Суару жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2014 в 19:19, реферат

Краткое описание

Техникалық және дәнді дақылдарды,мал азықтық шөптерді,көкөністі және басқаларын суарудың шаруашылықтық маңызы бар.
Шөл және шөлейт аймақтарда ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту тек суармалы егістер ұйымдастыру негізінде ғана мүмкін болады.Ал қуаңшылық аудандарда жер суару жұмысын тиімді пайдаланудың арқасында оларды гүлденген аймаққа айналдырып,елімізде мақта,күріш,жеміс және тағы басқа ауыл шаруашылық дақылдарының мол өнімін алуға мүмкіншілік туады.

Содержание

Кіріспе
1.Жерді суару және суландыру
2.Ауыл шаруашылық дақылдарын суару режимі
3.Суару әдістері
3.1.Бороздамен суару әдісі
3.2.Тақталап жайып суару әдісі
3.3.Суды бороздалармен тақталарға тарату
3.4.Қаптата суару әдісі
3.5.Жаңбырлатып суару әдісі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

суару жүйесі мусина.doc

— 485.50 Кб (Скачать документ)

 

 

Тақталап жайып суару әдісі

 

  Тақталап жайып суаруды қолдану жағдайлары.Суарудың бұл әдісін қолданғанда тақта бетіне су жайылып жіберілуінің сулдарынан топырақ нығыздалып қалады; суарғаннан кейін, әсіресе оның бастапқы күндерінде бетіне қабыршық пайда болып, одан судың булану мөлшері көбейеді; ауа алмасу және нитрификация прцестері төмендейді. 
  Сондықтан тақталап жайып суару әдісі қатар аралықтары жақын (дәнді дақылдар мен шөптер) дақылдарды ғана суару үшін қолданылады. Сондай-ақ бұл әдіс еңістің мөлшері 0,002....0,2 шамасындағы учаскелерді сіңіре суару үшін де кеңінен қолданылады.Еңістің ең қолайлы мөлшері болып 0,002-0,007 саналады. 
 Суару тақталарының классификациясы. Суды тақтаға жіберу жағынан олар суды бас жағынан және ірге жағынан жіберетін болып екі түрге бөлінеді. Енінің шамасына қарай тар енді (1,8 -3,6м) және кең енді болады (30-40м); ұзындығына қарай қыска (50м) және ұзын (500м) болады. 
 Су бас жағынан жіберілетін тақталар көлденең еңістігі 0,002 шамасындағы учаскелерде жасалады. Су тақталары горизонтальдарға тікпе-тік болып тұқымды себу жұмыстарымен бірге жасалады. Еңісі өте үлкен және күрделі жерлерде топырақ топырақ палдарын сепкіштердің артына тіркелетін тар қамтитын риджермен (палжасағыштармен) жасайды.Ал енді жер еңісі қолайлы болған жағдайда палдарды ені 3,6 метрлік риджерлермен тіледі. 
 Себу агрегаты алға қарай жүргенде риджер сепкіш шүмегінің алдындағы топырақты тегістеп, жоғарғы топырақты жинап биіктігі 16-25см және табаны 40-60см тоқтатқыш палдар жасайды.Сөйтіп, сепкіш шүменктері тұқымды пал жасағыштардың артынан тегістеліп, аздап тығыздалған топыраққа себеді. 
Ал енді суару учаскелерінің еңісі өте қолайлы болғанда тақталардың ені 30-40 метрдей болып, канал қызғыштар және пал жасағыштармен жасалады. 
 Су бас жағынан жіберілетін тақталармен суару процесі. Еңістің мөлшері 0,004-тен кем учаскелері суды тақталарға оқ-арықтардан жіберіп, ал еңістің мөлшері 0,004-тен артық болғанда топырақ арнасында уақытша тілінетін құлақ арықтардан жіберді. 
 Суару учаскелерінде суару жұмыстары төменнен жоғары қарай жүргізіледі. Алдымен су уақытша тілінетін арықтардан төменгі оқ-арыққа жіберіліп, одан сифондар,түтіктер, алжапқыштары бар суарғыш қалғандар және оқ-арықтың төменгі қашасынан қазылатын жыралар арқылы соңғы 3-5 тақталарға жіберіледі. Жіберілген су тақтаның 0,7-0,90ұзындығын басқаннан кейін сушы оқарықтағы суды қалқандар немесе брезентті бөгеттер арқылы тоқтатып, оны келесі 3-5 тақталарға жібереді. Осы тәртіппен суару жұмыстары төменгі оқ-арықтан барлық тақталарды суарып болғанша жүргізіле береді. Одан кейін суару жұмыстары келесі, жоғарырақ орналасқан оқ-арықтан жүргізіледі. Суарудың осындай кезектілгін қолданғанда сушылар суарылмаған құрғақ жермен жоғарыға қарай жүріп отырады. Оқ-арыққа су неғұрлым көбірек жіберілсе, соғұрлым сушының еңбек өнімділігі жоғары болып, орта есеппен тәулігіне 1-2 гектар шамасында болады. Сондай-ақ оқ-арықтың көлденең және бой көрінісі 60л/с-ден кем болмаған мөлшердегі суды өткізе алатындай болуы керек. 
 Су бас жағынан жіберілетін тақталады суару техникасының элементтерін есептеу.Тақталап суару техникасының элементтеріне оның ұзындығы мен ені, тақтаның бас жағынан жіберілетіне оның ұзындығы мен ені, тақтаның бас жағынан жіберілетін судың сыбағалы мөлшері, суару учаскесінің ұзындығы және су ұстағыш палдарың биіктігі жатады. Осы элементтердің барлығы өзара байланысты және олардың мөлшерлері топырақтың су сіңіруіне, еңістің мөлшері мен жер бедерінің тегістігіне және суару нормасының мөлшеріне сәйкес болады. Оларды дұрыстап үйлестіру арқылы суарудың сапасы мен сушының еңбес өнімділігін арттыруға мүмкіндік туады. 
 Жалпы суару техникасының элементтері тақтаға суару нормасының есептелген мөлшерін жібергенде топырақтың біркелгі дымқылданулы мен суару жұмыстарының жоғарғы өнімділігін қамтамасыз етуі керек.Тақтатның ені мен палдардың биіктігін оларды жасау жағдайына қарай қабылдап, қалған элементтер есептеу арқылы анықталады. 

