Статистикалық мәліметтерді жинақтау туралы жалпы ұғым

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2013 в 14:09, реферат

Краткое описание

Статистика – бұл сандық көрсеткіштердің жиынтығы. Ол уақыт өткен сайын өзара байланыста әрқашан дамып, жетіліп, толығып отырады. Олай болса, оқыған, білімді адамдар сол көрсетілген сандық көрсеткіштерді оқи және түсіне білулері керек. Себебі, ондағы көрсетілген сандық көрсеткіштер арқылы мемлекетіміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму немесе кему процестерін толығымен көруге болады. Сонымен бірге статистикалық сандық көрсеткіштерді қолданып, оған талдау жасау арқылы болашаққа, яғни белгілі бір кезеңге болжам жасауға толық мүмкіндік туады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Статистика.docx

— 60.82 Кб (Скачать документ)

Кіріспе

Статистика – бұл сандық көрсеткіштердің жиынтығы. Ол уақыт өткен сайын өзара байланыста әрқашан дамып, жетіліп, толығып отырады. Олай болса, оқыған, білімді адамдар сол көрсетілген сандық көрсеткіштерді оқи және түсіне білулері керек. Себебі, ондағы көрсетілген сандық көрсеткіштер арқылы мемлекетіміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму немесе кему процестерін толығымен көруге болады. Сонымен бірге статистикалық сандық көрсеткіштерді қолданып, оған талдау жасау арқылы болашаққа, яғни белгілі бір кезеңге болжам жасауға толық мүмкіндік туады. Демек, статистикада жай әншейін берілген құрғақ сандық көрсеткіштер емес, онда тек қана айқын, дәлелді, нақты сандық мәліметтер көрсетіледі. Мысалы, республикамызда  қанша халықтың тұратындығы; оның ішінде еңбекке жарамдылары; дүниеге қанша сәби келіп, қанша адамның қайтыс болғаны; өнеркәсіп орындарының өндірген өнімдері, олардың түрлері; халықтың күнделікті керекті тұтыну заттарымен қамтамасыз ету; азық-түлік мөлшерінің қанша және қандай жағдайда екндігі; олардың облыстар, аудандарға қалай бөлінетінің біз әрдайым біліп отырғымыз келеді. Ендеше, ондай сұрақтарға толық жауапты тек статистика арқылы ғана алуға болады.            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Статистикалық мәліметтерді жинақтау туралы жалпы ұғым

Статистикалық мәліметтерді жинақтау – статистикалық зерттеудің екінші сатысы болып есептеледі және ол қоғамдық құбылыстар мен процестердің өзгерісін зерттеуде шешуші рөл атқарады. Оның негізгі мақсаты – статистикалық бақылау нәтижесінде жиналған мәліметтердің қорытынды көрсеткіштерін есептеу.

Статистикалық мәліметтерді жинақтау жай және күрделі болып екі түрге бөлінеді. Жай жинақтау дегеніміз – жиналған материалдарды топқа бөлмей, қорытынды көрсеткіштерін есептеу. Бұл – жинақтаудың ең жеңіл түрі және ол жиналған мәліметтердің көрсеткіштерін қосу арқылы есептеледі. Мысалы, республикамыздағы студенттердің жалпы санын анықтау үшін барлық жоғары оқу орындарындағы оқитын студенттердің санын есепке алып, қосамыз.

Күрделі жинақтау деп алдын – ала жасалынған бағдарлама бойынша жиынтық бірліктерін топқа бөлуді және әрбір топ бойынша сол жиынтықтардың жалпы мөлшерін есептеп шығаруды айтамыз. Мысалы, республикамыздағы студенттердің жалпы санын мамандықтары бойынша анықтау керек болса, онда әрбір жоғары оқу орындарындағы оқитын студенттерді мамандықтарына қарай қосу арқылы есептейміз және т.с.с.

