Әлеуметтану пәнінің институционалдануы, негізгі категориялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2013 в 13:59, реферат

Краткое описание

Жоғары оқу орындарының оқу жоспарына әлеуметтану пәні дербес ғылым ретінде 90-жылдардың басында енгізілді. Әлеуметтануды оқып үйренудегі мақсат - өзімізге бейтаныс адамдар мен олар ұйымдасқан бірлестіктер арасындағы кұнде кездесетін әдетті қатынастарды жаңа тұрғыдан дұрыс түсіну, әлеуметтік мәселелерді зерттеуге деген ынта – жігерді арттыру.
Әлеуметтік білімнің негізгі қызметі-әлеуметтік құбылыстар мен проблемаларды дұрыс түсініп, олардың пайда болу, бой көрсету себептерін ашу, оларды шешудің әртүрлі жолдарын танып білу.

Содержание

Әлеуметтану пәнінің институционалдануы, негізгі категориялары.
Әлеуметтану пәнінің өзге қоғамдық ғылымдармен байланысы.
Қоғамның дамуы заңдылықтары.

Прикрепленные файлы: 1 файл

әлеуметтану лекция.doc

— 652.50 Кб (Скачать документ)

Олигархиялық  капитализм де осындай сипатта болады. Мұнда экономика мен билік  «олигархтар» деп аталатын шағын  топтың қолына шоғырланған. Олар- ірі  банкирлер, биржа саудагерлері, сауда т.б. магнаттар. Олар мемлекеттің жоғарғы аппаратын, саяси партияларды БАҚ (Бұхаралық ақпарат құралдары) басшыларын өздеріне қаратып, парамен сатып алады. Халықтың тұрмыс дәрежесі төмендейді. 

Демократиялық капитализм (өркениетті, халықтық капитализм) пісіп жетілген және таза демократия жағдайында болуы. Мұнда халық қоғамдағы билікті өзі сайлап және қадағалап отырады, адамдардың құқығы мен еркіндігі сақталып, қорғалады. Көп укладты және әлеуметтік-нарықтық экономика (нарық барлық азаматтарды әлеуметтік сақтандыру) кәсіпкерлікке кең жол ашылып, үлкенді-кішілі бизнес жұмыс істейді. Орта жол (жоғарғы білімді, нақты жұмысы бар, салыстырмалы табыспен қамтамасыз етілген қабат) қоғамда халықтың 60-80% қамтиды. Мемлекет меншік иелерін бюрократтардың озбырлығы мен кұш көрсетушілерден қорғайды.

ХХ ғасырдың соңында бастапқы бюрократиялық, олигархиялық, капитализмнің белгілері араласып жатты.

3.  Қоғам бір орында тұрмайды ол не дамымайды, не кері кетеді, оған тарих куә. Әлеуметтанушылар қоғам дамуының екі бағыты мен ұш негізгі формасын ерекшелеп көрсетеді.

Алдымен прогресс пен регресс бағыттарының мәнін  ашайық. Прогресс (латын сөзі progresus –  алға қозғалу, жетістік), жоғары өрлеу  даму тенденциясын көрсетеді, жетілгеннен  жоғары, жетілгенге төменнен жоғары қарай  қозғалысты дамуды бейнелейді. Ол қоғамды жағымды өзгерістерге жетелейді. Мысалы, өндіріс тәсілі мен жұмысшы күшін жетілдіру.

Регресс (латын  сөзі, regresus – кері қозғалыс), дамудағы төменге құлдырауды көрсетеді, кері қозғалыс, жоғарыдан төменге қарай  кету, жағымсыз зардаптарға жетелейді. Мысалы, өндірістің өнімділігі мен халықтың әл-ауқатының төмендігі секілді көрініс беруі.

Адамдардың  қарым-қатынастарының өзінен прогресс көрініс табады. Бірігіп өмір сүруге, қоғам заңдарын сақтау, басқаның өмірлік өлшемін сыйлау және ынтымақтастыққа келу, өзінің бұлікшілік әрекетін жою, ата-баба мұрасын қастерлеу сияқты ұғымдарды қайта қарап түсіну үлкен орын алып отыр. Бұл адам баласын ынтымақтастыққа, ұйлесімділікке және мейірімділікке жетелейді. Бұл әлемдік прогресске әкеледі.

Регресс нақты  шекарадан шықпайтын сипатта  болады, яғни жеке қоғамды немесе оның белгілі бір кезеңдерін қамтиды. Мысалы Норвегия, Финляндия, Жапония  т.б. елдер прогресс пен гұлденудің баспалдағымен жоғары көтерілсе, Кеңес Одағы басқа социалистік мемлекеттер (Болгария, ГДР, Польша т.б.) 1970-80 жылдары мен тоқыраудың шыңырауына тұсіп, дамуы регрессивті сипатта болды. Прогресс пен регресс көбінесе қиыннан қиысып шырмалып жатады.

