Тұқымның шығу тарихы, биологиялық ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2013 в 14:58, курсовая работа

Краткое описание

Мал шаруашылығы адам қорегіне қажетті, биологиялық тұрғыдан бағалы сүт, ет, жұмыртқа, май секілді азық-түлікпен қатар, өңдеу кәсіпорындары үшін тері, елтірі, жүн, қауырсын секілді шикізат көзі болып табылады. Сондықтан бұл саланың дамуының, елдің ұлттық азық-түлікпен қамтамасыз етуде маңызы зор.
Қазақстанда мал шаруашылығы ертеден дамыған. Көшпенділер тіршілігі төрт түлік мал өсіріп, солардың өнімімен күн көруге негізделгендіктен, ғасырлар бойы бай тәжірибе жинақталып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатыр. Бүгінгі күнгі мал шаруашылығы мамандарын дайындауда, осы құнды атамұрамызды аяқ асты қылмай, жоғалтпай, қастерлеп, заман талабы мен дүниежүзілік нарық заңдылығына сәйкестендіре дамытуымыз қажет.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................3
І. Әдебиеттерге шолу..................................................................................5
2. Негізгі бөлім

2.1. Тұқымның шығу тарихы, биологиялық ерекшеліктері..................14

2.2. Қазақстанда өндірілетін елтірінің түрлері. Атырау елтірілік майлы
құйрықты қойлары....................................................................................19

2.3.Атырау елтірілік майлы құйрықты қойларын асылдандыру
жұмысы.......................................................................................................29

Қорытынды.................................................................................................36
Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................38

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қаракөл мадина.doc

— 178.00 Кб (Скачать документ)

Қорытынды және ұсыныстар

 

Еділбай қойы еліміздің батыс аймағында  ертеден өсіріліп келеді. Еті дәмді, жүні мол, шөл-шөлейтті жерлерге бейім, ірі тұлғалы.

Қаракөл қойы - әдемі және қымбат бағалы елтірісі арқылы дүние жүзіне белгілі қой  тұқымы. Ол бұдан 3-3,5 мың жыл бұрын  Орта Азия жерінде халықтық сұрыптау тәсілімен шығарылғаны туралы жоғарыда айтылды. Оның 2-3 күндік сойылған қозыларының елтірісі өте сапалы болғандықтан елімізде қаракөл тұқымдас қойларын өсіру тиімді деп ойлаймын. Қаракөл қойы құрғақ далалы, шөл-шөлейтті аймақта өсіруге бейімделгендіктен Атырау жерінің ауа-райы да осындай қой өсіруге ыңғайлы екеніне көз жеткіздім.

Әрине, қойды азықтандырудың қайнар көзі ауылшаруашылық жерлері. Жер ауыл шаруашылығында ең басты өндіріс құралы. Басқа өндіріс құралдары ескіріп, тозып, ғылым мен техниканың дамуына сәйкес дамып, жаңарып, өзгеріп тұрса, жер өндіріс құралы ретінде ауыспай қала береді. Ол пайдалану кезінде дұрыс агротехникалық жұмыстар жүргізіліп, қажетті тыңайтқыш беріп тұрса өзінің құнарлылығын арттырмаса, кемітпейді. Өндірісте пайдалану кезінде ғылыми негізделген агротехникалық шаралар жасау арқылы жердің құнарлылығын арттырып, жайылымнан шабынға, шабыннан егін салатын сүдігер жерге, суландыру арқылы тәлімі жерді сулы егіс жеріне айналдыруға әбден болады. Қазақстанда солай жасалып та келеді.

Қаракөл шаруашылығы жермен, жайылыммен өсіріп-өндіргенде ғана басқа малдармен өнімділігі мен пайдалылығы жөнінде бәсекелесе алады. Ал кең жайылымда, әсіресе шөл-шөлейт, құм-құмайт, таулы-қыратты жерлерде қой өсіру экономикалық жағынын арзан да тиімді екенін тағы да айта кеткен жөн.

“Қойды құмға, жылқыны қырға, сиырды сыртқа, түйені сорға жай”, деген қазақтың нақыл сөзі жайылымның түрлерінің мол екендігін білдіреді. Жалпы, қой малы жаратылысынан жайылымға жақсы бейімделген түлік. Қой өте төзімді келетіндіктен ауа райы өте суық немесе аса ыстық жерлерде де жақсы өсе береді және оңай жерсінеді. Тиімді технология ең алдымен экономикалық мақсатты көздейді. Сондықтан ол қолда бар жер, материалдық-техникалық қор мен еңбек ресурстарын пәрменді және үнемді пайдалануға бағытталады. Тиімді технология әрбір гектар жерден, әр бас малдан ең көп, ең арзан, ең сапалы өнім алуды қамтамасыз етуі тиіс. Қой шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы қолданбалы ғылым ретінде ауылшаруашылық жерін, малды, жем-шөпті, басқа да өндіріске қатысты заттарды, адам еңбегін ең жоғары дәрежеде ұтымды пайдаланудың жолдарын іздестіреді, нәтижесінде тиімді технологияны өндіріске ұсынады. Сонымен қатар жемшөп базасына көңіл аударылмайды. Әрине осындай салғырттықтан қой шаруашылығына зиян көп болады.

