Этноәлеуметтану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2013 в 08:32, лекция

Краткое описание

Әлеуметтану бізді қоршаған әлеуметтік ортаны, адам, оның алуан түрлі бірліктері (отбасы, әлеуметтік топ, ұйымдар мен институттар және т.б.) және олардың іс-әрекеттері мен қызметтері, санасы мен тәртіптері, көңіл күйлері мен мінез-құлықтары және т.б. зерттесе, қоғамдағы этникалық қауымдастықтардың пайда болуын, оның құрылымын, мәнін, мазмұнын, дамуын, олардың атқаратын қызметін, араларындағы тұрақты, қайталанатын отыратын қажетті байланыстар мен қарым-қатынастардан туатын әр түрлі әлеуметтік үдерістер мен құбылыстарды осы пәннің "этноәлеуметтану" деген арнаулы саласы зерттейді. Сондықтан этноәлеуметтанудың пәні этникалық қауымдастықтардың дамуы мен қызмет етуінің әлеуметтік аспектілерін зерттеу, олардың мүдделері мен өзіндік ұйымдасу нысандарын, ұжымдық мінез-құлқын, өзара қарым-қатынасын, осы әлеуметтік ортадағы адамдардың өзара байланысын зерттеу болып табылады.

Содержание

1. Қоғамның этникалық қауымдастығы туралы ұғым.
2. Этникалық қауымдастықтың ұлтқа бірігуі.
3. Ұлттық-этникалық қатынастар, оның мазмұны.
4. Этникалық әлеуметтанудың негізгі функциялары.
5. Қазіргі Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Этноәлеуметтану. Этникалық әлеуметтанудың негізгі функциялары.doc

— 133.50 Кб (Скачать документ)

Этноәлеуметтану

1.  Қоғамның этникалық қауымдастығы туралы ұғым.

2. Этникалық қауымдастықтың ұлтқа бірігуі.

          3. Ұлттық-этникалық қатынастар, оның мазмұны.

          4. Этникалық әлеуметтанудың негізгі функциялары.

5. Қазіргі Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар.          

    1. Әлеуметтану бізді қоршаған әлеуметтік ортаны, адам, оның алуан түрлі бірліктері (отбасы, әлеуметтік топ, ұйымдар мен институттар және т.б.) және олардың іс-әрекеттері мен қызметтері, санасы мен тәртіптері, көңіл күйлері мен мінез-құлықтары және т.б. зерттесе, қоғамдағы этникалық қауымдастықтардың пайда болуын, оның құрылымын, мәнін, мазмұнын, дамуын, олардың атқаратын қызметін, араларындағы тұрақты, қайталанатын отыратын қажетті байланыстар мен қарым-қатынастардан туатын әр түрлі әлеуметтік үдерістер мен құбылыстарды осы пәннің "этноәлеуметтану" деген арнаулы саласы зерттейді. Сондықтан этноәлеуметтанудың пәні этникалық қауымдастықтардың дамуы мен қызмет етуінің әлеуметтік аспектілерін зерттеу, олардың мүдделері мен өзіндік ұйымдасу нысандарын, ұжымдық мінез-құлқын, өзара қарым-қатынасын, осы әлеуметтік ортадағы адамдардың өзара байланысын зерттеу болып табылады.

         Адамдар белгілі бір топтарда бірге және ұзақ өмір сүре отырып, басқа топтардан бөлек ортақ және тұрақты белгілерге ие болады. Ондай белгілерге   тіл, өзіндік тұрмыстық мәдениет, қалыптасқан әр түрлі халықтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері жатады. Бұл белгілер адамдардың этникалық санасында орнығып, олар өздерінің бірлігін, ең алдымен өзінің шыққан ортақ тегін, соның негізінде өздерінің туыстық қатынастарын сезінеді.  Осы белгілерімен олар басқа халықтардан   бөлектенеді. Бұл халықтардың этникалық санадағы өздерінің тегі, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлері, өзге халықтардың ішіндегі өздерінің орны ілгері ме, кейін бе халықтың санасында көрініс береді. 

    "Этника" деген ұғым ру, тайпа дегендерді білдіретін гректің "этнос" деген сөзінен шыққан. Оның мағынасы "халық" дегенге өте жақын. Сонымен адамдардың тарихи-этникалық тұрақты бірлігін білдіретін этностан "метаэтнос" және "субэтнос" деген терминдер шығады. Үлкен этникалық бірлік болып саналатын метаэтноста оның шығу тегі, мәдениеті, тілі және өзіндік сананың ортақ белгілер көп болады. Мысалға араб немесе түрік халықтарын алуға болады. Субэтнос немесе субэтникалық топ — бұл тұтас халықтың территориясынан бөлініп шыққан ерекше бөлігі.

