Этноәлеуметтану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2013 в 08:32, лекция

Краткое описание

Әлеуметтану бізді қоршаған әлеуметтік ортаны, адам, оның алуан түрлі бірліктері (отбасы, әлеуметтік топ, ұйымдар мен институттар және т.б.) және олардың іс-әрекеттері мен қызметтері, санасы мен тәртіптері, көңіл күйлері мен мінез-құлықтары және т.б. зерттесе, қоғамдағы этникалық қауымдастықтардың пайда болуын, оның құрылымын, мәнін, мазмұнын, дамуын, олардың атқаратын қызметін, араларындағы тұрақты, қайталанатын отыратын қажетті байланыстар мен қарым-қатынастардан туатын әр түрлі әлеуметтік үдерістер мен құбылыстарды осы пәннің "этноәлеуметтану" деген арнаулы саласы зерттейді. Сондықтан этноәлеуметтанудың пәні этникалық қауымдастықтардың дамуы мен қызмет етуінің әлеуметтік аспектілерін зерттеу, олардың мүдделері мен өзіндік ұйымдасу нысандарын, ұжымдық мінез-құлқын, өзара қарым-қатынасын, осы әлеуметтік ортадағы адамдардың өзара байланысын зерттеу болып табылады.

Содержание

1. Қоғамның этникалық қауымдастығы туралы ұғым.
2. Этникалық қауымдастықтың ұлтқа бірігуі.
3. Ұлттық-этникалық қатынастар, оның мазмұны.
4. Этникалық әлеуметтанудың негізгі функциялары.
5. Қазіргі Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Этноәлеуметтану. Этникалық әлеуметтанудың негізгі функциялары.doc

— 133.50 Кб (Скачать документ)

    Қазіргі күндіз-түні «үштұғырлы тіл» насихатталып жатқанда қазақ тілінің айдарынан қалай жел ессін. Кезінде дұрыс аударылмағаны жөнінде талай тілші мамандар сынаған «триединство языков» деген сөз тіркесі Доктринада тағы да «үш тұғырлы тіл» деп аударылыпты. Шерағаң «Жыланның ғана екі тілі болады» деуші еді.

      Мен сондай-ақ Доктрина жобасындағы «этносаралық қатынастар саласындағы мемлекет қызметінің маңызды бағыты теңгерімді тіл саясатын жүргізу болып табылады» дегенмен де еш келісе алмаймын. Сонда біз Конституциядан бас тартып отырмыз ба? Конституциялық кеңес Ата заңымызда «Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады» норма болғанымен мемлекеттік тілге басымдық берген болатын.   Республикада тарайтын бүкіл бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттік тілдегісі 20 пайыздай болып отыр. Теледидардан күндіз-түні көретініміз жастарымызға рухани азық бола қоймайтын шетелдік фильмдер, оның ішінде батыстық. Қазір елімізде бес  мыңнан астам шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары тарайды, оның 90 пайызы орыс тілінде. Егер өзімізде ұлттық («ұлттық» дегенді мемлекеттік емес, этнос ұғымның синонимі ретінде алып отырмын) ақпарат кеңістігіміз қалыптасқан болса, мен мұны да түсінер едім. Мұндай соңғы ғасырларда қордаланып қалған мәселелер шаш етектен. Олардың бәрін айтып тауысу мүмкін емес. Жобада осыларды батыл шешуге лайықты тұжырымдар болуы қажет. Құлдық психологиядан тезірек ажырағанымыз абзал.

    Реті  келгенде бүкіл түркі халықтарының  ұлы перзенті Мұстафа Шоқайдың: «Ұлттық рухсыз ұлт тәуелсіздігі болмайтынын, тарих ондайды көрген жоқ та, білмейді де. Ұлт азаттығы – ұлттық рухтың нәтижесі. Ал ұлттық рухтың өзі ұлт азаттығы мен тәуелсіздігі аясында өсіп дамиды, жеміс береді» деген сөзін еске сала кеткен артық болмас (Шоқай М. Таңдамалы.- Алматы: Қайнар. –т. 1. -1998. (187 б.). –512 б.).

