Басқару ұғымы,тәсілдері және басқарушылық шешімдер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Января 2014 в 15:08, реферат

Краткое описание

Басқару - реттеуге, қорғауға, қойылған мақсатқа сай нысанның жүйесін өзгертуге немесе жоюға бағытталған, субъектінің нысанға әрекет ету процессі. Басқару адам іс-әрекетінің түрі ретінде адамдардың бірлесіп қызмет ету пайда болғаннан бар. Әрбір тарихи кезең басқару субъектілерінің қатынасын, ынталандыру әдістерін, ұйымдастыру процессінің көлемін қырлап, өз түзетулерін енгізді, дегенмен тек XX ғасырда ғана басқаруға ғылыми көзқарас пайда болып, дами бастады. Басқару өндірісте еңбек бөлінісінің нәтижесінде пайда болды. Басқару адам тұрмысының ажырамас бөлігі, онсыз адамдардың ортақ қызметі де, жалпы қоғам да мүмкін емес. Тиімді басқару дамудың негізгі факторларының бірі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Басқару ұғымы және түрлері реферат.docx

— 63.58 Кб (Скачать документ)

-  реформалау процесінің  басқарылу мәселелерін және 

- реформалардың әлеуметтік  бағасының оптималдандырылуы;

- басқарудың «маркетингтік”  қасиетінің пайда болу мәселелері, яғни, мәдениеттің өзгеруі және менеджменттің технологиялық тәсілдері;

- өндіріс сапасына радикалды ықпал ету мақсатымен басқарушылық жаңалықтарды енгізу; Қазіргі өндірістің дамуының елеулі ерекшеліктері бүкіл басқару философиясының және менеджменттің тәжірибелік қайта бағытталуынының өзгеруіне әкеп соқты. Бұл процестерді талдай отырып, Ю.Г.Волков және И.В.Мостовая өндірісті ұйымдастырудың төрт басты жаңа ерекшеліктерін анықтайды:1) күрделі технологиялық, экономикалық, тұтынушылық және әлеуметтік-коньюнктуралық өзгерістерге жауап түріндегі қазіргі менеджментті ақпараттандыру; 2) корпоративтік қағидаларды және клиенталдылықты енгізу негізінде өндірістік басқару жүйелерін әлеуметтендіру;   3) эвристика, жаңа енген психологияның, прогностиканың дамуын есептей отырып менеджментті инновациялау; 4) антикризистік реттеу стратегияларын қолдану, технократикалық басқару ойынан социократикалық ойлауға көшу, ортаны құраушы мәдениеттілік есебінен өндірісті басқаруды экологизациялау.                                                                                                       Бүгінде көптеген кәсіпорындарда қоғаммен байланыстың арнаулы бөлімдері пайда болуда, себебі, жеке фирмалардың өндірістік және маркетингтік саясаты олардың қызметінің жетістігі өнімдеріне және өндіріске деген қоғамдық пікірдің сипатына байланысты. Басқаша айтқанда, қазіргі менеджмент дамуының мәні әлеуметтанушыны, әлеуметтік философты қызықтырмай қоймайды: әкімшілікті реттеу және басшылық ракурстағы емес нағыз адамды басқару үрдісіне айналып бара жатыр. Және де ол қызметтестікті іске асырудың құндылығы, қажеттелігі және мүмкіндіктері, топтың сәйкестігі позициясы жағынан маңызды болуы керек. Осыған орай, мамандар қазіргі өндірісті басқару формаларын ұйымдастыру мәселелеріне байланысты мәселелерді зерттеуге көп көңіл бөледі.                                                                                                         Бірақ басқару технологияларын зерттеу және әлеуметтік әрекеттестіктің жаңа түрімен қаланған инновация енгізу қағидаларының ұйымдастырылуы айырықша өзектілікке ие. Негізгі ұлттық ресурсы түрінде адам капиталын әлеуметтік басқарудың сапасы қазіргі өндірістің табысты нарықтық өзгерістеріне және қарқынды бәсекелестікке әкелудің басты факторы болуы мүмкін. Өндірістік саладағы инновациялық менеджменттің басты қағидалары: 1) валеологиялық (превентивті, антикризисті, әлеуметтік-экологиялық);        2) коммуникативті (ақпараттық, мәдениеттік, әлуметтік-реактивті);                                                3) синергетикалық (инновациялық, эвристикалық, барлаушылық, ықтималдылық);                 4) социократикалық (адамның орталықтандырылуы, клиенталды, ынтымақтастық).  Бүгінде инновациялық өндірістік менеджмент әдеттегі басқару мен  бюрократикалық басқару түріндегі қарама-қайшы әрекеттестік түрінде іске асады. Ол «басқару” моделінен «үйлестіру” моделіне және «технократикалық” ойлау стилінен жаңа «социократикалық” басқару стиліне көшумен сипатталады.                                                                     Басқарушылық инновациясының қажеттілігі нарыққа көшу жағдайларындағы әлеуметтік үйымдастырудың өзгеруінің тоқыраушылық процесінде өндірістің мәні ерекше: еңбек ұжымының ішінде маманданған кадрлар топтарының статусы төмендейді, жұмыс күші басты өндірістен өндірістік емес салаға көшеді, квалификацияланған еңбектің үлесі азаяды, жасырын жұмыссыздық дамиды. Бұның бәрін тривиалді әлеуметтік басқару стратегияларын іске асыру арқылы жоюға болады. Қазіргі еңбектегі және өндірістегі өзгеріс сапалық сипатта болып келеді. Олар тіпті жеке кәсіпорында да байқалады және әлемдегі экономикалық күштің орналастырылуында да бейнесін табады.          Менеджменттің жаңа философиясының іске асуы, ең алдымен өндірістік демократияның жетілуі және дамуы, менеджерлер мен жұмысшылардың қызметтестігінің қарқындылық жүйесін құру және басқарудың децентризациясын білдіреді. Себебі, еңбек қазіргі адамдар үшін өмір сүру жолынан өзін-өзі дамытудан өзін-өзі бекітуге айналуда.