Сонымен этникалық қауымдастық  деп өздерінің шығу тегі және бірге ұзақ өмір сүруімен өзара байланысқа түскен адамдар тобын айтамыз.  Бұл белгілі бір халықтың өзіндік ерекшеліктеріне тән құрамы. Бұл табиғи-тарихи қалыптасқан адамдардың қажетті, тұрақты бірлігі. Бұлардың белгілі бір территорияда орналасқан, мәдениетте өздерінің бірлігі, бірін-бірі түсіну және т.б. белгілері болады.

   Этникалық қауымдастықтың өзіне тән шығу, даму белгілері және ерекшеліктері болады. Ол әлеуметтік организм ретінде өзінің әлеуметтік-этникалық дамуында алуан түрлі байланыс, қатынастардың бірнеше кезендерінен өтеді. Сөйтіп негізінде рудан тайпаға, тайпадан халыққа, халықтан ұлтқа өту үдерісі болған. Жеке адамның белгілі бір тарихи қауымдастықта болуы, оның өзін-өзі білуі, тануы, түсінуі, үғынуы - әлеуметтік объективтік қажеттілік, ал бұл қажеттілік алуан түрлі адам топтарының өмір сүру жағдайына, тұрмысына, қызметіне, санына, мүдде-мұқтажына, талап-тілегіне және т.б. белгілі бір деңгейде әсер етеді.

  Этноәлеуметтану  аса маңызды ұлттық-этникалық  қатынастардың күрделі саласын  зерттейді. Бұл қатынастарда этникалық қауымдастықтың табиғи және әлеуметтік-психологиялық сипаттары ашық байқалатындықтан, онда қайшылықты да, шатастырылған да жағдайлары болуы мүмкін.

2. Ежелгі ерте этникалық қауымдастықтарға өмірі мен қызметі, туыстық және әлеуметтік байланыстарға негізделген тайпалар жатады. Әрбір тайпа өзіне тән белгілермен ерекшеленді: олар өздерінің шығу тегі, тілі, қалыптасқан салт-дәстүрлері, қарапайым түрінен жоғары дамыған түріне дейінгі материалдық және рухани мәдениеттері жағынан ерекшеленді. Әрбір тайпада өзіндік этникалық сана қалыптасты.

  Тайпалар –  бұл жер шарының әр түрлі тарихи дәуірінде өмір сүрген алғашқы қауымдық құрылыстың ұйымдасқан нысаны болып табылады. Олар қазіргі заманда азиялық, америкалық, африкалық және австралиялық континенттің кейбір бөліктерінде өмір сүреді.

    Алғашқы қауымдық құрылыстың  ыдырауымен тайпалар да жойылды. Өркениетке өтуге байланысты бірінші кезекке адамдар арасында рулық байланыс емес, әлеуметтік қарым-қатынастардың шығуы тайпаның басқа этникалық қауымдастыққа - халыққа орын беруіне әкелді.  Этникалық қауымдастық ретіндегі барлық халықтар өркениет биігінде  (Ежелгі Греция мен Рим, Египет, Индия немесе Қытай, кейінірек кезеңді алғанда Франция, Германия немесе Ресей халықтары) өздерінің әлеуметтік–этникалық белгілерімен, яғни шыққан тектерімен, тілдерімен, мәдениетімен, этникалық санасымен және т.б. ерекшеленді, ерекшеленеді.

    Халықтар өркениет дәуірінде тайпалармен салыстыруға келмейтін үлкен әлеуметтік–этникалық топтасуға және өздерінің тілдерінің, материалдық және рухани мәдениетінің жоғары дамуына қол жеткізді. Осы кезде көптеген халықтардың  ұлттық санасында мен сана–сезімінде көрініс тапқан мінез–құлық қалыптаса бастады. Сөйтіп халықтар белгілі тарихи дәуірде өзінің өркендеуіне қол жеткізген  ұлттарға ауысты.