Мысалы Қазақстанда 1990 жылдары прогресс пен регресс  қатар орын алды. Өндірістің күйреуі, шаруашылықтың бұрынғы байланыстарының ұзілуі, адамдардың көпшілігінің өмір жағдайының төмендеу, қылмыстардың көбеюі- регресстің нақты белгілері. Алайда, мұның кері жағы бар, ол прогресстік белгілер: қоғамның кеңестік тоталитаризм мен КОКП диктатурасынан азат етілуі, басталған қозғалыс рынок пен демократияға, адамдардың бостандығы мен құқығының кеңеюіне, бұхаралық ақпарат жүйесінің еркіндігі т.б.

Қоғам дамуы  революциалық және революциалық жолмен де жұреді. Эволюция тарихи қалыптасқан жағдайлар негізінде бірте-бірте өрістеу, даму арқылы жүзеге асатын қоғамдағы өзгерістер, нәтижеде қоғам бір салалық кұйден екінші кұйге өтеді.

Революция жеке сфераларда жүзеге асуы мүмкін, алайда, ол адамдар өмірін жан-жақты өзгеріске әкеледі. Егер қоғам құрылысы тұбірінен өзгерсе әлеуметтік революия орн алады. Әлеуметтік революция зорлық-зомбылық пен адамдарды қырып жою, бұқараның қайыршылануы, заңсыздық пен тәртіпсіздіктің қоғамда орнауымен қабаттас жұреді.

Қоғамның эволюциялық  дамуы көбінесе реформалармен қабат  жұреді. Реформа (лат. тілінен ауд. - өзгерту) қоғам өмірін қайта құру мақсатында жұргізілген әртүрлі шаралардың жиынтығы.

Реформалар  мемлекеттік ұкімет тарапынан заңдар, қаулылар, шешімдер мен шаралар қабылдау арқылы жүзеге асырылады. Реформалар прогрессивтік жаңалықтармен байланысты болады. Сонымен бірге реформаның регрессивтік сипаты да болуын ұмытпауымыз керек. Мысалы Латвия республикасындағы 1994 жылғы «Азаматтық туралы заңның қабылдануы» елді «азаматтығы» бар және «азаматтығы жоқ» екі қарама-қарсы лагерьге бөліп тастады. Бұл әрине ынтымақтастық пен прогреске жетелемейді.  

5-ші  лекцияға арналған бақылау сүрақтары:

  1. Қоғам тұтас жүйе ретінде.
  2. Қоғамның бұзылуы (ыдырауы).
  3. Дамудың ұштік сатысы.
  4. Маркстік формациалық жүйенің ерекшелігі.

 

Негізгі әдебиеттер:

1. Әбсаттаров Р. М. Дәкенов. Әлеуметтану. Оқулық. Алматы. 2004., 2007ж.

2.Әлемдік әлеуметтану  антлогиясы. Алматы. Қазақстан. 10 томдық. 2006ж.

3.Икенов А.И.  Әлеуметтану негіздері. Алматы. Экономика. 2004ж.

4.Қарабаев Ш.  Әлеуметтану негіздері. Алматы. 2008ж.

5.Ғабдуллина  Қ. Құқық әлеуметтануы. Алматы. 2005ж.

6.Рахметов К.Ж., Болатова А.Н. Социология. Алматы. 2005ж.

7.Оданова Р.К.  Жалпы әлеуметтану. Лекциялар  курсы. Шымкент. 2004ж.

8.Айбеков Б.Ө., Абенов К.К. Әлеуметтану. Оқу  құралы. Шымкент. 2003ж.

9.Смелзер Н. Социология. М., 1994. Гл. 9.

 

 

6-лекция  тақырыбы. Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация

Жоспары.

  1. Әлеуметтік құрылым түсінігі және ондағы негізгі теориялар.
  2. Әлеуметтік стратификация теориясы. Әлеуметтік мобильділік.
  3. Орта тап теориясы мен орта таптың рөлі мен орны.

      

Әлеуметгік  саяси әдебиетте әлеуметтік құрылым деп кең және тар мағынада екі түрлі түсінік бар. Кең мағынада — бүкіл қоғамның құрылуы, оның барлық элементтері арасындағы байланыс жүйесі. Мұнда әлеуметтік құрылымды әлеуметтік қауымдардың және олардың арасындағы қатынастардың алуан түрін, сипаттайды. Олар — әлеуметтік-этникалық топтар және т.б. қауымдар.

