Шыт матанын технологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2014 в 23:56, реферат

Краткое описание

Маталар ассортиментінде үнемі өзгерістер болып тұрады. Сәні кеткен және сұранысы жоқ маталар өндірістен алынады, ал ассортиментті жаңарту шикізаттың жаңа түрлерін қолдану, матаның айқаспа суреттерін және өңдеудің түрлерін өзгерту арқылы жүзеге асырылады. Жыл сайын қазіргі заманның талаптарына жауап беретін маталардың жаңа түрлері өндіріледі. Ассортименттің осылай біртіндеп жаңаруы, маталар сапасына қойылатын талаптардың үнемі жоғарылау шарттарында, тұрғындардың сұранысын қанаттандыруға мүмкіндік береді.

Содержание

І. Кіріспе..............................................................................................................1
ІІ.Негізгі бөлім
2.1 Матаның қасиеттері. Оларды өлшеу әдістері.............................................2
2.2 Маталарды стандарттау.................................................................................4
ІІІ. Матаға сипаттама (Шыт)...............................................................................5
3.1 Шыттың түрлері.............................................................................................6
3.2 Айшықталған шыт. Шығу тарихы...............................................................7
3.3 Айқаспа түрі (қарапайым, жаймалық) ......................................................8
ІV . Қорытынды.................................................................................................9
V . Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................9

Прикрепленные файлы: 1 файл

шыт -тех.изм.docx

— 207.67 Кб (Скачать документ)

Кіріспе

 

Дүние жүзінің дамыған 50 елдің қатарына қосылу үшін текстиль өндірісі сапалы да кең ассортиментті бұйымдар шығару қажет. Осы мақсаттарға жету үшін текстиль өндірісінің алдында үлкен тапсырмалар қойылып тұр.

Маталар ассортиментінде үнемі өзгерістер болып тұрады. Сәні кеткен және сұранысы жоқ маталар өндірістен алынады, ал ассортиментті жаңарту шикізаттың жаңа түрлерін қолдану, матаның айқаспа суреттерін және өңдеудің түрлерін өзгерту арқылы жүзеге асырылады. Жыл сайын қазіргі заманның талаптарына жауап беретін маталардың жаңа түрлері өндіріледі. Ассортименттің осылай біртіндеп жаңаруы, маталар сапасына қойылатын талаптардың үнемі жоғарылау шарттарында, тұрғындардың сұранысын қанаттандыруға мүмкіндік береді.

Ассортименттің жаңаруына маңызды дәрежеде өндіріске енгізілген шикізаттың жаңа түрлері  және озат технологиялық процесстер, сонымен қатар сәннің өзгеріп тұруы әсер етеді.

Мата немесе маталық бұйымдар – бұл иілгіш, қалыңдығы аз, берік, салыстырмалы түрде енді және үлкен ұзындықтағы өнім.

Өңдеу түріне байланысты маталар: өңделмеген, яғни арнайы өңдеу орындарында өңделмеген, ағартылған, тегіс боялған, түкті бетті, негіз түкті, арқау түкті, шұбар тоқылған, меланжды, баспа суретті, мерсерленген,  жылтыр және тағы басқа болады. Кейбір мата түрлеріне қосымша ерітінділер сіңдіріледі. Олар қыртыстанбайтын,  аз отыратын,  су жібермейтін және басқа да қасиеттерді береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім

 

Мата немесе мата бұйымдары – бұл иілгіш, қалыңдығы аз, берік, салыстырмалы түрде енді және үлкен ұзындықтағы өнім.

Мата құрылымы деп негіз және арқау жіптердің өзара орналасуын, олардың бір-бірімен айқасуы мен байланысын айтады. Матаның қасиеті  жіптердің өзара иілуімен анықталады, яғни жіптердің белгілі орналасуымен және матадағы жіптердің және жіптегі талшықтардың өзара  үйкелісу күшімен. Мата құрылымы келесі факторларға тәуелді:

-мата өндірілетін  иірімжіп  түріне және шикізат  құрамына;

-талшықтың  құрылымы мен түріне;

- иірімжіптің  сызықтық тығыздығына;

-негіз және арқау иірімжіптің сызықтық тығыздығының қатынастық коэффициентіне;

-негіз  және арқау жіптердің диаметрлері  қатынасы коэффициентіне;

-негіз  және арқау бойынша айқаспа  раппортымен анықталатын, матадағы  негіз және арқау жіптер айқаспасына, негіз және арқау жабындылар  жылжуына, матадағы жіптер қабатының  санына;

  -негіз  және арқау бойынша мата тығыздығының  қатысты коэффициентіне;

  -матадағы  жіптердің орналасуына әсер ететін, негіз және арқау жіптердің  керілісіне;  

   -тоқыма  станогында маталарды шығарудың  технологиялық параметрлеріне;

    - маталарды өңдеу түрлеріне.

