Бетон қоспасын дайындаудың технологиялық үрдісінің қысқаша сипатталуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2013 в 23:57, дипломная работа

Краткое описание

Араластырудың автоматтандырылуы автоматиканың стандартты элементтер көмегімен жүзеге асырылатын араластыру берілген уақытын қамтамасыз етуге негізделген. Сондықтан, бетонды қоспаны дайындаудың автоматтандыруының жобалануы мен жетілдірілуінің негізгі күштері мөлшерлеуге бағытталған.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................9
1-бөлім. Бетон қоспасын дайындаудың технологиялық үрдісінің қысқаша сипатталуы………………………………………………………………………….11
1.1. ТББ зауытының қысқаша технологиясы. ........................................................11
1.2. Темірбетон өнімін жасау технологиялық үрдісінің үлкейтілген сұлбасы...14
1.3. Ылғалдылық өлшеу әдістері мен классификациясына шолу…………...…..14
1.4. Толырғыштардың айнымалы ылғалдығы кезінде суды корректирлеу мәселесінің шешім жолдары……………………………………………………….16
2-бөлім. Мөлшерлеу процесін автоматты басқару және реттеу жүйесінде техника-бағдарламалық қамсыздандыруды жасау…………………………….…18
2.1. Программаланатын логикалық контроллерді таңдау.....................................18
2.2. Жергілікті желі архитектурасын таңдау...........................................................22
2.3. Техникалық құралдардың комплексінің құрылымдық сұлбасын
Құрастыру.…………………………………………………………………...……...22
2.4. Инертті материалдарды жеткізуге арналған орындаушы механизмдерді таңдау.............................................................................................………………….23
2.5. Инертті материалдарды мөлшерлеу құрылғылары......………………….......25
2.6. Тиек арматурасы.................................................................................................26
2.7. Бетонараластырғыш...........................................................................................26
2.8. Инертті материалдар үшiн ылғалөлшегіш құрылғыны таңдаймыз...............28
2.9. Бетонның керекті беріктгін алуға арналған су-цемент қатынасының есебі……………...................................................................................................…..29
2.10. Оператор-технологының жұмыс станциясын таңдау...................................33
3-бөлім. Бағдарламалық қамсыздандыруды жобалау……………………………32
3.1. Микропроцессорлық контроллер үшін бағдарламалық қамсыздандыруды жасау...........................................................................................................................32
3.2. Тапсырыс беру және тапсырыс қабылдау бағдарламасын құру …………...44
4-бөлім. Техника-экономикалық бөлім…………………………………………...45
4.1. Жүйе сипаттамасы…….................................................................................….45
4.2 Басқару жүйесін құруға кететін капиталды шығындар …...…………...........46
4.2.1 Құрастырушыларлың жалақысы.....................................................................46
4.2.2 Автоматтандыру құралдары мен аспаптарын алуға кететін шығындар…………………………………………………………………………...47
4.2.3 Жабдықтардың монтажына кететін шығындар….............…………………48
4.3 Жөндеуге кететін шығындар ……….................................................................48
4.3.1 Амортизациялық аудармалар ……………………….....................................48
4.3.2 Автоматтандыру құралдарының ағымдағы жөндеулерге кететін шығындар………………………………………………………………....…...........49
4.3.3 Электроэнергияға кететін шығындар………..………………....…………...49
4.4 Автоматты басқару жүйесін ендіруінің экономикалық тиімділігін есептеу........................................................................................................................49
4.4.1 Қызмет көрсететін персоналдың негізгі жалақысының жылдық қорын есептеу........................................................................................................................49
4.5 Қаржы жоспары…………………………………………………………....…...51
5-бөлім. Өміртіршілік қауіпсіздік бөлімі…………………………………………52
5.1 Автоматтандыру объектісінің түсініктемесі.....................................................52
5.2 Еңбек ету шарттарының анализі........................................................................52
5.3. Сорғы вентиляция жүйесін есептеу..................................................................53
5.4. Шаңаулағыш жүйесін есептеу...........................................................................56
Қорытынды……………………………………………………........………….…....58
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........………………………........………………...59
Қосымшалар…………………………………………………............………….…..61

Прикрепленные файлы: 1 файл

Диплом_Раха.docx

— 2.65 Мб (Скачать документ)