 

                              Қаптата суару әдісі

 

Қаптата суару әдісін қолданғанда су жан-жағы палдармен қоршалған суару атыздарына тереңдігі 5-25 см және одан да көп шамада жіберіліп, топыраққа сіңеді.Суару атызының көлемі негізінен учаске бетінің бедеріне, топырақтың су сіңіру мүмкіншілігіне, суару нормасының шамасына байланысты болады және оның шамасы 0,1 гектардан 50 гектарға дейін және одан да мол болады. 
 
Суару атыздарын сумен ұзақ қаптатқанда топырақтың құрамы бұзылып, оның борпылдақтылығы, аэрациясы төмендеп, қышқылдану процестері тоқталады.Суды ұзақ қаптатудың салдарынан топырақтағы қоректік заттар сумен бірге оның төменгі қабаттарына шайылып кетіп, қоректің сіңірілмейтін түріне айналып кетеді.Сондай-ақ ыза судың деңгейінен көтеріліп кетуі топырақтың екінші рет сорланып кетуіне жағдай туғызды. Атыздағы су қабатының шамасы және оны қаптатудың ұзақтығы көбейген сайын бұл әдіспен суарудың теріс жақтары күшейе түседі. Күріштен басқа дақылдардың барлығы алғашқы кезе нашар өсіп, кейіннен ауа мен қоректің аздығынан мүлде өспей қалады. 
Суады уақытша қаптатуды (2-3күн) жүгері, жоңышқа, күздік және жаздық бидай, арпа, сұлы, сорго және басқа да дақылдар жақсы көтерді. 
 Қаптата суару әдісінің тимді жақтарына суару жұмыстарының өнімінің жоғарылығы, тәлік бойы суару мүмкіншілігі, барлық ауыл шаруашылық жұмыстарын механикаландыру мен суару жұмыстарын автоматтандыруға мүмкіншіліктің барлығы жатады. 
 Қаптата суару әдісін қоланудың жағдайлары. Әдетте бұл әдіс күрішті суару, сорлаған жерлрді шаю және көлтабанды суару үшін қолданылады. Жүгеріні, жоңышқаны және дәнді дақылдарды суару үшін сирек қолданылады. 
Күрішті суару үшін еңіс мөлшері шамалы, топырағы суды орташа сіңіретін және ыза суадың деңгейі жоғару жатқан жерлер таңдап алынады. Осы талапты орындаған жағдайда оны үздіксіз қаптата суарғанда суармалау нормасының мөлшері шамалылау болады. 
Шөп, жүгері және дәнді дақылдарды қаптата суару әдісі еліміздің халық сирек қоныстанған еңіссіз, немесе еңісінің мөлшері шамалы, топырағы суды өте аз және орташа сіңіретін учаскелерде колданылады.Бұл учаскелердің ыза суының деңгейі өте төмен және лоар тұшы болуы қажет. Осындай жағдайда жер беті тегістеліп, суару атызының әр гектарына 50-100 л/с шамасында су жіберіледе және артық суды атыздан ағызып жібергенде суару нормасының мөлшері гектарына 1200-1600 м3, ал беті тегістелмеген және артық суы ағызылмайтын үлкен атыздар арқылы суарғанда суару нормасының мөлшері гектарына 3 мың м3 , кейде онда да көп болады.

 

                         Жаңбырлатып суару әдісі

 