                              

 

 

3.Мемлекетті басқарудың түрi, құрылымы және биліктің легитімділігі

                                      3.1. Басқару түрi

Басқару түрi- жоғары мемлекеттік органдарды, олардың қүрылу тәртібін, өз араларында және халықпен өзара байланысын білдіретін жоғары мемлекеттік билікті үйымдастыру. Тарихта үш басқару түрі белгілі: монархия ,республика және диктатура. Монархия (гр. μοναρχία — біртұтас билік) —алғашқы тарихи басқару түрі. Онда елдегі жоғары билік бір адаммен жүзеге асырылады. Мемлекет басы – монарх - әдетте билікке мұрагерлік жолмен келеді және оның билігі басқа билік түрлеріне немесе сайлаушыларға бағынышты емес.абсолюттік және конституциялық болып екіге бөлінеді. Абсолюттік монархия — мұраланған тақ иесінің (монархтың) ешқандай заңдармен шектелусіз, өз қалауынша дара билік жүргізуі. Шыңғыс хан және оның ұрпақтары билеген Қыпшақ мемлекеттері, XVIII ғасырдың соңындағы буржуазиялық революцияға дейінгі Людовиктер басқарып келген Франция осы абсолюттік монархияға мысал. Атадан балаға мұра боп қалған билік иесінің мемлекеттің сайланып қойылатын басқару органдарымен біте қайнасып, демократиялық ұстанымдармен үйлесім тауып басқаруын конституциялық монархия дейді. Мысал ретінде қазіргі Англия, Жапония мемлекеттерін айтуға болады.                                           Республикалық басқару .Республика басқару түрі ретінде монархиядан әлдеқайда кеш пайда болса да, ежелден белгілі. Монархиядан айырмашылығы мемлекет басшылығы ауыспалы әрі сайланбалы, ал оның билігі өкілетті орган мен сайлаушылардан тәуелді болып келеді. Республикалық басқару парламенттік , президенттік және аралас болып үшке бөлінеді.                                                                                                                 Парламенттік жүйесі бар елдерде парламенттегі орындардың көпшілігін сайлауда жеңіп алған партия немесе партиялар коалициясы — премьер-министр басқарады. Үкімет өзі жасап парламент бекіткен бағдарлама бойынша жұмыс істейді, парламентке есеп береді. Парламент жетекші рөл атқарады, қажет десе, басқарушы үкіметті қызметтен кетіре алады. Парламент заңдарды ұсынады және олырды қабылдайды. Премьер-министр де парламенттің қарауына заңдар ұсынады. Сот билігі тек заңдарға сүйеніп жүзеге асырылады. Парламенттік республикалық басқаруға Италия, Алманияны жатқызуға болады.                                                                                                                                  Президенттік жүйеде президентті және парламентті халық сайлайды, заңды билік пен атқарушы билік арақатынасы өзгереді, ел президенті мемлекеттің де, үкіметтің де басшылығын өз қолына алады. Президенттік басқару үлгісі ретінде АҚШты келтіруге болады.                                                                                                                                      Республиканың үшінші түріне аралас  республика жатады. Мұнда республикалық та, парламенттік те түрлердің белгілері кездеседі.Үкіметке екі жақты жауапкершілік жүктеледі. Республиканың классикалық ондай түріне Франция жатады.