Осындай қондырғыларда цементтің жіберілуі  пневматикалық әдіспен, ал аз қуатты қондырғылар үшін тік элеваторлар  көмегімен жүзеге асырылады. Мөлшерлегіш  үсті бункерлер немесе шығыс бункерлер  құрғақ құрамдас бөліктерінің 2 - 4 сағаттық қоры ретіндегі аралық сыйымдылықтар  болып табылады. Ол материалдар фракцияларының және толтырғыштар түрінің, сонымен  қатар, цементтер маркасы мен  басқа тұтқыр заттардың қажетті  мөлшеріне сәйкес қалқалармен бөлінген аралықтардан құралады. Бункердің кез  – келген аралығы босаған кезде  оның толтырылуы басталады. Бұл жағдайда аралықтардың толтырылу кезіктілігі  босалу кезектілігінен тәуелді болмайды. Бұндай аралықтардың аз саныннынң толтырылуының  қатаң алгоритмі өндірістің жалпы  ырғығын бұзбайды, және бункерлердің босауының кезектілігіне сәйкес толтырылу кезектілігін қатаң түрде  сақтайтын автоматикалық коррекцияның шығаруына мүмкіндік береді.

Қоспаның  барлық материалдары алынғанан кейін, циклдік әрекетті автоматтандырылған мөлшерлегіштердің толтырылу үрдісі басталады. Мөлшерлегіштер қоспаның құрамдас бөліктерінің керекті шамасын қабылдағаннан  соң, материалдар жіберілуі тоқтатылады  да, қоспаның құрамдас бөліктері жима құйғышқа түседі. Сонымен қатар, су мен химиялық үстемелер өзінің мөлшергіштері арқылы жима құйғышқа түседі. Ары қарай барлық құрамдас бөліктер бетон араластырғышқа түседі. Қоспаның жақсы араласуы үшін мөлшерлегіштер бірнеше сатылы босатылады, бұл, өз алдында, қоспа материалдарының жима құйғышқа біртіндеп түсуін қамтамасыз етеді. Араластыру үрдісі біткен кезде дайын бетонды қоспа бетон араластырғыштан шығарылады да, үрдіс қайталанады.

    1.  Басқару жүйесін құруға кететін капиталды шығындар

 

Басқару жүйені құруға кететін капиталды  шығындар келесідей құралады:

  1. құрастырушылардың жалақысы (әлеуметтік қажеттіліктеге аударылатынмен қоса);

б)  ақпараттандыру құралдарын сатып алуға кететін  шығындар;

в) монтажға кететін шығындар.

      1. Құрастырушылардың жалақысы

 

Басқару жүйесін жасау мен ендіру үшін сәйкес жалақысы бар келесідей персоналдар  қажет: 4.1-кестесінде көрсетілген.

 

4.1 к е с т е –  Жалақыға кететін шығындар

Мамандық

Саны, адам

Ендіру мерзімі,

ай

Айлық белгіленгенжалақы, теңге

Барлығы, теңге

Бас-инженер жобалаушы

Инженер-жобалаушы

Инженер-системотехник

Инженер-программист

Слесарь-наладчик КИПиА

1

1

1

1

1

2

2

1

1

1

100000

80000

80000

150000

80000

200000

160000

80000

80000

80000

Барлығы :

670000


 

Аударулармен  қоса жалақы келесі формуламен (формула 4.1) есептелінеді

.,                    (4.1)

мұндағы Сжалпы. – құрастырушылардың жалақысы, теңге;

Нз.қ – зейнетақы қорына аударудың нормасы, %;

Нәл.қ – әлеуметтік қажеттіліктерге аударудың нормасы, %.

Зейнетақы қорына аударудың нормасы – 10%, әлеуметтік қажеттіліктерге аударудың нормасы  – 11%.

      1. Аспаптар мен автоматтандыру құралдарын сатып алуға кететін шығындар

 

4.2 к е c т е – Басқару жүйелері құралдарына кететін шығындар

Аталуы

Тип

Саны

Бағасы, теңге

Жалпы бағасы, теңге

Микропроцессорлық техника және программалық қамсыздандыру

Қоректену блогы

PS 407, 10 A

1

115233

115233

Орталық процессор

CPU 414-2

1

603003

603003

Жадының микро картасы 1024 Кбайт

Simatic S7 Micro

1

115233

115233

Аналогты сигналдарды енгізу модулі, 8 канал

SM 431

2

170613

341226

Дискретті сигналдарды енгізу модулі, 32 канал

SM 421

2

54315

108630

Дискретті сигналдарды шығару модулі, 32 канал

SM 422

1

79662

79662

Жұмыс орны станциясы

Intel Core i3, 3.1GHz

1

157700

157700

Оператор панелі

ОР-270

1

54315

54315

Үздіксіз қоректену блогы

APC

1

33350

33350

Бағдарламамен қамтамасыздандыру

WinCC, SCADA System + Widows XP Pro+Simatic STEP7+SQL+Delphi

1

905250

905250

Қосымшалары бар шкаф

 

