Топырақ пайда болуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2015 в 16:08, реферат

Краткое описание

Табиғаттың ғаламат туындысы –топырақ. Ол жер қабығының ең үстін алып жатқан құнарлы қабаты. Топырақтың ерекше қасиеттерінің әсері осы ортада өсімдік өніп, тамыр жүйесі дамып, өсіп жетіліп, фотосинтез арқылы органикалық заттар түзіп халыққа азық – түлік, өндіріске шикізат беруін қамтамасыз етеді. Сонымен бірге топырақ табиғи экологиялық жүйелердің басты құрамды бөлігі болып келеді.

Содержание

1.Топырақ ұғымы
2.Топыпақ түзуші факторлар
3. Адамзат қоғамының әсері
4.Пайдаланған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

топырак наз.docx

— 1.35 Мб (Скачать документ)

 

Қорытынды

Қорыта айтқанда, топырақ түзілуіне, дамуына адамзаттың өндірістік әсері өте ауқымды және күрделі. Ел байлығы топырақты шаруашылықта қадірлеп, бағалап қолдану қажет. Оның құнарлылығының төмендеуіне, эрозияға шалдығуына, қасиеттерінің нашарлануына және улы заттармен ластануына жол бермеу керек. Бұзылған, істен шыққан топырақ жамылғысын орнына қалыптастырып, табиғи ландшафтқа келістіре отырып топырақ жамылғысын ұтымды, тиімді пайдалану қажет.

Табиғаттың ғаламат туындысы –топырақ. Ол жер қабығының ең үстін алып жатқан құнарлы қабаты. Топырақтың ерекше қасиеттерінің әсері осы ортада өсімдік өніп, тамыр жүйесі дамып, өсіп жетіліп, фотосинтез арқылы органикалық заттар түзіп халыққа азық – түлік, өндіріске шикізат беруін қамтамасыз етеді. Сонымен бірге топырақ табиғи экологиялық жүйелердің басты құрамды бөлігі болып келеді.

 Топырақ – тау жыныстарының бұзылу қабатының үстіне орналасқан, тау жыныстарының, ағзалардың, климаттың, жер бедерінің және уақыт ағымның өз ара қарым-қатынасы әсерінен жаратылған, құнарлылығы бар ќызметі алуан түрлі, күрделі құрамды, көп бөлімді ашық құрылымдық жүйе.

Топырақтың пайда болуына тікелей қатысып, дамуына әсер етететін табиғи ортаның құрамды бөліктерін топырақ түзуші факторлар деп санаймыз.

Топырақ түзуші факторлар туралы ілімнің негізін В.В. Докучаев қалады. Ол бірініші болып жердің топырақ жамылғысы тау жыныстарының, ағзаларадың (өсімдіктер мен жануарлардың), олардың қалдықтарының, климаттың, жер бедерінің (рельефтің) және аймақтың геологиялық  жасының (уақытың) өзара тығыз қарым-қатынасының әсерінен пайда болады деп атап көрсеткен.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Р. Елешев., Ж .Елемесов., С.Елюбаев «топырақтану геологиясы   негіздерімен » Алматы -2007 2009 ж

2. Шорин С.С., Шаушеков.Т.Қ. «топырақтану сабағына арналған зертханалық жұмыстар» Қарағанды  2012


Информация о работе Топырақ пайда болуы