Тар мағынада —  әлеуметтік-таптық құрылым, олардың арасында түрлі қабаттар мен қатынастар тұзетін әлеуметтік таптар, әлеуметтік топтар. Әлеуметтік топ дегеніміз адамдардың белгілі бір қажетін қанағаттандыру мақсатында өзара қарым- қатынас орната отырып, түрлі іс- әрекеттерді жұзге асыратын көптеген адамдардың үлкенді- кішілі жиынтығы. Бұл топ айтарлықтай тұрақты, ортақ мұддесі бар және әдет - ғұрпы бірдей жиынтық, белгілі бір тарихи қоғамда қалыптасады.

Ғылыми –  материалистік социология  әлеуметтік топтардың  классификациясына тарихи принцип тұрғысынан қарайды, яғни олар белгілі бір тарихи қоғамда, қоғамдық-экономикалық формацияда, қалыптасатын топтар деп түсіндіреді; екіншіден, таптық қоғамдардағы ең негізгі әлеуметтік топтар – таптар, қоғамдық өмірдің барлық салаларына, барлық басқа әлеуметтік топтардың мінез-құлқына шешуші әсер ететін де осы таптық топтасу деп түсіндіреді. Бұл материалистік принцип әлеуметтік топтың ғылыми талдауының негізін құрады. Бұл топтар бір-бірімен тең қатынаста болмайды. Әр түрлі белгілері арқылы ажыратылады. Теңсіздік әлеуметтік стратификацияның (strat, яғни қабат, топ) барлық теориялары негізінде жатыр. Бұл теорияларды түрлі бағыттағы ғалымдар жасаған. Түрлі әлеуметтік топтар өзара бір – біріне әсер етеді. Мәселен, таптық – антогонистік қоғамдар жағдайында барлық топтардың мінез-құлқы таптардың күресімен анықталады, сондықтан мұндағы әлеуметтік топтардың бүкіл жүйесі конфликтілі (қайшылықты) сипатта болады.

       К.Маркс қоғамның әлеуметтік құрылымының бір жағы болып табылатын таптық құрылымды, XX ғасырдағы екі антагонистік таптың өзара әрекетін (буржуазия мен пролетариат) зерттеді.

Қоғамды дұшпандық таптарға бөлудің негізгі белгісі ретінде жеке меншікті таныды (меншік иесі, меншікке ие еместер).

Макс Вебер  де Карл Маркс сияқты меншіктік рөлін және капитализмдегі теңсіздікті талдады. Бірақ, оның пікірінше теңсіздік негізінде одан басқа белгілер де бар: байлық, бедел және билік. Бұл негізгілерден басқа ол этникалық және діни, лингвистикалық белгілерді де атайды.

Р.Дарендорф,  пен   В.Парето анықтаушы белгі — билікті басты ұғым деп санады. Олар осыған байланысты қоғамды таптарға бөлудің марксистік бөлінісін билікке ие (басқарушы) және билікке ие емес (бағынушы) деп бөлумен алмастыруды ұсынады.

         

2. Қоғамның түрліше әлеуметтік топтарға, қауымдастықтарға т.б. жіктелуі батыстық социологияда көбінесе әлеуметтік стратификация деген терминмен (география мен геологияда страттар деп жер қыртысының қабаттарын айтады) белгіленеді. Ол термин қоғам мүшелерінің әлеуметтік кұйінің бірдей еместігін, олардың әлеуметтік теңсіздігін білдіреді.

Бұл әлеуметтік теңсіздіктің  себептерін түрлі социологтар түрліше түсіндіреді. Мәселен, функционалдық теориялар ол себепті түрліше қоғамдық қызметтердің маңыздылығы әр түрлі болатындығынан іздейді.

Әлеуметтік  стратификация дегеніміз адамдар  арасындағы табиғи және әлеуметтік теңсіздік; бұл теңсіздік олардың жоғарыдан  төмен қарай болатын теңсіздігінен  көрінеді; бұл теңсіздікті түрліше саяси мекемелер берік сақтап, реттеп отырады. Мұның бұлай екенін адамзат қоғамының тарихи дамуы дәлелдейді. Адамдар арасындағы теңсіздікті ұш топпен классификациялауға болады (1.Байлық, 2.Билік ,2.Бедел.)