  Диктатура (лат. dictare — нұсқау беру) — бір қолға шексіз биліктің жинақталуы, заңды аяққа баса отырып, күш көрсету арқылы мемлекет басқаруды жүзеге асыру. Диктатурамемлекеттік билік формасының ерекше көрінісі ретінде монархиялық және республикалық режімдер жағдайында ұшыраса береді.                                         

3.2.Мемлекет құрылымы

 Мемлекет құрылымы бойынша келесі түрлерге бөлінеді:                                 1.Унитарлық (лат. unitas — біртұтас, біріккен) құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекет ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Оның территориясы, конституциясы бір болады.Мемлекеттік биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Мысалы, Италия, Франция, Қазақстан т.б. осы түрге жатады.  Унитарлы мемлекет - әкімшілік-территориялық бірлестіктердің саяси дербестігі болмайтын мемлекеттік құрылыс түрі. Мемлекеттік құрылысқа келесі сипаттамалар тән: елдің бүкіл территориясында тең жүретін біртұтас конституция; заңды күші бүкіл территорияға таралатын жоғарғы мемлекеттік билік органдарының біртұтас жүйесі; біртұтас құқық жүйесі; биліктің муниципалды органдарының жалпы мемлекеттік органдарға бағынуы.                                                                                2.Федерация (лат. foederatio — одақ, бірлестік) — белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар, бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруы.Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттері арасындағы айырмашылықтар жалпымемлекеттік конституциямен реттеледі. Әр субъектінің өзінің жоғарғы билеу (заң шығарушы, атқарушы, сот органдары болады). Мұндай мемлекеттерге АҚШ, Алмания, Малайзия, т.б. жатады.                                                 3.Конфедерация деп өздерінің кейбір амал-әрекеттерін  үйлестіріп, белгілі бір мақсаттарды жүзеге асыру үшін бірлескен егеменді елдер одағын айтады. Онда жалпыодақтық азаматтық немесе ол одаққа кірген мүшелердің бәріне міндетті заң шығаруғы билік болмайды.

