Әлеуметтану пәнінің институционалдануы, негізгі категориялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2013 в 13:59, реферат

Краткое описание

Жоғары оқу орындарының оқу жоспарына әлеуметтану пәні дербес ғылым ретінде 90-жылдардың басында енгізілді. Әлеуметтануды оқып үйренудегі мақсат - өзімізге бейтаныс адамдар мен олар ұйымдасқан бірлестіктер арасындағы кұнде кездесетін әдетті қатынастарды жаңа тұрғыдан дұрыс түсіну, әлеуметтік мәселелерді зерттеуге деген ынта – жігерді арттыру.
Әлеуметтік білімнің негізгі қызметі-әлеуметтік құбылыстар мен проблемаларды дұрыс түсініп, олардың пайда болу, бой көрсету себептерін ашу, оларды шешудің әртүрлі жолдарын танып білу.

Содержание

Әлеуметтану пәнінің институционалдануы, негізгі категориялары.
Әлеуметтану пәнінің өзге қоғамдық ғылымдармен байланысы.
Қоғамның дамуы заңдылықтары.

Прикрепленные файлы: 1 файл

әлеуметтану лекция.doc

— 652.50 Кб (Скачать документ)

Қоғамда болып  жатқан әлеуметтік процестер мен құбылыстарды жете білу және оларды жан-жақты зерттеу үшін методология мен әдіс (метод), әдістеме (методика) міндетті тұрде қажет. Әлеуметтанудың методологиясын әркім әрқалай түсінеді. Методология ұғымы гректің "метедос", яғни таным тәсілі және "логос", яғни ілім деген мағына беретін сөздерінен тұрады. Бір сөзбен айтқанда, методология ғылыми зерттеулер принциптерінің жүйесі. Эмпириктер методология туралы айтқанда оны техниканың жиынтығы және әлеуметтікті талдаудың жөні ретінде пайымдайды. Теоретиктер методологияны әлеуметтіке жету үшін арнайы әдіс, әдістеме және техниканы дайындау мен таңдауды қажетсінетін әлеуметтік шындық туралы белгілі бір пікірлер жүйесі ретінде қарастырады. Әлеуметтанушы эмпириктердің методология жөніндегі түсіндірмесі олардың әлеуметтану зерттеулерінде теорияның орны мен рөлін белгілі бір деңгейде жете, бағаламауынан немесе олардың қолдануға жарамайтын теориялық тұжырымдамалардан бас тартуға тырысуынан туындағанын көрсетеді. Теоретиктердің методология туралы түсінігі теориялык зерттеулерді эмпирикалық ізденістермен тығыз байланыс орнатуға бағыттайды. Бірақ осы байланыс жөнінде тіс жарып ештеңе айтпайды. Сондай-ақ методология туралы әлеуметтану зерттеулерін теориялық және тәжірибелік деңгейлерде ұйымдастыру мен жүзеге асырудың алғышарттары мен принциптерінің жиынтығы ретінде қарастыруға болады.

       Әлеуметтік зерттеу бағдарламасы-әлеуметтік обьектінің методологиялық, әдістемелік және процедуралық негіздерінен құралатын ғылыми құжат. Әлеуметтік зерттеу бағдарламасы-бұл эмпирикалық обьект немесе  құбылысты зерттеудің нақты теориясы мен методолгиясы бағдарламада іс жұзінде  жалпы әлеуметтану теориясындағы, зерттеудің арнайы теорияларының жалпы теориялық және методолгогиялық принциптері жүзеге асырылады.

Әлеуметтік  зерттеу бағдарлмасының құрылымы мынадай  екі тараудан құралады: әдістемелік  және әдістемелік-процедуралық.

