Әлеуметтанулық ілімдер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2013 в 21:34, реферат

Краткое описание

Герберт Спенсер-ағылшын философы,психолг,инженер және әлеуметтанудың негізін қалаушынардың бірі, әлеуметтанудағы эволюционизмнің классигі. 1820 жылы Англияның Дерби деген шағын каласында мектеп мұғалімінің отбасында дүниеге келді. Денсаулығының әлсіздігінен 13 жасқа дейін мектепке бармаған. Спенсер өз өмірінің көп бөлігін тұрлі академиялык және ресми қызметтерден бас тарткан тәуелсіз ғалым және публицист ретінде өткізеді.

Содержание

О.Конт – әлеуметтану ғылымының негізін қалаушы;
Г.Спенсердің органикалық теориясы;
Э.Дюркгеймнің әлеуметтанулық ілімі;
М.Вебердің түсіну әлеуметтануы;
К.Маркстің әлеуметтанулық теориясы;

Прикрепленные файлы: 1 файл

соц.docx

— 58.53 Кб (Скачать документ)

 

К. Маркс өз заманында таптар туралы ілімді одан әрі дамытып, өзінің тап күресі туралы теориясын негіздеді. Ол таптардың пайда болуының экономикалық себептерін ашып көрсетті.Бұл себептерге К. Маркс қоғамдық еңбек бөлінісі мен жеке меншіктің шығуын жатқызады. Сонымен қатар К. Маркс қоғамда негізгі және негізгі емес таптардың болатынын атап көрсеткен. Негізгі таптар қоғамдағы өмір сүріп тұрған негізгі меншік қатынастарының түрінен туындайды. Сонда: құл иеленушілік қоғамдық-экономикалық формацияның негізі таптары  - құл иеленушілер мен құлдар; феодалдық қоғамда – феодалдар мен шаруалар; капиталистік қоғамда – буржуазия мен жұмысшы табы негізгі таптар болып есептеледі.

Страницы:12следующая →

Описание  работы

Дәріс сұрақтары: 
О.Конт – әлеуметтану ғылымының негізін қалаушы; 
Г.Спенсердің органикалық теориясы; 
Э.Дюркгеймнің әлеуметтанулық ілімі;

 

 

 

 

 

Маркс пен Энгельс "Коммунистік партияның манифесінде": "Ерікті мен құл, патриций мен плебей, помещик пен крепостной, мастер мен кіші мастер, қысқасы, езуші мен езілуші бірімен-бірі ылғи антатонист болып, бірде жасырын, бірде айқын түрде үздіксіз күресіп келді, бұл күрес әрқашан бүкіл қоғам тұрмысын революциялық түрде қайта құрумен немесе күресуші таптардың жалпы жойылуымен тынып отыратын" деген. Олар тап күресі таптық қоғамдардың дамуының зандылығы және қозғаушы күші деп есептеді. 

 

Базис  адамдардың экономикалық саладағы барлық өзара қарым-қатынастарын қамтиды.  Бұл саланың ұйытқысы және неғұрлым серпінді элементі өндіргіш күштер.  

 

Базис және қондырма  

 

Маркс базис пен қондырғы теориясынан  көрініс табатын, кез-келген қоғамның әлеуметтік құрылымының талдамалық кестесі жасалынады. Бұл екеуі бөлінбейтін егіз ұғым, оның біріншісі екіншісінің негізі.  

 

Қондырғы, қоғамда бар мемлекет, отбасы немесе әртүрлі  идеологиялар сияқты институттарды қамтитын санат болып табылады.  

 

Базистің табиғаты қалай өзгерсе, қондырманың табиғаты да солай өзгереді.

Қоғамдық-экономикалық формациясы  

 

Маркс пен Энгельстің еңбектеріне сүйене отырып, қоғамдық- экономикалық формацияны оған тән  өндіріс тәсілі, әлеуметтік құрылымы, саяси жүйесі мен рухани өмірі бар өзінің дамуының белгілі бір тарихи сатысында тұрған қоғам ретінде қарастырамыз. Бес қоғамдық- экономикалық формация атап көрсетілді: алғашқы- қауымдық, құлиеленушілік, феодалдық, капиталистік және коммунистік. 