    Рулық–тайпалық құрылыстың ыдырауынан басталған ұлттардың қалыптасуы машиналық өндірістің және елдің барлық аймақтарын тұтас бір экономикалық организмге айналдырған  капиталистік нарықтың дамуымен аяқталды. Экономикалық қатынастардың дамуы адамдардың саяси және мәдени өзара байланысын күшейтті, ол өз кезегінде олардың ұлтқа бірігуіне, мәдениеті мен ұлттық мінезінің гулденуіне әкелді. 

3. Ұлттық-этникалық қатынастар, оның мазмұны.

 

    4. Әлеуметтік-этникалық қауымдастық біршама дербес дами отырып, қоғамда алуан түрлі қызмет атқарады. Ол, ең алдымен, адамдардың бір-бірімен қатынасуын, материалдық игілікті бірігіп өндіруін қамтамасыз етеді, соның нәтижесінде өзінің дамуын жүзеге асырады. Халықтың мұң-мұқтажын, талап-тілегін, ұсыныс, сұраныстарын, т.б. қанағаттандырып отырады. Генетикалық шығу жағынан бір-бірімен өкшелес бола отырып, ру, тайпа, халық, ұлт әлеуметтік-этникалық жағынан ілгерілеп даму үдерісінің тізбегін жасайды.

    Сонымен, этногенез әртүрлі қауымдық топтар негізінде жаңа құрамдағы туыстас тайпа немесе халықтың шығу тегі болады. Этногенез халықтар тарихының бастамасы. Ол үнемі даму үстінде болады. Бірде оған жаңа этникалық топтар қосылып, онымен біте қайнасып, араласып кетсе, енді бірде одан кейбір топтар бөлініп те жатады. Мысалы, Қазақстан территориясында көптеген түркі тектес көшпелі тайпалар бірігіп, біте қайнасып, араласу үдерісінің нәтижесінде қазақ халқы қалыптасты. Этногенез үдерісінің негізгі екі турі болады: бірі - жергілікті бірнеше көне тайпалық топтардың биологиялық жолмен жаппай араласуы арқылы қалыптасуы; екіншісі — жаңа заманда басқа жерге қоныс аударған бірнеше халықтар өкілдерінің тікелей ықпалының нәтижесінде болатын қалыптасу. Бір сөзбен айтқанда, этногенез уақыт пен кеңістік бойынша дараланатын тарихи үдеріс.

Ол белгілі әлеуметтік заңдылықтар арқылы дами келе, адамдардың әртүрлі тарихи қауымдастығына бөлінеді: олардың ішінде мемлекет, тап, отбасы, т.б. бар. Бұлардың ішінде этностар ерекше орын алады. Біріккен Ұлттар Ұйымының деректері бойынша, жер бетінде 3 мыңнан астам этникалық қауымдастықтар әлемнің 220 мемлекетінде орналасқан. Этностар мәңгілік өмір сүре бермейді, олар туады, дамиды, өледі. Мұндай үдерісті этноәлеуметтану теориясыңда этногенез деп атайды. Этногенездің негізін бұрынғы Кеңес ғалымы Лев Николаевич Гумилев қалады. Сөйтіп ол "этнос" деген ұғымды биология және әлеуметтік қауымдастық ретінде анықтап, биосфераның бір бөлігі, оның туындысы ретінде көрсетті, екінші жағынан, этногенез әлеуметтік эволюцияның жемісі, нәтижесі ретінде дәлелденді.

  2. Этникалық қауымдастықты білдіретін ұғым "ұлт" термині. Адамдардың белгілі бір топқа бірігуінің табиғи тірегі ретіндегі территория орталығы мен олардың тіл орталығы немесе олардың өзара жақындығы этникалық қауымдастықтың қалыптасуының негізгі шарты, факторлары болып табылады. Кей реттерде былай да бола береді. Мысалы, Америка құрлығының бірқатар ұлттарының біртұтас боп қалыптасуына этникалық қауымдастықтың әр тілде сөйлейтін бөліктері арасыңдағы "тіл орталығына" шаруашылық, мәдени, т.б. байланыстардың дамуы барысында қол жетті, яғни мұның өзі этногенез үдерісінің нәтижесінде болды.

