7%, жылқы 4,5%, түйе 20%, құс 6%, шошқа 19%.

«Қырым қанды безгегі» бағдарламасы аясында қосымша 28 мал  тоғытатын ванна (кубка), 2 беккари  шұңқыры және 18 мал өлексерін  тастайтын шұңқыр салынды.

 

Ауыл шаруашылығы  шикі заттарын қайта өңдеу

Облыста ауыл шаруашылығы  өнімдерін қайта өңдеумен айналысатын    67 ірі, 718 орта  және кішігірім цехтар бар.

2010 жылы еттің қайта өңдеу үлесі 14,5 пайызды, сүттің 18,5 пайызды, көкөніс 6 пайызды құрады.

2009 жылдың қортындысымен:

- өңделген ірі қара  мал, шошқа, ешкі, қой, жылқы, түйе еті және тағамдық ішек-қарын, 8085 тоннаны құрады, сәйкесінше 2008 жылмен салыстырғанда 47 тоннаға артық, немесе 100,6 пайыз; ет өңдеумен айналысатын 2 ірі 3 орта кәсіпорындар бар олардың тәуліктік қуаттылығы 65,5 тонна, қамтамасыз етілуі 56,5 тонна, немесе 86,3 пайыз.

  • өңделген сұйық сүт және кілегей өнімдері 14656 тонна, 2008 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14510 тонна немесе 1,0 пайызға артық, сүт өңдеу бойынша 2 ірі, 5 орта кәсіпорындар бар, олардың тәуліктік қуаттылығы 202 тонна ал қамтамасыз етілуі 128 тонна, немесе 63,3 пайыз.    
  •   өсімдік майы  және тазартылған мал майы 77422 тонна, сәйкесінше 57188 тонна, немесе 135,4 пайызды құрайды, облыста 4 ірі май өңдеу кәсіпорындары бар, олардың тәуліктік қуаттылығы 1375 тонна, ал қамтамасыз етілуі 746 тонна, немесе 54,3 пайыз.  
  • жеміс және көкөніс шырыны 4396,5 мың литр, 2008 жылы 4436,6 мың литр болған, немесе 99,1 пайызды құрайды. Көкөніс және жеміс өңдеу бойынша 2 ірі кәсіпорындар бар, олардың жылдық қуаттылығы 8800 тонна, ал қамтамасыз етілуі 8540 тонна, немесе 97 пайыз.

Ет, сүт өнімдерін қайта  өңдеумен айналысатын кәсіпорындардың  қайта өңдеу пайызының төмендігі  кәсіпорындардың  аздығы, қолда бар  кәсіпорындардың айналым қаржыға  тапшылығы, сол себепті нақты  пайдалану қуаттылығының төмендігін көрсетеді

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің  нарықта бәсекелестігін арттыру  мақсатын ИСО және ХАССП халықаралық  стандарттарын енгізу жұмыстары  жалғасуда. Облыста 13 мекеме ИСО және ХАССП стандарттарын енгізген, 2015 жылға дейін 17 мекеме енгізуді көзделуде.

 

Агроөнеркәсіп кешенін ғылым және кадрмен қамтамасыз ету

Саланы ғылыммен қамтамасыз ету мақсатында 2010 жылдан бастап 019 «Инновациялық тәжірибені тарату мен  енгізу қызметі» бюджеттік бағдарлама субсидиялануда.

Облыста ауыл шаруашылығының ғылыми жұмыстарымен «Оңтүстік-Батыс өсімдік және мал шаруашылығы институті» айналысады, Мақтарал ауданында «Мақта институты», Оңтүстк Қазақстан Мемлекеттік университеті. Және «КазАгроМаркетинг» АҚ ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерге ақысыз оқыту және консультациялық қызметін көрсетеді.

