Астық массасының қасиеттері. Астық массасы сақтау объектісі ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 23:39, реферат

Краткое описание

Негізгі құрауыш – астық тобы деп аталған дақылдың (бидай, арпа ж.б.) дәндері немесе тұқымы. Астық массасының әрбір дәнінің өзіне тән морфологиялық және физиологиялық айырмашылықтары болады. Олар аналық өсімдіктер мен масақта әркелкі орналасады, толысу кезені де әр мезгілде жүреді. - Егін жинағанда астық массасында уатылған дәндер, басқа дақылдар мен арамшөптердің тұқымдары, сабақ пен масақ білігінің бөліктері, масқша қауыздары, қылтықтары, құм, шаң т.б. ұщырасады.

Содержание

Физикалық қасиеттері, астық массасын сақтау практикасында және өндеу кезінде олардың маңызы.
Астық массасында жүретін физиологиялық процестер және олардың сипаттамасы.
Асық массасының өздігінен құзуі, оның пайда болуына әсер етуші жағдайлар.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Астық массасының қасиеттері.docx

— 46.87 Кб (Скачать документ)

С6 Н12 О6 + 6О2= 6СО2+6Н2О+энергия;

 

Ауада оттегі біржола болмаған жағдайда астық массасы анаэробты тыныс алу процесіне ауысады және ол мынадай теңдеумен өрнектеледі:

С6 Н12 О6 = 2СО2+2С2Н5ОН+энергия.

Астық тыныс алу процесінің сипатын тыныстық коэффициентпен бағалауға болады (СО2/О2).

Егер астықтың массасында тек қана аэробты тыныс алу  процесі өтіп жатса онда тыныстық коэффициент бірге тең.

Физиологиялық-биохимиялық  процестерді қүрт арттыратын дән  ылғалдылығын қиын қыстау ылғалдылық деп есептейді және мұндайда астық сақтауға төзімсіз болады 
Кесте - 18-250С температурадағы астық пен тұқымның қиын қыстау ылғалдылығы

Дақыл

Ылғалдылық,%

Дақыл

Ылғалдылық,%

Бидай, Қарабидай, арпа, қарақұмық 

14,0-14,5

Мақта

12,5

Жүгері, сұлы, күріш 

14,0

Бөрібұршақ 

15,5-16,5

Тары 

12,5-13,0

Асбұршақ 

16,0-17,0

Кұнбағыс 

7,0-9,0

Мал азықтық бұршак

16,0-17,0

Майбұршақ

12,5

Мал азықтық шөптер (тұқымға)

11,0-13,0


 

Дән массасының жинап  алганнан кейінгі пісіп-жетілуі.

Жаңа ғана жиып алған дән  массасы мен тұқым тобының  тұқымдық және технологиялық қасиеттері өте төмен болады.

1-2 ай өткеннен кейін,  егер дән   массасы   қоймада   қолайлы   жағдайда   сақталатын   болса,   оның тұқымдық және  технологиялық қасиеттері жақсарады.  Әсіресе, балауыздылығы 1-3 % дейін  артады.

Сонымен, тұкымның жинап алғаннан кейінгі  пісіп-жетілуі дегеніміз, астық массасы мен тұқымды қоймада сақтау кезінде пайда болатын күрделі процестерді айтады.

Бұл процестер кезінде  астық массасы мен тұқымның тұқымдық және технологиялық қасиеттері жақсарады. Күрделі химиялық өзгерістер болады. Мысалы, суда еритін заттар мен белоксыз азот азаяды.

1. Жаңа жинап алған, дымқылдығы жоғары астық массасында, гидролиз процесі басым болады. Мүндай жағдайда, түқымның егістік сапасы төмендейді. Бүл жағдайда, дән массасьн кептіру не болмаса белсенді желдету керек.

Егер кептіргішті не болмаса  желдеткішті дүрыс қолданатын болсақ, бүл жағдайда дән массасының жинап  алғаннан кейінгі пісіп-жетілуі  жақсарады. 

2. Екінші  жагдай температура. Дәннің жинап алғаннан кейінгі пісіп-жетілуі үшін температурасы 15-30° С болуы керек. Сондықтан да, жаңа жинап алган дән массасын тым салқындатуға болмайды.

