Әлеуметтанудың құрылымы мен білім деңгейлері мәселесі жөніндегі әзірше әлеуметтанушылардың арсында белгілі бір ортақ пікір әлі қалыптас

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2013 в 22:14, доклад

Краткое описание

Меніңше, әлеуметтанудың құрылымына, оның таным білім деңгейлеріне анықтама беру үшін алдымен «құрылым», «деңгей» деген ұғымдарға анықтама берген жөн. Құрылым дегеніміз – біртұтас әлеуметтік құбылыстар мен процестердің элементтері мен бөліктерінің іштей өзара орналасуын айтамыз.
Қандай да бір ғылым болмасын,оның белгілі бір құрылымы болады. Бұл құрылым сол ғылымның қоғамда алдына қойған міндеті мен атқаратын қызметіне байланысты анықталады. Әлеуметтану ғылымы да осындай. Оның құрылымы екі үлкен жағдаймен түсіндіріледі:

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жан соц.docx

— 23.55 Кб (Скачать документ)

        Әлеуметтанудың құрылымы мен білім деңгейлері мәселесі жөніндегі әзірше әлеуметтанушылардың арсында белгілі бір ортақ пікір әлі қалыптаспаған.

Меніңше, әлеуметтанудың құрылымына, оның таным білім деңгейлеріне анықтама беру үшін алдымен  «құрылым», «деңгей» деген ұғымдарға анықтама берген жөн. Құрылым дегеніміз – біртұтас әлеуметтік құбылыстар мен процестердің элементтері мен бөліктерінің іштей өзара орналасуын айтамыз.

Қандай да бір ғылым  болмасын,оның белгілі бір құрылымы болады. Бұл құрылым сол ғылымның қоғамда  алдына қойған міндеті мен атқаратын қызметіне байланысты анықталады. Әлеуметтану ғылымы да осындай. Оның құрылымы екі үлкен жағдаймен түсіндіріледі:

Біріншіден, әлеуметтану  әлеуметтік өмірді бейнелеу, түсіндіру, ұғындыру білімдерін қалыптастырып, әлеуметтік зерттеу теориясын, әдістемесін, әдісін, талдау тәсілін жасап, қоғамның даму мәселелерін шешеді. Әлеуметтік өмір туралы әр түрлі деңгейде теориялық  қорытындылар жасалады.

Екіншіден, әлеуметтану қоғамдық және  әлеуметтік құбылыстар мен үдерістерді өзгерту, қайта құру үшін оларға жоспарлы, әрі тиімді  жолдар, құралдар арқылы ықпал етіп әлеуметтік мәселелерді талдап зерттейді. Бұл әлеуметтанудың қолданбалы саласын құрайды.

Сонымен, әлеуметтанудың теориялық  және қолданбалы салаларының айырмашылығы  олардың зерттейтін объектісі мен зерттеу әдісі арқылы емес, жалпы әлеуметтанудың алдына қойған мақсаты мен міндеті арқылы ғылыми немесе пратикалық мәселелерді шешуіне байланысты ажыратылады.

Теориялық немесе фундаменталды  әлеуметтану барлық қоғамдық, гуманитарлық ғылымдардың ілгері дамуына жол  ашады. Ол әлеметтік зерттеулер арқылы зерттелетін құбылыс пен үдерістер  туралы білімнің онан әрі дамуын, жетілуін мақсат етеді. Қолданбалы зерттеулер арқылы теориялық негізгі мәселелерді  нақтылап шешуге тырысады. Бұлардың негізінде  бағалы, құнды  кеңес, нұсқаулар, ұсыныстар, болжаулар жасалады.   

