Әлеуметтік қолдаудың экономикалық мазмұны, ақпаратты жүйелерінің негізі және түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Мая 2013 в 13:06, курсовая работа

Краткое описание

Тұрғындардың өндіріс, үлестіру, ауыстыру мен тұтыну саласындағы негізгі құқықтарын жүзеге асыру, нарықтық экономика жағдайында оның тәуекелділігін төмендету экономика саласындағы әлеуметтік саясаттың негізі болып табылатын әлеуметтік қорғау жүйесіне байланысты. Қазақстанда экономикалық реформалар жүргізу кезінде экономиканы дамыту және тұрғындарды әлеуметтік қорғау арасында байланысты нығайтуға сұраныс өсті.
Қазіргі кезде дамудың әлеуметтік бағытын көптеген елдер өз құқықтық-нормативтік құжаттарында заңды түрде бекітті. Ол мемлекеттер әлеуметтік саясатты жүзеге асыруға, оның ішінде: азаматтардың жұмыспен қамтамасыз етілуіне қамқорлық көрсетеді, денсаулық сақтау мен білім жүйелерін қол жетерліктей жүйеге келтіруге, тұрғындардың аз қамтылған бөлігіне әлеуметтік қолдау құрылымын дамытуға, кедейшілікпен және қылмыскерлікпен күресуге, қоғамдық – саяси және де ұлтаралық келіспеушіліктерге жол бермеуге ұмтылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Диплом. Әлеуметтік жұмыстағы ақпараттық технологилар.doc

— 507.50 Кб (Скачать документ)

Көптеген отандық  мақалаларда «әлеуметтік қорғау» категориясы әртүрлі жазылатынын айта кету керек. Бұл мәселе бойынша шетел тәжірибесі біздің елімізде тек кейінгі уақытта ғана тарала бастады, бізге келетін аспектілерді тәжірибеде тексеріп барып қолданысқа енгізуге уақыт жеткіліксіз өтті. Сондықтан кейбір авторлар әлеуметтік қорғауды әлеуметтік саясатпен және әлеуметтік теңдікпен жалпылайды. Нақты айтқанда жоғарыдағы ұғымдардың бірнеше ортақтастықтары да бар, дегенмен де оларды синонимдер деп санауға болмайды. Теңестірілген түсініктер қандайда бір дәрежеде жалпы қабылданған сипатқа ие емес. Мысалы, В. И. Патрушев әлеуметтік кепілдіктерді «білімнің, мәдениеттің, медициналық қызмет көрсетудің және тұрғын-үйдің, қарияларға қамқорлық етудің, аналар мен балаларға жәрдем берудің қол жетерліктей болуымен» қарастырады. Л. Э. Кунельский әлеуметтік кепілдік ретінде «мемлекет тарапынан көрсетілетін тегін қызметтерді» түсінген. Дамыған елдерде «мен қорғаныс» деген де түсінік бар. Францияда мемлекеттік деңгейде «жанұялық саясат» туралы айту қабылданған, ол жерде балаларды қорғауға алу басты назарда болады. Еңбектің халықаралық мекемесі еңбек етушілердің әлеуметтік қорғау деңгейін, ассоциация еркіндігін, түрлі қаралымдарды, қинап еңбек еткізуге жол бермеуді айыру керек екенін ұсынады, сонымен қатар олардың физикалық құндылығын сақтау қажет: техника қауіпсіздігі мен еңбек тазалығы; бала еңбегі туралы заңдылық және т.б., оларға қоса «Әлеуметтік қорғау» ұғымында ел экономикасының тиімділігі ескеріледі және де қоғамның саяси, әлеуметтік-экономикалық және психологиялық тұрақтылығы да сол экономика тиімділігінен тәуелді. [7, б. 185].

Жоғарыда аталған  түсініктерді ажырата түсіндіру  қажет. Аталған атаулардың арасындағы мағынансы жағынан ең кеңі ол «әлеуметтік теңдік» - бұл моралдық-құқықық түйсіктің әлеуметтік-саяси категориясы. Бұл түсінік адамның ажырамас құқығы туралы тарихи және ауыспалы пікірлерімен байланысты. Ол мүгедектер, әлеуметтік топ және олардың әлеуметтік нақты жағдайының, еңбек пен оның төленуі, құқық пен міндеттер және т.б. талаптарға сай болуын түсіндіреді. Бұл тұстағы сәйкес келмеушілік теңсіздік ретінде бағаланады. [8, б. 79; 9, б. 64]

Түрлі мемлекеттік  саяси жүйелерде әлеуметтік әділдіктің өзіндік ерекше сипаттары болады. Бүгінгі таңда Қазақстан ұмтылып  отырған қоғамның демократиялық  құрылымы нарыққа өту жолы арқылы әлеуметтік әділдікті жүзеге асыруға көп мүмкіндіктерге ие болады. Алайда демократия өте жоғары жетістікке жеткен кездің өзінде әлеуметтік әділдіктің барлық принциптері жүзеге асырылмайды. Нақты түрде бұл категоияның тәжірибемен толығуы уақыт бойынша ауыспалы және де қоғамның мәдени даму деңгейімен тұрғындардың өмір жағдайымен тығыз байланысты.      

