Мөлшерлегіштер және араластырғыштар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2015 в 20:02, лекция

Краткое описание

1. Сабақты азық мөлшерлегіштердің жіктелуі
2. Дәнді азық мөлшерлегіштердің жіктелуі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

document.doc

— 452.00 Кб (Скачать документ)

Дәріс-3

 

Мөлшерлегіштер және араластырғыштар

 

Қарастырылған сұрақтар:

1. Сабақты  азық  мөлшерлегіштердің  жіктелуі

2. Дәнді  азық  мөлшерлегіштердің  жіктелуі.

 

1 Мөлшерлегіштер

Алдын ала ұсақталған шөпті және сүрленді мөлшерлеп беру үшін саусақпен жабдықталған мөлшерлегіштер пайдаланылды. Бұл мөлшерлегіштер конструкция шөп пен сүрленді қосып ұсақтап дайындалған араласазықты таратуға да пайдаланылды. Олар КТУ-10 таратқыштары. Алдын ала ұсақталмаған шөпті ұсақтағышқа мөлшерлен беру үшін пышақты айналма мен жабдықталған мөлшерлегіштер пайдаланылды.

а- жазық деңгейдегі тасымалдағышпен және тін орналасқан битерлермен жабдықталған;

б- көлбеу тасымалдағышпен жазықтың деңгейінде орналасқан битерлермен жабдықталған;

в-  ПДК-Ф-8 мөлшерлегіші;

г-  ПДК-Ф-12 мөлшерлегіші;

д-  пышақпен жабдықталған айналмалы мөлшерлегіш.

 

3- суретте сабақты азық мөлшерлегіштерінің  негізгі жобалары көрсетілген. Бұл  мөлшерлегіштердің 3 а, б, в суретінде  көрсетелгендері алдын ала ұсақталған  шөпті сүрленді және сүрлен  шөпті ұсақтағыштарға мөлшерлеп беруге арналған құрылымдар, ал 3 г, д суретіндегі жобалар алдын ала ұсақталмаған шөпті мөлшерлеп беруге арналған құрылымдар. Осы машиналардың барлығында мөлшерлеп беру процесі жазықтық деңгейінде немесе көлбеу орналасқан шынжырлы тасымалдағыштардың жылдамдығына байланысты. Сондықтан бұл машиналар осы тасымалдағыштардың жылдамдығын өзгертетін механизмдермен жабдықталған.

Ұсақталмаған және ұсақталған дәнді дақылдарды мөлшерлеп беру үшін де әртүрлі құрылымдар пайдаланылады.

 

Ұсақталмаған дәнді ұсақтағышқа мөлшерлеп беру үшін гравитациялық мөлшерлегіштер пайдаланады, ал ұсақталған дәнді дақылдарды әрі қарай араластырғыштарға беру үшін айналмалы мөлшерлегіштер пайдаланыладық. Олардың жобасы 4, 5 суреттерде көрсетілген.

гравитациялық мөлшерлегіштердің жобасы келтірілген. Бұл мөлшерлегіштердің біріншісінде бункерден берілетін азық түрі өзінің ауырлық күшінің  жерімен қақпақпен жабдықталған бункер тегінен ағады. Осы ағатын азықтың мөлшері ағын көлденеу қимасының ауданына байланысты, яғни ағып мөлшері қақпақпен реттеледі. Екінші жобада ағын мөлшері қақпақпен реттеледі. Мұнда өте ұсақ азық түрлерін берген кезде болатын ағынның кептеліп тоқтау процесін болдырмау үшін күшейіткіш қойылған.

Мөлшерлегіштің келесі түрлері, айналмалы мөлшерлегіштер (5- сурет). Олар айналманың түріне байланысты тегіс бетті, кедір бетті, ойық бетті және қалақты болып жіктеледі. Тегіс және кедір бетті айналмалы мөлшерлегіштерде одан шығатын азық мөлшері қақпақпен реттеледі, ал мөлшерлегіштен азықты шығару айналма бетімен азық арасындағы үйкеліс күшімен жүзеге асырылады. Ойық бетті және қалақты мөлшерлегіштерде одан шығатын азық мөлшері ойық бетті және қалақты айналмалардың айналу жылдамдығына байланысты болады. Ұсақталған дәнді дақылдарды араластыру машиналарына мөлшерлеп беру үшін тарелкалы мөлшерлегіштер пайдаланылады (6- сурет).

Дискінің үстіне төгілетін азықтың мөлшері цилиндрдің дискіден қандай биіктікте орналасуына байланысты. Осы биіктікке байланысты дискінің бетіне жазылып төгілетін азықтың мөлшері әртүрлі болады және диск айналғанда қалақтың оның бетінен кертіп алатын азық мөлшері де әртүрлі. Сонымен бұл құрылымда мөлшерлеу процесі дискі мен цилиндрдің ара қашықтығына тікелей байланысты.

Араластыру процесі.

