«ШиКо» ЖШС-де өнімдердің сапасын стандарт талаптарына сәйкестігін талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2014 в 15:11, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдарында «Көпшілік экономиканы «қолмен басқару» қажеттігіне келіп отыр,ал реттеу осы дағдарыстан шығудың аса маңызды ісіне айналуда. Сондықтан да тереңде түбегейлі көзқарас әлемдік қоғамдастықта әлемдік нарықтық экономиканың келесі бұрылыстарында бізді қауіпсіздендіру жолын табуға көмектеседі» делінген. Біз елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз тиіс. Ол үшін ауыл шаруашылығына және өнеркәсібіне инвестициялар тартуды ұлғайту қажет. Ел мұқтажы қанағаттандырылмай отырған маңызды тамақ өнімдерін өнімдерді ынталандыруға ерекше назар аудару талап етіледі. Мәселен, өсімдік майы, жемістер, қант және басқалар. Біздін бұл проблемаларды шешуге мүмкіндігіміз бар.

Содержание

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР.............................................................................
АНЫҚТАМАЛАР.....................................................................................................
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР…................................................….........
КІРІСПЕ..…………………………………………………………………...............
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ............................................................................................
1.1 Стандарттау және өсімдік майларының халық шаруашылығындағы маңызы .....................................................................................................................
2 НЕГІЗГІ БӨЛІМ.....................................................................................................
2.1 ЖШС «ШиКО» кәсiпорынының сипаттамасы...............................................
2.2 Зерттеу әдістемесі..............................................................................................
2.3 Майдың (шикізаттың) технологиялық сапасын бағалау.............................
2.4 “Алтын” және “Иртыш” және “Экстра” маркалы майларының сапасын сараптау нәтижелері ..................................................................
3 ЕҢБЕКТІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ..................
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................... ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Өсімдік майы .doc

— 605.00 Кб (Скачать документ)

Белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз ету үшін нарықты бақылау мен қадағалау жүйесі қажет. Қазақстанда нарықты қадағалау мәселелерінде бірыңғай көзқарас та, сондай-ақ нарықты қадағалау бойынша орган жоқ. Бақылау және қадағалау функцияларын әртүрлі мекемелер, көбіне бірін-бірі қайталаумен жүзеге асырады. Қазақстанның нарығындағы қауіпті өнімді анықтау және және бұл өнімді нарықтан алып тастау үшін шаралар қолдану жөнінде тиімді жүйе құрылуға тиіс. Бұл арада бас пайдасын ойлауды және инспекциялық органдар тарапынан кәсіпкерлерге артық кедергілер жасауды болдырмау үшін мұқият көзқарас талап етіледі.

Стандарттау қызметі қарқынды, ол әрдайым әртүрлі қоғамдағы өзгерістерге қатысты, бәрінен де бұрын экономикалық, оларға үлгеріп және кейде олардан озып отыруы тиіс.  

Стандарттау мақсаты — айқындалған нақты, жоспардағы немесе потенциалды мәселелерді шешу үшін белгілі немесе басқа аумақта белгіленген жағдайларды, нормаларды, талаптарды қолдана отырып ұтымды көрсеткішке қол жеткізу.

Қазіргі стандарттаудың теориялық базасы ретінде  ұсынылған сандар жүйесі қабылданған. Бір қатардың ұсынылған сандары тек оң немесе тек теріс болады. Ұсынылған сандар өндірістік процестердің, құрылғылардың, қондырғының, кесу және өлшеу құралдарының, материалдардың, шикізаттың және т.с.с шамаларын және праметрлерін таңдап, градиацияланғанда қолданылады. Бұйымдар номенклатурасын қысқарту, оларды унификациялау, өндірістің технологиялық тағайындалу цикл ұзақтығын қысқарту, бұйымды топты өндіріуді ұйымдастыруға негіздерді құрады. 

Ғылыми-техникалық прогресс тенденциясы өндірістік-техникалық сипаттамалары жетілдірілген жаңа техниканы құру мерзімін қысқартуды талап етіп келді және талап етеді. Бұл мәселені шешу кезінде негізгі орынды кешенді стандарттау алады, оның жүргізілуі стандарттау объектісіне кіретін мүдделі ұйымдар мен кәсіпорындарды қанағаттандыратын өзарабайланысты компоненттер көрсеткішін толық және ұтымды қамтамасыз етеді.

Ғылыми-техникалық прогресстің негізгі айқындалуы тұрақты және қазіргі заманғы өндірісте тұрған ескі немесе ескірген бұйымдарды ғылым мен техниканың жаңа талаптарына сай келетін, қоғамдық жұмысты қысқартуды қамтамасыз ететін жаңа, прогрессивті бұйымдармен айырбастау болып табылады.