Статистикалық мәліметтерді жинақтау екі түрлі жолмен ұйымдастырылады. Ұйымдастырудың бірінші жолы – барлық мәліметтерді бір орталыққа жинап, осында қорытынды жасау. Мысалы баланың тууы, адамның

өлуі, некелесу және ажырасу туралы есептеулерді алуға  болады. Екінші жолы – алғашқы мәліметтер төменгі сатыдағы мекемелерде жинақталып, қорытынды мәліметтер жоғарғы сатыдағы мекемелерге тапсырылады. Мысалы, аудандық, қалалық статистика органдары өз аумақтарындағы кәсіпорындар, ұжымдар, мекемелер, шаруашылықтар және тағы басқа ұйымдар бойынша бастапқы мәліметтерді жинақтайды, ал қорытынды көрсеткіштері облыстық статистика агенттігіне тапсырылады. Ал облыстық статистика органдары өздерінің әрбір аудан, қала бойынша жиналған мәліметтерінің қорытынды көрсеткіштерін Ұлттық статистика агенттігіне тапсырады.

Мәліметтер екі түрлі тәсілмен – қолмен және машинамен жинақталады. Материалдарды шифрмен белгілеу, оларды жинақтап, бөлу және оны қорытындылау қолмен жинақтау тәсіліне жатады. Машинамен жинақтау тәсілі электронды есептеу машиналары мен компьютер арқылы жүргізіледі. Қазіргі кезде статистика органдарында электронды есептеу машиналары мен компьютерлер түгелге жуық қолданылуына байланысты қолмен жинақтау тәсілі сирек қолданылады.

Сонымен, жалпы алғанда, статистикалық  жинақтау деп, бақылау нәтижесінде, жиналған бастапқы мәліметтерді ғылыми жүйеде өңдеуді және жиынтық бірліктерін  өздеріне тән белгілері бойынша  топқа бөліп, қорытынды көрсеткіштерді есептеуді айтады. Демек, мәліметтерді жинақтау жұмыстары көптеген аса күрделі есептеу тәсілдерін қолдануды талап етеді.

 

1.2 Статистикалық мәліметтерді топтаудың маңызы мен мақсаты және оның түрлері

Статистикалық бақылаудың нәтижесінде  жиналған бастапқы мәліметтерді қорытындылаудың  негізгі тәсілі топтау әдісі болып табылады.

Статистикалық топтау әдісі деп, қоғамдық құбылыстар мен процестерді өздеріне тән белгілеріне, өзара ұқсастығына  немесе аса маңызды өзгешеліктеріне, түрлеріне, үлгілеріне (типтеріне) сәйкес бір – бірінен ажыратуға болатын  топтар мен ішкі топтарға бөлуді айтады. Мұнда зерттеліп отырған қоғамдық құбылыстар мен процестер жиынтығы жекелеген белгілері бойынша  біртекті топтарға бөлінеді. Олардың  әрқайсысы статистикалық сандық көрсеткіштермен сипатталады. Сондықтан, топтау әдісі статистикалық зерттеудің аса маңызды кезеңі болып саналады және ол сатылы жүргізіледі.

Топтау әдісінің алдына қойған өз мақсаты мен мәні бар. Оның басты  мақсаты – жиналған мәліметтерге талдау жасау үшін ретке келтіріп, ықшамдау, өзгермелі белгілеріне  қарай іріктеу, жиынтық бірліктерін  қанша топқа бөлу керек екендігін  анықтау және көрсеткіштер жүйесін  белгілеу. Топтау әдісі статистикалық  талдаудың алғашқы сатысы ретінде зерттеу жұмысын әр түрлі бағытта жүргізуге көмектеседі.

Статистикалық топтау бір үлгідегі (типтік), құрылымдық және талдаулық болып үш түрге бөлінеді. Олардың әрқайсысының алдарына қойған жеке мақсаттары мен қолдану тәртіптері бар.

Бір үлгідегі (типтік) топтаудың мақсаты  біртектес топтарды, типтерді, сыныптарды әлеуметтік – экономикалық түрлеріне  қарай саралау болып табылады. Бір үлгідегі топтау төмендегі тәртіп бойынша жүргізіледі: 1) алдын – ала, пайда болатын типтерді, сыныптарды өздеріне тән сапалық белгілеріне қарай анықтап, белгілеп қою; 2) топтау белгілеріне сай топтарды анықтау; 3) жиналған сандық көрсеткіштерді белгіленген топтарға бөлу.