Бағдарламаның бірінші методолгиялық тарауы мынадай  элементтерден құралады:

1. мәселенің таңбалануы: зерттеудің мақсаты мен                                           міндеттері

2    зерттеу обьектісімен пәнін анықтау ,негізігі ұғымдарды интерпретациялау

3.зерттеу обьектісін алдын-ала жүйелі талдау

  1. жұмысшы гипотезаларын құру

Нақты әлеуметтік зерттеудің мақсаты-бұл зерттеудің жалпы бағытталуы, әрекет жобасы, олар түрлі актілер мен операциялардың жүйелі реттелуін және сипатын анықтайды. Әлеуметтік зерттеудің мақсаты зерттеудің бағдарын анықтайды. Олар-теориялық және қолданбалы бағдарлар. Осы бағдарға зерттеу жұргізудің қисындылығы тәуелді болады.

Нақты әлеуметтік зерттеудің бағдарламасының маңызды методологиялық бөлімі зерттеу міндеттерін анықтау болып табылады.

Нақты әлеуметтік зерттеудің міндеті - мәселені талдау мен шешуге бағытталған нақты мақсатты қондырғылардың жиынтығы. Зерттеу міндеті мәселенің  талдауына арналған негізгі және негізгі емес талаптарды құрамына алады.

Мәселені реттеп, зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтап, әлеуметтанушы өз зерттеу обьектісін таңдайды.

Әлеуметтік зерттеу  обьектісі-әлеуметтік зерттеу бағытталатын құбылыс немесе ұрдіс. Мұндай құбылыстарды зерттеу нәтижесіңде олардың пайда болу себептері жөнінде жаңа ақпараттар алынады. Ғылыми ізденіске кіріспестен бұрын нені зерттейміз, кімдерден ақпарат аламыз, зерттеуді қай жерде өткіземіз, т.б. сауалдарға жауап қайтаруымыз керек. Осыған орай зерттеу жұмысының бірінші кезеңінде оның бағдарламасы мен әдістері дайындалады, ғылыми ізденістің бүкіл процесін ұйымдастыру мұқият ойластырылады, сүрыптау (кімдер зерттеледі) белгіленеді. Екінші кезеңінде адамдардың сол мәселе жөніндегі пікірлерін анықтайтын ақпарат жинақталады. Үшінші кезеңде алынған ақпарат қолмен немесе машинамен өндеуден өткізіледі. Төртінші кезеңде алынған ақпаратқа ғылыми талдау жасалады. Бесінші кезеңде алынған ақпарат қорытындыланып, оның нәтижесіне орай шешім қабылданады.

Әлеуметтану зерттеуі ғылыми ізденістің күрделілігіне қарай:

-барлаушылық,

-суреттемелік,

-талдаушылық  болып үшке бөлінген.

Бұлардың арасында талдаушылық (аналитикалык) зерттеу әдісі күрделісі болып есептеледі. Ол терең ойластырылған бағдарламаны және тексерістен өтіп сыналған құралдарды (анкета, т.б.) қажет етеді. Талдаушылық зерттеу әдісі кезінде зерттелетін құбылыс суреттелумен қатар оны тудырған басты-басты себептер де анықталуы керек.

Суреттемелік зерттеу ізденістің өте қарапайым түрі болып есептеледі. Мұның басты мақсаты - зерттелетін құбылыс пен оның құрылымдық элементтері жөнінде мағлұмат алу.

Зерттеудің  кеңінен тараған түріне барлаушылық зерттеу жатады. Ол күрделі бағдарлама дайыңдауды талап етеді, алайда шамалы көлемдегі зерттеу құралдарын қолданып, шағын топтарда сауалнама жұргізу мүмкіндігін сақтайды. Зерттеудің бұл түрі жедел ақпарат алуға бағытталған. Оның артықшылығы да осында. Мұндай зерттеуде қайсыбір терең процестер және олардың пайда болу себептері қарастырылмайды, керісінше, көзге көрініп тұрған ақпараттар жинақталатын болады.