 Ғылым мен техниканың қарқынды  дамуының әсерінен жаңадан шыққын  өнім мен қолданыстағы өнім  арасындағы интервал қысқарып  келеді. Егер бұрын ғылымдағы  жаңалықтар техникаға он жылдан  кейін ендірісле, қазіргі уақытта  ол бірнеше жылдар көлемінде жүргізіледі. Осыдан бастап стандартта тіркелген бұйымның негізгі параметрлері тез тозады және жүйелі түрде қайта қарастырылып отыру керек.

Бұл талаптарға озық стандарттау жауап береді. Бұл болашақта қазіргі уақытта қолданыстағы бұйымдар көрсеткішінен асып түсетін, ұтатын, озатын көрсеткіштері бар стандартату түрі.

Қазақстанда стандарттаудың құқықтық негіздері Қазақстан Республикасынын «Техникалық реттеу туралы» заңымен анықталған. Заң мемлекеттік стандарттарды құрастыру кезінде талаптар, ережелер, нормаларды енгізу арқылы мемлекеттің және пайдаланушылардың мүддесін мемлекеттік қорғайды.

  • «Техникалық реттеу туралы» заңына байланысты ҚР Мемлекеттік стандарттау жүйесі жұмыс жүргізеді. Оның ұйымдастыру және жұмыс  істеу әдістемелік мәселелері «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттау жүйесі» негізгі стандарттарымен кешенді.

Қазақстан Республикасында қабылданған стандарттау жүйесі техникалық тілдің бірлігін, бұйым техникалық көрсеткіштерінің қажетті қатарын унификациялауды, құрылыстық жүйелі нормалар мен ережелерді қамтамасыз етеді.

2 ИСО-МЭК сай стандартау қызметің  қатысты органдар мен ұйымдар  атқарады. Орган дегеніміз нақты  мәселесі және құрылымы бар  заңды немесе әкімшілік бірлік. Орган ретінде үкімет, фирмалар, ұйымдар болады. 

Қазақстанда ұлттық стандарттау ұйымы ретінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттау және метрология бойынша (Қазақстанның Мемстандарты) комитет қабылданған .

Мемстандарт ұйымдастру құрылымында ауқымды жұмыс көлемін жүзеге асыратын бөлімшелер қарастырылған: ғылыми-зерттеу институттары, стандарттар басылымы оқу орындары, территориялды экспертизалау, сапа және сертификатту  орталықтары (ЦЭКС).   Бұл орталықтар стандарттау, метрология, сертификаттау бойынша инженерлі-техникалық көмек көрсетеді, бұйымды сертификаттайды, өлшеу құралдарын калибровкалайды. Мемстандарт органының территориалды базасында сертификаттау және сынақ лабораториялары құрылады.

Стандарттарды құрастыру тәртібі стандартты құрастыруға өтініш жинаудан басталады. Өтініште міндетті түрде нормативті құжаттың құрастырылуы негізделу керек. ҚР Мемстандарты өтініші негізінде Қазақстанның мемлекеттік жылдық жоспары қалыптасады. Одан кейінгі жұмыс, стандартты құрастыруға келісім-шарт негізінде өтініш иесімен және орындаушы арасында жүреді және келесі этаптардан тұрады:  техникалық тапсырманы құрастыру (құрастыру ұйымдары), стандарт жоспарын құрастыру, ҚР Мемстандартына ақырғы нұсқаны ұсыну, стандартты жаңарту, стандарты қайта қарастыру және жою.

Стандарттарды өзекті ету үшін ақпарат алу мақсатында тұрақты түрде стандартты қолданатын ұйымдар мен кәсіпорындар мен байланыс жүргізеді, сонымен  қатар өзгерістер енгізгенде түскен ескертулерді ескереді.

Мемлекеттік стандартты маңызы қайта қарауда қолданыстағы стандарт орнына жаңа стандарт құрастырумен жүргізіледі. Егер, енгізілетін өзгертулер бұйым көрсеткішінің маңыздысын өзгертумен байланысты болса, онда қайта қарау қажеттілігі туады.

Стандартты жою оны жаңаға ауырбастау және айырбастамау арқылы жүргізіледі. Себебі, көбінесі бұйым шығарылуының тоқтауы, немсе жаңа стандарттың шығуы.

Мемлекеттік стандарттарға өзгерістер енгізіу, қайта қарау және жою туралы қабылданған ақырғы шешім ҚР Мемстандарт қарамағында болады.