     Алтыншыдан, мұндай қоғамдағы принципті кемшіліктердің  көбісі мемлекетіміздің сипатынан  да туындап отыр. Егемен еліміздің алғашқы құжаты - «Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясының» екінші тармағында: «2. Қазақ ССР-і ұлттық мемлекеттігін сақтау, қорғау және нығайту жөнінде шаралар қолданады. Қазақ халқының және Қазақстанда тұратын басқа да ұлттардың төл мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету мен дамыту және олардың ұлттық қадір-қасиетін нығайту Қазақ ССР-і мемлекеттігінің аса маңызды міндеттерінің бірі болып табылады» деген қағида 1995 жылы дереу ұмытылды. Шындығына келгенде, қазір қағаз жүзінде де, іс жүзінде де ұлттық мемлекеттілікті де, оны құрап отырған қазақ ұлтын да мойындағымыз келмейді. Жоғары билік деңгейінде дайындалған Доктринаның негізгі ауруы да осында жатыр.  Ал мемлекеттің ұлттық сипаты айқындалмай тұрып, оның ұлттық саясаты толыққанды бола алмайды.  Сондықтан құжатта мемлекеттің ұлттық сипатын айқындай түсу керек. Көп мәселе осыған байланысты болып отыр.         Қорыта келе айтарымыз, бізге ұлттық саясат туралы толыққанды тұжырымдама керек. Әрине бұл тек қазақ ұлты туралы ғана саясат болмайтындығы түсінікті. Бұл ең бірінші қазақ ұлты туралы, Қазақстанды отаным, елім деген, бүгінгі тәуелсіздікті тұғырлы етуге өлшеусіз үлес қосып   отырған барша этнос жөніндегі саяси құжат болатынына сенгіміз келеді. Ол үшін бүгінге шейін газеттерде шыққан екі тұжырымдамалардың дәмдік дәндерін барынша ала отырып, барды күрделі жөндей, толықтыра, жетілдіру қажет. Бұл құжат парасатты да байыпты, жан-жақты ойластырылған  мемлекет құраушы ұлттың, бүгінгі күні өз елінде көпшілікке айналған қазақтың әлеуметтік және рухани қуатын күшейте түсуге бағытталуы қажет, сонда ғана бұл Қазақстандағы барлық этнос өкілдерінің бірлігін нығайтуға игі ықпалы етіп, бүкіл қоғамның тұтастығын бекіте түсер еді.     

Ұлтаралық қатынас тек  тұтас ұлттар, этностар, халықтар арасында пайда болып қоймайды, сонымен қатар әр түрлі ұлт өкілдерінің күнделікті қатынас үстінде   болып жатуы мүмкін. Тұлғаралық қатынастар жиі бай рухани мазмұнға ие болуы мүмкін. Бұл аралық қатынастардың моральдық және психологиялық қырларын ескеру аса қажет. Адамдардың ұлттық сезімі нәзік, ол жеңіл жаралануы мүмкін. Сол себепті әдептілік пен сыпайылық, бір-біріне деген сыйластық аса қажет. Бұған басқа халықтардың әдет-ғұрпын, салт-санасын, жалпы мәдениетін білудің, басқа ұлт өкілдеріне қатысты төзімділік пен құрметтуді тәрбиелеудің орны бөлек.

Ұлттық-этникалық қатынастар белгілі бір этностардың мүдделерін жүзеге асыруға бағытталады. Сонымен бірге олар сол мүдделерді өздері туғызады да. Халықтардың ұлттық мүдделері өздерінің өмір сүруіне, өзіндік ерекшеліктерін сақтауға, экономикалық, мемлекеттік, мәдени  дамуларына қатысты  болады. Бұл олардың басқа халықтармен қатынас жүйесінде өздерінің жағдайын жақсартуға мүмкіндік туғызады. Халықтардың мүддесінің мазмұны олардың қатынастарынан туындайды.  Бұл мүдделерді түсіне білген жөн. Өйткені ол мүдделер олардың өздерін өздері танытуға бағытталған. Сонымен қатар ұлттық-этникалық қатынастардың даму барысы көптеген объективтік және субъективтік факторларға байланысты болады. Дегенмен қатынастардың өзін түсінуді қажет ететін өзінің даму логикасы бар. Халықтар ағымдағы мүдделерді ғана түсіріп қоймайды, олар өздерін ұлт ретінде сақтап қалудың негізін, ұлтаралық қатынаста өзінің экономикалық, саяси және мәдени позициясын көздейтін ұзақ мерзімді іргелі мүдделерді сезінеді.

