Жалпы бөлім

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2013 в 15:02, реферат

Краткое описание

Білдек – әр түрлі материалдарды өңдеуге арналған машина. Кейде өндірісте қолданылатын сүйемелдеуші құрылғыны да білдек деп атайды. Металл кесу, ағаш кесу, тас өңдеу білдектері болады. Тоқыма өндірісінде тоқу білдегі қолданылады. Білдектің сондай-ақ ажарлау, теңгеру, сүргілеу, жону станогы сияқты түрлері болады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

курстық жұмыс Қабыл Ардақ.docx

— 2.29 Мб (Скачать документ)

       Тұғыр   негізгі   түзілімдерді   бекітуге  арналған   станоктың   негізгі   бөлігі   болып   табылады.   Тұғырдың   негізгі   бөлімі  – бағыттауыш.  Бағыттауыштың   пішіні   призмалы   жазықтық   түрінде,  бұлар   арқылы   станоктың   жылжымалы   түзілімдері   орын   ауыстыра   алады.  Тұғыр   екі   тапал  тіреуде   орналасқан.

    Алдыңғы   басша   дайындаманы   бекіту   үшін   қызмет  етеді   және   де   оған   айналмалы   қозғалыс   береді.   Жауапты   бөлім   айналдырық – жылдамдық  қорабының    негізгі  бөлігі,  дайындамаға   айналмалы   берілісі   үшін,   сонымен   қатар   айналдырықтың   айналым   саны   өзгеру   үшін   қызмет   етеді.   Тісті   доңғалақпен   жалғастырғыш   жүйесінен   тұратын   бұл   механизм   жылдамдық   қорабы   деп   аталады.

       Берілістер   қорабы – жүрістік   бұрама   мен   жүрістік   бөлігіне  айналым   беретін   және   де   берілістер   мөлшерін   өзгертетін   механизм.   Айналмалы   қозғалыс   берілістер  қорабына   кері   қимылды   механизм   мен   ауысымды   тісті   доңғалақтарымен   гитараның   көмегі   арқылы   айналдырықтан   беріледі.

        Артқы   басша   дайындаманың   екінші   шетін   ұстау   үшін   және   орталықта   ( центрде )  өңдеу   кезінде   оған   нақты   күй   беруге   арналған.   Артқы   басшаны   оған   бұрғылар,  үңгілерді,  ұңғылағыштарды   орнату   үшін   жиі   пайдаланады.   Артқы   басшаның   негізгі   бөлшектері   негіз ( табан ),  тіреуіштермен   және  төлкемен,   тұрқы,   сүйеутөлке,   дөңгелек   тұтқа,   бұрама   және   тұтқа ( қолсап )   болып  табылады.   Сүйеутөлкенің   алдыңғы   бөлігінде   конустық   ұя   бар. 

        Фартук  – жүрістік   бұрамамен   жүрістік   біліктің   айналмалы   қозғалысын   суппорттың   түзу   сызықтық   қозғалысына   өзгертетін   механизмдер   жүйесі.

         Суппорт – беріліс   қозғалысын   қамтамасыз   етуге,   кескішті   бекітуге   арналған   құрылғы,   яғни   кескіштің   әр   түрлі   бағытта   орын   ауыстыруы.   Беріліс   қозғалысы   қолмен   және   де   механикалық    түрде   жасалады.  Механикалық   беріліс   қозғалысын   суппорт   жүрістік   бұрама   мен   жүрістік   біліктен   алады.

      Гитара   ауысымды   тісті   доңғалақтарға   сәйкес   таңдалған   беріліс   талабына   станокты   баптау   үшін   арналған.

 

Білдекті баптау   деп  берілген   операцияларды   ( құралды, айлабұйымды, дайындамаларды  және    т.б. орнату ) орындалуымен   байланысқан   барлық дайындалатын жұмыстарды айтады. 
 
Білдекті   орнату  берілген   кесу тәртібіне сәйкес оның кинематикалық тізбектерді (айналым, беріліс) келтірілуімен қорытындыланады. 
 
Кескіштердің  шыңы дайындама өсінің биіктігінде орналасатындай ( білдек, центрлер сызықтары ), ал оның шығарығы өзек-ұстағыш биіктігі 1,5 аса болатындай кескішұстағышқа бекітеді. 
 