3. Әлеуметтік зерттеудің теориялық және эмпирикалық ("эмпирия" — грек сөзі, "тәжірибе" деген мағына береді. Бұдан әрі тәжірибелік деп жазылады) типтері бар. Тәжірибелік зерттеу іргелі (фундаменталды) және қолданбалы (прикладной) болып екіге бөлінеді. Іргелі әлеуметтік зерттеудің басты мақсаттарының бірі зерттеліп қаралатын пән жөніндегі ғылыми түсінікті жетілдіру мен дамыту болып саналады. Қолданбалы зерттеу нақты бір әлеуметтік проблеманы шешуге арналады. Қолданбалы зерттеудің социоинженерлік сипатта болуы оның теориялық зерттеуден айырмашылығы бар екендігін де ашып көрсетеді. Өйткені соның нәтижесінде әрекет етудің нақты бағдарламасы жасалады.

Оны жүзеге асыру зерттелген проблеманы практикада шешуге бағытталады. Саясаттанушылар мен саясаткерлер, заңгерлер мен басқарушылар, экономистер мен бизнесмендер және басқа да социогуманитарлық бағдардағы мамандар эмпирикалық әлеуметтану зерттеулерінің нәтижесінде алынатын ақпараттарды белсенді тұтынушылар болып саналады. Сол ақпараттарды қолдана отырып, олар өздерінің практикалық және теориялық сипаттағы кәсіби мәселелерін шешеді.

 

Мәселені анықтау, әлеуметтік зерттеу обьектісі мен  пәнін бөліп көрсетумен қатар  гипотезарларды тұрлендіру формаластыру зерттеудің процедуралық кезеңі болып табылады.

3-ші  лекцияға арналған бақылау сүрақтары:

1. Нақты (эмпирикалық) әлеуметтанулық зерттеу түсінігі. Әлеуметтік ақпарат және оның түрлері.

3.Зерттеу бағдарламасының  құрылымы.

4. Бағдарламаның  әдістемелік бөлімі.

5.Зерттеудің  пәні мен объектісін және мәселені  анықтау. Зерттеудің объектісіне  талап. 

6. Болжам бойынша  мәліметтерді талдау әдісін суреттеу.

 

Негізгі әдебиеттер:

1. Әбсаттаров  Р. М. Дәкенов. Әлеуметтану.  Оқулық. Алматы. 2004., 2007ж.

2.Әлемдік әлеуметтану  антлогиясы. Алматы. Қазақстан. 10 томдық. 2006ж.

3.Икенов А.И.  Әлеуметтану негіздері. Алматы. Экономика. 2004ж.

4.Қарабаев Ш.  Әлеуметтану негіздері. Алматы. 2008ж.

5.Ғабдуллина  Қ. Құқық әлеуметтануы. Алматы. 2005ж.

6.Рахметов К.Ж., Болатова А.Н. Социология. Алматы. 2005ж.

7.Оданова Р.К.  Жалпы әлеуметтану. Лекциялар  курсы. Шымкент. 2004ж.

8.Айбеков Б.Ө., Абенов К.К. Әлеуметтану. Оқу құралы. Шымкент. 2003ж.

9.Смелзер Н. Социология. М., 1994. Гл. 9.

 

4-ші  лекция тақырыбы. Ақпараттарды өңдеу  әдісі және олардың нәтижелерін  талдау.

Жоспары.

  1. Әлеуметтанулық зерттеулердегі ақпарат, дерек жинау әдістері.
  2. Сандық және сапалық әдістер. Анкета, бақылау, сүрау салу, құжаттарды талдау әдістері зерттеу түрі ретінде.

 

 

Әлеуметтік  зерттеудегі гипотеза-әлеуметтік обьектілер туралы әлеуметтік құбылыстар арасындағы байланыстардың сипаты мен мәні туралы ғылыми болжам.