 

Облыстың инвестициялық  жобалары

2010 жылы облыстың қаржы институттарымен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 18342 млн. теңге қаржы тартылды. Оның ішінде «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығымен 2438 млн.теңге, «Ырыс» ЖШС 1245 млн.теңге, «Аграрлық несие корпорациясымен» АҚ 356,2 млн.теңге,  «КазАгроФинанс» АҚ 292,2 млн.теңге, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ 484,4 млн.теңге, 18 ауылдық несие серіктестіктерімен 1480,0 млн.теңге, мақта зауыттарымен 557,5 млн. теңге.

Бүдан бөлек «КазАгроФинанс»  АҚ жалпы құны 10 633,3 млн. теңге 3 ірі нивестициялық жобаларын қарауда (Сайрам ауданында сүт-тауарлы ферма және жылыжай, Ордабасы ауданында тамшылатып суғаруды енгізу).

«Аграрлық несие корпорациясы»  АҚ-мен жылпы құны 751,0 млн. теңгеге 4 жоба (Бәйдібек ауданында 1-мал бордақылау алаңы, Сайрам ауданында 2, Түлкібас ауданында 1 мал сою алаңы).

2011 жылы жалпы құны 17 859,0 млн. теңгеге инвестициялық жобаларды іске асыру көзделуде, онда  823 жаңа жұмыс орындары ашылады. Оның ішінде «Максимум» АИО-мен 14 жоба 1 105,5 млн. теңгеге, «КазАгроФинанс» АҚ-мен 7 жоба 14 932,5 млн. теңгеге. Дүниежүзілік даму банкімен 1 жоба 1 070,0 млн.теңгеге. Өз қаржысы есебінен 5 жоба 751,0 млн. теңге.

 

 Облыстағы АӨК дамуының өзекті мәселелері:

 

1 Егін шаруашылығында да, мал  шаруашылығында да ұсақ тауарлы   өндірістің басымдылығы. Сондықтан  ауыл шаруашылығы саласында ірілендіру  механизмін жасап, тауар өндірушілерін  ынталандыру қажет;

 

2. Мал шаруашылығындағы үрдістерді механикаландыру деңгейінің төмендігі мен мал шаруашылығы өнімдерінің ветеринарлық және азықтық қауіпсіздігінің сақталмауы;

3. Жеңіл өнеркәсібтің дамымауы және жүнге, мақтаға, былғары шикізатқа сұраныстың болмауы;

4. Үздіксіз қызметті қамтамасыз  ету мақсатында тік қашыртқы  мен кәріз  жүйесін қалпына келтіру қажет. Қолда бар 1903 бірлік тік қашыртқыдан 1529-ы жарамсыз (80%);

5. Қазіргі таңда суармалы алқаптарда келесідей  мәселелер орын алған:

- жердің гидрологиялық жағдайы  төмен деңгейде болуы, жердің тұздық қабатының көбеюі салдарынан ауыл шаруашылығы жерлердің айналымынан шығуы, т.б;

- жер асты суларының жоғары деңгейлілігі;

- уақтылы тазалау және жөндеу жұмыстары жүргізілмеу салдарынан су шаруашылығы жүйесі (кәріс, канал) қанағаттанарлықсыз күйде болуы; 

Алдын ала жасалған есеп бойынша жоғарыда айтылғандардың барлығы қаражат құюды қажет етеді, нақты айтқанда суармалы жердің гидромелиоративтік жағдайын жақсарту бойынша іс-шараларды жүзеге асыру үшін 8,5 млрд. теңге қажет.

Бұл жердің екінші реттік тұздалуын  азайтуға және ауыл шаруашылығы айналымына қолданылмай жүрген суармалы жерді пайдалануға мүмкіндік береді. Алдын ала жасалған есеп су ресурстар комитетіне тапсырылды.