Суару әдістерінің,әсіресе орман және далалы аймақтарда қолдануға болатын суару тәсілдерінің ең көп тараған,ең қолайлысы және экономикалық тұрғыдан тиімді түрі жаңбырлата суару тәсілі болып саналады. Жаңбырлата суару ылғалану жағдайын табиғи түрге жақындатып, атмосфераның жерге жақын төменгі қабатын ылғалдандыруды және оның температурасын төмендетіп, микроклиматқа жақсы әсер етеді. 
 Жаңбырлатып суарудың артықшылығы және кемшілігі.Жаңбырлатып суару микроклиматты өзгертіп, өсімдіктердің жақсы өсуіне жағдай жасайды.Ауаның жер бетіне жақын қабатының ылғалдануына байланысты оның температурасы төмендеп, ылғалдылығы артады.Суару кезінде ауаға жаңбырлатып шашыратылатын су оттегі, көмір қышқылы және азоттық газға ұқсас қосындыларымен байытылады.Су өсімдік бетіндегі шаң мен баллшықты шайып, олардың өнімділігін арттырады.Жаңбырлатып суару әдісін қолданғанда кейбір уақ бедерлі жерлерді тегістемей-ақ пайдалана беруге болады.Ал енді тау беткейіне орналасқан аудандарда жаңбырлатқыштарды жүргізу үшін табиғи жағдайдағы су қысымын да пайдалануға болады.Бұның өзі су қоры өте аз аудандарда егістікті оазистік жағдайда суару жұмысын одан әрі дамытуға мүмкіндік туғызады.Жаңбырлатып суару әдісін қолданғанда, оларды қосымша тыңайтқыштар шашу үшін де пайдалануға болады.Бұл әдісті қолданғанда суару жұмыстарын толық механикаландырумен бірге, оларды толығынан автоматтандыру мүмкіншілігі бар. 
Жаңбырлатып суарудың жоғарыда көрсетілген тиімді жақтарымен бірге, олардың кмшіліктері де жоқ емес. Біріншіден, жаңбырлатып суару үшін қолданылытын машиналарды жасауға көп металл кетеді.Бұл әдісті қолданғанда жаңбырлатқыш машиналарды жүргізу үшін қосымша қуат керек болады және желі күшті аудандарда топырақтың дымқылдануы біркелкі болмайды.Сондай-ақ, ауыр топырақты жерлердің топырағын өте тереңге дымқылдандандыру мүмкіншілігінің жоқтығы. 
 Жаңбырлатқыш машиналарға қоятын талаптар.Жаңбырлатып суару әдісін қолданғанда жаңбырлатудың мардымдылығы топырақтың су сіңіру жылдамдығынан көп болмай, ол өсімдіктердің гүлдеріне, жатынына, жапырағына зиян келтірмеуі керек.  
 Жаңбырлатқыш машиналар өте тиімді болуымен және металмен қосымша қуатты көп жұмсауымен бірге суару нормасын суару учаскесіне біркелкі таратуды қамтамасыз етуі керек; жерді пайдаланудың жоғарғы коффициентін қамтамасыз етіп суарумен бірге егістікті қоректендіріп, ауыл шаруашылық дақылдарына зиян келтіретін жәндіктер мен ауруларды болдырмау үшін улы химикаттарды жоғарылығын қамтамасыз етіп, пайдаланудың өте сенімді болуым, қозғалыс ептілігін және оларды пайдаланудың ұзақ болуын қамтамасыз етуі керек. 