Мемлекет мынадай  қызметтерді атқарады: шаруашылық жүргізу (меншік) мәселелерін реттеу (бөлу), жер бөлу, алым-салық жүйесін белгілеу, адамдардың құқықтық жағдайын белгілеу, қорғанысты қамтамасыз ету, тағы басқа мемлекет саяси ұйымдардың ішіндегі ерекше күрделісі және қуаттысы бола отырып, бүкіл қоғамды қамтып, сол қоғам атынан оның ішінде де, сыртында да өкілдік етіп, сол қоғам үшін қызмет ететін саяси ұйым. Осыған орай мемлекеттің қоғам өміріне тікелей және жанама әсер ететін ерекше органдары және оны басқа саяси ұйымдардан ажырататын белгілері бар:                                         1) өз аумағында бүкіл қоғамның жалғыз ресми өкілі ретінде халықты азаматтық тұрғыда біріктіреді;                                                                                                                                                       2) жоғарғы билік, тәуелсіздік мемлекетте ғана болады. Ол басқа мемлекеттерден тәуелсіз, яғни сол қоғамның ең жоғарғы билігін өз қолында ұстап, ішкі және сыртқы саясатын өз қалауымен жүзеге асырады                                                                                                                     3) заң күші мен құқық нормаларын шығару, құқық шығарма мемлекетке ғана тән;                         4) билеуші органдарының болуы. Оның органдарында тек қана басқару ісімен шұғылданатын арнайы қызметкерлері болады. Қоғам тәртібін сақтау үшін мемлекет әскері мен жасағы құрылады. Сыртқы күштердің ықпалынан қорғану үшін оларға қарсы барлау ұйымдастырылады;                                                                                                                        5) мемлекет органдары мен онда қызмет ететін адамдарды қаржыландыратын арнаулы материалдық қор болады, ондай қор жасау үшін алым-салық белгілейді және жинайды;           6) өз тұрағы, аумағы бар. Сол аумақта билігі жүреді, өмір сүреді және оны қорғау мақсатында тынымсыз әрекет жасайды. Басқаруды тиімді жүзеге асыру үшін аумақты әкімшіліктерге бөледі.                                                                                                                      7) құқықтық жүйенің қалыптасуы. Басқарылатын қоғамдық қатынастарды реттеп, оларды қажетті қалыпқа салып, тәртіп орнату үшін құқықтық нормалар жасалынады.                    Оларды жасап, қабылдайтын мемлекеттің тиісті өкілетті органы болады. Мемлекетті шаруашылық жүргізу тәсіліне қарай құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық, социалдық деп бөлу олқылықтарына қарамастан бүгінгі күнге дейін сақталып отыр. Сонымен бірге батыс зерттеушілері мемлекетті мәдени белгілеріне қарай ислам, қытай, батыс, православтық деп өркениеттік жіктеу негізінде де бөледі. Осы пайымдауларға қоса мемлекеттерді пайда болған табиғи ортасына қарай ірі өзендер аймағында, теңіз жағалауларында, далалы-орманды жерлерде пайда болған мемлекеттер деп бөлуге болады. Мемлекеттің пайда болуына әр түрлі табиғи орта мен әлеуметтік жағдай әсер етеді, сондықтан да белгілі бір аумақтағы мемлекеттің қалыптасу барысы әр түрлі болады. Ол мемлекет туралы әр түрлі ілімдердің пайда болуынан көрінеді.                                                                                                                                   Биліктің бір мазмұннан бір мазмұнға өтуі мен күрделіленуіне және өз аумағының кеңеюіне қарай мемлекет мынадай даму сатыларын бастан кешіреді:                                  1.ном, полис — халқы да, аумағы да аз, басқару жүйесі қарапайым протомемлекет);                     2.бірнеше полис немесе тайпалық одақтардың бірігуінен пайда болған, басқару жүйесі әлсіз, ортақ заң жүйесі жоқ немесе нашар дамыған, ыдырап кету қаупі күшті, қазіргі кездегі конфедерацияға ұқсас құрылым);                                                                                    3.орталықтанған мемлекет — ішкі әкімшілік аймақтарда экономикалық қарым-қатынастар күшейіп, ортақ ақша, ортақ заң жүйесі енгізілген, ыдырап кету қаупі болмашы ғана. Мұндай елдердің халқы әдетте ұлт деп аталады);                                                                  4.империя; Орталықтанған мемлекеттер күшейе келе көрші елдер аумақтарын басып алады, әр түрлі шаруашылық жүйелерін біріктіріп, әр түрлі қоғамдық құрылысы бар елдерді күшпен бір орталыққа бағындырады, нәтижесінде империя пайда болады.         