Дайындамаларды әмбебап   және айлабұйымдардың  көмегімен бекітеді: жұдырықты және т.б.қысқылар, әртүрлі центрлер ( жай, кері, бұдырлы және т.б. ). 
 
Ұзын (қатаң емес) біліктерді өңдеу кезінде қатаңдықты  жоғарлату үшін білік суппортта қондырылған люнетке үйенеді. 
 
Беттерді жону техникалық тағайындалуы бойынша бөлінетін 6,7,8 суреттегі жоңғыш кескіштермен орындалады: өтпеліде – сыртқы цилиндрлі және конусты беттерді жону үшін,тілікті – жазық шет жақты беттерді жону үшін,күйлей жону – тесіліп өткен және тұйық тесіктерді жону үшін;қиғыш – дайындамаларды бөліп кесу үшін;сыртқы және іщкі бұрандыларды кесу үшін бұрандалы;сұлбасы дөңгелек және призмалы – сұлбалы беттерді жону үшін;кесетін – сақиналы бұнақтарды жону үшін. 
 
Кескіштердің негізгі бөліктері мен элементтері, сонымен қатар геометриялық кескіштерін анықтау үшін шартты жазықтар 4,5 суретте көрсетілген. 
 
 
 
 
4 сурет. Кескіштің элементтері және бөлітері. 
 
 
 
 
5 сурет. Кескіштің геометриясые оқып үйрену үшін шартты жазықтықтар. 
 
 
 
6 сурет. Беріліс қозғалысының бағытына тәуелді кескіш түрлері. 
 
 
 
 
7 сурет.Тағайындауы бойынша кескішті классификациялау:а-өтпелі қайырылған;б-түзу өтпелі;в-өтпелі тіректі;г-қиғыш;д-кесетін;е-өтпелі кеңей-жоңғыш;з-ішкі бұрандаға арналған бұрандакескіш;и-бұранда кескіш. 
 
Өңдеудің сипаттамасы бойынша кескіштерді дәлдеп өндейтін,жартылай дәлдеп өндейтін және жобалай өндейтін деп бөледі.Жұмыс бөлігінің пішіні бойынша кескіштерді тік,қайырылған және созылыңқы. Беріліс бағыты бойынша – сол және оң.Оң оң жақтан сол жақберілісімен жұмыс істейді,сол – солдан оңға. 
 
Үлкен беріліс кезінде қосымша кесу жиекті кескіштерді қолданады,сонымен қатар көпшекті жонбайтын қатты қорытпалыкұйтабақты кескіштерді қолданады. 
Жону – сыртқы цилиндрлі жобалы өтпелі тік, созылыңқы;оң және сол жақты кескіштермен өңдеу; дәлдеп өнделетін оң бөліп кесу кескішпен орындайды. Кескіштің ені бойынша металды экономдау үшін оның ұзың,жіңішке бастиегі бар.Кесу бөлігінің ені кішірейген сайын кескіштің қаттылығы мен беріктігі төмендейді.Диаметрі 30-50 мм дайындама үшін кескіштің кесу бөлігінің ені 3-5 мм құрайды. 
 
Үлкен диаметрлі,сатылы,тесіліп өткен және тұйық тесіктерді, күйлей кескіштермен күйлей жону арқылы өңдейді. 
 
Тесікткрді жону білдектерінде қолды артқы тұғырының сүйеу төлкесінде немесе механикалық берілісте орналастырылған, бұрғылармен, ұңғымен, ұңғылағышпен және т.б. өңдеуге болады.

Сыртқы және шет  жақты беттерді өңдеу үшін арналған кескіштер. 
 
 
Тесікті өңдеу сапасы белгілеумен анықталған конструкция және кескішті анықтау дұрыстығына байланысты,квалификациялы жоңғыш тетіктің құрама пішінін көріп,оны өңдеу үшін қандай кескіштер керек екенінанықтай алады.Жонып өңдеу кезінде кескіштерді таңдау маңызды міндет болып табылады. 
 
Жоңғылау үшін кескіштер бастиегінің пішіні бойынша тік – тіксызықты өзекпен және созылыңқы – оңға және солға созылыңқы өзекпен. 
 
 
 
 
Жону кескіштерінің негізгі түрлері 
 
 
Кесу жиегінің орналасуы бойынша оң және сол  кескіштер деп бөледі.Оң жақты өңдеу кезінде артқы тұғырдан алдыңғы тұғырға қарай көлденіңен бағытында,ал сол жақты – алдыңғы тұғырдан артқы тұғырға қарай орын ауыстырады. 
 