«Әлеуметтік қолдау» («әлеуметтік қауіпсіздік») теримині алғаш рет 1935 жылы АҚШ– тың «Әлеуметтік қауіпсіздік бойынша Заңының» актісінде қолданылды, ол өз кезегінде қарияларға, еңбекке жарамсыздарға және жұмыссыздарға көмек беру бағдарламасын құруға шақырды. Осы шара аясында одан әрі әлеуметтік сақтандыру мен қамтамасыз ету, жұмыскерлердің минималды табысын кепілдендіру жұмыстарын, сонымен қатар еңбекті қорғау мен еңбек ақыны төлеу жағынан істерді кеңейте түсу қажет болды. [10, б. 53]       

«Тұрғындарды  әлеуметтік қолдау» экономикалық категориясының анықтамасын беруге тырысамыз; себебі экономикалық сөздіктерде, анықтама кітаптарында, мақалаларда бұл анықтама жоқ деуге болады. 

Әлеуметтік  қолдау категориясының тұжырымдамасы құрамына келесі атаулар енеді: табыс деңгейін қолдау, жұмыспен қамтамасыз ету саласында қызмет ету, жұмыспен қамтамасыз ету бойынша сұрақтарға жауап беру, кәсіби дайындық пен шағын кәсіпкерлікті дамытуды қоса есептегендегі біліктілікті арттыру бағдарламалары және т.б. Мысалы С. Баккулов келесі анықтаманы береді: «Әлеуметтік қолдау- ол қоғамдық дамудың нақты шарттарына сәйкес әлеуметтік қорғанысты қамтамасыз ететін мемлекеттік және тағыда басқа құралдарды тарату механизмі мен басымдылығы».

 С. Шеденков  әлеуметтік қорғауды тек адамдарға  қиындық уақыты түскенде ғана  емес ондай жағдайлардың алдын  алу үшін де көмек беру әрекеттер  жүйесі ретінде қарастырады.

  Ақпарат  технологияларын  жүйесі және принциптері

  Әлеуметтік  болжау көп уақыт бойы әлеуметтік  басқарудың жеке кезеңі ретінде  қарастырылмады.  Әлеуметтік болжаудың  қалыптасу кезеңі-ХХ ғасырдың 20-30 жылдары. Заманауи әлеуметтік  болжау 40-жылдардың аяғында пайда  болған жұмыстардан (Дж. Бернал, Н.Винер) басталады. Бұл кезеңде ғылыми-техникалық революция концепциялары құрылды, әлеуметтік процестерді болжау барысында іздестірушілік және нормативті болжау әдістерін қолданудың тиімділігі көрініс тапты.  

80-жылдардың  басына қарай болжамдар «жаңа өркениет» контурларын іздеуге араласа бастады. А. Тоффлер, Э. Шумахер және т.б. жұмыстарында заманауи жаһандық мәселелерді шешу әдістері көрсетілді. 

90-жылдары болжамдар  тұрақты даму концепциясы аясында  дами бастады. Отандық ғылымда  болжауға деген көптеген попытки 20-30 жылдары жүзеге аса бастады.

Ғылыми әдебиеттерде болжаудың мәнін түсіндіретін бірнеше  ыңғайлар бар. Олардың арасында ең көп  тарағаны И.В.Бестужевтің пікірі-«болжам  болашақтағы мәселені шешуді қарастырмайды, оның міндеті-даму жоспарлары мен бағдарламаларының ғылыми дәлелденуіне ықпал ету.

К. Шустердің  пікірінше, болжамның нақты сипаты болады және ол міндетті түрде «күнтізбемен»  байланысты, яғни белгілі-бір сандық бағалаулармен. 

   Әлеуметтік  болжаудың ерекшеліктері туралы  да айта отыру қажет. Біріншіден, мақсатты тұжырымдау жалпы және абстрактілі сипатқа ие: ол ықтималдықтың үлкен деңгейіне мүмкіндік береді.

Екіншіден, әлеуметтік болжау директивті сипатқа ие емес. Басқаша айтқанда, нұсқалық болжаудың  нақты болжаудан айырмашылығы болжау болжау әдістерін таңдау және шешуді дәлелдеуге ақпарат береді.