 

Мал азығын дайындау процестерінің көп жағдайда соңы операциясы араластыру болып табылады. Бұл процесі негізінен бөлшектеп араластыру немесе ағынды араластыру әдісімен іске асырылады. Кейбір кезде бұл операция ұсақтау процесімен бірге атқарылып, ұсақтағыш-араластырғыш машиналарда атқарылады. Мысалы жоғары да атан өткен ДИК-100, ИРМ-50 және ИСК-3,0 сыяқты ұсақтағыш-араластырғыш машиналарға шөп және сүрлен бірге беріліп, олар қосылып ұсақталып араластырып, бірден аралас азық дайындалады.

Осы технология бойынша аралас азық дайындалғанда ДИК-100 ұсақтағыш-араластырғышының орнына ИРМ-50 және ИСК-3,0 сыяқты ұсақтағыш-араластырғыш арнатылуы мүмкін. Мал фермаларында немесе мал бордақылау бөлімшелерінде дайындалатын аралас азық құрғақ (құнарлы құрама жем), ылғал (шөп пен сүрленен дайындалған аралас азық, әртүрлі араластырмалар, қойыртпақтар), сұйық (сумен араластырылған тамақ қолдықтары, құнарлы құрамажем және сұйық азықтар) болып бөлінеді.

Негізінен ағынды әдіспен жұмыс істейтін араластырғыштар сабақты аралас азық дайындауға пайдаланылады, ал бөлшектеп араластыратын араластырғыштар араластыру біркелкілігіне жоғары талап қойылғанда, яғни біркелкілігі 90-95% болу керек болған жағдайда қолданылады.

Көрсетілген 8- суреттегі жобалардағы  араластырғыштардың көбісінде араластыру процесін түргізетіп жұмыстық бөлшек азықтың ішінде қозғалады, яғни араластыру процесіне керек энергия шығыны өте жоғары. Кейінгі уақытта Қазақстан ғалымдарының ойлап тапқан араластыру процесіне энергия аз жұмсайтын араластырғыш жасалып өндіріске енгізіле бастады. Ол 8- суретте көрсетілген гравитациялық араластырғыш.

Бұл цилиндр тәріздес ыдыс цилиндрдің диагональ кіндік сызығының бойымен білікке орнатылған, яғни мұнда ыдыстың өзі айналады. Мұнда да араластыратын азық түрлері ыдыс көлемінің 60% толтырылады, ал ыдыс айналғанда оның ішіндегі азық ауырлық күшінің әсерім әрбір тарты айналында цилиндр түптерінің біреунен екіншісіне ауысып отырады.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Алдынала ұсақталған және ұсақталмаған сабақты азықты мөлшерлегіштердін айырмашылықтары?

2. Дәнді азықты мөлшерлегіштердің  түрлері?

3. Араластыру процесіне қойылатын  талаптар?

 

Әдебиеттер тізімі

1.Әбдіров А.М. Мал шаруашылығындағы  технологиялық  процестерді  механикаландыру. - Астана КазАУ, 2003 - 149 б. 

2.Әбілжанұлы Т. Кормоприготовительные машины для крестьянских хозяйств и других агроформирований. Ќ Астана. 2007. 200с. 

3. Рүстембаев Б.Е. және т.б. Сүт және сүт өнімдерін өндірудің жаңа техноло-гиялары мен экономи-касы. Оқу құралы. - Астана. 2007

4. Зейнуллин К.Ш., Естаев Б.З. Мал  фермалары мен комплекстерінің  технологиялық жабдықтары. Оқу құралы. - Целиноград. 1992

Дәріс-4

Мал азығын даярлау цехтары

1.Жеп-шөп цехтарының жіктелуі

2.Жем-шөп цехы жабдықтарының комплекстері

3.Жылжымалы азық таратқыштар

 

1.Ауыл шаруашылығындағы азық  дайындайтын кәсіпорындар өңделетін  мал азықтарының қасиетіне сәйкес  негізінен мынадай екі топқа  бөлінеді 

Бірінші топтағы азық дайындайтын кәсіпорындар (зауыттар, цехтар, агрегаттар) негізінен ұзақ уақыт бойы сақталатын құрғақ жемді сусымалы, түйіршіктелген немесе жентектелген, құрама азық, үстемелік азық, шөп ұны, толық рационды азық қоспасы түрінде дайындайды (6-кесте).

 

6-кесте - Толық рационды азық қоспасын дайындайтын жем-шөп цехтарының техника-экономикалық көрсеткіштері.

 

 

                   К ө р с е т к і ш і

Жемшөп цехтарының типтік жоба бойынша салынған көрсеткіштерінің шамасы

№ 814

-94

№ 814

-118

№ 814

-122

№ 814

-134

№ 814

- 135

Бір сағаттағы өнімділігі, т

3

2

3

2

2

Бір жылда өндіретін азық көлемі, мың,т

18,2

12,1

18,2

6,1

6,1

Орнатылған электр жүйелерінің қуат, кВт

650

894

1297

605

293

Бір тонна азық дайындауға жұмсалған электр қуаты, кВт, сағ/т.