Барлық аталған параметрлер жиынтығы мата құрылымын анықтайды. Мата құрылымын оның физика-механикалық қасиеттері: беріктігі, ұзаруы, қаттылығы, күлтелілігі, қыртыстанбауы, үйкеліске төзімділігі, гигроскопиялығы, ылғал өңдеуде отыруы, жылу сақтағыш және басқа қасиеттері анықтайды.

Мата сирек, тығыз және орташа тығыздықты болуы мүмкін. Тығыздығын жоғарылатумен матадағы жіптердің байланысы арта түседі, сонымен қатар, беріктігі, тозуға төзімділігі артады, матаның қаттылығы, салмағы, қалыңдығы артады, созылғыштығы, ауа өткізгіштігі азаяды. Басқа да қасиеттері өзгереді. 

Матаның тығыздығы  – 100 мм мата аймағында болатын жіптердің саны. Бұл көрсеткішті негіз және арқау бойынша анықтайды.

            Мата фактурасы деп оның бетінің  құрылымын айтады, ол жұмсақ, бедерлі  және түкті болуы мүмкін. Әртүрлі  фактураны

 түрлі иіру әдісімен алынған  иірімжіпті қолданумен,  иірімжіп  ширатуын, матаның айқаспа суретін  және оны өңдеу түрін өзгертуімен  алады.

Тоқыма өнеркәсібінде тестиль материалдарының қалыңдығының маңызы зор.Оны киімдердің бір бөлігіне жіберілулерді белгілеуде , тігін машинасындағы тігін жіптерінің шығынын анықтауда,  пішу цехындағы мата төсеніштерінің биіктіктерін есептеуде қолданады.  Матаның жылусақтағыш, ауа өткізгіштігі, қаттылығы, драпталу қасиеттер оның қалыңдығына байланысты. Текстиль материалдардың қалындығы жылу сақтау қасиетімен ауа өткізгіштігімен, қаттылығымен, драпталынуымен байланысы бар. Матаның қалындығы жіптің диаметрімен, толқынның биіктігімен, өрімнің түрімен, тығыздығымен және берілген матаның құрылымының фазасымен сипатталады.

            Маталардың, мақталардың қалыңдығын  (0,1- 2) 10³ Па қысыммен әмбебап қалыңдық өлшегіш ТЭМ  ЦНИХБИ құрылымды құралымен анықтайды. Алайда ЦНИИШП матаның қалыңдығын (0,1 - 0,2) 10³ Па қысымда өлшеуге кеңес береді. Сондай- ақ отандық ТМ-50, 6-12-1 (ВНР ) қалыңдың өлшегіш құралдары қолданылады.

Мата қалың болған сайын оның жылу сақтағыштығы,  беріктігі, төзімділігі жоғары болады. Қалың маталар қыстық және сырт киім тігуде қолданылады.

 

 

Матаның қалыңдығы оның пішуге арналған төсемелердің қабат санына байланысты:

 

Мата түрі

Қабат саны

Шыт, сатин, поплин 
  Гринсбон, тик-ластик  
  мақта-мата  
  Бостон мен габардин   
  Жіңішке шұға  
  драп (қапталған)

100 - 150 
 80 - 100 
 50 - 60 
 30 - 40 
 25 - 30 
 12 - 24


 

Өндірісіте текстильдi материалдардың ені 60 см –250 см-ге дейін барады.

Өндірген кезде матаны, трикотаж және беймата жаймаларды кеседі, бөлшектер пайда болады, олардың өлшемі мен массалары транспортировкаға ыңғайлы болу керек.

Сызықтық тығыздығы г/м және беттік тығыздығы г/м2 материалды таңдау кезінде және сапасын бағалау кезінде үлкен рөлін атқарады. Бұл көрсеткіштер материалдың нормативті-техникалық құжаттарында регламенттелінеді. Текстильдi материалдардың беттік тығыздығы 20-750 г/м2 болады.

Сызықтық тығыздығы мына формула бойынш анықталады:

ML = 102m/l2

m – үлгінің массасы, г; l2 – үлгінің орташа ұзындығы берілген ені бойынша, см.

Беттік тығыздығы:

MS = 104m/(l2b)

b – үлгінің орташа  ені, см.