Әлеуметтік білім –теория  мен практиканың бірлігінде қалыптасады. Теориялық зерттеулер әлеуметтік болмысты, өмір жалпы және арнаулы бағыттардың  деңгейінде түсіндіріп, оның дамуын және қандай қызмет атқаратынын анықтайды. Оның одан әру даму заңдарының бағытын, көрінісін белгілеп отырады. Ал, эмпирикалық (яғни, практикалық, тәжірибелік) әлеуметтік зерттеулер- нақтылы құбылыстар пен  процестер туралы жаңа мағлұмат, хабарлар статистикалық талдау, нақты әлеуметтік әдістерді (яғни, сауалнама, сұрыптау, бақылау, құжаттарды талдау, сараптау, үлгілеу, тестілеу, т.б.) қолдану арқылы іске асырылады. Ал, теориялық зерттеулер абстрактілі философиялық әдістерді (яғни, талдау мен синтез, логикалық  пен тарихи, индукция және дедукция, абстратыліден нақтылққа шығу, т.б.) арқылы іске асырылады.

Теориялық білім- жан-жақты, әмбебапты, ал, эмпирикалық – ақиқатты, шындықты белгілеуші білім. Теориялық  білім эмпирикалық білімнің негізінде сүйенеді, ал, эмпирикалық ғылым теориялық білімнен біршама басым болғанымен, ғылымның жоғары даму деңгейін көрсете алмайды. Ғылымның дамуы әр уақытта теориялық білім деңгейінің эмпирикалық білім деңгейінен басым болуын қажет етеді.

Теориялық және қолданбалы әлеуметтану нақтылы әлеуметтік зерттеулерге сүйене отырып, бір-біріне қарсы тұрмайды, олар әр уақытта  бірлікте болып, бір-бірінің одан әрі  дамуының әсер етеді.

Теориялық әлеуметтану –  ол алуан түрлі теория мен тұжырымдардың  жиынтығы. Бұлар қоғамның әлеуметтік дамуын тұжырымдап, оларға терең, жан-жақты  түсінік береді.

Бұрынғы КСРО-да әлеуметтануды тарихи материализммен шатастырып келді. Бұл дұрыс емес. Тарихи материализм - бұл әлеуметтік философия. Ол қоғамды тек абстратылы түрде қарап, оны нақтыламады. Ал, әлеуметтану нақтылы  әдістермен қоғамды, оның дамуын жан-жақты зерттеп, ғылыми теорияны қалыптастырды. Адам өзінің даму өркениетінде әлеуметтік дамудың алуан түрлі теориясын ашып тұжырымдады. Мысалы, XX ғасырдың ортасында әлеуметтік стратификация (яғни, жіктелу), индустриялы қоғам, конвергенция, жалпы әлеуметтік теориялардың арнаулы түрлерін тұжырымдады. Әлеуметтанудың арнаулы теориялары әлеуметтанудың жеке қоғамдық және гуманитарлық ғылымдармен тығыз байланыс, қатынастарының негізінде пайда болды. Әлеуметтануда бұларды орта деңгейдегі теориялар деп атайды. Қазіргі уақытта мұндай арнаулы орта деңгейдегі теориялардың саны 100-ден астам. Бұл теориялардың негізін салушылар М.Вебер, Э.Дюркгейм, К.Маннгейм, Т.Парсонс. Әсіресе, американдық әлеуметтанушы Роберт Мертонның есімін ілтипатпен айтуға болады. Бұл орта деңгейдегі арнаулы теориялардың пайда болуының тағы бір басты себебі мынада:  жалпы теориялақ әлеуметтану қоғамның жалпы заңдылықтарын зерттей отырып, оның кейбір жақтарының дамуына көңіл аудармауы мүмкін. Ал, әлеуметтану құрамында орта деңгейдегі теориялардың болуы қажет. Орта деңгейдегі теориялар, мысалы, отбасы, әлеуметтік топтар, жіктер, т.б. қоғамның біртұтас жүйесімен өзара байланыс, қатынастарын, даму заңдарын ашып, анықтайды. Қазіргі уақытта орта деңгей теориялары қоғам дамуының өзекті мәселелерін шешуде дұрыс, нақтылы жауап бере алады.