120

230

176

150

66

Бір сағат ішінде жұмыс істеуге қажет бу мөлшері, кг

300

1300

550

1300

1300

Бір тонна жем азықты дайындауға жұмсалған өндіріс шығыны, сом.

12,2

20,0

15,6

16,0

4,0

Еңбек шығыны, сағ.

2,7

4,6

2,7

4,0

2,0

Цехтарды салуға жұмсалған қаржы, мың теңге.

649

588

891

261

88


 

 Бірінші топтағы жем азық  цехтарының технологиялық желілердің жұмысы мал фермаларының күн тәртібіне сәйкестендірілмей істей береді. Бірақ бұл цехтардағы азық дайындау технологиясының ауытқуына жол берілмеуі тиіс.

Екінші топтағы кәсіпорындар /цехтар/ негізінен ылғалды жем азықты дайындап, оны малға кешіктірмей беруге арналған. Бұл топтағы цехтар мал түріне арналып немесе әмбебап болып салынады. (7, 8, 9-кестелер).

Белгіленген орталық жобаның қалауымен Гипронильхоз мекемесі ірі қара мал мен сиыр фермалары үшін төрт жем азық цехтарының жобасын ұсынды.

 

7-кесте - Ірі қара мал фермаларына арналған жем-шөп цехтарының техника-экономикалық көрсеткіштері

 

 

                   К ө р с е т к і ш т е р і

Типтік жоба бойынша салынған жем-шөп цехтарының көрсеткіш шамалары

№ 801-323

№      801-460

№        801-461

Фермадағы ірі қара мал басының саны, бас

400...1000

400...800

1200...2000

Жем-шөп цехының ауданы, м2

463

270

378

Өнімділігі, т/сағ.

3. . .6

10. . .15

15. . .20

Орнатылған электр қондырғыларының қуаты, кВт.

130

92

155

Бір тонна араластырылған азық дайындауға жұмсалған еңбек шығыны, сағ.

1,40. . .0,9

0,5...0,28

0,28. . .0,11


8-кесте - Қой фермаларына арналған жемшөп цехтарының техника-экономикалық көрсеткіштері

 

 

 

 

       К ө р с е т к і ш т е р і

Типтік жобамен салынған жем-шөп цехтарының көрсеткіш шамалары.

803-150С

803-171 және

803-172С

Мыңбаев атындағы

тәжірибе шаруа шылығының жем-шөп цехы

Өнімділігі, т/сағ.

     1,5

           6

   15. . .17

Орнатылған электр қондырғыларының қуаты, кВт

     176

           80

    200

Бір тонна азық дайындауға жұмсалған еңбек шығыны, сағ

     2,6

           0,5

0,27. . .0,15


 9-кесте - Шошқа фермаларына арналған жемазық цехтарының техника-экономикалық көрсеткіштері

 

Көрсеткіштері

Типтік жобамен салынған жемазық цехтарының көрсеткіш  шамалары

№ 802-2116

№ 802-2117

№ 802-2118

№ 802-120

№ 802-119

Фермадағы шошқа саны, бас.

 

6000

 

3000

 

2000

 

100/1000

 

200/2000

Цехтың ауданы, м2

316

262

200

200

262

Электр қондырғылары -ның, кВт

115

93

52

89

58

Жұмыс-опера - торлар саны

4

3

3

4

4


    

2  Жем-шөп цехы жабдықтарының комплекстері

Мал азығына жарайтын пішен түрлерінің бәрін өңдеп, нәрлендіріп беру үшін республика шаруашылықтарында қазіргі уақытта 4 мыңнан аса жемшөп цехы жұмыс істейді. Түйршектер, жентектер жасайтын, пішенді турап, булап, араластырып беретін комплект жабдықтар бар. Солардың бәрі толық қуатында жұмыс істейді, қыс кезінде 20 миллион тоннадан астам пішенді өңдеп беруге, сонша мөлшерде жұғымды азық әзірлеуге болады.

Ірі қара малға арналған көп компонентті ылғалданған толық рационды азық қоспаларын дайындау үшін өндірістен КОРК-15, КОРК-15А, КЦК-5-3, КЦК-5-4 комплекті жабдықтары шығарылуда.

КОРК-15 және КОРК-15А жабдықтарының комплектісі 800...1000 сауын сиыры бар немесе 3000 бас бордақыланатын ірі қара комплекстері мен фермаларында толық рационда азық қоспаларын дайындауға арналған. КОРК-15 жабдығының комплектісі рационның негізгі компоненттерін қабылдау және жинақтау, тамыр жемістілерді тазалау, жуу және турау, дайындалған компоненттерді араластыруға мөлшерлеп беру, оларды араластыру және дайын азық қоспасын беру сияқты технологиялық операцияларды сапалы атқарады. Комплекті құрама ірі сабақты жемшөп, тамыр жемістілер, қоректі ертінділер, күшті жем, сондай-ақ азық қоспаларын жинау, араластыру және беру сияқты бес технологиялық желілер кіреді.

Информация о работе Мөлшерлегіштер және араластырғыштар