Үшіншіден, әлеуметтік болжаудың спецификалық әдістері бар: күрделі И экстраполяция, үлгілеу, эксперимент жүргізу мүмкіндігі.

Болжаулардың  жіктелуі

Әлеуметтік  ғылымда болжау маңызды орынды  алады. Ғылыми алдын-ала көру табиғаттың, қоғамның, ойлаудың заңдылықтарына негізделеді; интуциялық түрде-адамның бір нәрсені алдын-ала сезінуі, әдеттегі- тұрмыстық тәжірибеге негізделеді.

Кейде алдын-ала  көру түсінігін тек қана болашақ  туралы ақпаратқа ғана байланысты емес, қазіргі және өткен кезеңдерге жатқызуға болады. алдын-ала көру оны нақтылаудың екі формасының жиынтығын көрсетеді: көріпкелдік- (дескриптивтік немесе сипатаушы) және онымен байланысты басқару категориясына жататын көріпкелдік. 

Алдын-ала басқару ағымдағы басқарушылық шешімдерді мақсаттау, жоспарлау, бағдарламалау, жобалау түрінде көрінеді.

Мақсат қою- қызмет нәтижесін жоспарлау. Жоспарлау- адамзаттың қандай да бір құралдар негізінде құрылған мақсатқа жетудің  болашақты жобалау қызметі.

Жобалау- болашақтың нақты бейнесін, құрылған бағдарламалардың нақты детальдарын қалыптастыру.  Бағдарлама тұтастай алғанда жоғарыда аталған түсініктерді интеграциялайды, себебі олардың әрқайсының негізінде бірегей элемент-шешім жатыр. Бірақ басқару саласындағы шешімдер міндетті түрде жоспарлық, бағдарламалық, жобалық сипатқа ие болуы тиіс емес. Олардың көпшілігі (ұйымдастырушылық және жеке басқарушылық) басқаруды нақтылаудың соңғы кезеңі болады.

Бұл терминдер  болжамдарды, мақсаттарды, жоспарларды, бағдарламалар мен жобаларды, ұйымдық шешімдерді қалыптастыру процесі ретінде анықталуы мүмкін. Мақсат- жүзеге асырылатын қызметтің болжанатын нәтижесіне қатысты шешім. Жоспар-  түрлі шаралардың орындалу тәртібін, кезектілігін, мерзімі мен олардың орындалуын құралдарына қатысты шешім.  Бағдарлама- ғылыми-техникалық, әлеуметтік, әлеуметтік-экономикалық және өзге де мәселелер мен аспектілер сияқты шаралар жиынтығына қатысты шешімдер. Бағдарлама  жоспар алды шешім болуы мүмкін, сонымен қатар жоспардың қандай-да бір аспектісін нақтылауы мүмкін.

Жоба- нақты  әрекеттерге, құрылымдарға, яғни бағдарламаның  қандай-да бір аспектісін жүзеге асыруға  қатысты шешім.

Болжамдар болжамдардың негізін қалаушы болуы тиіс, жоспарлардың барысын, орындалуын (немесе орындалмауын), жоспарлауға, шешуге келмейтіндердің барлығын қамтуы қажет. Олар негізінде кез-келген уақыт бөлігін қамти алады. Болжау мен жоспар болашақ туралы ақпаратты операциялау әдістерімен бір-бірінен ерекшеленеді.

Болжаулардың  түрлері мақсаттар, міндерттер, объектілер, пәндер, мәселелер, сипаты мен әдістері, болжауды ұйымдастыру және т.б. критерийлер бойынша құрылуы мүмкін.  Ең маңыздысы болып мәселелі-мақсаттық критерий табылады, яғни болжау не үшін құрылады? Осыған сәйкес болжамдардың екі түрі бар: іздестірушілік (оларды бұрын зерттеушілік, трендтік, генетикалық және т.б. деп атады) және нормативті (оларды бағдарламалық мақсаттық деп атады). 

Іздестірушілік  болжау-болашақтағы мүмкін болатын  жағдайларды анықтау. Мұндай болжау қазіргі таңдағы тенденцияларды сақтау барысында қандай жағдай орын алуы ықтимал деген сұраққа жауап береді.

Нормативті  болжау-мақсат ретінде қабылданатын құбылыстың мүмкін болатын жағдайларының  жүзеге асуының жолдары мен мерзімдерін  анықтау. Мұндай болжау: болжанған нәтижеге қандай жолдармен қол жеткізе аламыз деген сұраққа жауап береді.

Іздестірушілік  болжау белгілі-бір мүмкіндіктер шкаласында құрылады, соңынан болжанушы құбылыстың ықтималдық деңгейі бекітіледі.