Сонымен, әлеуметтік білімнің құрылымы деп қоғамның әлеуметтік жүйесінің  серпінді дамуы, іс-әрекет, қызмет жүргізілуі туралы әр түрлі жиналған фактілерді, ақпараттарды, хабар-мәліметтерді ғылыми дұрыс түсіндіруді және ғылыми ұғымдардың жиынтығының реттелуін, тәртіпке келтірілуін  айтамыз. Әлеуметтік білімнің негізгі  құрылымы, тұжырымы, қағида, бағыттары  мыналар:

1. Қоғам біртұтас әлеуметтік  жүйе. Бұл тұжырым, қағида өзінің  зерттеу объектісінде қоғамдық  қатынастар жүйесін, олардың мазмұнын  зерттейді.

2. Қоғамның жеке салаларының  дамуын, атқаратын қызметі туралы  түсініктердің байланысын- экономикалық, саяси, рухани, т.б. салаларын,  әрбір салада жеке тұлғанын немесе әлеуметтік топтардың қызметінің әлеуметтік қалыптасу мүмкіндігін зерттейді.

3. Қоғамның әлеуметтік  құрылымы немесе жалпы әлеуметтік  құрылым туралы білімді қалыптастыру  үшін әлеуметтік топтардың экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани қатынастар  жүйесіндк алатын орны мен  байланысы туралы білімдер болуы  керек. Әлеуметтік топтар деп  отырғанымыз – үлкен топтар, кішігірім  топтар, кәсіби мамандандырылған  топтар, демографиялық және этникалық  топтар.

4. Саяси әлеуметтануға  кіретін алуан түрлі ғылыми  түсініктер, ой-пікірлер, теориялар. Бұған жататын зертеу объектілері:

а) әлеуметтік топтардың  саяси қатынастар жүйесіндегі алатын орны;

ә) қоғам субъектілерінің  әлеуметтік – саяси құқық және бостандықты, тәуелсіздікті алудың жолдары мен тәсілдері туралы;

б) қоғамның саяси жүйесінің  құрылымы, қызметі және функциясы  туралы;

5. Әлеуметтік институттардың (мемлекет, құқық, ғылым, мәдениет, отбасы, т.б.) қызметтері туралы ғылыми  түсініктер мен қортындылар;

6. Қоғамның жеке салаларының  және кішігірім жүйесінің қызметтері  туралы теория. Оны мынандай объектілерді  зерттеу арқылы түсінуге болады: өндірістік ұжымдар, ресми емес  топтар мен ұйымдар, адамдар  арасындағы кішігірім топтар, жеке  тұлғалар, т.б. кіреді.

Әлеуметтік білімнің деңгейлері қоғамдағы құбылыстар мен процесттерді терең талдап, кең қортынды жасау  арқылы анықталады. Жоғарыда көрсетілгендей әлеуметтік үш негізгі деңгейі бар:              

 а) жалпы әлеуметтану  теориясы;             

 ә) эмпирикалық (тәжірибелік)  әлеуметтану;             

 б) орта деңгей теориялар.

Осыларға сәйкес әлеуметтік зерттеулерді теориялық және эмпирикалық  зерттеулер деп екіге бөледі.

      

      Әлеуметтанудың қоғам өмірімен тығыз, жан-жақты байланысы, қатынасы оның атқаратын қызметінің айқын көрінеді. Әлеуметтану да басқа ғылымдар сияқты, ең алдымен таным функциясын атқарады. Әлеуметтану қандай да бір деңгейде болмасын, ол әр уақытта жаңа білімнің, көкжиегін кеңейтіп, оның деңгеймен дәрежесін өсіріп отырады, қоғамның әлеуметтік даму заңдылықтарын болашағын ашып береді. Әрине, бұл бағытта іргелі және қолданбалы эмпирикалық зерттеу теориялары, тұжырымдамалары оған барынша қызмет етеді.

