Әлеуметтанулық ілімдер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2013 в 21:34, реферат

Краткое описание

Герберт Спенсер-ағылшын философы,психолг,инженер және әлеуметтанудың негізін қалаушынардың бірі, әлеуметтанудағы эволюционизмнің классигі. 1820 жылы Англияның Дерби деген шағын каласында мектеп мұғалімінің отбасында дүниеге келді. Денсаулығының әлсіздігінен 13 жасқа дейін мектепке бармаған. Спенсер өз өмірінің көп бөлігін тұрлі академиялык және ресми қызметтерден бас тарткан тәуелсіз ғалым және публицист ретінде өткізеді.

Содержание

О.Конт – әлеуметтану ғылымының негізін қалаушы;
Г.Спенсердің органикалық теориясы;
Э.Дюркгеймнің әлеуметтанулық ілімі;
М.Вебердің түсіну әлеуметтануы;
К.Маркстің әлеуметтанулық теориясы;

Прикрепленные файлы: 1 файл

соц.docx

— 58.53 Кб (Скачать документ)

оқиғалардың ретсіз тізбегі  немесе өнерде жаттығулар жасау мүмкіндігі болып көрінеді".

Ол тағы да былай деп жазады: "Эволюцияның бір-бірінен мүлдем басқа екі түрін: біз

органикалық деп атайтын субстанцияның эволюциясын және біз әлеуметтік деп атайтын

басқа субстанцияны мойындауға болады.

Логикалық тұрғыдан алғанда, Спенсердің әлеуметтік пен шамадан тыс органикалығы

шамадан тыс органикалық шамадан тыс психикалық пен теңдестірілетін креберлік

ұстанымға сай емес. Еске сала кетейік, Спенсер алғашында әлеуметтік саланы шамадан

тыс органикалықпен теңдестірді, өйткені ол үшін шамадан тыс органикалық әлеуметтік

процестерден туатын белгі  немесе сапа болды. Шамадан тыс органикалық құбылыстар,

оның көзқарасынша, органикалық  табиғатқа тікелей тәуелді болды және соңғының

құрылымы мен қызметіне  орай өзгеріп отырды. Кребер үшін болса, шамадан тыс

органикалық феномендер органикалық  және психологиялық деңгейлерден тәуелсіз;

мәдениетке өзара қарым-қатынасқа түсетін жеке адамдардың "психикалық қызметі"

енбейді, ол "психикалық жұмыс  жиынтығы немесе ағынының өнімдерін, жеке адам

психикасына байланысты емес идеялар ағынын қамтиды. Осы алғышарттардан алғанда,

мәдениет — адам оның болмысының жасаушысы мен көзі емес, құралы мен алып.

Бұл айқын тұжырымдар Кребер үшін мәдениет немесе өркениет жеке адамдарға да,

қоғамдарға да тәуелсіз мән екенін анық танытады. Демек, мәдениет нақты өмірдің дербес

деңгейі ретінде шамадан  тыс органикалық және шамадан тыс психикалық болып қана

емес, эволюциясы мен тарихы қоғамға тікелей байланысты болмағандықтан "шамадан тыс

әлеуметтік" болып та атала  алады. Осы алғышарттан қисын іздесек, әлеуметтік деңгейді

мәдениеттегі деңгейден бөлектеу керек, өйткені, мәдени деңгей әлеуметтікке қарағанда

"барынша жоғары" деңгейді  құрайды. Алайда іс жүзінде Кребер, өз буынының

антропологтары сияқты, мәдениет пен қоғам арасында айырмашылық жүргізу қажет,

деуден тан бауына қарамастан, мәдени шамадан тыс органикалықты әлеуметтікпен

теңдестірді. Өзінің көп жылдан кейін жазған "Әлеуметтік аталатын ғылым туралы"

мақаласында ол, құбылыстардың  төрт негізгі деңгейін, атап айтқанда, "органикалық емес,

органикалық, психикалық және әлеуметтік мәдени", бөле-жара көрсетеді, осынысымен де

ол әлеуметтік және мәдени салаларды әлі де теңдестіреді.