Мұндай өнімдердің шарықтап қымбаттауы, азот, фосфор тыңайтқыштарының тапшылығы жайылым жерлердің құнарлылығын арттыру ісіне өзінің кері әсерін тигізуде. Осындай жағдайда жайылым жерлерді дұрыс, жүйелі пайдаланудың маңызы зор. Қазақстан ғалымдары бұл жөнінде де жақсы ұсыныстар жасап отыр. Қазақтың қой шаруашылығы, қаракөл шаруашылығы және мал азығы мен жайылым институттары әр аймаққа арналған көптеген ұсыныстар береді. Міне, сол ұсыныстарды басшылыққа алып пайдалансақ қойдан өте арзан, аса сапалы өнім өндіруге жол ашылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1. Әжігереева  Г.  Қаракөлдің бағын ашу-елге  сын / Г. Әжігереева//Орал өңірі.-   2005.-9 маусым.-(№68-69).                                                                

2.Әліпбай С.  Бізге қандай қой керек?: [Қазақстандағы қой шаруашылығы] / С.    .Әліпбай//Егемен Қазақстан.- 2003.-22 сәуір.-(N94).

3.Әлібаев Е.Мал  өнімдерін өндіру технологиясы: Оқулық.-Астана: Фолиант,2010.-400 бет

4.  Бегімбеков, А. Төреханов, Ә. Байжұманов. Мал өсіру және селекция. - Алматы: Бастау, 2006.

5.Ветеринария  негіздері.-Астана, Фолиант,2009.-448 бет

6.Галимов А.Г. Галимов М.А.  География Западно-Казахстанской области: Учебное  пособие для учащихся общеобразовательных школ Западно-Казахстанской области / А.Г.       

7.Галимов; Галимов А.Г., Галимов М.А., Амельченко В.И.- Уральск, 2001.- 140с.              

8.Галимов А.Г. Галимов М.А.  География Западно-Казахстанской области: Учебное  пособие для учащихся общеобразовательных школ Западно-Казахстанской области / А.Г.        Галимов; Галимов А.Г., Галимов М.А., Амельченко В.И.- Уральск, 2003.- 140с.              

9.Галимов А.Г. Галимов М.А.  География Западно-Казахстанской области: Учебное  пособие для учащихся общеобразовательных школ Западно-Казахстанской области / А.Г.        Галимов; Галимов А.Г.,Амельченко В.И.-Уральск,2003.- 176 с.  

10.Демеуғалиев  Е. Мал азықтандыру.-Алматы,2000          

11.Дмитриев А.П. Разведение сельскохоз. животных с основами частной зоотехнии и промышленного животноводства. -Л.: Агропромиздат, 1989.

12.Дыбысқалиқызы  Г.  Түрлі түсті қаракөл бәсекеге  бек қабілетті: [Қаракөл      

шаруашылығының  қазіргі жағдайы] / Г. Дыбысқалиқызы//Орал өңірі.- 2007.-20 қараша.-(№134).

13.Зоотехния  негіздері: Оқулық.-Астана: Фолиант,2007.-455 бет

14.Кәрімбеков, А. Төреханов, Ш. Дәленов, Н. Жазылбеков. Ірі қара шаруашылығы, сүт пен ет өндіру технологиясы. - Алматы, 2005.

15.Қой шаруашылығы//Зоотехния негіздері.- Астана.-2007.-Б.173-250. 

16.Легеза В.  Животноводство.-М.: Академия,2004.-384 бет          

17.Мал азықтандыру//Зоотехния негіздері.- Астана.-2007.-Б.45-108.

18.Можаев Н.  Мал азығын өндіру: Оқулық.-Астана: Фолиант,2008.-304 бет

19.Назарова В.Л.  Бухгалтерский учет в отраслях: Учебник / В.Л. Назарова.-     

Алматы: Экономика, 2005.- 254 с.                                                         

20Өстеміров  Қ. Кәсіптік оқыту әдістемесі.Оқулық.-Алматы,2006.

21.Өстеміров  Қ. Қазіргі педагогикалық технологиялар  мен оқыту құралдары.-Алматы: 2007.-144 бет

22.Төреханов,  Ж. Кәрімбеков, Д. Найманов, Ш. Дәле-нов, Н. Жазылбеков. Ірі қара шаруашылығы. - Алматы: Триумф-Т, 2006.

23.Омарқожаұлы  Н.Шуркин. Мал шаруашылығы практикумы. - Астана: ВО-принт, 2007.

24. Сәбденов, С. Шәуенов, Б. Құлатов. Қой шаруашылығы және жүн, қаракөл, ет өндіру технологиясы. - Алматы: Агроуниверситет, 2006.

25.Сәбденов Қ.  Төрт түлік.-Алматы: Қайнар,2002.-184 бет

26. Сәбденов  Қ. Қой шаруашылығы технологиясы: Оқулық.-Астана: Фолиант,2008.-304 б

27. Сәбденов  Қ. Қой шаруашылығының негіздері.-Алматы,1991

 

 

 


Информация о работе Тұқымның шығу тарихы, биологиялық ерекшеліктері