Өтпелі кескіштер – жоңғылау,қиық жиектің пайда болуы үшін,өтпелі таянышты кескіштер – пайда болатын сатының шет жағын өңдеу және жоңғылау үшін арналған. 
 
Тіліктелген кескіштер – дайындалатын дайындама шет жағында сатының пайда болуы үшін және шет жақ жазықтарын өңдеу қызметін атқарады.Тетіктің ішкі және сыртқы беттердегі жырашықтар жырашықты кескіштер көмегімен де алынуы мүмкін. 
 
Аналогты конструкциясы бойынша кескіштер кесу үшін қолданылады және кесілген деп аталады. 
 
Сұлбалы кескіштер өнделетін тетіктің пішіні бойынша жоңылған және тіліктелген,жырашықты және кесілген сияқты көлденіңен берілісі ғана бар.8и суретте бұрандалы кескіш көрсетілген.Сұлбалы беттерді суппорттың көлденіңен берілісімен арнайы сұлбалы кескіштермен немесе көшірмелі механикалық немесе гидравликалық құрылғылардың көмегімен өнделеді. 
 
 
 
 
Жону кескіштерінің жұмыс істеу сұлбасы. 
 
а - өтпелі сыдырылатын,ь - өтпелі тіректі, в – кесетін,г-кесіп өтетін,д-кесілетін,е,ж-кеңейтетін,,з-бұранданы сыртқы бұрандау үшін,и-бұранданы ішкі бұрандау үшін,к,л-сұлбалы. 
 
Бұрандаларды кесу ішкі немесе сыртқы бұрандалы кескіштермен жүзеге асады. 
 
Әрекеттік бұрыш бұрандалы кескіш биіктігінде кесуші бұранда кескінінің бұрышына сәйкес болуы керек.Бұрамалы жырашықты бірнеше өту алдында кесіп алады. 
 
Стандартты бұрандаларды кесу кезінде бідекті беріліс қорабының көмегімен баптайды. 
 
Кесу бұрандасының қадамына тең шамаға айналдырық суппорттың айналымы бұрандалы кескіштің орын ауыстыру шартын қамтамасыз ету,бұранданы кесу үшін білдекті баптау кезінде орын алады. 
 
Конустық беььерді өңдеу келесі жолмен жүзеге асырады.Конустық беттер келесі элеметтермен сипатталады:

  •  
    конус бұрышы  өс арқылы өтетін бір жазықтықта жататын және жасайтын екеуінің арасындағы бұрыш;
  •  
    а конусының ылди бұрышы – конусты жасаушы мен өс арасындағы бұрыш;ылди бұрышының тангенсімен Y (Y=tgα=Dd/2l);

 
конустықпен немесе екіжақты ылдимен (k=Dd/l) 
 
Конустық беттерді алу үшін,кескіштің ұшы дайындаманың айналу кезінде параллель емес,центрлер өсіне белгілі бір өспен орын ауыстыруы қажет.Осы бұрыш а конусының ылди бұрышына тең болуы керек.Дайындаманың өсіне кескіш ұшының бұрышпен орын ауыстыруы келесі әдістердің біреуімен іске асыруға болады: кең кескішті қолдану;суппорттың жоғарғы бөлігінің айналымымен;артқы тұғырдың орын ауыстыруымен;конусты сызықшының көмегімен. 
 
Негізгі әрекеттік бұрышы конусты беттің ылди бұрышына тең кең кескішпен, ұзындығы 20 мм дейінгі ішкі және сыртқы конусты беттерді өңдейді. Кескішті орнату үшін құрылғылы қима үлгісі қолданылады. 
 
 
Конусты беттері элементтерінің шошақтық сызбаның белгіленуі. 
 
 
 
 
Суппорттың айналдырылған жоғарғы жылжыма кезінде конусты беттерді өңдеу: а – сыртқы бетті жону; б – ырнап кеңейту. 
 
 
 
 
Артқы тұғыр тұлғасының орын ауыстыру әдісін қолданып,сыртқы конусты бетті өңдеу. 
 
 
Конусты бет алудың әмбебеп әдісі – суппорттың айналдырылған жоғарғы жылжыма кезінде өңдеу. 
 