 

Алғашқы қауымдық

Құлиеленушілік 

Феодалдық

Капиталистік 

Коммунистік


 

 

 

Олардың әрқайсысы, біріншіден, сапасы жағынан қоғамның белгілі бір типі ретінде, екіншіден, қоғамдық прогрестің сатысы ретінде сипатталады. «Қоғамдық- экономикалық формация» ұғымы қоғамды біртұтас әлеуметтік жүйе ретінде түсінуге мүмкіндік берді. Жоғарыда көрсетілген қоғамдық- экономикалық формациялар әлемдік тарихи процестің объективтік үрдісін көрсетеді. Олар тарихи процестің әртүрлі сатыларында дүниеге келе бастады. Әрбір жаңа формация қоғамның оданда гөрі жоғары типі болып саналады. Формациялық талдау методологиясы қоғамның бір формациядан басқасына күрделі өту процесің, бұл өтудің жолдары мен тәсілдерін, субъективтік және объективтік факторлардың өзарабайланысын зерттеуге негіздейді 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі  

 

  1. Әлеуметтану.  Қазақстан әлеуметтанушылар қауымдастығының президенті, ә.ғ.д., профессор М.М.Тажиннің жалпы редакциясының басқаруымен шыққан. 1-2 кітап. Алматы, Қазақ университеті, 2005
  2. А.И.Икенов «Әлеуметтану негіздері»
  3. Кравченко А.И Социология”, М., 2000.
  4. Б.Ж.Смағамбет. Шетелдік әлеуметтану тарихы. Астана, 2010
  5. Тәжин М., Аяғанов Б Әлеуметтану негіздері А., 1993
  6. Забирова А.Т. Практикалық әлеуметтану. Астана, 2011, - 196б
  7. Павленок П.Д. Социология”, М.,2002
  8. Булатова А., Исмағамбетов З. Курс лекции по социологии, А., 2002

 

 

1

 

 

 

 

 

 

3. Шамадан тыс органикалық  ұғымы

Антропологтар арасында мәдениет шамадан тыс органикалық феномен  екендігіне

қатысты келісімге қол  жеткен. Алайда шамадан тыс органикалық  ең кем дегенде үш түрлі

түсіндірілуі мүмкін екенін (және шындығында да түсіндірілгенін) ұмытпау керек.

Көрсетілген терминді айналымға  енгізген Г. Спенсердің айтуына сай, "шамадан тыс

органикалық эволюция" негізгі  өсіп шығатын процесс болып табылады. Атап айтқанда, ол

"Егер бүл жерде Эволюцияға  жол жоқ болса, біз, шамадан  тыс органикалық деп анықтаған

формасы басқадан емес, оның органикалық формаларынан, байқалмайтын өтпе арқылы

пайда болуы тиісті. Оны  көптеген жеке адамдардың іс-әрекеттерін өзара үйлестіруді

көздейтін барлық процестер  мен өнімдерді қамтитын деп анықтау тиімді болар еді".

Спенсердің пікірінше, шамадан тыс органика - лық феномендердің әртүрлі топтары, атап

айтқанда, аралар мен соналардың әлеуметтік ұйымы, құстар қоғамдастығы, топ болып

жүретін хайуандар қоғамдары бар. Адамның шамадан тыс органикалық эволюциясы —

тұтастай алғанда шектен тыс эволюцияның мейлінше күрделі формасы ғана. Соңғысы, тек

адамға ғана тән сипат  емес болса керек. Әлеуметтану, Спенсердің пікірі бойынша,

қоғамның, оның құрылымдары, қызметтері және іс-әрекет нәтижелерінде көрініс табатын

шамадан тыс органикалық феномендермен ғана айналысуы тиіс". Әрбір қоғамның

шамадан тыс органикалық ортасы сол қоғам мен көршілес қоғамдар арасындағы іс -

әрекеттер және жауап іс-әрекеттерімен қалыптасады. Сондай-ақ біз әдетте жасанды деп