   Жоғарыда көрсетілгендей, бұл этникалық үдерістің барысыңда әртүрлі әлеуметтік-экономикалық факторлардың әсерімен табиғи ортаның ерекшелігіне қарай материалдық және рухани мәдениеттің, тұрмыстық, таптық психологиялық сипаттамаларының этникалық қауымдастыққа тән қасиеттері қалыптасады. Бұған сәйкес этникалық сана-сезім пайда болады, мұнда белгілі бір этникалық қауымдастыққа енетін адамдардың тегі мен тарихи тағдырларының ортақтығы туралы ұғымдар басым рөл атқарады. Ортақ территория және тіл сияқты бұл элементтер этникалық қауымдастықтың белгілері бола алады. Мысалы, кейде діни пен нәсілдік жақындық этникалық қауымдастықтың қалыптасуына ықпал етіп жатады.

    Этникалық қауымдастық белгілі бір тілді, мәдениетті, дәстүр-салттарды, этникалық бағдарларды, т.б. жаңа ұрпаққа сіңіру арқылы үздіксіз өрге басып, ұлғая беруге ұмтылады. Неғүрлым тұрақты өмір сүруі үшін этникалық қауымдастық өз алдына әлеуметтік-территориялық ұйым құруға (мысалы, таптық қоғамда мемлекет болуға) тырысады.

    Тайпа, халық, ұлт этникалық қауымдастықтың тарихи типтері болып есептеледі. Сондай-ақ, белгілі бір жерде (яғни, территория-аумақта) тұратын әлеуметтік ұйымы бар тұтас этникалық қауымдастықтар және территориялық жағынан бөлек-бөлек (әр жерде тұратын) этникалық қауымдастықтар болады. "Этникалық қауымдастық" термині кейде бірнеше халықты, яғни этнолингивистикалық топтарды атау үшін қолданылады. (Мәселен, қазақ, қырғыз, түрікмен, өзбек, т.б. түркі тілдес халықтар монғол типтес этникалық топқа енеді. Сондай-ақ, бір халықтың ішіндегі этнографиялық топтарды белгілеу үшін де "этникалық қауымдастық" термині қолданылады. Мысалы, қазақта әртүрлі жүздер (ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз) және алуан түрлі рулар (арғын, қыпшақ, үйсін, дулат, қоңырат, шапырашты, т.б.) бар. Бұлар көрсетілген жағдайда "этнос" дел аталады.

   Сонымен, жалпы этникалық қауымдастьгқ — адамдардың әлеуметтік тұрақты топтары. Ол ру, тайпа, халық, ұлт түрлерінде ерекше тарихи жағдайларда қалыптасады.

    Адамдардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік-этникалық қауымдастығының ең жоғарғы түрі — ұлт. Ұлт адамдардың материалдық тұрмыс жағдайларының, территориясы мен экономикалық өмірінің, тілі мен мәдениетінің, әлеуметтік психологиясындағы кейбір этникалық ерекшеліктерінің ортақ болуы негізінде қалыптасты.

     Қауымдастықтың түрлері. Жоғарыда көрсетілгендей, адам қауымының ұлтқа дейінгі тарихи түрлері — ру, тайпа, халық болады. Алғашқы қауымдық құрылысқа ру мен тайпа тән болса, құлдық қоғам мен феодализм заманындағы негізгі қауым  халық  болды. Халықтың   ұлтқа   айналу   үдерісі феодализмнің күйреп, капитализмнің даму кезеңімен тығыз байланысты. Бұл ұлттарды біріктірудің негізгі факторлары болады.   Бұл   кездейсоқ   құбылыс   емес. Өз   алдына   заң шығаратын үкіметі, әскери және салық жүйесі бар, тіпті ақша  белгісі   де    бөлек   толып   жатқан   княздіктер   мен хандықтарға, "жерлерге" бөлініп, бытырап жатқан феодалдық мемлекетте  адамдардың біртұтас  берік қауымға айналуы мүмкін  емес  еді. Тек  капиталистік  экономиканың  жан-жақты терең дамуы,  сауданың мейлінше күшейіп,  елді түгел қамтуы нәтижесінде ғана жалпы ұлттың экономикалық және  саяси орталықтың қалыптасуына, ұлттық мемлекеттердің құрылуына жол ашылды. Тек осы  факторлардың  арқасында  ғана  үздіксіз  жауласудан басқа қатынастары болмаған бытыраңқы "елдердің" бастары қосылып бірігуіне, олардың ұлт дәрежесіне көтерілуіне жағдай туды. Ұлттардың этника құрамдары бірдей емес. Олардың біреулері бірнеше тайпалар мен халықтардан және нәсілдерден құрылады, екіншілері бұрын көптеген тайпалардың "қысылып" бірігуі нәтижесінде пайда болған бір ғана халықтың негізінде қалыптасты. Мысалы, қазіргі американ ұлты Еуропадан қоныс аударған әртүрлі ұлттар мен ұлыстардан құрылды, оларға аздап та болса негрлердің қаны қосылған, араласқан. Француз ұлты галлдардың, германдықтардың, нормандықтардың, т.б. қосылуының нәтижесіңде қалыптасты. Қазақ ұлты да көп ғасырлар бойы әлденеше түркі тілдес және монғолдармен араласқан тайпалардың өзара тұтасуы негізіңде қалыптасқан халық.