  1. Эмпирикалық зерттеудің аса маңызды ерекшелігі қоғамдық топтар жағдайы, адамдардың қоғамдық, топтық саналарын ескере отырып, әлеуметтік мәселелерге сапалы талдау жасауға мүмкіндік беретін, ақпарат жинаудың өзіне тән әдістер қолданылуынан көрінеді. Эмпирикалық әлеуметтік зерттеудің төрт негізгі әдісі көрсетіледі: құжаттарды талдау, бақылау, сауалнама жұргізу және әлеуметтік тәжирибе.

Әлеуметтануда құжат деп ақпарат беру немесе сақтауға арналған, адам арнайы жасаған  затты айтады. Сонымен, құжаттар мынандай топтарға  бөлінеді:

1) акпараттың техникалық құралдарда белгіленуіне орай ерекшеленетін құжаттар. 
Бұның  өзі  ұш  тұрді  қамтиды:

а) жазба түріндегі құжаттар, оған қолжазба мен баспасөз басылымдары  жатады;

б) секенографиялық құжаттар, бұған кино, фото, бейнелеу, сурет түріндегі  құжаттар саяды;

в) фонетикалық құжаттар, яғни дыбыспен берілетін магнитофон, кұйтабақ  жазбалары жатады. Айта кететін бір жай, құжаттық ақпаратты сақтайтындардың  жаңа түрлері мыналар: микрофильмдер, ЭВМ дискісі, т.б. Жазба  құжаттардың  кең  тарағаны  архив материалдары, статистикалық есептемелер, ғылыми жарияламалар,  баспасоз  басылымдары, т.б.;

2) құжаттың тұпнұсқасының статусына жатқызылғандар немесе авторына  бөлініп берілгендер ресми және ресми емес құжаттарға ажыратылады.  Ресми  құжаттар деп лауазымды адамдардың, қызметкерлердің  арнайы  дайындаған  құжаттарын  айтады. Бұған мемлекеттік статистика мен мемлекеттік архив мәліметтері, жиналыс хаттамалары, т.б. жатады. Ал  ресми емес құжаттарды жеке адамдар жасайды,  яғни хаттар,  кұнделіктер, т.б. ресми емес деп атауға болады;

3) акпараттың  сақталу көзіне орай ол бастапқы  және екінші рет жасалған  құжаттар  болып екіге бөлінеді. Бастапқы  құжаттар — тікелей бақылаудың  немесе  сауалнама өткізудің негізіңде  алынған мәліметтер, ал екінші  қатардағы  құжаттар  бастапқы  құжаттарды сипаттаушы немесе қорытындылаушы  болып  саналады;

4) мақсат-міндетке  қарай ажыраған құжаттар, бұған  зерттеу бағдарламасына  сәйкес  ғалымдардың кұшімен алынған материалдар, басқа да мақсаттар үшін  жасалған  қолдағы құжаттар  жатады;

5) мазмұнына  қарай  бөлінген құжаттар. Бұлар  экономикалық, құқықтық, тарихи, техникалық, т.б. болып топтасқан. Зерттеуші  өз қызметінде  көбіне-көп   жазба  құжаттармен, әсіресе  әдебиеттермен, баспасөз  басылымдарымен  және  машинкаға басылған материалдармен жұмыс  істейді.  Ол  тұрақты  тұрде статистикалық тұпнұсқалар,  есеп беру баяндамалары, мақалалар, сондай-ақ қоғамдық пікірді білдіретін баспасөз  және  теледидар  мәліметтеріне  арқа  сұйейді.

