Топырақты өңдеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 07:50, реферат

Краткое описание

Топырақ өңдеу – ауыл шаруашылық дақылдарының өсіп-өнуіне қолайлы жағдайлар жасау үшін топырақ өңдеуші машиналар мен құралдардың жұмысшы органдары арқылы топыраққа механикалық әсер ету. Топырақ өңдеу егісті арамшөптерден тазартуға, ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері мен ауру таратушыларды жоюға, сонымен қатар өсімдік қалдықтарының, шымның, тыңайтқыштар мен гербицидтердің топыраққа сіңіп кетуіне және ауыл шаруашылық дақылдары тұқымының белгілі бір тереңдікке енуіне мүмкіндік береді.

Содержание

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1.Топырақта аудару, тығыздау және микрорельеф қалыптастыру
2. Көктемде топырақты негізгі өңдеу
3. Топырақты егіс алдында өңдеу.
III.Қорытынды
IV.Қолданылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

топырақты егіс алдында өңдеу.docx

— 33.12 Кб (Скачать документ)

Бұл  құралдар  жоқ  болған  ретте,  егіс алдында  өңдеу   үшін  дискілі  сыдыра  жыртқыштарды  қолданады.  Олар  арамшөптердің  көгін  тәп-тәуір  құртады,  бірақ  топырақты  майдалап,  орым  сабақтарын  көміп  тастайды,  бұл  оларды  эрозиялық  қауіпті    топырақта  пайдалану  мүмкіндігін  шектейді.  СЗС -2,1  және  ЛДС-6 сеялкалары  жұмыс  кезінде    егін  алдындағы  өңдеуді  өздері-ақ  қоса  атқарады,  арамшөптерді  жақсы  құртады.    Алайда  топырақтың  ылғалы  мол  болған  жылдары  арамшөптердің  бір  бөлігі  СЗС-2,1  сеялкасы  жүріп  өткеннен  кейін  қайта  көктеп,  егісті  бүлдіруі  мүмкін.  ЛДС-6  сыдыра  жыртқыш- сеялкасы  арамшөптерді  жақсы  құртады,  тұқымды  бұл  сеялкалармен  сепкен  кезде,  егер  қарасұлы  және  басқа  соған  ұқсас  арамшөптер  тым көп  болмаса,  топырақты егіс  алдынан арнай өңдемей –ақ қоюға болады. Ал  арамшөп тым көп болған  жағдайда,  тұқымды бұл сеялкамен сепкенде де  топырақты егіс   алдынан міндетті  түрде өңдеу қажет. Аталған құралдардың бәрі  де  егіс алдында   өңдегенде топырақтың    үстіңгі қабатын кептіруге соқтырады.   Нақ сондықтан да  далалы  қатты қуаңшылықты аудандарда  топырақты егіс  алдында өңдеу жұмысын тікелей тұқым себу  алдынан,  бұл екі операцияның арасында  ешбір алшақтық  жіберместен жүргіу  қажет.

Қазақстанның  солтүстік  облыстары  мен  Сибирьдің   далалы  аудандарында  арпа  мен  сұлыны,  әдетте  майдың  аяғында  егеді.  Мұнда  қарасұлының  жаппай  көктеуі  мен  аталған  дақылдарды  себудің  арасындағы  алшақтық  жиі  ретте  15-20  күнге  созылады.  Бұл  арамшөптер  тым  көп  болған  жағдайда  топырақтың үстіңгі қабатын  қаулап  келе  жатқан  қарасұлы   қатты  кептіріп  жіберуі  мүмкін.  Сондықтан бұл  арамшөптің    көгін құрту үшін  аралық  өңдеу жүргізу қажет.  Аралық  өңдеумен    топырақ кептіріп  алудан  сақтау  үшін  оның  соңынан егістікті іле-шала  бұдырлы-буылтық катокпен  бастырып  отыру керек.

 

 

Қорытынды

Көктемде  топырақты негізгі  өңдеу  тереңдігі сүдігер өңдеуден таяз болу керек.

Көктемде топырақты  негізгі  өңдеу міндетті  түрде тырмалаумен  бір мезгілде жүргізілуі керек. Ол үшін,  жазықтабан сыдыратілгіштермен өңделген танаптарда инелі БИГ-3А, ал жыртылған  жерлерде ЗБСС-1,0, ЗБТС-1,0 тісті тырмаларды қолданылады.

        Егіс  алдында  өңдеудің  тереңдігі,  барлық  жерде  қолданылып  жүргендей,  тұқымның  тасталған   тереңдігінен  әрі  болмауға  тиіс,  өйткені  құрғақшылық   жағдайда   топырақтың  егіс  алдында  өңдеумен  қопсытылған    бүкіл  қабаты  тұқым  сепкенге  дейін  кеуіп  кетіп,  себілген  дақылдардың  сирек  көктеуіне   соқтыруы  мүмкін.  Егіс  алдында   өңдеу  үшін  қолда  бар   құралдардан   ең  тайыз   деңгейге  лайықтай  отырып,  КПП  -2,2  және ҚПЭ-3,8  культиватор-плоскорездерін  пайдалануға  болады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

  1. Әуезов Ә.Ә., Сулейменова Н.Ш. «Егіншілік  анықтама-сөздігі».Алматы.  2004.
  2. Сулейменова Н.Ш.,  Әуезов Ә.Ә., Оразымбетова Қ.Н. «Егіншілік практикумы».Алматы.  2005.
  3. Жаңабаев Қ.Ш.  «Егіншілік  негіздері».  Алматы  2012.
  4. « Ауыл  шаруашылығын  өркендету  жүйесі  жөніндегі  ұсыныстар»  Алматы. 1979.
  5. «Егіншіліктегі  топырақ  қорғау  жүйесі»  Алматы. 1977.

 

 

 


Информация о работе Топырақты өңдеу