 

                                      3.3.Билік легитімділігі

Биліктік іс-әрекеттің  өзінің мойындалуын сипаттайтын  маңызды тұстарының бірі легитімділік туралы мәселе. «Легитімділік» термині (лат. legitimus — заңды) өмір сүріп отырған билікті өзінің бағыныштыларының, сонымен қатар биліктің басқа субъектілерінің занды деп тануын анықтайды. «Легитимділік» терминін тарихи тұрғыда 1830 ж. Франциядағы шілде революциясы кезеңінде пайда болған легитимистер партиясының іс-әрекеттерімен байланыстырады. Олар 1789-1794 жж. революциялар нәтижесінде биліктен аластатылған Франциядағы Бурбондар династиясының идеяларын заңды және қажетті деп танып, оны заңды билік ретінде қайта жаңғыртуды ұсынған еді. Аталмыш ұғым саяси дағдарыстар, биліктік құрылымдардағы түпкілікті өзгерістер, биліктің ауысу жағдайларында және осы жағдайлардағы билік өкілеттіктерін кеңейту қажеттілігі пайда болғанда, олардың зандылық дәрежесі күмән тудырғанда ерекше өткір саяси мәселеге айналады. Яғни билікті тартып алу, оны заңсыз жаулап алу және басып алушының өз еркін тану тенденциясы пайда болады. Кандай билік болмасын өзінің заңды екендігін қорғайды.                                                                                                                                        «Билік легитімділігі» ұғымын француз революциясы мен оның салдары ерекше өзекті мәселе ретінде қалыптастырғанымен, бұл ұғым қарапайым формада саяси ойлардың бастапқы кезеңдерінде-ақ пайда болған. Адамзат биліктік катынастардың, билік құру мен бағынудың пайда болу кезеңінен бастап неге біреулері билік құрып, үстемдік етеді, ал басқалары — оларға бағынып, қол астында болуы тиіс және билік, оның акциялары бағынушылар үшін қаншалықты қажетті деген сауалдарға жауап іздеумен келеді. Легитимділік туралы мәселе билік үшін бәсекелестік күресте өте күшті қару болды. Өйткені, биліктің ауысуы, биліктік кұрылымдардағы түпкілікті өзгерістер өздерімен бірге белгілі бір аласапыран мен тәртіпсіздікгі ала келді, осының салдары — ұзақка созылған қанды соғыстарға апарып соқтырғандықтан, қоғамның саяси элитасы биліктің алмастырылуын, билік құрушы субъектілерді заңдастырудың әр түрлі әдістерін, осы процестердің астарында белгілі бір қағидалық негіздердің бар екенін келтіре отырып жасақтады. Бұл монархиялық режим жағдайында — биліктің мұраға қалатындығы туралы, республикаларда — биліктің сайлануы туралы заң.                                                                                   Орта ғасырларда Еуропада зайырлы элита мен діндарлар арасында билік үшін бәсекелестік күрес орын алды. Бұл күресте шіркеу ұзақ уақыт бойы зайырлы биліктің легитимділігін тану кұқығын сақтап калды, яғни шіркеудің беделі мемлекеттік биліктің занды екендігін тануда шешуші мәнге ие болды. Легитимация — ең алдымен, осы биліктің қажеттілігін, оның бағыныштылар үшін игілікті екендігін идеологиялық және құқықтық түрғыдан негіздеу.                                                                                                               Легитимация тек биліктік құрылымдарға, билік субъектісіне ғана емес, сондай-ақ олардың акцияларына, шешімдеріне, қағидаларына да таралады. Билік легитимациясы биліктік ықпал ету кеңістігіне, оның шегіне, шекарасына байланысты. Осы ассоциативті кеңістіктің ішінде билік қажетті деп танылып, ал оның шешімдері орындалуға міндетті деп саналады.                                                                                                                                                             Билік өзінің ықпал ету кеңістігін игеру үшін биліктік ықпал ету күшіне ие болуы керек. Бұл күш билік құрушы субъектінің билік ресурстарын: адамдарды басқару өнері ретіндегі саясатты; саясаттың нақгылық дәрежесін; күш пен құралдардың қажетті арсеналдарын пайдалана білу кабілеттілігін; әдістердің ыңғайлығы мен тиімділігін және т.