Тақта бекітудің бұрама сомындарын әлсіретіп, суппорт тақтасын жоғарғы жылжымамен бірге қолданылатын жылжымаға байланысты бұрайды.Бұрылу бұрышын тақта бөлінуінен бақылайды. 
 
Білік пен төлкенің жанасқан конусты беттерін өңдеу кезінде өзектен оңға қайырылған,кеңейтілген бастиегі бар кескіш колданылады,ал айналдырыққа кері айналыс хабарлайды.Бұрылған тақта орны осы кезде өзгермейді 
 
Ұзын сыртқы конусты беттерді (ылди бұрышы 10 көп емес) тақтаға байланысты артқы тұғырдың тұлғасының орын ауыстыру әдісімен өңдейді.Центрде орналастырылған дайындама жетектелген айналмалы үстел мен қамытшаның көмегімен айналады.Дайындама өсі центрлер өсіне бұрышпен орналасқандай, артқы тұғырдың тұлғасын көлденең бағытта орын ауыстыртады. 
 
Кескіш суппорт күймеше берілісінің қосылуы кезінде,айналдырық өсіне параллель қозғалғанда,конустық бетті жонады. 
 
Артқы тұғыр тұлғасының ығысуы H=Lsinα сияқты анықталады  
Бәрімізге белгілі,кіші бұрыштар (10-қа дейін) үшін,синус тангенске тең. 
 
Мысалы: 7 бұрыш үшін синус 0,120-ға тең,ал tg-0,123.Артқы тұғыр тұлғасының орын ауыстыру әдісімен кіщі ылди бұрышты дайындамаларды өңдеуге болады,сондықтан sinα=tgα деп санауға болады. 
 
Артқы тұғыр тұлғасын +15,-15 мм орын ауыстыруға рұқсат етіледі.Атрқы тұғыр тұлғасының орын ауыстыру шамасын тақтаға байланысты шет жақ тақтаның бөлінуімен немесе көлденіңен берілісінің лимба көмегімен бақылайды.

 
 
 
V 3,14 ∙ D ∙ n /1000 
 
 
мұндағы D - өңделетін беттің диаметрі, мм 
 
n – бұрғының 1 мин-тағы айналым саны 
 
Кесу жылдамдығының көлемін таңдау көптеген факторлармен анықталады: өңделетін дайындамаларының механикалық материалдарының қасиеттері және бұрғының кескіш бөлігінің материалы, беріліс көлемі, бұрғының диаметрі, құралдың шыдамдылығы, бұрғылау тереңдігі, және т.б. 
 
Мысалы: қатты қорытпалы тілімшемен жабдықталған бұрғымен ВК8 жұмыс істегенде, болаттың кесу жылдамдығы 47-50 м/мин-ті құрайды, ал шойында 50-95 м/мин. 
 
Беріліс S бір айналымдағы бұрғының ось бойымен орын ауыстыру көлеміне тең, тұтас материалдағы бұрғылауда кесу тереңдігі бұрғы диаметрінің жартысын құрайды. 
 
 
Бұрғылау және тесіктерді өңдеу үшін құрал 
 
 
Бұрғылауда ең көп таралған құрал – спиральді бұрғылар. Спиральді бұрғы   жұмыс бөлігінен, мойыншығы және сағасынан (дүбі) тұрады. Жұмыс бөлігінде кесуші және бағыттаушы немесе центрленген бөліктерге ажыратады.  Құрылғыны бұрғылау білдегіндегі айналдырыққа бекіту көрсетілген. 
 
Бұрғының бағыттауыш бөлігінде, бұрғыланған тесіктен жоңқаны шығару үшін екі бунақ орналасқан, сонымен қатар бұрғының кесу кезіндегі бағытын қамтамасыз етуші екі таспаша орналасқан. 
 
Бұрғының кесуші бөлігінде екі негізгі кесуші жиектері бар: көлденең жиек және екі артқы беті. Бұрғы төбесіндегі кесуші жиектерден пайда болған бұрышты 2f, өңделіп жатқан материалдың қаттылығы және морттылығына байланысты таңдайды. Мысалы орташа қатты болат пен шойын үшін 2f=116-120o, қызыл мыс үшін 2f=125о, алюминий, қола, жез үшін 2f=130-140о. Бұрғылау көмегімен беттің тазалығын Rz80 және ІТ10, ІТ11 дәлдік квалитетін алуға болады. 
 