Бір үлгідегі топтауға мысал ретінде  төменде 1 – кестенің көрсеткіштерін келтірелік:

1 – кесте

Қазақстан халқының қоғамдық топқа бөлінуі, % есебімен

 

1959

1970

1979

1989

1995

Барлық халық

оның ішінде:

Қызметкерлер

Жұмысшылар

100

 

19,7

59,6

100

 

23,5

69,3

100

 

25,2

69,1

100

 

27,9

68,3

100

 

28,1

68,5

Ескерту: Ызғарбек Әміреұлы. ’’Статистиканың жалпы теориясы’’





         Жоғарыда берілген кестеден республикамыздағы халықтың қоғамдық тобының қалай өзгергенін және оның экономикалық маңызының зор екендігін көруге болады.

Бір үлгідегі топтау экономикалық, әлеуметтік, демографиялық зерттеу жұмыстарында жиі қолданылады. Мысалы, оған халық  шаруашылығы салаларын материалдық  және материалдық емес өріске, халықты білім дәрежесіне, ауыл шаруашылығын өндірістік бағытына қарай бөлу және тағы да басқа сапалық көрсеткіштер жатады. Сонымен бір үлгідегі (типтік) топтау дегеніміз статистикалық бақылау арқылы жиналған әр түрлі бағыттағы жиынтық көрсеткіштерді сапалық жағынан бір жүйеге келтіріп, топтарға бөлуі және оның қорытынды көрсеткіштеріне талдау жасауды айтады.

Құрылымдық  топтау. Статистикалық топтаудың екінші бір негізгі мақсаты – қоғамдық құбылыстардың ішкі құрамын анықтау. Атап айтқанда, біртектес жиынтықтың құрылымы мен оның құрамдас бөліктерін сипаттайтын көрсеткіштер туралы мәліметтер беру. Біртектес, біртипті жиынтық бірліктерінің өзгерісін өздеріне тән белгілеріне қарай бөлуді статистикалық құрылымдық топтау деп айтады. Бұл топтау әлеуметтік – экономикалық құбылыстар мен процестердің құрамын зерттеу кезінде кеңінен қолданылады. Мысалы, құрылымдық топтауды қолдана отырып, халықтың жас мөлшерін және жыныстық құрамын, білімін, ұлтын немесе жұмысшылардың мамандық дәрежесін, жұмыс стажын және т.б. көрсеткіштерін анықтауға болады. Төменде құрылымдық топтауға мысал ретінде республика халқының қалалық және ауылдық топқа бөлінуі көрсетілген:

2 – кесте 

Республика халқының тұратын  жері бойынша топқа бөлінуі

 

1959

1970

1979

1989

01.01.1996

Барлық халық, мың адам

Оның ішінде, % есебімен

Қалада 

Ауылда

9294,7

 

43,8

56,2

13008,7

 

50,3

49,7

14684,6

 

53,9

46,1

16536,6

 

57,2

42,8

16542,5

 

56,2

43,8

Ескерту: Ызғарбек Әміреұлы. ’’Статистиканың жалпы теориясы’’


Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерден  қала халқының үлес салмағының артқандығын, ал керісінше ауылдық жердегі  халық санының азайғандығын байқауға болады.

Көпшілік жағдайларда экономикалық және әкімшілік – аумақтық белгілеріне  қарай топқа бөлу кездерінде құрылымдық топтау әдісі қолданылады. Мұндай топқа  бөлінуді аумақтық – құрылымды топтау деп

атайды.

Құрылымдық топтауды жүргізудің тәртібі  төмендегідей: 1) топтаудың белгілерін анықтау; 2) топтау белгілеріне сай деңгей аралықтарын анықтау; 3) жиналған көрсеткіштерді топтарға және оның құрамдас бөліктеріне бөлу. Құрылымдық топтау статистикалық бақылау нәтижесінде жиналған біртектес жиынтық бірліктерін қорытындылаудың аса маңызды түрі болып саналады.