Маталардың ылғалдылығын анықтауда кондиционды аппараттар қолданылады. Кондиционды аппараттар деп тоқыма материалдардан ылғалды кептіру арқылы анықтау үшін қолданылатын құрылғыларды айтады. Материалды кептіру ыстық ауа ағынымен орындалады. Кең тараған аппараттар қатарына АК-2 кондициялық аппараты жатады.

Маталардың ауа өткігіштік қасиетін анықтау үшін ВПТМ-2, ATL-2 және ОПВ-2 аспаптарымен анықтайды.

Мата тілімінің ұзындығын өлшеу

Тоқыма фабрикаларына келіп түсетін мата тіліктеріне ұзындығы бойынша бақылау жасалынуы керек. Мата тілігінің ұзындығын сызғышпен,өлшенетін шаманы көрсететін есептеуішпен өлшейді.

Мата тіліктерін өлшеуді техникалық және зертханалық деп бөледі. Техникалық өлшеулерді өндірістік жағдайда қолданады.

МЕСТ 3811-47 сәйкес мата тілімін (техникалық өлшеуде) 1 см дәлдікпен өлшейді. Сондықтан өлшеу шкаласы дәл осындай бөлінумен дайындалып қойылу керек. Техникалық өлшеу кезінде мата тілігінің ұзындығын бір рет өлшеу арқылы анықтайды.

Зертханалық жағдайда мата тіліктерінің ұзындығын қолмен, өлшеу құралдары арқылы өлшегенде қателік мөлшері аса көп болмайтыны (0,02%) тәжірибемен дәлелденген. Бұл мата тіліктерінің ұзындығын тура өлшеуді  зертханалық жағдайда да іске асыруға болатынын көрсетеді.Тоқыма фабрикаларында мата тіліктерінің ұзындығын өндіріске түспес бұрын көбінесе үшметрлі өлшегіш стөлде өлшеп алады.

 

 

 

 

 

Маталарды стандарттау.

Маталарды стандарттау өнеркәсіпті жоғарғы сапалы бұйымдармен қамтамасыз ету үшін жасалатын маңызды іс-шаралардың бірі болып есептеледі.

Маталардың стандарты техникалық нормалардың жинақталуымен сипатталады.

Ол маталардың құрылымын, басты қасиеттерін және талшықты құрамын анықтайды.

Стандарт бір немесе бір топ матаға қойылуы мүмкін. Стандарттың негізгі бөлімдеріне техникалық талаптары жатады. Яғни  ол матаның сапалы көрсеткіштері: ені, тығыздығы, төзімділігі, беттік тығыздығы, матаның отыруы, сызықтық тығыздығы, негіз және арқау жіптерінің ораласуы, айқаспасы,  ұзартылуы,  қалдықтар мөлшері, иірім жіп пен жіптің құрлымы.

Техникалық талаптардан бөлек стандарттың  тауарды қабылдау ережесі, сынау әдістері, таңбалау, буып-түю, тасымалдау және де сақтау ережесі сияқты бөлімдері бар.

Стандарттаудың мақсаттары азаматтар өмірі мен денсаулығының, жеке және заңды тұлғалар мүліктерінің, мемлекеттік және муниципалдық мүліктің қауіпсіздік деңгейін арттыру, өнімнің (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің), өлшемдер бірлігінің, техникалық және экономикалық-статистикалық мәліметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, өнім (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) сипаттамаларына, мемлекеттік тапсырыстардың орындалуына талдау жасауды өткізу, техникалық-экономикалық және әлеуметтік ақпаратты жіктеу және құпияттау жүйелерін, өнімді (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) тізімдемелеу жүйелерін, өнім (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) сапасын қамтамасыз ету жүйелерін, мәліметтерді іздестіру мен беру жүйелерін жасау, біріздендіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу және т.б. болып табылуы мүмкін.

 
  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Матаға сипаттама (Шыт)

 

Шыт - жуандығы орташа кардты жібінен жаймалық айқаспамен тоқылған мата. Негіз бойынша 18,5 текс, арқау бойынша 15,3 текс иірімжіптен өндіріледі. Негіз бойынша сызықтық толтырылуы 49 - 53%, арқау бойынша – 39 - 43% құрайды.  Шыттың ені 61 - 80 см, беттік тығыздығы 92—103 г/м2 құрайды.

Шыт- кардты иірімжіптен тоқылған, мақталы , орташа сызықты тығыздықты мата. Шыт тегіс боялған, суретті болады. Тегіс боялған шыт матаны көйлекті-халатты бұйымдар ассортиментін өндіруде, сондай-ақ төсек жаймаларын өндіру үшін қолданады. Айшықталған шыт мата, суреттерінің әртүрлілігімен сипатталады. Егер шытты термоөңдеуден өткізсе, матаның беткі жағының бүрілуі байқалады. Шытты көбінесе төсек жаймаларын дайындауда пайдаланады. Шыттан жасалған төсек жаймалары жуғаннан кейін үтіктеуді қажет етпейді.