  Жаңбырлатқыш саптамалар.

 

Жаңбырлатқыш саптамалар суды жаңбыр тамшысына айналдыратын машиналар мен қондырғылардың жұмыс органы.Әдетте саптамалардың екі түрі қолданылады: дефлекторлық, немесе тойтарыс беретін және ақырын сорғалатып ағызатын, немесе қақпалар. 
Дефлекторлы саптамалар.ДДА-100М, ДДА-100 МА, ДМА-200 машиналары мен КДУ-55 М қондырғыларында қолданылады. Бұл саптамалардың артықшылығына суды біркелкі (0,9-1,1 мм) тамшыларға ыдырату жатады.Суды бұндай тамшыларға ыдырату үшін су қысымының мөлшері көп болмай (8-15 м) және жаңбырлату үшін қосымша қуаттың көп керек болмауы жатады, ал кешіліктеріне - су шашырату радиусының ұзын болмауы (4-8м) және жаңбырлату мардылығының шамасының жоғары болуы (0,75-1,1 мм/мин). Осылардың салдарынан бұл саптамалалар позицияда тұрып жаңбырлататын машиналар мен қондырғыларда пайдалануға мүмкіншілікті кемітеді. 
 Қақпалы саптамаларда айналып тұратын жаңбырлатқыш аппараттарды пайдаланады.Өздерінің конструкциясына қарай бұлар бір-бірінен аса көп айырмашылықтары жоқ. Дегенмен, оларды пайдаланатын жаңбырлатқыш машиналардың өздерінің айналу принциптеріне, судың қысымы мен мөлшері, жаңбырлатудың мардымдылығы және жаңбырдың сапасы, суды шашырату алыстығына қарай өзгешіліктері болады. 
 Аппараттың бағаны мен қақпасының дөңгелек бойымен 3600, немесе сектор бойынша 60-3000 айналуы көптеген жағдайда әртүрлі жабдықтардың жәрдемімен қақпадан ұшатын судың реактивтік күші арқылы қамтамасыз етіледі.ДДН-45,ДДН-70,ДДН-100 жаңбырлақыш машиналарында аппарат қозғалтқыш арқылы айналады (механикалық энергия). 
 Су қысымының мөлшеріне байланысты саптамалар суды жақынға шашырататын (су қысымы Н=12-25 м, су шашырату радиусы R=7-20 м) суды орташа шашырататын (Н=20-40 м, R=16-35 м) және суды алысқа шашырататын (Н=40-100 м, R =35-100 м ) болып үшке бөлінеді. 
 Импульсты аппараттар.(Жаңбырлатқыш зеңбіректер). Суы қысым резервуарынан саптамалар арқылы оқтын-оқтын атқылап тұрады. Суды әрбір атқан сайын саптама өзінің білігі бойымен айналады. 
Импульсті аппараттар жаңбырлатудың мардылығы орта мөлшерде болғанда учаскелерді күнде суарып, өсімдіктердің өсуіне қолайлы жағдай туғызады. 
 Жаңбырдың сапасы жаңбырлатудың мардымдылығы, жаңбыр тамшыларының диаметрі және олардың топырақпен өсімдіктер бетін ұру күші арқылы сипатталады.Тамшының диаметрі мен жаңбырлату мардымдылығы неғұрлым аз болса, солғұрлым олар топырақтың құрамын аз бұзады және топырақтың құрамын құрамын аз бұзады және топыраққа жақсы сіңеді. Бұған керісінше,тамшылар диаметрі үлкеиген және жаңбырлату мардымдылығы молайған сайын топырақтың құрамы қатты бұзылып, оның бетінде шалшықтар пайда болып, су аға бастайды, ал суарып болғаннан кейін топырақ беті қабыршақтанып қалады.Топырақтың су сіңіру мөлшері жаңбырлата суарғанда беткейлеп суарумен салыстырғанда кем болатыны көрсетілген. 
 Жаңбырлату жүйесіне жүйесіне насостық-күштік жабдықтар, жаңбырлатқыш аппараттар және машиналар жатады. Өзінің жұмыс істеу принципіне қарай жаңбырлату жүйесі тұрақты, жартылай тұрақты және бір орыннан екінші орынға жылжып отыратын болып үшке бөлінеді. 
Тұрақты жүйелерде жаңбырлатқыш аппараттан басқа элементтердің барлығы тұрақты жағдайда жұмыс істейді. Бұл жүйелер парниктер мен теплицаларда қолданылады.Ал бір жерден екінші жерге жылжытылып отырылатын жүйелердің элементтері суару кезінде жылжып тұрады. 