      Әлеуметтанудың атқаратын қызметінің бір ерекшелігі, мұнда тұжырым мен іс әруақытта бірлікте болады. Осыдан барып әлеуметтік теория мен тұжырымдамалар көбіне тәжірибелік мәселелерді шешуге бағытталады. Бұл тұрғыдан қарағанда әлеуметтанудың тәжірибелік қызметі алдыңғы қатарға шығып, атқарылатын қызметтің басқа жаңа түрлері белгіленеді. Нақтылы әлеуметтік құбылыстар мен үдерістердің үстінен әлеуметтік бақылауды күшейтуде жаңа ақпараттардың маңызы зор. Ол болмаса әлеуметтік қысым, әлеуметтік дағдарыс және катаклизмдер көбейіп кетуі мүмкін. Көптеген елдерде атқарушы мекемелер мен билік өкілдері, саяси партиялар және алуан түрлі бірліктер өздерінің мақсатты саясаттарын жүргізуде әлеуметтанудың барлық мүмкіншіліктерін пайдаланып отырады. Бұл тұрғыдан алғанда әлеуметтану әлеуметтік бақылау функциясын атқарады.

      Әлеуметтанудың тәжірибелік бағыты – оның әлеуметтік құбылыстар мен процесттердің болашақ дамуының бағытын анықтауында. Бұл жерде біз әлеумметтанудың болжайтын қызметін байқаймыз. Еліміздің жаңа, нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты болуы мүмкін кері қүбылыстар мен апаттардың болашаққа болжам жасап отыру арқылы ғана алдын алуға болады. Мысалы, мынандай мәселелерді болжап шешуде оның маңызы зор, атап айтқанда, жаңа нарықтық қатынастардың еңбекші бұқара халыққа беретін мүмкіншілігін ауқымы қандай? Әлеуметтік құбылыс пен процесстердің дамуындағы оның баламалы түрлері қандай? Баламалы құбылыс пен процесттердің оң және теріс жақтарының тиімділік және тиімсіздік арасалмағы мен арақатынастары қандай? т.б.

      Әлеуметтану қоғамның қай саласында болмасын (экономика, саяси, рухани т.б.), әлеуметтік даму жоспарын жасау қызметін атқарады. Ал, аймақтық, аудандық, тіпті еңбек ұжымдарының әлеуметтік жоспарларын жасағанда, ол нақтылы әлеуметтік зерттеуден алынған жаңа деректерді, фактілерді, кеңес-ұсыныстарды, т.б. кеңінен пайдаланады.

       Әлеуметтік қоғамда идеологиялық функцияны да атқарады. Нақты әлеуметтік зерттеуден алынған нәтижелер қоғамдағы белгілі бір жік немесе топтардың талап-тілегіне, мұң-мұқтажын шешуге, сөйтіп, олардың белгілі бір әлеуметтік мақсатқа жеткізу, сендіру үшін пайдаланылады. Әлеуметтану адамдардың арасындағы қарым-қатынастарды, байланыстарды одан әрі жетілдіріп, олардың саны-сезімдерін, мінез-құлықтарын, тәртібін жақсартады. Сөйтіп ол қоғамдық қатынастарды жетілдіріп, гуманистік (адамгершілік) функцияны да атқарады

       Әлеуметтану жеке білім саласы ретінде келесі негізгі қызметтерді орындайды:

1) теоретико-танымдық функциясы,  әлеуметтік дамудың заңдылықтарымен,  әртүрлі әлеуметтік құбылыстар  мен үрдістердің өзгеру тенденцияларымен, зерттеулермен байланысты. Бұл қағида  қазіргі уақыттың көкейтесті  мәселелеріне ғылыми жауап беріп,  жетілдіруге жол ұсынады;

2) әдістемелік, әлеуметтанудың  концептуальды аппаратын құрастыруға,  жаңа заңдылықтарды мен тенденцияларды  айқындауға мүмкіндік береді;

3) басқару функциясы, әлеуметтанумен  ұсынылған шешімдер мен нұсқаулар  қоғам, аумақ, кәсіпорын, ұйым  аумағында шешім қабылдауға негіз  болуына байланысты;

4) тәжірибелік функция,  тәжірибелік маңызы бар ұсыныстарды  құрастыруға мүмкіндік береді;