Өңделмеген шытты миткаль деп атайды.Шыттың көп бөлігі фонды құрайды. Алғашқы боялған негізгі түске баспа сурет салынады. Тегіс боялған шыттар да шығарылады.

Шыттардың өңдеуі муслинді, фулярлы, қатты, жылтыр және жуғанға кетпейтін аппретпен жүргізіледі. Қысылған шыт деп аталатын матаны алу үшін баспа машинасының көмегімен ащы натрды матаның бетіне дақ түрінде түсіреді. Мерсерлеу нәтижесінде ащы натрмен өңделген жерлерде мата отырады, ал өңделмеген жерлері ісіне бастайды. Матаның сыртқы түрі өзгереді.

Шыттар балалар мен әйелдердің жаздық көйлектерін, блузкаларды, ерлер жейделерін, халаттарды, шомылуға арналған костюмдерді, түнгі жейделерді тігу үшін пайдаланылады.

Тігін өндірісінде шыттармен жұмыс жасау қиын емес: созылмайды, қисаймайды, аз тарқатылады. Қатты, әрі жылтыратып өңделген шыт тіккен кезде ойылып түседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шыттың түрлері.

 

 

  • Айшықталған – бұндай шыттың беткі оң жақ беті баспа суреттермен әрленген. Шыттың бұл түрінен көбінесе сәбилердің жөргектерін, іш көйлектерін тігеді. Мата өте жұқа, адам денесіне жағымды, ауаны жақы өткізеді, ылғалды сіңіреді.
  • Мадаполам- бұл тегіс әрі катты бетті, ағартылған шыт. Бұдан төсек жаймалары жасалынады. Бірақ бұл жаймалар төзімді болғанымен қатар қатты болады.
  • Тегіс боялған- ол төсек жаймаларын, сонымен қатар жаздық көйлектер мен халаттар жасауға қолданылады. Бұл шыттың бояулары ашық, суреттері әртүрлі.

 

 

 Мадаполам                                   Айшықталған         Тегіс боялған

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Айшықталған шыт.

Шыт матасының ең көп тараған түрі- айшықталған шыт. Ол таза табиғи мата. Сондықтан да оның ауаөткізгіштік, беріктік және төзімділік қасиеттері жоғары.

Бұл мата түрі әйелдерге арналған көйлектерді, ерлерге арналған жейделерді, балаларға арналған бұйымдарды тігуге қолданылады.

Шыттың бұл түрі XI ғасырда Каликутте пайда болды. Бұл мата туралы ХІІ ғасырда үнді әдебиетінде жазушы Емакандр лотос суреті бейнеленген мата ретінде жазған. XV ғасырда Үндістанның батыстағы штаты Гуджаратадан шыққан шыт матасы Египетке жетті. Айшықталған шыт Сурата қаласының мақтасынан өндірілді және бұл мақта негізінеде,толықтай да қолданылды.

Батыс Еуропа

XVII ғасырда Еуропа жеріне Үндістанның  Ост-Үнділік компанияларынан өзге  де тауарлардан бөлек мақтадан  жасалған иірімжіп және маталар, бояғыштар мен шыт  алып келінді.

Еуропа елдерінде қабылданған шараға байланысты шытты тасымалдау көлмінің артуы, 1683 жылдан бастап Үндістандағы мата жасаудың дамуына себеп болды. Үнділік айшықталған маталар жиһазды қаптауда, бөлмені сәндеуде, жаздық және үй киімдерін тігуде кең түрде қолданылды. Дегенмен олардың бағасы өте жоғары болды. Францияның кейбір аудандарында сырттан әкелінетін мақтадан жасалған маталарды шығыстық үлгімен бояп, оларға суреттер бастырған. Марселде (1654), Авиньонде (1677), Нимде (1678) жылдары шеберханалар ашылды. Үндістаннан қоныс аударған армяндық шеберлер, матаны төзімді бояумен  бояудың технологиясын ашты. Басында үнділік айшықтау түрі қолданылды, яғни өрнекпен қыйлған пішінді бояп,матаға басты, ұсақ бөлшектерін қолмен, бояу жаққыш арқылы қосты. Кейінірек пішіннің саны 3-4 ке дейін көбейтіліп, көптүсті суреттер жасалды.

Информация о работе Шыт матанын технологиясы