Сонымен қатар ол, қоғам  — мәдениеттің алып жүрушісі және ол әрқайсысының жеке

психикасы бар адамдардан тұратынын мойындайды. Ең биік деңгейде мәдениетті жоғарғы

қабат, ал, қоғамды — төменгі" деп көрсетуге болады. Ақыр соңында Кребер, кейіннен,

түзетілген "Антропологиялар" және, әсіресе, "Мәдениет табиғаты" очерктер жинағында

әлеуметтік және мәдениет категорияларын қатаң ажыратудың логикалық қажеттілігін

мойындады.

 

 

Герберт Спенсер

Уикипедия жобасынан алынған мәлімет

Мында өту: шарлау, іздеу

Герберт Спенсер (1820-1903 ж.ж.) - ағылшын философы, әлеуметтанушысы, психологы және инженер, әлеуметтанудың негізін қалаушынардың бірі, әлеуметтанудағы эволюционизмнің классигі. 1820 жылы Англияның Дерби деген шағын каласында мектеп мұғалімінің отбасында дүниеге келді. Денсаулығының әлсіздігінен 13 жаска дейін мектепке бармаған. Спенсер өз өмірінің көп бөлігін тұрлі академиялык және ресми қызметтерден бас тарткан тәуелсіз ғалым және публицист ретінде өткізеді. Еңбектер жазуға дейін ол теміржолда инженербақылаушы болып (1837 - 1846), "Экономист" журналының екінші редакторы (1848 жылдан бастап) болып қызмет аткарды, саяси өмірге араласуға тырысты. Спенсердің басты еңбегі — "Синтетикалық философия" жүйесінің он томы, ол теориялық жаратылыстану мен қоғамдық ғылымдарды ортақ эволюциялық идеямен біріктіре отырып, мыналарды қамтьщы: "Негізгі бастамалар" (1862, болмыстың алғашқы принциптері туралы кітап), "Биологияның негіздемелері" (1864 - 1867), "Психология негіздемелері" (1879 - 1893), "Әлеуметтану негіздемелері (3 томдык, 1876 — 1896). Баска да аса маңызды әлеуметтану еңбектері — "Әлеуметтік статика" (1850) және "Әлеуметтану зерттеу пәні ретінде" (1873). Спенсер өзінің теориясывда эволюциялық сатылардьщ сызықтық емес тұжырымдамасын бейнелейді. Ол прогресті қоғам күрделілігінің дөрежесімен өлшемек болды. Адамзат қоғамы дамуының ортақ үрдісі С. бойынша қарапайым бөлінбеген тұтастықтан күрделі гетерогенді құрынымдарға өту қозғалысы болды, мүңда неғүрлым маманданған бүтіннің бөлшектері өзара байланыса отырып жеке-жеке салаларға бөлініп кетеді. Спенсердің айтуынша, қоғамньщ дамуы барысында бір әлеуметтік институттар орындаған әлеуметтік іс-әрекеттер кешені ендігі жерде жаңадан пайда болған немесе бүрыннан бар институттар арасында бөлінеді. Саралану қоғамның өртұрлі бөлшектерінің үдемелі мамандануын білдіреді де, қоғам ішіндегі гетерогеңцікті көбейте түседі. Мәселен, бұрыңғы заманда отбасы репродуқтивті, экономикалық, құрылымдықжәне аздап саяси функциялар аткзрды. Алайда қоғам дамыған сайын, бұрындары бір ғана әлеуметтік институт — отбасы атқарған әлеуметтік іс-әрекеттер кешені еңдігі жерде баска институттар арасында бөліске түседі. қалай дегенмен де, қазіргі қоғамдарда Жұмыс пен білімнің мамандандырынған институттары отбасынан тыс дамуда. Сонымен, Спенсер эволюция деп аталған процеске мынадай жалпы анықтама береді. Эволюция дегеніміз — қозғалыстың тармақталуымен қоса жүретін және оның