ажырататын, бірақ, философиялық тұрғыдан алғанда, табиғилығы эволюцияның өзге

өнімдерінен кем түспейтін  шамадан тыс органикалық өнімдердің жинақталуы жүзеге асып

отырады." Бұл шамадан  тыс органикалық өнімдерінің қатарына Спенсер материалдық

бейімделулерді: тіл, ғылым, салт-дәстүр, заңдар, философиялық жүйелер, тұтастай

алғандағы эстетикалық өнімдер мен өнер, оның ішінде музыка, драма мен әдебиетті

жатқызады. "Шамадан тыс органикалық өнімдердің — әрқайсысы өз ішінде жаңа тектер

мен түрлерді дамыта отырып біртұтас іріге ұлғаятын жөне әрқайсысы басқа жүйелерге

эсер ете отырып олар тарапынан  да жауап эсер алатын — бұл әртүрлі  жүйелері (деп

анықтайды Спенсер) бәрі біріге келе өте көлемді, өте қуатты әсер ету буынын жасады.

Әлеуметтік эволюция барысында  олар жеке адам мен қоғамды үнемі  өзгеріске түсіреді

және сонымен бірге соңғылардың күш - қажыры арқасында өздері де өзгеріске ұшырап

отырады. Олар бірте-бірте біздер қоғамның өзінің жансыз бөлігі немесе оның екінші

ортасы деп атауымызға болатын, уақыт өте келе біріншіден де маңызды орта болып

шығатын мәнді қалыптастырады. Оның маңыздылығы сонша — әлеуметтік өмірді

осындай органикалық емес және органикалық жағдайларда қолдап отыруға мүмкіндік

туады, ал, мұндай жағдай бұрын мүлдем мүмкін емес-ті".

Бұл ретте Спенсер үшін шамадан тыс органикалық — әлеуметтік үрдістер мен

нәтижелердің адамдар  қоғамына ғана емес, жануарлар қоғамына да тән ішкі құрамдасы

екенін атап айту маңызды. Адамның шамадан тыс органикалық іс - әрекеті жануарлардың

шамадан тыс органикалығынан типологиялық тұрғыдан айырмасы болатынымен және

барынша күрделілігімен сипатталады. Спенсер шамадан тыс органикалығы бар

феномендер саласын органикалық  феномендер саласынан қатты бөліп тастамайды;

шамадан тыс органикалық феномендер органикалыққа тікелей тәуелді және соңғыларға

сай өзгеріп отырады. Әлеуметтік шамадан тыс органикалық Спенсер үшін

органикалықтың шегінен  шығатын әлдене емес, өзінің эволюциялық  дамуының

органикалық заңдылықтарына бағынатын әлдебір супер организм. Сондықтан да Спенсер

қоғам туралы ол өзінше бір организм ретінде айтты. Шамадан тыс органикалық

өнімдердің жиынтығынан  жасалған екінші орта адамзат қоғамы мүшелерінің

үйлестірілген қимыл - қарекетіне тәуелді болатындықтан да шамадан тыс органикалық

болып шығады. Оның шектен тыс негізгілігі адамзат қоғамына тәуелділігіне емес,

әлеуметтік тәуелділігіне  байланысты.

Екінші мағынасында —  көптеген қоғамтанушылар қабылдаған мағынасында "шамадан

тыс органикалық" деп яғни, мәдени эволюция адамның органикалық құрылымы аясымен

 

шектелмейтінін тап деп түсінеді. Адамның мәдениеті туралы шамадан тыс органикалық

деп психологиялық мағынасы тұрғысынан, яғни бұл ретте адамның жаңалық табуға және

рәміздерге қабілеті мәдени өмірдің жаңа формаларын өзінің органикалық құрылымына

соған қажет деген қандай да бір өзгеріссіз - ақ жасауға мүмкіндік беретіні айтылады.