Осы заң ҚР бұйым, қызмет көрсету, процесстер қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құқықтық негіздерін белгілейді.  Бұл заңда негізгі түсініктер қолданылады.

Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңы Қазақстан Республикасының Конститутциясына негізделген және осы Заңнан және басқа нормативті құқықтық актілерден тұрады. 

Осы заң процесстердің, сәйкестікке растау, бұйымға қойылатын міндетті және еркін талаптарды анықтайды, белгілейді және қоғамдық қатынастарды реттейді.  Бұл заң техникалық реттеудің негізгі мақсаты мен принциптерін белгілейді.

Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымына:

1) Қазақстан Республикасының үкіметі;

2) уәкілетті орган;

3) өз құызырының шегіндегі мемлекеттік  органдар;

4) мемлекеттік органдардағы техникалық  реттеу аумағының экспертты кеңестері;

5) саудадағы техникалық кедергілер бойынша, санитарлы және фитосанитарлы  ақпараттық орталық; (ары қарай – Ақпараттық орталық);

6) стандарттау бойынша техникалық комитеттер;

7) сәйкестікті растау органдары, лабораториялар;

8) сәйкестікті растайтын, стандарттау және аккредитациялау эксперт-аудиторлары;

9) техникалық реттеу аумағындағы мемлекеттік нормативті құқықтық актілер фонды және стандарттар.

Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер мемлекеттік органдардың және аймақаралық дәрежеде стандарттау жұмыстарының жүргізілуіне мүдделі жақтардың ұсынысымен құрылады. 

Стандарттау бойынша  техникалық  комитеттер құрамына мемлекеттік органдар және мүдделі жақтардың өкілдері кіреді.

 

Осы стандарт мемлекеттік қызметтерді көрсету саласының мақсаттарын, міндеттерін, қағидаларын және стандарттау объектілерін анықтайды. Мемлекеттік қызметтерді жіктеу және оларды көрсету стандарттарын әзірлеудің негізгі талаптарын және ұйымдастыру-әдістемелік ережелерін белгілейді.

Осы стандарттың талаптары уәкілетті мемлекеттік органдар, мекемелер және мүдделі заңды немесе жеке тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған мемлекеттік тапсырысты орындаушы ұйымдар үшін міндетті[1].

 Өсімдік майын ертеректе күнбағыс, зығыр, мақта, жаңғақ сияқты майлы дақылдардың дәнін жаныштап, ағызу, қыздырып тарту сияқты қарапайым тәсілдермен алып, қарынға, бүйенге, күбілерге, ішекке құйып сақтаған. Қазір өсімдің майы техникалық әдіспен алынып, шыны, темір ыдыстарда сақталады. Өсімдік майы – түрлі өсімдіктер дәнінен алынатын табиғи өнімдер. Майлы дақылдарға тұқымында, дәнінде майдың мөлшері көп болатын дақылдар жатады. Өсімдік майлары таза күйінде немесе маргарин түрінде қолданылады. Майлы дақылдардың тұқымдарының сапалық көрсеткіштеріне олардың түсі, иісі, ылғалдылығы, араласпалардың мөлшері, май мөлшері және сапасы жатады.   

Соңғы жылдардың зерттеулері бойынша Қазақстандағы өсімдік майлары нарығының көлемі жылына 250-270 мың тонна құрады. Қазақстанның өсімдік майының нарығы жергілікті өндірушілердің, сондай-ақ шет ел кәсіпкерлерінің өнімімен белгілі

Өсімдік майларының ассортименті шамамен 50 түрлі атаулардан тұрады. Дәндi-дақылдардың iшiнде, май алу үшiн, күнбағыстың орны ерекше. 

Өсімдік майының нарықтағы коньюктурасын анықтау үшін «КазагроМаркетинг» АҚ мамандары Астана және Алматы облыстарындағы тұтынушылардың арасынан жеке дара сауал қою арқылы анықтаған. Сұрауға әр аймақтан қырық шақты адам қатысты. Республика бойынша 640 адамға сауал қойылды. Суреттен көріп отырғанымыздай, халық көп тұтынатын өсімдік майы – күнбағыс май екен, бүкіл тұтынатын майлардың ішінде ең жоғарғы үлеске ие, яғни 85,6% құрайды. Сауал қойылғандардың 11,3 % зәйтүн майын, 2,9 % жүгері майын, 1,4% соя майын, 1,2% облепиха майын, 0,5% сафлор майын тұтынатынын атап өтті. Сонымен қатар әр түрлі өңделген өсімдік майы да әр түрлі сұранысқа ие.