барысында зат белгісіз, байланыссыз әртектілік күйінен белтілі, өзара байланыскзн әртеқті күйге әсер ететін заттар интеграциясы, ол зат сақтаған қозғалыс дәл осындай өзгерісті бастан кешіреді. Спенсер бірінші тәсілді — органикалық үқсастықты дәйекті тұрде жақтады. Бұл оның позитивистік ұстанымынан туған еді. Қоғамды ағзаның ерекше тұрі деп карастыратынын айта келіп Спенсер бынай деп мәлімдейді: "Біз қоғамды ерекше мән ретінде карастыруға күқынымыз; себебі ол дискретті бірліктерден құралса да, әр қоғамньщ алып отырған орны шеңберіндегі жалпы ұқсастықтарды ғасырлар бойы және тұтас ұрпақтарда сақтау олардың күрған агрегатыньщ белтілі бір нақтылығын корсетеді". Бұл агрегатты қай тапқа — органикалық немесе органикалық емес тапқа жатқызу кереқтігі күдік туғыза қоймас: әрине, органикалық тапқа жатады. "әлеуметтану негіздері" деген еңбек тарауларының бірінде "Қоғам дегеніміз организм" деп аталады. Әлеуметтік және қоғамдық ағзалардың үқсастықтары: 1) биологиялық организм сияқты қоғамның көлемі үлкейіп, өседі (органикалық емес агрегаттарда Бұлай болмайды); 2) биологиялық және әлеуметтік азғалар өскен сайын өзгеріп, олардың ішкі құрылымы күрделілене түседі; 3) биологиялық организмдерде де, әлеуметтік ағзаларда де құрылымның күрделіленуі олардың органдарының әртұрлі функцияларының саралануын тудырады; 4) екінші және үшінші проңестер барысында құрылымды құрайтын барлық органдардың өзара әрекеті мен ықпалы дамып күшейеді; 5) қоғамда да, биологиялық ағзада де тұтас нәрсе ыдырай бастаған кезде, жеке бөлшектер белтілі бір уақытта өзінің тәуелсіз тіршілігін жалғастыра алады. Сонымен қатар, агрегат өмірін қысқартатын ешбір апат болмаса, тұтас нәрсенің өмірі оның бөлшектеріне қарағанда ұзақ болады. Сонымен біз тұтас ағзаның өмірі — биологиялық болсын, әлеуметтік болсын — оны күрайтын бөлшектердің өміріне, соларға тәуелді бола тұрса да, солардан түзілетін болса да, оларға мүлдем үқсамайтынын көреміз. Әйтсе де биологиялық және әлеуметтік ағзалардың арасындағы ұқсастығының айқындығы соншалық, оны байқамау мүмкін емес. Спенсердің ойынша, әлеуметтік ағза үш негізгі органдар (институттар) жүйесіне бөлінеді: реттеуші (басқарушы), өңдірістік (қолдаушы) және реттеп-таратушы (қатынас жолдары, көлік, сауда, т.б.) Ғылымға қазіргі мағынасындағы "эволюция" терминін енгізгеннен баска Спенсер жалпы ғылыми әлеуметтану парадигмасының қалыптасуына қандай жаңалықтар енгізді? Біріншіден, Спенсер қоғамдық күбыныстарды талдауда эволюциялық әдіс қолданды. Екіншіден, ол эволюция идеясының жануарлар-өсімдіқтер әлемі мен қоғамға ғана емес, сонымен бірге органикалық емес табиғатқа да қолданылатынын көрсетті — Бұл идея геологияда жақсы дамыды. Ал үшіншіден, эволюциялық әдіске сүйене отырып, Спенсер Еуропада жаңа заманнан бері қалыптасқан прогресс өлшемдері жөніндегі түсінікті қайта қарастырып, әлеуметтанудың ғана емес, сондай-ақ жүйелі талдаудың калыптасуына да маңызды рөл аткарған прогресс-эволюцияның өзіндік тұжырымдамасын жасады.