3 Әр дақылдың жинап  алғаннан кейінгі пісіп-жетілуіне  әр түрлі уақыттар кетеді. Мысалы, дәнді дақылдардың массасына  1-2 ай, күнбағысқа 25-50 күн, мактаға  7 ай, жүгеріге 0-7 күн қажет.

Кейбір жағдайда, арпа мен қара бидайға жинап алғаннан кейінгі пісіп-жетілуі керісінше әсер етеді.

4. Егер сақтаған кезде қоймада оттегі жетіңкіремей СО2 жиналатын болса, дән массасьның жинап алғаннан кейінгі жетілуі баяулайды.

5. Дән массасының жинап алғаннан кейінгі пісіп-жетілуіне ауа райының жағдайы әсер етеді. Бүл жағдай оңтүстік аймақтарда жақсы өтеді. Онтүстік аймақтарда қоймага, дән массасы қүрғақ, таза күйінде қүйылады.           Пісіп-жетілу кезкңіндегі бидай астығының биологиялық өзгерістері

Талдау мерзімі 

Ылғалды-ығы, %

Өну энергиясы, %

Өнгіштігі, %

Белоксыз азот, барлығы-на пайыз есебімен

Амилаза-ның белсенді-лігі, шартты бірлікпен 

Егін жинаган-нан кейін 

16,1

0,6

19,0

10,0

150

20 тәулік сақтаған-нан  кейін 

12,7

78,0

98,0

7,5

136

60 тәлік сақтаған-нан кейін 

11,3

99,0

99,0

5,7

140





Дән массасының сақтау кезіндегі онуі.

Дән массасының қоймада сақтаған кезде өнуі, оның белсенді тьныс алуына байланысты болады.

Қарқынды тьныс алған кезде, коп жылу бөлініп шығады және құрғақ зат азаяды. Өну кезінде белок аммиакқа, крахмал қантқа айналады, бұл процесс дән массасын жинап алганнан кейінгі пісіп-жетілуіне қарама-қарсы әрекет.

Дәннің өнуіне негізгі себеп, қойманың төбесінің тесік болуы. Бір жерден аққан тамшы су, дән массасының өнуіне әкеп соғады.

Мүндай жағдай болмас үшін, қоймаға астық қүяр алдында, ең алдымен қойманы жөндеу керек. Қоймаға астық қүйғаннан кейін жиі-жиі дымқылдығы мен температурасын тексеріп, белсенді желдету керек.

Түқым массасының өздігінен қызу қүбылысы, оның мәні.

Түқым массасының өздігінен қызу қүбылысы, физикалық және физиологиялық қасиеттермен тығыз байланысты.

Бүл күбылыс әсіресе күздігіні не жазғұтұрым пайда болады.

Бүл құбылыс  дән  массасының  салмағын,   оның  тұқымдық, азық-түліктік, жемшөптік сапасын кемітеді.

Негізгі себептері:

Ылғалдылықтың жоғары болуы.

Температураның көтерілуі.

Ғылым   мен   іс-сана   бойынша,   дән   массасының   өздігінен   қызу қүбылысы бірнеше түрге бөлінеді.

Қат-қабатты (пластовое)

Жаппай.

Ұялы.

Ұялы  өздігінен қызу.

Кез келген учаскеде пайда  болуы мүмкін. Ұялы өздігінен қызу себептеріне төмендегілер жатады:

қандай да бір учаскеде астық массасының ылғалдануы (ақаулы шатыр немесе қойма қабырғаларының жеткіліксіз гидроизоляциясы нәтижесінде);

бір қоймаға әртүрлі ылғалдылықтағы астықты құю нәтижесінде жоғары ылғалдылықты ошақтардың түзілуінен;

қоспалар мен шаңның жоғары мөлшері шоғарланған учаскелердің түзілуінен ал соған сәйкес микроағзаларда қоспаалр мөлшері бойынша әртекті  астық топтарын сақтауға орналастырғанда;

насекомдар мен кенелердің үйіндінің бір учаскесінде шоғырлануынан  ж.б.