б. қаншалықты игергендігіне тәуелді.                                                                                                               Биліктік ыкпал ету кеңістігі бір мезгілде ассоциацияның соңғы ажырамас құрылымдық элементі, оның атомы индивид, бағынушы болып табылатын құрылымданған және ассоциативті кеңістік болып табылады. Демократиялық қоғамда — бұл азаматтық құқықтар мен міндеттерге ие жеке тұлға. Сондықтан да демократиялық қоғамда билік легитимациясы оның құқығын қорғайтын заң шеңберінде жүруі қажет.                                  Билік легитимациясы — азаматтарға тікелей ықпал ету актісі емес, ол — осы билікті мойындайтын қоғамдық келісім деңгейінде заңды әлеуметтік-саяси ортаны қалыптастыру процесі. Легитимацияның актілері биліктің, оның шешімдері мен іс-әрекетінің маңыздылығы туралы қоғамдық пікірді қалыптастыратын идеологиялық, саяси, құқықгық іс-әрекет болып табылады. Билік легитимділігін тану — бұқаралық сананың феномені, сондықган билікті заңдастыру үшін пайдаланылатын бірқатар идеологиялық қағидалар бар:                                                                                                                                                                               Биліктің киелілігі. Биліктің, билік құрушы субъектінің қасиетті, киелі екендігі мен оларды мифологияландыру. Билік құрушыларға харизматикалық қасиеттерді таңу.                         Биліктің халықnық сипаты: (билеуші бізге туыс, ол —біздің арамыздан шыққан, ол біздің қажеттіліктеріміз бен мұңымызды жақсы біледі).                                                                Легитимация — биліктің тұрақты, үздіксіз іс-әрекеті, оның өзіне деген қамқорлығы. оппозициялық күштер билікті, оның шешімдері мен акцияларын заңсыз деп тану жолында әрекет етеді.                                                                                                                                                         Оппозиция билік кабылдаған зандардың легитимділігін, билік өкілеттігінің кеңеюіне қол жеткізетін биліктік құрылымдардағы өзгерістерді, олардың Конституцияға сәйкестігін, олардың қажеттілігі мен дер уақыттық шара екендігін жоққа шығарады, билік пен оны қолдаушьиар ұсынған аргументтердің дұрыстығын сынға алады. Легитимация да, делегитимация да — билік пен оппозиция арасындағы бәсекелестікте пайдаланылатын күрестің әлеуметтік формасы. Бірақ мұндай күресіің кандайы болмасын Конституция шеңберінде жүзеге асуы керек.                                                                                                 Билікке келгеннен кейін билік құрушы субъект өз әрекетін легитимдендіру үшін әр түрлі формалар мен тәсілдерді іздестіреді. Ол референдумдар өткізіп, өзінің іс-әрекетінде олардың шешіміне сүйенеді, Конституцияға өзгерістер енгізеді, өз өкілеттігінің кеңеюіне қол жеткізуге тырысады, билік құрылымдарын жетілдіреді, заңдар шығарады, өзінің әлеуметтік базасын кеңейту және оппозицияны оқшауландыру, оның әлеуметтік ықпалын әлсірету мақсатында әрқилы әлеуметтік шаралар өткізеді. Оппозиция биліктің өрекетін мұқият бақылап, олардың легитимділігін жокқа шығарады, конституциялық нормалардың, қабылданған зандардың қатаң сақталуын талап етеді. Мұның барлығы қоғамның демократиялық саяси мәдениетінің дамуына септігін тигізеді, нарықтық қатынастар жүйесіне сай келетін қоғамның саяси құрылымын қалыптастырады. Легитимділік туралы мәселенің сыртқы аспектілері де бар. Билік біріктірген ассоциативтік қауымдастық субъект-субъектілік қатынастардың мейлінше кең жүйесінде субъект ретінде көрінуі мүмкін. Оның бұл «сыртқы саяси іс-әрекеті» осы кең жүйеде қабылданған нормаларға сай келуі, басқа субъектілердің мүдделеріне, құқықтарына нұқсан келтірмеуі қажет. Баска ассоциативтік қауымдастықгардың мүдделерін бұзатын билік құрушы субъект, оның әрекеттері, акциялары заңды деп танылмауы да мүмкін.                                                