- заманауи агротехнологияларды ендірудің әлсіздігі және жоғары репродуктивті тұқымымен қамтамасыз етілмеуі;

- өсімдіктерді қорғауда минералдық тыңайтқыштар мен химиялық заттарды пайдаланудағы жеткіліксіздігі;

-  агроқұрылымдардағы техникалық паркынің моральдық және физикалық тозуы:

-  қорғалған топырақ  пен көкөніс сақтау қоймаларының жетіспеушілігі.

 

3. АЙМАҚ  ДАМУЫНЫҢ КӨРІНІСІ

 

Оңтүстік-Қазақстан облысы Еуразия континентінің халықаралық транзиттік орталығы болады; агроөнеркәсіп, мақта-тоқыма, таукен, фармацевтикалық, мұнай өңдеу кластерлерінде бәсекеге қабілетті өнімдердің  экологиялық таза және жоғары технологиялық өндіріс орталығы;  спорт,  экологиялық туризм және жалпы, элиталық діни табыну орталығы, өмір сапасын арттыру және адам әлеуетін дамыту және жүзеге асыру мүмкіндігі өсіп келе жатқан аймақ болады.

 

4. НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР, МАҚСАТТАР, МІНДЕТТЕР, НЫСАНАЛЫ ИНДИКАТОРЛАР ЖӘНЕ НӘТИЖЕ КӨРСЕТКІШТЕРІ

 

Бағыт: Агроөнеркәсіп кешенінің дамуы

Мақсаты: Экономиканың аграрлық секторын бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сыртқы нарықта алдыңғы қатарлы орындарды алу мақсатында ішкі нарықтың қажеттілігін қанағаттандыратын ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін тиімді негізде өндіру. 

 

Агроөнеркәсіп кешенінде экспортқа  бағытталған өндіру мен өңдеу  бойынша 9 бағыт белгіленген: мақта, дәнді дақыл, ет, сүт, құс шаруашылығы, жүн, жеміс-жидек, майлы дақылдар, балық.

Оңтүстік Қазақстан облысының  басымды дақылдарының бірі мақта  және облыста мақта кластерінде  негізделген «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақ құрылғандықтан «Мақта агрокешені» құрылады. Ол Мақтарал, Шардара, Түркістан, Ордабасы аудандарын қамтиды. Жүйеқұрылым мекемелері «Корпорация Ақ Алтын», «Мырзакент», «Контал», «Айша Бибі», «Шардара мақта». Агрокомплекс жылына 285,0 мың тонна мақта өңдейтін болады.

Облыс халқы нормативке сәйкес ұнмен  өзін-өзі толық қамтамасыз ете  алмайды, сондықтан бидай алқаптарын 306 мың гектарға (2010 жылы – 192,0 мың га) ұлғаяды, ал бидайдың жалпы өнімі 500,0 мың тонна құрайды. Осы бидайды сақтау және өңдеу үшін «Астық агрокешені» құрылады. Жүйеқұрылым мекемелері: «Алтын Дән», «Мельнично-промышленная компания», «Корпорация Атамекен», «Ақмаржан ЛТД», «Амангелді», «Югпищепром» ЖШС.

Облыста Казығұрт, Төлеби, Түлкібас, Сайрам аудандарында майлы дақылдар егетін багара жерлері көп және мақта  майын өндіруге шикізат көп. «Майлы дақылдар агрокешені» жүйеқұрылым мекемелері: «Шымкент май», «Қайнар май», «Арай», «Карму». Бұл мекемелер 80,0 мың тонна майлы дақылдарын өңдейді.

«Жеміс-жидек агрокешені» «Жаңа Ақдала» ЖШС Арыс қаласы, «ЭкоПродуктГрупп» Түлкібас ауданы, «Кентавр ШЗА» Түркістан қаласы, «Наурыз-5» ЖШС Сайрам ауданы негізінде құрылады. Олар 42,8 мың тонна көкөніс, жеміс-идек өнімдерін өңдейді.

Информация о работе Жшс смак сут ондіетін кәсіпорынға сапа меннедмент жүйесін орнату