1

1800000

1800000

Бағдарламалық қамтамасыздандыруға және құрыларға кететін шығындар

4313602

Өлшеуші құрылғылар

SIWAREX R

5

69450

347250

Ылғалдылық датчигі

Siemens QFA 2000

2

35000

70000

Деңгей датчигі

Siemens Pointek CLS 200

12

76191

914292

Электро двигатель

6000 об/мин

5

9000

45000

радиоизотопный плотномер

Troxler 3450

1

1184000

1184000

Автоматтандыруды құрайтын құралдарға кететін жалпы шығындар

2560542

Cб

6874144


Ескерілмеген жабдықтарға кететін капиталды шығындарды жалпы бағасының 5 %-нен есептейміз (формула 4.2)

                           (4.2)

 Құрылғыларды  алуға және автоматтандыру құралдарын  алуға кететін жалпы капитальды  шығындар (формула 4.3)

                                                            (4.3)

      1. Жабдықтардың монтажына кететін шығындар

 

Жабдықтардың монтажына кететін шығындар капиталды шығындар бағасының 18%-ін құрайды (формула 4.4)

                                                    (4.4)

Сонымен, автоматтандыру жүйесін жасау мен  ендіруге кететін капиталды шығындар көлемі (формула 4.5)

                                                       (4.5)

 

4.2.4 Автоматтандыру жүйесін  жабдықтауға кететін шығын көлемі

Автоматтандыру жүйесін жабдықтауға кететін шығын көлемі, оның құрылуына кететін капитал шығындарының  2,3% құрайды (формула 4.6)

                                               (4.6)

теңге.

 

    1.  Жөндеуге кететін шығынлар

 

Программалық  қамсыздандыруды ендіруге  машина уақытының 50 сағаты қажет. Машина уақыты амортизацияға, ремонт жасауға, электроэнергияға, оператордың аударыммен қоса жалақысына кететін шығындар көлемінің жабдықтардың жұмыс жасау уақытының жалпы фондына қатынасымен есептелінеді.

 

      1.  Амортизациялық аудармалар

 

Амортизациялық  аудармалар жұмыс орны станциясының бағасының 12,5% құрайды

А=Ср.с*0,125=. 6874144*0,125=6874144*0,125= 859268теңге

 

      1. Автоматтандыру құралдарының ағымдағы жөндеулерге кететін шығындар

Жөндеу жұмыстарына кететін шығындар автоматтарндыру жүйесін құруға кететін капитал шығындардың 2,5% құрайды

Сремр.с.*0,1=6874144*0,025= 171853,6теңге.

 

      1. Электроэнергияға кететін шығындар

Электроэнергияға  кететін шығындар (формула 4.7)

                                          (4.7)                                                                             

мұндағы Ф – уақыттың жылдық фонды;

К – қолданылатын энергия, 0,2 кВт-қа тең;

С –бір кВт электроэнергия 14,6 теңгеге тең.

 

Сонда машина уақытының бағасы келесідей анықталады (формула 4.8)

                                         (4.8)

 

Программаны ендіруге қажет қорытынды шығын

    1.  Автоматты басқару жүйесін ендіруінің экономикалық тиімділігін есептеу

 

Жылдық  экономикалық эффект (Эг) келесі формула бойынша есептеледі

Эг=Э-(Ен)* Кдоп      (4.9)

мұндағы  Э – экономия, теңге;

Ен – тиімділіктің нормативті коэффициенті.

Автоматтандыру жүйесін ендіруге кететін капиталды шығындардың  экономикалық тиімділігінің  нормативті коэффициенті 0,32-ге тең деп алынады.

Экономия  келесі құрастырушылардан тұратын  болады:

  • қызмет ету персоналдарының қысқартылуы.
      1.  Қызмет көрсететін персоналдың негізгі жалақысының жылдық қорын есептеу

 

Құрастырылған автоматты басқару жүйесіне қызмет көрсету песоналдары қолданылады, 4.3 – кестесінде көрсетілген.