             Ұлттық-этникалық қатынастар кешенін үндестіру халықтар арасындағы әлеуметтік-саяси және басқа қатынастарды демократиялардырудың тиісті деңгейі, сондай-ақ ұлттық санамен саяси институттарды демократияландыру мен үндестіру жағдайында мүмкін болады.  Қоғамның барлық саласындағы демократияның дамуы барлық халықтардың шынайы мүддесіне сай және ұлтаралық қатынастар дамуының объективті бағыттың әсер мүмкіндігін кеңейте түседі. Бұл бағыттар тенденция ұлттың барынша көпшілігінің экономикалық және саяси дербестігін дамытудан, олардың мемлекеттігін, рухани мәдениетінің дамуын жетілдіре түсуден байқалады.  Сол себепті диалектикалық байланыстағы бағыттарды тенденцияларды ескере отырып жүргізілген мемлекеттік ұлттық саясатты жүзеге асыру маңызды болып саналады. 

    Қазіргі заманғы дамыған ұлтаралық қатынастар шеңберінде мынадай мәндірек тән процестерді атап көрсетуге болады:

  • халықтардың этникалық нығаюы, яғни олардың саяси, экономикалық, тілдік, мәдени дербестігінің дамуы, ұлттық-мемлекеттік тұтастығының нығаюы; 
  • Халықтардың өз қажеттерін барынша қанағаттандыру мақсатында өмірдің барлық салаларында қатынасты кеңейту мен тереңдете түсуге бағытталған этникааралық  жақындасу;
  • Сан жағынан көп емес халықтың өз тілін, этникалық мәдениетін жоғалтып дамыған екінші бір халықтың тілін, салт-дәстүрін қабылдауы, яғни ол халықтың жұтылуы, ассимиляцияға ұшырауы;

Бұл процестер бүкіл  әлемде жүріп жатыр, оны ұлттықсаясатты жүзеге асырғанда есепке алып лтыру қажет. Ұлттық саясат объективті және субъективті факторларды ескеретіндей байсалды болғаны жөн.

    Ұлттық мәселе ұлттың даму мен ұлттық қатынастың өзара байланысты территориялық, экономикалық, экологиялық, саяси, тілдік, моральдық-психологиялық проблемаларының жүйесін құрайды, оның жүзеге асуын қарастырады. Әрине, ұлттық мәселенің мазмұны тарихи дәуірдің сипатына және ұлттық қатынастың мазмұнына сәйкес өзгеріп отырады. Дегенмен қазіргі кезеңде ұлттық мәселенің мазмұны бүкіл халықтардың еркін және жан-жақты дамуында, олардың қарым-қатынасын кеңейту және ұлттық мүдделердің үйлесімділігінде жатыр.

        Ұлттық мәселе болғаннан кейін ұлтаралық шиеленістердің болуы мүмкін, ол саяси, территориялық, экономикалық, тілдік мәдени, діни проблемаларды шешу барысында болып жатады. Шиеленіс тұтас этностардың және оның өкілдерінің арасындағы болады. Олар халықтардың ұлттық-этникалық санасының әлеуметтік-психологиялық және идеологиялық деңгейінде, сондай-ақ заң шығарушы органның ұлттық-мемлекеттік институттарының қызметі деңгейінде пайда болып және әрекет етеді.

    Рас, халықтардың тарихи өмірінде құралған ұлтаралық шиеленістердің шығуының өзіндік объективті себептері болады. Кейде олар өздерінің құқықтары үшін күреспен байланысты болады. Қандай жағдай болмасын өз пайдасын ойлайтын шовинистер мен ұлтшылдардың немесе  жеке тұлғалардың  емес, бүкіл ұлттың, барлық халықтың мүддесімен санасу қажет.

Оның үстіне ұлтаралық шиеленістерді демократиялық жолмен шешуге ұмтылып отыру керек. Бұл мәселеде егер шиеленістің себептерін тауып және оның дамуына жол бермей алдын алуға көмектесіп, оның шешілуінің тиімді тәсілдерін ұсынып отырса,  әтноәлеуметтану өз рөлін атқара алар еді.

    Әтноәлеуметтанудың пәні этникалық топтардың қызмет етуі мен дамуының әлеуметтік аспектілерін, олардың мүдделері мен өздерінің ұйымдасу нысандарын, ұжымдық мінез-құлықтың заңдылықтарын, этникалық топтардың өзара әрекетін, оның әлеуметтік ортамен, топтағы адамдардың өзара байланысы болып саналады.




Информация о работе Этноәлеуметтану