П.Сорокиннің теориясына сәйкес қоғам түрлі страт — қабаттарға бөлінеді, олар табыс деңгейі, қызмет түрі, саяси көзқарасы, мәдени дәстүрі сияқты болып келеді. Әлеуметтік стратификаттау мен әлеуметтік теңсіздік қоғамдағы табиғи қалыпты жағдай болып табылады. П.Сорокин өзінің жалпы адамдық стратификация картасын жасау әрекетінде бір өлшемді және көп өлшемді стратификациалау әдістерін ұштастырып қолданды. Сорокиннің пікірінше, дұниеде миллиондаған әлеуметтік система мен топтасқан жиынтықтар бар. Бұл сансыз көп әлеуметтік топтарды, классификациялаудың мақсатына қарай, түрліше классификациялауға болады. Мұндай әлеуметтік топтарға мыналар жатады:

    1. Аса маңызды бір жақты топтар, оның ішінде: нәсілдік, жыныстық, жасына қарай.
    2. Мәдени әлеуметтік топтар: рулық, территориялық, көршілестік, этностық және ұлттық топтар.
    3. Аса маңызды көп жақты топтар: отбасы, рулық топ, тайпалық, ұлттық, әлеуметтік сословие, әлеуметтік топ.

       Жоғарыда айтылғандардан ұғатынымыз: қазіргі қоғам көп өлшемді, яғни қоғамда түрлі орындарға ие, түрлі белгілері бар көптеген страттардан құралады. Таптар, әлеуметтік топтар, қабаттар қоғам өмірінің барлық жағына әсер етеді. Осыдан келіп әлеуметтік стратификаттаудың маңызы көрінеді.

        Әлеуметтік құрылым динамикасының сипаты әлеуметтік мобилділік (байланысқа) тәуелді болады. "Әлеуметтік мобилділік" терминін әлеуметтануға ендірген П.А.Сорокин. Термин адамдардың бір әлеуметтік қабаттан топтар басқасына өтуін, олардың барынша жоғары орынға, билікке, табысқа көтерілуін, я болмаса өте төмен әлеуметтік орын алмасу әлеуметтік кедергілерді жеңе білу арқылы жылжиды. Ол ең басты кедергілердің бірінің пайда болуы салдарынан болады. Мәселен, шығармашыл зиялылар отбасындағы сәби шаруа немесе жұмысшы ортаның нормасы мен құндылықтарын әркезде игере бермейді.

П.Сорокин   әлеуметтік мобилділік  екі   типін көрсетеді:  көлденең  және  тігінен. Көлденең  мобилділік  деп индивид немесе әлеуметтік топтың бір әлеуметтік орыннан, сол деңгейдегі басқа орынға өтуін айтады. Мәселен, бір ұйымнан басқа  ұйымға  дәл  сондай  лауазымдық  жұмысқа  өту,   бір отбасының екіншісіне өту. Бұл жағдайдың бәрінде де индивид өзіне тиісті әлеуметтік қабатты ауыстырмайды Тік қозғалыс — бұл индивидтің бір қабаттан екіншісіне өтуі. Бұл индивидтің шығармашыл және іскерлік қабілеттеріне байланысты. Мәселен, лауазымдық көтерілу оны прогресс деп атайды, өзінің материалдық жағдайының көтерілуі немесе  басқа билік деңгейіне көтерілу  (бұрыңғы  әкімшілік басшысы  министр  болуы).   Бұл  —  көтерілу  байланысының мысалдары. Сондай-ақ төмендеуші (регресс) әлеуметтік   қозғалыста болады.  Қоғам бір индивидтердің статусын жоғарлатқанмен, келесі   индивидтердің   статусын   төмендетіп   отырады.   Бұл қызметтік төмендету (ірі зауыттың директоры цех бастығы болды немесе   жай   ғана   жұмысшыға  айналды),   қазіргі   кездегі инженерлердің кәсіби тобының әлеуметтік статусының төмендеуі, КСРО кезіндегі бұрынғы қуатынан айрылған компартияның статусының төмендеуі.

     3.  Қазіргі қоғамдағы білім әлеуметтік байланыстың маңызды қызметін, индивидтердің әлеуметтік баспалдақ арқылы жоғары көтерілу міндетін атқарады. Білім жастардың әлеуметтенуін және қоғамның өндірістік кұштерінің нәтижелі дамуын қамтамасыз етеді. Кәсіби білім арқылы адамдар бір әлеуметтік қауымнан басқасына (мәселен, жұмысшы мен шаруадан зиялыларға), төмен таптар орта тапқа өтіп жатады. Білім жүйесі тұрақты әлеуметтік

құрылымды қалыптастырады. Білім адамдардың рухани өміріне зор әсер етеді, адамдардың сапалық сипатын арттырады, әдеп нормаларының тамаша үлгілерін санаға ендіреді.

Информация о работе Әлеуметтану пәнінің институционалдануы, негізгі категориялары