Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2013 в 15:25, реферат
Ғылыми және әлеуметтік-саяси әдебиеттерде әлеуметтік құрылым түсінігінің бірнеше мағынасы бар. Кең мағынада бұл – қоғамның жалпы құрылысы, оның бүкіл негізгі элементтері арасындағы байланыстар жүйесі. Сондай-ақ, бұл ұғым әртүрлі әлеуметтік қауымдастықтардың түрлері және олардың арасындағы қарым-қатынастың: әлеуметтік-таптық, әлеуметтік-демографиялық, әлеуметтік-этникалық сияқты түрлерін сипаттайды. Әлеуметтануда "әлеуметтік құрылым” ұғымы "әлеуметтік жүйе” ұғымымен тығыз байланысты. "Әлеуметтік құрылым” түсінігі "әлеуметтік жүйе” түсінігінің бір бөлігі болып табылады және 2 компоненттен тұрады - әлеуметтік құрам және әлеуметтік байланыстар. "Әлеуметтік құрам” – бұл осы құрылым қамтитын элементтер жиынтығы. Екінші компонент – осы элементтер байланысының жиынтығын білдіреді.