Талдаулық топтау. Әлеуметтік – экономикалық құбылыстар мен процестер әрқашанда бір – бірімен өзара байланысты және өзара тәуелді. Сондықтан жиынтық бірліктерінің өзара байланысын анықтау және олардың бір – біріне тигізетін әсерлерін, себептері мен нәтижелілігін зерттеу статистикалық көрсеткіштерді топтаудың осы түрінің негізгі мақсаты болып есептеледі.

Бір – біріне әсерін тигізетін  талдаулық топтаудың себептік белгілері қоғамдық құбылыстың өзгергендігін, ал нәтижелік белгілері сол себептердің тигізген әсерін көрсетеді. Мысалы, жұмысшылардың мамандық дәрежесін жоғарылату себептік белгіге жататын болса, ал осының салдарынан еңбек өнімділігінің өсуі нәтижелік белгіге жатады. Талдаулық топтауды толық түсіну үшін төменде келтірілген 3 – кестедегі көрсеткіштерді қарайық.

                                                                                                                                                                                    3 – кесте

Республика кеңшарларының  тыңайтқыштарды пайдалануына  орай дәнді дақылдардың түсімділігі

Пайдаланылған тыңайтқыштар мөлшері, % есебімен

Кеңшарлардың саны

Орташа түсімділігі, ц/га

30-ға дейін

30-50

50-80

Ескерту: Ызғарбек Әміреұлы. ’’Статистиканың жалпы теориясы’’80-100

620

1267

218

14

19,5

23,4

26,9

31,4

Ескерту: Ызғарбек Әміреұлы. ’’Статистиканың жалпы теориясы’’


Берілген кесте мәліметтерінен енгізілген тыңайтқыш мөлшерінің көбеюіне

байланысты (себептік белгі) әр гектардан түскен орташа түсімнің де артқандығын (нәтижелік  белгі) көруге болады. Сонымен, топтау белгісі себептік, ал сол топты көрсеткіштер жүйесі нәтижелік белгі болып саналады.

Талдаулық топтау әдісін жүргізудің өзіне тән төмендегідей тәртібі  бар: 1) себептік (факторлық) белгі бойынша топтар құрылады; 2) әрбір топтарды сипаттайтын себептік (факторлық) және нәтижелік белгілердің орташа шамалары есептеледі; 3) себептік (факторлық) және нәтижелілік белгілердің арасындағы өзара байланыстың ерекшеліктері анықталады.

Егер жиынтық бірліктері бір ғана белгі бойынша топталған болса, жай топтау деп, ал екі немесе одан да көп белгілеріне қарай топталған, бөлінген болса онда оны күрделі топтау деп атайды. Күрделі топтау кезінде зерттелетін жиынтық бірліктері бір ғана белгіге сай негізгі топқа бөлінеді. Содан соң әрбір топ басқа белгілері бойынша келесі шағын топтарға жіктеледі. Күрделі топтауды төменде келтірілген 4 – кестенің көрсеткіштерінен көруге болады:

4 – кесте 

Қазақстан бойынша аспиранттардың саны

 

1985

1990

1993

1995

Барлық аспиранттар

2226

2281

2565

3436

Оның ішінде:

       

Өндірістен қол үзіп оқитындары

1073

1503

1638

1072

Өндірістен қол үзбей оқитындары

1153

778

927

2364

Ғылыми мекемелерде

930

818

661

983

Оның ішінде:

       

Өндірістен қол үзіп оқитындары

292

412

337

433

Өндірістен қол үзбей оқитындары

638

406

324

550

Жоғары оқу орындарында

1296

1463

1904

2453

Оның ішінде:

       

Өндірістен қол үзіп оқитындары

781

1091

1301

639

Өндірістен қол үзбей оқитындары

515

372

603

1814

Ескерту: Ызғарбек Әміреұлы. ’’Статистиканың жалпы теориясы’’

Информация о работе Статистикалық мәліметтерді жинақтау туралы жалпы ұғым