Нормативті  болжауда ықтималдықтар дәл осылай бөлінеді, бірақ керісінше тәртіпте. Нормативті болжау кейбір жағдайларда нормативтік жоспарлық, бағдарламалық немесе жобалық құрылымдарға ұқсас болып келеді.

Нормативті  болжау басқару саласындағы нормативті құрылымдарды шектемеуімен қатар, оның алғышарты болып табылады, объективтілігі деңгейін көтеру бойынша ұсыныстар қалыптастыруға, шешімдердің тиімділігін көтеруге көмектеседі.

Жоспарлы болжау (жоспар-болжау) мақсатты жоспарлы нормативтер, міндеттер үшін нормативті болжамдық  ақпаратты сұрыптау.

Бағдарламалық жоспар болжанушы құбылыстың болжанатын қалаулы жағдайына жетудің мүмкін болатын жолдары, шаралары мен жағдайларын құрайды.

Жобалық болжау бұл нақты қалай мүмкін болады және ол қалай көрінеді деген сұраққа  жауап береді. Мұнда іздестірушілік және нормативті құрылымджар жиынтығы маңызды. Жобалық болжаулар (оларды болжамдық жобалар, дизайн-болжамдар және т.б. деп атайды) перспективалы болжаудың оңтайлы нұсқаларын сұрыптауға негізделген.

Ағымдағы шешімдерді ұйымдық болжау (басқару саласына қатысты) қандай-да бір құбылыстың мүмкін болатын жағдайына жету мақсатында жүзеге асады және мақсатқа жету үшін қандай бағытта әрекет ету керек деген сұраққа жауап береді.

Болжау көзделген  уақыт аралығы бойынша оперативті, қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді, өте ұзақ мерзімді болып  бөлінеді.

Оперативті зерттеу объектісінің не сандық, не сапалық өзгерістері күтілмейтін перспективаға негізделген. Қысқа мерзімді-  сандық көрсеткіштер перспективасы, ұзақ мерзімді-тек сандық қана емес, сонымен қатар сапалық перспективаға негізделген.

Болжамның түрлі бағыттарының өзара байланысы

     Зерттеу  нысаны бойынша жаратылыстанушылық, ғылыми-техникалық және қоғамтанушылық (кең мағынасында әлеуметтік) болжамдар  болады.  Жаратылыстанушылық болжамдар  да алдын-ала көру мен алдын-ала  басқару арасындағы байланыс  маңызсыз, тіпті объектіні басқарудың мүмкін еместігінен мүлдем жойылуы мүмкін.

Қоғамтанушылық  болжамдарда бұл байланыстың  маңызы өте зор, ол өздігінен жүзеге асу немесе мақсат, міндеттер, бағдарламалар, жоспарлар, жобалар, тұтастай алғанда  шешімдер негізінде өздігінен бұзылу әсерін береді. Осыған байланысты бұл жерде іздестірушілік және нормативтік құрылымдардың жиынтығы, яғни басқару әсерін жоғарылатуға бағытталған шартты алдын-ала көруге негізделу қажет. Ғылыми-техникалық болжамдар бұл қатынаста аралық жағдайға ие.

Жаратылыстанушылық  болжамдар келесі бағыттарға бөлінеді:

  1. метеорологиялық ( ауа-райы, әуе ағындары және өзге де атмосфералық құбылыстар); 
  2. гидрологиялық (теңіз толқындары, судың ағу режимі, тасқындар, цунами, дауылдар, өзге де гидросфералық құбылыстар);

3)     геологиялық (пайдалы қазбалар  кені, жер сілкінісі, көшкіндер,  өзге де литосфералық құбылыстар);

4)  биологиялық  (фенологиялық және ауыл шаруашылық ( өсімдіктер әлеміндегі, биосферадағы  сырқаттылық және өзге де құбылыстар);

5) медициналық-биологиялық  (қазіргі таңдағы басымдылық танытатын  сырқаттар); 

6) космологиялық  (аспан денелерінің, газдардың,  шағылыстардың, космосфераның барлық құбылыстарының жағдайы мен қозғалысы);

7) микроәлем  құбылыстарының физикалық-химиялық  болжамдары.

Ғылыми-техникалық болжамдарды инженерлік деп атайды, олар тар мағынасында механизмдердің, машиналардың, құралдардың, электронды аппаратураның, техносаланың барлық салаларының жұмыс істеу режимдерін және деректердің перспективалы жағдайын қамтиды.

Информация о работе Әлеуметтік қолдаудың экономикалық мазмұны, ақпаратты жүйелерінің негізі және түрлері