 

 

 

4.3 к е  с т е – Қызмет көрсететін персоналдар тізімі

Мамандық

Саны

Айлық белгіленген жалақы, теңге.

Жылдық жалақы, теңге.

Инженер-технолог

1

95000

1140000

Оператор

4

70000

3360000

Барлығы

5

 

4500000


Қызмет ететін персоналға аударымдармен қоса жалақының жылдық қоры келесідей болады

            (4.11)

Бір жұмысшы  уақытының жоспарлық балансының есептелуі 3.4 кестеде келтірілген.

4.4 к е с т е – Жұмыс уақытының жылдық балансы

Баланс статьясы

Үзіліссіз өндіріс

1. Календарлық уақыт, Тк

365

2. Жұмыс емес күндердің саны,

сонмын бірге      – мейрам

– демалыс

114

10

104

3. Жұмыс уақытының номиналды қоры, Тн

251

4. Жұмысқа шықпаған күндер,

сонымен бірге – кезекті және қосымша отпуск

  • ауру бойынша
  • мем. міндеттіліктер
  • студенттерге отпуск

24

15

7

1

1

5. Жұмыс уақытының эффектілі қоры Тэф.

227

6. Ниминалды уақытты қолдану                       (Тэфн)*100

 

90,44

7. Жұмыс күнінің узақтылығы, сағ

8

8. Жұмыс уақытының қоры, сағ

1816


Автоматты басқару жүйесін ендіргеннен кейін қызмет көрсету персоналдары 2 адамға – 2 операторға қысқарады. Сонда қысқартылған қызмет көрсетуші персоналдың аударыммен қоса жылдық қоры:

Жалақының қысқартылған жылдық қоры – 720000 теңге.

Персоналдарды қысқарту арқылы аударыммен қоса жалақы бойынша үнемдеу келесідей болады

 

Осыдан  үнемдеу келесідей

Э= Фжқ.жаенд=4945500-5874,45=4939625,55 теңге.

Жылдық  экономикалық тиімділік

Эжэ=4939625,55- 0,32*9650036,438=  1851613,89 теңге.

 

Шығындардың өзін-өзі өтеу мерзімін келесі формуламен есептейміз

                                        Токуп. = Кдоп / Э      (4.12)

Төтеу мерз.= 9650036,438/4939625,55 =1,95жыл≈2жыл

 

    1.  Қаржы жоспары

 

Кредит бойынша банктік пайызды  және өндіріс кезінде ақша құнының өзгеруін есепке алу үшін дисконттауды жүргізу керек.  Бұл үшін болашақ үнемділіктің мәні жыл бойынша дисконттау коэффициентіне көбейтіледі.

Банктік пайыз 10% болсын. Сонда бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші жылдар үшін дисконттай коэффициенттерін аламыз:

;         
;

;

Дисконттау коэффициенттерін есепке алғандағы пайда мынаған  тең:

1 жыл  – 4939625,55 теңге*0,909=4490119,625теңге;

2 жыл– 4939625,55 теңге*0,826=4080130,704теңге;

3 жыл– 4939625,55 теңге*0,751=3709658,788теңге;

 

Бірінші  2 жылдағы пайда 8570250,329 теңге, ол инвестицияға кеткен 9650036,438 теңгені жаппайды. Инвестисияны жабу үшін 556355,13 теңге жетпейді.

Демек, дисконттауды есепке алғандағы шығындардың орнын  толтыру:

жыл немесе 2 жыл, 6 ай.

 

Қорытындылай  келе, жобаның шығындарын орнын толтыру 2 жыл 6 ай құрайды, бұл нормативті өзін-өзі  өтеу мерзімінен аз. Демек, ендірілетін  жүйе қолайлы, оны пайдалануға ұсынуға  болады. Шығындардың орнын толтыруын  есептеу кезінде басқарудағы  тез орындаушылықтың әсері және апаттық жағдайлардың пайда болуы  есепке алынбаған, бұл қондырғының  тиімділігіне, өнімнің есебіне, қондырғының  тұрып қалу уақытын азайтуға, демек  табыстың жоғарлауына біршама әсер етеді. Автоматтандыру еңбек өнімділігінің  өсуінің қайнар көзі болып табылады.

 

 

  1. Өміртіршілік қауіпсіздік бөлімі

Информация о работе Бетон қоспасын дайындаудың технологиялық үрдісінің қысқаша сипатталуы