Құжаттармен  жұмыс  істегенде  зерттеуші олардың  сенімділігіне назар аударуы қажет.  Осыған орай құжаттан алынар ақпараттың сенімділігін тексерістен өткізетін ережені білу шарт. Мұндай ережеге мыналар жатады:

1.   Оқиғаларды  суреттеуден оларға берілген  бағаны ажырата білген дұрыс.  Оқиғаларға берілген бағадан фактілер әлдеқайда сенімді  болады. Кейде  құжатгарға берілген баға болады, бірақ оларды суреттейтін жағдай толық берілмеген болып шығады. Әдетте мұндай құжаттарға кұмәндана қарау  керек;

       2. Құжатты құраушының оны дайындаудағы ниетін, мотивін анықтаған жөн. Өз жұмысы жөнінде есеп беріп отырған автор өзінің еңбегін асыра көрсетуге  тырысады.  Ал бақылаушы органдар, керісінше, жұмыстағы кемшіліктер  мен  қателіктерді  теріп жазады;

3. Құжатты әзірлеуші  адамның фактілерді, т.б. іріктеп  алу әдісін де білген жөн. Бастапқы құжат екінші рет жасалған құжатка қарағанда әлдеқайда  сенімді болады;

Құжатты дайындау  кезіндегі елдің,  ұжымның, т.б. жағдайын білу шарт. Сонда ғана құжаттың сол  уақыттағы жағдайды обьективті беруі  немесе бұрмалап  отырғандығы  анықталады.

Құжаттарды  талдау дәстүрлі жолмен және формальды тұрде жұреді. Барлық құжаттар түрлерін оқып-пайымдау сын тұрғысынан қарауды талап етеді.

Құжаттарды  дәстүрлі жолмен талдаудың (кейде сапалы талдау деп те атайды) мәні мен сыры - құжаттардың мазмұнын сұңғыла тұрде зерттеу, негізге алынған ой-пікірді игеру, негізгі идеяларын бөліп алу, логикалық жағынан терең зерттеу, олардың авторларының саяси, азаматтық бағытын қадағалау, кейбір "айта алмағандарын", бұркеме пікірлерін іздеп табу, автордың құжатты жазудағы тілі мен стиліне аса көңіл аудару болып табылады. Осындай сараптау жасағанда зерттеуші өзіне-өзі сүрақ қойып, айталық, құжаттың құндылығы неде, оны дайындаудағы мақсат не, ондағы фактілердің  сенімділігі  қандай  деген  сауалдарға  жауап  беруі  керек.

Құжаттарды талдау әдісінің екі тобы бар: дәстүрлі және дәстүрлі емес. Дәстүрлі талдау деп зерттеушінің белгілі бір көзқарасы бойынша құжат құрамындағы мәліметтерді интерпретациялауға бағытталған барлық алуан түрлі ақыл-ой операцияларын айтады. Мұндай әдіс барлық жерде қолданылады, оның мәні қандай да бір зерттеушінің белгілі бір жағдайға қажетті мәліметті алуынан көрінеді.

      Әдістің басты кемшіліктері – тенденциалық, субьектевизм. Қолданбалы әлеуметтануда дәстүрлі емес әдіс белсенді тұрде қолданылуда. Әдістің мәні тестілік ақпаратты сандық көрсетікшке аударуда, ол құжат мәтінінде оның мазмұнының маңызды жақтарын қажетті тұрде көрсететін жеңіл оқылатын белгілерді, қасиеттерді табу арқылы жүзеге асырылады.

Эмперикалық зерттеудің маңызды әдісі-бақылау. Адамдар бақылауға мақсат көзқарастарына қарай, обьект және оның маңыздылығы туралы барлық фактілерді тікелей қабылдайтын және тікелей тіркеп отыратын әлеуметтік ақпараттың маңызды қайнар көзі ретінде қарады. Бақылауға тән қасиеттер: жүйелілік, жоспарлылық және мақсатқа бағытталғандық.

Бақылаудың  бірнеше түрлері бар. Оны жұргізу техникасына, кімді бақылау қажеттігіне орай  бақылау — бақылаулық және бақылаусыздық, яғни спонтандық түрлерге бөлінеді. Бақылаулық түрі зерттеудің тиянақты жоспарына және  реттілігіне  сәйкес  жұргізіледі.

Информация о работе Әлеуметтану пәнінің институционалдануы, негізгі категориялары