Шамадан тыс органикалықтың бүл түйінді сөзі мәдениет пен адамның психологиялық

табиғатының арасындағы ішкі байланысты жоққа шығармайды, керісінше оны тікелей

байланыс деп біледі. Басқаша айтқанда, психология деректері адамзат мәдениетінің көп

түрлілігінің бәрін түсіндіруге жеткіліксіз болғанымен олар адамзат мәдениетінің кейбір

универсалды сипаттарын, сондай-ақ ерекше мәдени феномендердің негізінде  жатқан

себептерді түсіну үшін қажет. Мұны айтпағанда, әңгіме мәдениет дегеніміз  адамның

психологиялық, шамадан тыс органикалық табиғатына тәуелділігі туралы болғандықтан

мәдени феномендерді қоғамға да, жеке адамға да қаратылатыны арқылы түсіндіруге

болатынын атап айту керек.

Үшіншіден, A. JI. Кребердің "Шамадан  тыс органикалық" мақаласындағы, бұл термин

органикалық емес, яғни органикалық  аясынан шыққанды белгілеу үшін пайдаланылады",

Спенсердің терминін өзінің мәдениет теориясына бейімдей отыра Кребер, Спенсердің

шамадан тыс органикалықты әлеуметтікпен пара - парланатынын дұрыс көрді. Алайда, ол

қарастырылып отырған  терминнің мағынасын адам қызметінің "шамадан тыс

органикалық" саласымен  шектеді. Бұған қоса Кребер Спенсердің эволюцияның үш

деңгейін, атап айтқанда, органикалық  емес, органикалық жөне әлеуметтік деңгейлерін

өзара ажырататынын қабылдады, алайда онымен келіспейтін тұсы —  әлеуметтік немесе

шамадан тыс органикалық эволюцияны адам мәдениетіне немесе өркениетіне ғана тән

жаңа спонтанды процесс  деп қарастырды. Спенсердің пікірінше, шамадан тыс

органикалық әлеуметтік саладағы органикалықтың жалғасы болып табылады және

"көптеген жеке адамдардың  өзара үйлестірілген іс-әрекетін қажет ететін сол процестер

мен өнімдер" болып табылады, тап осыдан да келіп Спенсер тек адамның ғана емес,

жәндіктер мен жануарлардың шамадан тыс органикалық қызметі туралы айтуға мүмкіндік

алады. Ал, Кербер үшін шектен тыс органикалық дегеніміз — адамның мәдениеттің

немесе өркениеттің саласын  жасайтын әлеуметтік нәтижелері мен  жетістіктері. Ол кезде

Кербер, ең алдымен, органикалық  саланы әлеуметтік саладан ажырату  ниетінде болды,

сондықтан да ол соңғысы  біріншіден тәуелсіз дегенінде тұрды. Спенсер ұстанған жүре

келе пайда болатын  белгілерге ие болу доктринасына, сондай-ақ Лебон ұсынған нәсілдік

мінез-құлық және халықтар психологиясы жақтаушылары Гальтон мен Пирсонға қарсы

Кребер: тарихи, мәдени құбылыстар "аса психикалық" болып табылады, ал, олардың

дамуы мен эволюциясы психо - биологиялық органикалық эволюцияға тәуелді емес деп

сендірді. Бұл оның "коперниктік революциясы" еді.

Бұл туралы Кребердің өзі  былай деп жазды: "психикалық мұраның жалпы өркениетпен

ешқандай да ортақтығы  жоқ, өйткені, өркениет белсенділік  емес, психикалық жұмыстар

кешені немесе ағымы. Психикалық қызмет, биологтардың түсіндіруінше, оз табиғатында

органикалық, демек, оның көрінісінің әлеуметтік оқиғаларға қатысы жоқ. Ментальдық

дегеніміз — жеке нәрсе. Әлеуметтік немесе мәдени өз мәнінде  жекелік емес. Өркениет

жеке адамдық аяқталған  тұста басталады; және де бүл деректі  қандай да бір деңгейде

болсын мойындағысы келмеген әрбір жан — ол қаншалықты дөрекі де топырақсыз

көрінгенмен — өркениеттен ешбір мән көре алмайды және оның көзіне тарих

Информация о работе Әлеуметтанулық ілімдер