  Жаңбырлатқыш машиналар мен қондырғылар.

 

Қазіргі уақытта жалпы ауыл шаруашылық дақылдарын суару үшін біздің және шет елдерде жасалатын жаңбырлатқыш машиналар мен жинақтардың және қондырғылардың бірнеше түрі қолданады. Бұл машиналар мен қондырғылардың техникалық бейнесі . 
 Жаңбырлатқыш қондырғылар деп бір жерден екінші жерге жылжытылып отырылатын өте жеңіл және жылдам бөлшектенетін трубопроводтар арқылы суды шашқылайтын құралдармен жабдықталған жаңбырлатқыш конструкцияны айтады. Әдетте жаңбырлатқыш қондырғылар бір, немесе екі қанаттан және қосалқы (жәрдемші) трубороводтар мен саптама, немесе аппарат деп аталатын жаңбырлатқыш құралдардан тұрады. 
Ал жаңбырлатқыш машиналар деп өз бетімен механикалық әдіспен жүрге алатын жаңбырлатқыш механизмдерді айтады. 
Егерде өз бетімен жүретін жаңбырлатқыш машиналар суды жіберу және оның қысымын жасайтын насостармен жабдықталған болса, онда қысымын жасайтын насостармен жабдықталған болса, онда олар жаңбырлатқыш агрегаттар деп аталады. 
 Суды шашудың алыстығына қарай жаңбырлатқыш қондырғылар оны жақынға шашырататын (КДУ), орташа шашырататын (СДУ) және алысқа шашырататындарға (ДДУ) бөлінеді. 
 Жалпы жаңбырдың мардымдылығын оның жер бетіне түсу жылдамдығы бейнелейді.Жаңбырлатқанда белгілі бір уақыт ішінде жер бетіне минутына миллиметр (мм/мин) есебімен өлшенетін су қабатының мөлшері-оның мардымдылығын бейнелейді.Бұл мөлшер топырақтың суды сіңіру қабілеттілігіне тең, не болмаса одан аз болуы керек. 
 