Үнгілеу ІТ8, ІТ9 дәлдік квалитеті және Rz40 бнт тазалығы бар тесіктерді алуды қамтамасыз етеді. Ұңғылауда дәлдік және кедір-бұдырлық ІТ6 - ІТ5 және RА1,25 жоғарылайды. 
 
 
 
Спиральді бұрғы 
 
 
 
 
Құралды білдектегі айналдырыққа бекіту сызбасы 
 
 
Бұрғылауда, құйылмада немесе қалыптауда алынған тесіктерді әрі қарай өңдеу үшін үңгілеу және ұңғылауды қолданады. 
 
Үнгілеу мен үңғылау кезінде кескіш құрал болып үнгі мен ұңғы болып табылады.

 
Операция

 
Өңдеудің дәлдік квалитеті

 
Өңдеу сапасы

 
Бұрғылау-қайрау

 
10 – 11

 
Rz 80 – 20 мкм

 
Ұңғылау

 
9 – 10

 
Rа 2,5 мкм дейін

 
Үнгілеу

 
6 – 8

 
Rа 2,5 – 0,32 мкм


 
 
 
 
Ұңғы 
 
 
Ұңғы   жұмыс бөлігінен, мойыншағынан, конусты сағадан және табаншадан тұрады. Жұмыс бөлігінде кескіш (кесетін) және калибрлейтін (бағыттауыш) бөліктерге ажыратады. 
 
Ұңғының кескіш бөлігі қиылған беткі жағынан - өзекшесі және үш немесе төрт кескіш тістерінен тұрады. 
 
Жоспардағы негізгі бұрыш f=45о -60о
 
Ұңғының мөлшерлегіш бөлігінде үш немесе төрт орамалы бунақ және құралдың бағытын қамтамасыз ететін таспасы болады. 
 
Ұңғыларды өңделген тесіктер түріне қарап цилиндрлік, конустық және құрастырылған (көпсатылы) деп бөледі, сонымен қатар тұтас диаметрі – 80 мм-ге дейін, саптамалы, қойылатын пышақтарымен немесе дәнекерленген қатты қорытпадан жасалған табақшалары бар. 
 
Ұңғының жұмыс бөлігі артқы бетінен 1, негізгі артқы бетінен 2, ұосымша артқы бетінен (таспаша) 3, негізгі кесуші жиектен 4, қосымша кескіш жиектен 5 және үнгі тісінің төбесінен 6 тұрады. 
 
Ұңғыдажұмыс бөлігі, мойны және сағасы болады. Жұмыс бөлігіне бағыттауыш конус немесе кесетін бөлігі, мөлшерлегіш бөлігі және керісінше конустан тұрады. 
 
Негізгі жұмысты кескіш бөлік істейді, негізгі кескіш жиегі бар тістер 1, алдыңғы және артқы беттер 3 және бұрыштық қадам ω. 
Ұңғы цилиндрлі, конусты, машиналы, қолды болады. Машиналы да жұмыс бөлігі әлдеқайда қысқа. 
 
Құрылымды ұңғыларды мынандай түрге бөледі: сағалы және саптамалы, тұтас және қойылатын пышақтарымен, қатты қорытпалы табақшамен жабдықталған. 
 
 
 
 
 

                       Үнгі 
 
 
Жаппай өндірісте өңдеудің өнімділігін арттыру үшін біріктірілген кескіш құралдарды пайдаланады.

 
 
 
 

 Құрылымды кесуші аспаптар 
 
 
Бір даналы тесіктерде бұранда пайда болу үшін ішкі бұранда кескішті пайдаланады. Ішкі бұранда кескіш дегеніміз кескіш жиек жасайтын кесілген бунақтары бар орам. 
 
Бұранда ойғышының кескіні кесіліп жатқан бұранданың кескініне сай болу керек. Бұранда ойғышты арнайы қысқысында бекітеді. 
 
Бұрғылау білдегінде өңдегенде дайындаманы үстел білдегінде орнату және бекіту үшін әр түрлі құрылғыларды қолданады. Дайындаманы қысқыларда, үш және төрт жұдырықты қысқысдарда және т.б. бекітеді. 
 