Спенсер Герберт туралы қазақша реферат

Спенсер  Герберт (27.4.1820, Дерби, — 8.12.1903, Брайтон), ағылшын философы және әлеуметтанушы, позитивизмнің негізін салушылардың бірі.  Темір жолда инженер болып жұмыс жасады (1837—41),  одан кейін «Экономист» («Economist») (1848—53) журналында қызмет атқарды,  өмірінің көп бөлігін ғылыми ізденіс бөлемесінде өткізді. С. Философиясы О. Конта хпозитивизмін жалғастырды, дегенмен ол өз көзқарастарын оған байланыссыз деді. Д. Юмның агностицизмі және Дж. С. Миллдің , кантианствосы, Ф. Шеллинга және шотланд мектебінің натурфилософиялық идеялары әсер етті.

1820 жылы Англияның  Дерби деген шағын қаласында  мектеп мұғалімінің отбасында  дүниеге келді. Денсаулығының  әлсіздігінен 13 жасқа дейін мектепке  бармаған. Әкесі мен ағасының  көмегімен үйінде оқып, өмір бойы  өздігінен білім алуға және  өз күшіне сенуге машықтанған.  Бұл, бір жағынан, тұжырымдарының  өткірлігіне, ойларының ерекшелігіне  оң ықпал етіп, осы үшін көзі  тірісінде «ағылшын Аристотелі»  деген атқа ие болса, екінші  жағынан, дүниетанымының қалыптасуына  тірек болған және өз бетінше  игерген жаратылыстанудың ескі  қағидаларынан аса қиындықпен  бас тартуының салдары болды.

Спенсер өз өмірінің көп бөлігін түрлі академиялық және ресми қызметтерден бас тартқан тәуелсіз ғалым және публицист ретінде өткізеді. Еңбектер жазуға дейін ол темір жолда инженер-бақылаушы болып (1837-1846), «Экономист» журналының екінші редакторы (1848 жылдан бастап) болып қызмет атқарды, саяси әмірге араласуға тырысты.

Спенсердің басты  еңбегі – «Синтетикалық философия» жүйесінің он томы, ол теориялық  жаратылыстану мен қоғамдық ғылымдарды ортақ эволюциялық идеямен біріктіре отырып, мыналарды қосты: «Негізгі бастамалар» (1862, болмыстың алғашқы принциптері жайында), «Биологияның негіздемелері» (1876-1896). Сонымен қатар, басқа да маңызды социологиялық еңбектері «Әлеуметтік статистика» (1850) және «Социология зерттеу пәні ретінде» (1873).

Спенсерді позивитизмнің  негізін қалаушылардың бірі деп есептейді. Оның өмірі мен шығармашылық уақыты социологияның жеке ғылыми пән ретінде қалыптасу уақытымен  сәйкес келеді. Ол тек социологияның ғана емес, антропологияның дамуына үлес қосып, классикалық әлеуметтік ілімнің органикалық және эволюциялық мектептерінің негізін салушы.

Спенсердің барлық социологиялық ой-тұжырымдары өзі  бұрын жасаған, Дарвиндікінен тәуелсіз эволюция теориясына сүйенеді. Қоғамның эволюциялық теориясы – табиғат  философиясының қосалқы бөлшегі, өйткені  әлеуметтік эволюция – әлем бағынған ұлы процестің бөлшегі. Барлық ғылымдарға ортақ принциптерді ол философиялық деп атайды. Бізді табиғаттың ортақ заңы және барлық ғылыми заңдардың жиынтығы ретінде эволюция заңы басқарады. Ғылым да, философия да дүниені бір ғана бағалау және индукция тәсілімен зерттеп біледі, тек философия өзінің зерттеу саласын шектемейді. Бірақ дүниенің шынайы мәні екеуіне де жұмбақ. Біздің танымымыз әрқашан салыстырмалы және тәжірибе мен эмпирия саласымен шектелген.

 


Информация о работе Әлеуметтанулық ілімдер