Өзінің жұмыс істеу принципіне қарай жаңбырлатқыш қондырғылар жүріп келе жатып жұмыс істейтіндер және позициялы болып екіге бөлінеді. 
 Жылжымалы қондырғылардың насостары мен жаңбырлатқыш агрегаттары құлақ-арықтың бойымен жүріп отыратын тракторге орналастырылады, сондықтан олар насос арқылы арықтан суды сорып алып өзінің шашыратқыш құралдарының көмегімен жер бетіне шашыратып отырады.Ал позицияда тұрып жұмыс істейтін жаңбырлатқыштар бірден қысымды трубопроводтарға қосылады, не болмаса оларға су жылжымалы насос станциялары арқылы ашық каналдардан келеді. 
 Ғылыми-зерттеу мекемелері мен озат шаруашылықтардың тәжірибесіне сай жаңбырлатып суару үшін төмендегі жаңбырлатқыш машиналар мен қондырғыларды қолдануға болады. 
 Суды жақынға шашырататын жаңбырлатқыш машиналар мен қондырғылар. Суды жақынға шашырататын жаңбырлатқыш машиналардың ішінде көп тарағаны ДТ-54А және ДТ-75 тракторларына қондырылған ДДА-100М деп аталатын, екі қанатты жаңбырлақыш агрегаттар болып саналады. 
ДДА-100М агрегатын жүргізетін ДТ54А тракторының басқа тракторлардан ерекшелігі оның үстіне арнаулы жалғау қорабы орналастырылып,қуатты саралау білігінің орнына жұдырықты муфта арқылы тракторды артқа жүргізетін білікпен жалғастырылған орталықтан тебетін насостың білігі орналастырылуында. 
 Бұл агрегаттың негізгі бөлшектері не әр қайсысы 55 метрге тең, екі қанатты ферма, орталықтан тебетін насос, сору сызығы және тыңайтқыштарды шашу үшін қолданылатын кішірек бак жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

  Суару— 1) топырақ ылғалдылығын арттыру үшін жүргізілетін жұмыс. Дақылдардың вегетациясы кезіндегі суару саны және суармалау нормалары белгіленіп жүргізіледі. Суару әдістеріне топыраққа суды жайып жіберу, жаңбырлатып, тамшылатып, жүйектеп, көлдетіп суармалау әдістері

  Халық шаруашылығының талаптарына сай жылылықпен күннің жарығына бай Орта Азия және Кавказдың ар жағындағы республикаларда жер суарудың ең басты міндеті болып аса бағалы техникалық және дәнді дақылдардан мол өнім алу болып саналады: мақта, жүгері, кенеп, темекі, жеміс. Ал Қазақстан, Қырым, Солтүстік Кавказ, Оңтүстік Украина және Сібір мен Поволжье далаңқы аудандарында суармалы жерлерде суаруды өте қажет ететін дақылдар өсіріледі; күріш, бидай, жүгері, қант қызылшасы, көк өніс, картоп, жүзім және т.б. Орталық қара топырақты алкапта негізінен суару жұмыстары көк өніс, жүгері, қант қызылшасы және мал азығы дақылдарын суару үшін жүргізіледі. 
 Егісті суарудың өте пайдалы екендігін толығагаг дәлелдеді. Мақтаны, кенепті, төмекіні, күрішті, жүгеріні, бедені, қант қызылшасын суаруды ұйымдастыруға жұмсалған күрделі қаржының орны 3...5 жыл ішінде қайтарылады. 
 Мысалы, 1960 жылы Мырзашөлде жаңадан 6 совхозы құрылып, оны ұйымдастыру үшін үш жылда мемлекет тарапынан 16,2 млн сом қаржы жұмсалған болатын. Осы мерзім ішінде совхозда өсірілген мақтамен одан өндірілген басқа да материалдары ақшаға айналдырудың арқасында 46 млн сом табыс түскен. 
 Қазіргі уақытта суармалы жайылымдарды ұйымдастырудың өте тиімді екендігін Литва және Украйна республикаларымен Қазақстанның және Ресейдің көптеген шаруашылықтарының көрсеткіштері толығынан дәлелдеп отыр. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиет. 

 

Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.


Информация о работе Суару жүйесі