Бұрғылау білдегінде мынандай технологиялық операциялар жүргізіледі: бұрғылаау, бұрғылап кеңейту, үнгілеу, ұңғылау, ұң жоңғылау, үнгіштеу ,бұранданы қию қиын кескінді тесіктер жасау,   терең тесіктерді бұрғылау. 
 
 
 
 
 
Бұрғылау білдектерінде жүргізілетін технологиялық операциялар  

 

                       Жоңқаның   пайда   болуы   туралы  түсінік

   

 Жону  процессі –  бұл   жоңқаның   пайда   болу  процесі.  Ол  қиын  физикалық   құбылыстармен  жүзеге  асады  – пластикалық  деформациямен,   жылу   болумен,  кескіш  құралдар   жұмысына,  еңбек   өнімділігі   мен   өңдеу  сапасына  тікелей   әсер   ететін   құралдардың   кесу  бөлігінде   шорлардың   пайда  болуымен.

Жону   процесі   мына  шартта   жасалады,   егер  бір  уақытта   оның  екі  негізгі   қозғалыстары:  басты  қозғалыс  пен  беріліс   қозғалысы   жүрсе.

   Егер   біз   айналып   тұрған   дайындамаға   кескішті   әкелсек,   онда   ол   сақиналы   бунақты   жонады,  ал  дайындаманы   барлық  цилиндрлік    бет  бойымен   өңдеу  үшін   кескішті  оның  осі  бойымен   ауыстыру  қажет.

    Дайындамада   өңделінетін  бетті,  өңделінген  бетті   және  жону  бетін   айырады.

     Өңделінетін   деп   металл   қабаты   алынатын  бетті   атайды,  өңделінген  деп  жоңқаны   алғаннан   кейінгі  бетті  атайды.  Құралдың  кесу  жиегіндегі  өңделінетін   дайындамадан   жасалатын  бетті   жону   беті  деп   атаймыз.

     Станоктың   жону  механизміне  берілетін   кескіш  Р  күшінің  әсерімен,  дайындама  қабат  бетіне  оны  қыса  отырып  кеседі.  Қысу  процесі  серпінді   және  пластикалық  деформациялармен   жасалады.   Кескішті  одан  әрі  тереңдетуге  қабат   бетінің  ішкі  кернеуі  де  өседі.  Өңделінетін   металдың  беріктік   шамасына  жеткен  кезде  оның   қысылған  элементі   опырылады  және  кескіш   бетінің  үстіне  қозғалады.  Кескіштің  келесі  қозғалыстары  металдың  кезекті  элементтерін  қысады,  опырады   және  жылжытады,   жоңқа  түзе  отырып,  өңдеудің  шартына   байланысты  әр  түрлі   қалыпты  жоңқа  пайда   болады.

      Элементті   жоңқа  ( опырмалы   жоңқа )  қатты  және    созылмайтын   материалдарды  кесудің   шағын   жылдамдығында  өңдеу   кезінде   алынады.

      Сатылы   жоңқа   қаттылығы  орташа   болатты,  алюминийді  және  олардың   қорытпаларын   кесудің  орташа  жылдамдығында  өңдеу  кезінде   пайда  болады.

       Иірмелі   жоңқа  жұмсақ   болатты,  мысты,  қорғасынды,  қалайыны   жоғары   жылдамдықта   өңдеу   кезінде   жасалады.   Бұл   жоңқа  кетіксіз  ұзын  таспа   немесе  жазық  спиральды   түрінде  болады.

     Жарықшақ  жоңқа   пластикалығы   аз  металдарды  ( шойынды,  қоланы )  кесу  кезінде   жасалады  және   бөлек   жұлынған  үзімдерге   ұқсас   түрі  бар.

Металды  кесу. Металл  кесетін  станоктар  және  технологиялық процестер  туралы   жалпы  мағлұматтар.

 

        Металлдарды  кесу  арқылы  өңдеу  процесі  деп,   детальдардың  кескінін,  пішінін жасау үшін дайындамаларды жонып сылуды немесе кесуді айтады. Өңдеуге дейінгі детальға  керекті  металды  дайындама  деп  атайды.  Жұмыстың істелу   қасиеттеріне,   түріне  қарай, кескіш аспаптардың түріне қарай металдарды  кесіп  өңдеу  әдістері  әртүрлі  болады:   жону,  бұрғылау,   фрезерлеу,   сүргілеу,   ажарлау,  созу   және т.б.  

Информация о работе Жалпы бөлім