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.

 

Өзінің ғасырлар бойғы қоғамдық  дамуы  үрдісінде  адамзат бірнеше тарихи-әлеуметтік кезеңдерді  бастан кешірді. Экономика  мен қоғам дамуының  ең басты  алғышарты - өндіріс екенін ескерсек, онда оның да өркендеу  дәуірін  шартты түрде үш кезеңге бөлуге болар  еді. Олардың біріншісінде  адамзат  өндірісті (әсіресе өнеркәсіпті) шикізатпен  қамтамасыз  етуді ойластырумен болды. Басқаша айтқанда, материалдық  фактор   өндіріс өркендеуінің  шешуші  факторларының алдыңғы  қатарында болды. Бұл кезең ондаған  ғасырларды қамтитын тарихи мезгілге созылды.

Қоғамның  өндіргіш  күштерінің толассыз дамуы келе-келе адамдардың өндірістік қарым-қатынастарының өзгеруіне  әкелгендіктен сол  өндірісті материалдық жағынан  қамтамасыз етуден гөрі еңбекті  дұрыс  та тиімді ұйымдастыру  факторы шешуші рөл атқара бастады.  Сөйтіп  - ондаған жылдарды қамтитын кезең  басталып, ол өндіріс дамуында  жұмыс  күшін пайдаланудың  тиімділігі деңгейімен сипатталды. Бұл фактор күні бүгін де өз маңызын  жойған жоқ.

Енді үшінші кезеңнің  басты сипатын келтірер болсақ, ол өндірісті (ақылы қызмет көрсетуді)  тұрақты дамытуды және соның негізгі  мақсаты болып табылатын қоғамның әлеуметтік жағдайын жақсартуды ұйымдастырушылық, әсіресе  басқарушылық  жағынан  қамтамасыз етудің  маңызының арта түсуі дер едік.  Сондықтан  да  жас мемлекетіміздің алға қойған басыңқылықты  мақсаттарының  бірі – жоғары білімді қызметкерлерді “мемлекеттік және жергілікті басқару” мамандығы бойынша дайындау екендігі жайдан жай емес.

Енді осы мамандақ бойынша  оқитын студенттер алдында  тұратын шешуші міндеттің бірі  мемлекеттік басқарудың теориялық  астарын  меңгеру екені өзінен-өзі  түсінікті. Осыған байланысты  және мемлекеттік тілде жазылған  оқу-әдістемелік  құралдардың тапшылығын ескере  отырып қолыңыздағы оқу құралын  дайындадық. Ол  әзірге өте ықшам  күйде  және көлемдірек оқулық дайындаудың  бірінші сатысы  ретінде жазылды. Оның тағы бір себебі  әлгіндей оқулық  дайындауда  осы оқу құралы бойынша  айтылған ұсыныстар мен сыни көзқарастарды  ескеру еді. Сондықтан осындай ұсыныстар  жасаған  мамандарға алдын-ала ризашылығымызды  білдіреміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                   

Мазмұны

 

Кіріспе…………………………………………………………………………..........................................................3

I-тарау. Басқару ұғымы,тәсілдері және басқарушылық шешімдер..............4

1.1. Басқару ұғымы............................................................................................4

Информация о работе Басқару ұғымы,тәсілдері және басқарушылық шешімдер