5) болжамдық функция, келешекте  әлеуметтік үрдістердің тенденциясы  жөнінде ғылыми негізделген болжамдарды  құрастыру. Қоғамдық өмірдің әртүрлі  салаларының дамуын жоспарлау  үшін, социологиялық зерттеулерді  қоғам өмірінде қолданудың маңызы зор. Әлеуметтік жоспарлау бөлек аумақ пен елдердің, әлемдік қауымдастығының өмір әрекетінің белгілі үрдістерінен бастап, қала, ауыл, бөлек кәсіпорын мен ұжымдардың өмірін әлеуметтік жоспарлаумен аяқтап, кең аумақтарды қамтиды.

Әлеуметтанудың қоғамтану  және гуманитарлық ғылымдар жүйесінде  алатын орны, ең алдымен, әлеуметтанудың қоғам жөніндегі ғылым ретінде  айқындалуы, яғни барлық басқа қоғамтану  және гуманитарлық ғылымдардың әдістемесі мен қағидасы негізін атқарады. Адам және оның әрекетін зерттеу техникасы  мен әдістемесі, әлеуметтанумен құрастырылған, әлеуметтік өлшем әдістері барлық басқа  гуманитарлық ғылымдармен қолданылады. Әлеуметтану білім жүйесі ретінде  басқа ғылымдармен байланыс жүргізбей  дамып, қызметін атқара алмайды. Адам әлемімен байланысты, қоғамтану ғылымдар арасында әлеуметтану жетекші қызмет атқарады. Егер тарих әлеуметтік үрдістердің  пайда болуын зерттесе, әлеуметтану  уақыт пен кеңістікте қайталанатын, яғни барлық әлеуметтік-мәдени құбылыстарға – барлық соғыстарға, барлық ұлттар мен діндерге және т.б. ортақ келіп, жалпы қоғам қасиеттерін зерттейді. Осы айырмашылықтарға қарамастан, әлеуметтану  мен тарих арасында байланыс өте  берік және өзара-қажет. Тарих та, әлеуметтану да қоғамның зерттеу  объектісі болып келеді.

Тарих сияқты, әлеуметтану  да екі негізгі мәселемен ұштасады, біріншіден, белгілі әлеуметтік заңдылықтардың болуымен, және, екіншіден, қоғам дамуына  ықпал ететін, жеке, дара, қайталанбас  құбылыстар мен үрдістердің дамуымен. Құндылықтар мен нормалардың, қатынастардың  субъективті-объективті байланыс эволюциясын  айқындауға, тек тарих пен әлеуметтанудың бірлескен күші нәтижиесінде ғана жетуі  мүмкін.

Екі ғылымның өзара әрекеті  – саясаттану мен әлеуметтану  ғылымының жаңа ғылым саласын  – саяси әлеуметтануды белгіледі. Саясаттану мен әлеуметтанудың байланысы  белгіленеді, біріншіден, қоғамның жалпы  әлеуметтік жүйе ретінде ерекшелігін  ескеріп, саяси өмір заңдылықтарын  айқындауға болады, екіншіден, қоғамға  саяси құрылым мен әртүрлі  саяси құрылыстардың ықпалын  үнемі ескеру қажет. Әлеуметтану  философиямен тығыз байланысты. Олардың  негізінде адамзаттың әлеуметтік ойының алғашқы тұтастық байланысы жатады. Философияның принциптері, категориялары  мен заңдары қоғам, қоғамдық қатынастар, әлеуметтік байланыстар, әлеуметтік әрекеттер  әлеуметтану түсінігінің негізіне жатады. Философия материя, сана түсініктерін қолданса, әлеуметтану – әлеуметтік құрылым, әлеуметтік институттар, мәдениет пен қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын зерттейді.

Информация о работе Әлеуметтанудың құрылымы мен білім деңгейлері мәселесі жөніндегі әзірше әлеуметтанушылардың арсында белгілі бір ортақ пікір әлі қалыптас