Күнбағыс майы – күнбағыс дәнін нығыздау немесе экстракциялау арқылы алынады. Нығздап алуда майды шнекті нығыздағышта қысыммен бөледі. Экстракциялық тәсіл майды бензинмен ерітіп, әрі қарай су буымен дистиляциялау арқылы бөлуге негізделген. Экстракталған май тағамға арналған болса міндетті түрде тазартылады және дезодорантталады.

Тазрту деңгейіне байланысты майлар тазартылған, гидратталған болып бөлінеді. Тазартылмаған май тек қана механикалық сүзу, центрафугалау немесе тұндыру арқылы араласқан заттардан тазартылады. Бұндай май ашық түсті, жақсы білінетін түсі мен иісі бар, тұрған кезде тұнба түзеді, тез бұзылады.

Гидратталған май механикалық тазартудан, фосфатидтерден, белоктардан, шырынды заттардан, пигменттерден гидротациялау / ыстық сумен өңдеу /  арқылы тазартылады. Гидратталған май тазартылмаған майға қарағанда төменірек иісі мен дәмі, бояуы, тұнбасы аздау болады.

Тазартылған майды тазалау, гидраттау және бос май қышқылдарыннан арылту үшін сілтімен өңдеуден өткізеді.

  Тазартылған май иісті заттар  мен бензин иістерін кетіру үшін ыстық бумен өңдеу-дезодорациядан өткізілуі мүмкін.

  Бұндай майлар мөлдір, тұнбасы  жоқ, иісі болмайды, белгісіз дәмі  бар, оларды аспаздыққа және маргарин, аспаздық май жасау үшін өңдеуге  пайдаланады. Органолептикалық және  физика-химиялық көрсеткіштеріне байланысты күнбағыс майын тауарлық сортқа және маркаға бөледі.

Тазартылмаған майды-жоғары және бірінші сортқа, гидратталған майды-жоғары, бірінші және екінші сорттарға,  тазартылған дезодоратталмаған майды сортқа жатқызбайды.

Тазртылған дезодорантталған майды И және П маркасына бөледі. Тазартылмаған Д маркалы майды балалар және диетикалық тауарларды өндіруге пайдаланады. Сауда және тамақтандыру орындарына тазартылған дезодоратталған маркасы Д және П,тазартылған дезодоратталмаған, гидротталған жоғары және бірінші сортты күнбағыс майлары жіберіледі.

  Жүгері майы – жүгері ұрығын нығыздау немесе экстракциялау арқылы алады. Пайдалануына байланысты тазартылып дезодорандталған Дмаркасы – балалар және диетикалық тағамдарына, П маркасы – сауда және тағамдандыру орындарына, тазартылған дезодорандталмаған және тазартылмаған өндірістік өңдеуге жіберіледі. Оргонолептикалық, физика-химиялық сапа көрсеткіштері МЕМСТ 8808-91 «Жүгері майы. Техникалық шарт» / код ОПК 914162. ТН ВЭД 1515-21 / , пестицид, ауыр металдардың жіберетін деңгейі, микробиологиялық көрсеткіштері арнаулы материалда беріледі.

    Бөтелкеге құйылған /құйған күннен / тазартылған дезодоранталған соя майы 45 тәуілік, тазартылған ағартылмаған /нығыздалған/ және гидратталған бірінші сортты / нығыздалған/ соя майын 3 айға дейін кепілді түрде сақтауға болады.

 Тазартылған мақта майы – нығыздау және экстракциялау арқылы мақта дәнінен алынады.

  Органолептикалық, физикалық-химиялық  сапа көрсеткіштері МЕМСТ 1128-75 «Тазартылған  мақта майы. Техникалық шарт»  /код ОКП 91415. ТН ВЭД 151211/ талаптарымен шектеледі.

  Тазартылған мақта майының  бөтелкеге құйылғандары қараңғылаған  бөлмеде сақталуы тиіс. Тазартылған  мақта майының бөтелкеге, флягқа  және бөшкеге құйылғандары  /құйған  күннен/ дезодорандталғанының кепілді сақтау мерзімі – 3 ай, дезодорандталмағаны – 6 ай. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін май осы стандарт талабына сәйкес екендігі қайта тексеріледі.

 Қыша майы – қыша дәнін нығыздау арқылы алады. Қыша майының тазартылмаған түрі сапасы бойынша жоғары, бірінші және екінші сорттармен шығарылады. Жоғары және бірінші сорт тағамға пайдалану үшін, екінші сорт техникалық мақсатта пайдаланылады.

Информация о работе «ШиКо» ЖШС-де өнімдердің сапасын стандарт талаптарына сәйкестігін талдау