    Ұлттың халықтан үлкен сапалық айырмашылықтары бар. Ең алдымен, ол — капиталистік қоғам туындысы. Оның қалыптасу үдерісі буржуазияның басшылығымен өтті. Бұл үдерістің барысында буржуазия табының ұсақ топтарының бастары қосылып, біртұтас ұлттық буржуазияға айналды. Дәл сол тәрізді жұмысшылардың толып жатқан бытыраңқы топтары ұлттық тапқа бірікті. Сөйтіп бір жағынан, халықтың өз алдына жеке, дербес өмір сүріп келгендері — бірдей экономикалық орталық құрылуының нәтижесінде ұлттық мемлекеті бәріне ортақ біртұтас бір қауым болып қалыптасты. Екінші жағынан, әр ұлттың өз ішіндегі негізгі таптардың, яғни буржуазия мен пролетариаттың ара жіктері ашылып, ангагонистік қайшылықтар шиеленісе түсті. Бұл екі ұғымды бір-бірімен шатастыруға болмайды. Тап қайшылығының азаюы немесе тап жіктерінің ашылуы, ұлт тұтастығына қатер төндірмейді.

    Халық тіліне қарағанда ұлт тілі барлық жағынан жетілген, тұрақталған тіл болып есептеледі. Себебі, ол ұлт адамдарының өзара қарым-қатынас құралы ретінде дами келе, толығынан әдеби тілге айналады. Тайпалық диалектілері (өзгешеліктері) мен ұлт құрамына кірген халықтар тілдерінің оғаш қылықтарынан (қалдықтарынан, кемістіктерінен) бірте-бірте арылып, бірыңғай берік грамматикалық құрлысы бар, шын мәнінде, тұтас ұлттық тіл дәрежесіне көтеріледі. Ұлт тілі қалыптасып дамыған сайын ұлт тұтастығы да нығая түседі.

    Көшпілікке мәлім, ұлттық санадағы халық мәдениеті мен оның әлеуметтік психологиясындағы тайпалық, көнеден ауысып, сақталып келген кейбір жергілікті түрлері (мысалы, ән-күй ырғағындағы, үй тұрмысындағы, әдет-ғұрып пен мінез-құлықтағы бірлі-жарым ерекшеліктер) не тозығы жетіп жоғалып кетеді, не жаңа жағдайда ескі атаулары ұмытылып, тар шеңберді бұзып шығады, кең өріс алып, жалпы ұлттың мәдениеті және сипаты түрінде дамиды.

    Ұлттық сипат — әу баста әр ұлтқа "тағдырдың сыйлаған", өзгермейтін халықтық рух емес. Ол халықтың ұзақ уақыт бойы қоғамдық-экономикалық, географиялық жоне мәдени ортасы мен тарихи даму жолы ерекшеліктерінің адам санасында, психологиясында қалдырған әсер ізі. Бұл ерекшеліктердің әсер ізі тек бір халықта ғана емес, барлық халықтарда да кездеседі, бұлардың кейбіреулері белгілі тарихи жағдайда ерекше бір мәнерлі түрде, басқаларда қайталанбайтын әрі нәзік, әрі айқын жақтарымен көзге түседі. Сондықтан да олар осы ұлтқа тән қасиеттер деп танылады. Бұл психологиялық ерекшеліктер ұлттың негізгі өмір сүру қабілетіне, тарихи тағдырына, оның шаруашылық жайы мен мәдениетіне, саяси-әлеуметтік құрлысына, басқа ұлттармен қарым-қатынас сипатына ешқандай әсер ете алмайды. Керісінше, ұлттың экономикалық, саяси-әлеуметтік жағдайы өзгерген кезде оның бұл ерекшеліктері баяу өзгереді. Қоғамдық болмыс жағдайлары жақын, не ортақ ұлттардың ұлттық сипаттары да өзара жақындасып, қабыса түседі.

Информация о работе Этноәлеуметтану