Өздігінен қабатты  қызу қүбылысы үшке бөлінеді:

 жоғарғы, төбелік

төменгі,

өн бойы.

 

 

Төбелік қат-қабатты  өздігінен қызу.

Астық массасын сақтағанда, әдетте астық пен атмосфералық ауа  арасындағы барынша жоғары айырмашылық  болған кезеңдерде, басқаша айтқанда күзде және көктемде байқалады (кездеседі).

Қызған астықтың горизонталь  қабаты астық массасының бетінен 0,7-1,5 м тереңдікте орналасады, егер қоймада  астық үйіндісінің биіктігі 1,0-1,5 м болса, онда қызған қабат беткі  қабаттан 0,15-0,25 м тереңдікте болады.

Көктемде атмосфералық ауа  жылы, ал астық массасы қысқы сақтаудан  соң теріс температурада болады.

Жоғары қабаттың қыздырылуы жоғарыдан төмен қарай жылу ағынының бағытымен жүреді (жоғары қыздырылған  қабаттан теріс температуралы төменгі  жатқан қабатқа).

Жылумен бірге үйіндінің  беткі қабатындағы ылғал жылжиды. Жылы және ылғалданған ауа астық  массасының салқын ауасымен кездеседі, осыдан ылғалдың конденсациясы үшін жағдайлар жасалады. Нәтижесінде  физикалық үрдістер күшейеді, ал мұның  өзі  аталған қабатта темпаратураны  арттырады.

Көктемгі төбелік өздігінен  қызу, әдетте, қатты тоңазыған астық  топтарында байқалады (температуралардың  күрт өзгерісі туындағанда). Мұндайда жұқа қабатпен сақталған құрғақ астықтың да өздігінен қызуы ықтимал.

Төменгілік қат-қабатты  өздігінен қызу.

Үйіндінің төменгі қабатында  – еденнен 0,2-0,5 м қашықтықта дамиды. Ол қоймаларда ерте күзде жоғары ылғалдылықтағы жылы астықты салқын еденге құйғанда пайда болады. Төменгілік өздігінен  қызу жағдайлары массасын дымқыл топыраққа  немесе қажетті гидроизоляциясы  жоқ алаңға орналастырғанда болуы  мүмкін. Мұндай өздігінен қызу жиі  түрде үйіндінің төменгі қабатында  өну  және астықтың нығыздалып қалуымен қатар жүреді. Өздігінен қызу үйіндінің  жоғарғы қабаттарын да шапшаңдатып  қамтиды, өйткені жылу жоғары қабаттарға жеңіл ауысады.

Төменгілік өздігінен  қызу элеваторлардың силостарында сақтағанда да пайда болуы мүмкін. Күздің соңына қарай атмосфералық ауа температурасы  төмендегенде силосты қабаттарының конструкцияларының барлығы оның ішінде шығару конструкциялар да тоңазиды. Мұндай жағдайда астықта температура құлауы (өзгерісі) туындайды да төменгі  өздігінен қызу мүмкіндігі байқалады.

Тік (вертикальды) қат-қабатты (пластовое) өздігінен қызу.

Қоймаларда, силостарда, бункерлерде  сақталатын астық массасында тік  қызған қабаттың түзілуімен сипатталады. Өздігінен қызудың бұль түрінің  себебі қойма  қабырғаларының әркелкі жылынуы немесе тоңазуы немесе олардың ылғалдануы болып табылады. Осы қабаттағы астық массасының физиологиялық белсенділігінің артуына үйіндінің тік қабатының маңында және оның қалған массасындағы температураның құлауы (ауытқуы) астықтың өздігінен қызуының алғы шарты болады. Тік-қабатты өздігінен қызудың пайда болуына астық массасының өздігінен сортталуы мүмкіндік жасайды, осының нәтижесінде силос қабырғаларының жанында жоғары физиологиялық белсенділіктегі жеңіл қоқыс, шаң, көптеген арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары және басқа компоненттер жинақталады.

Жаппай (тұтас) өздігінен қызу.

Бұл бүкіл астық массасында, қатаң шектелген шеткі участкелерден  басқаларында, температураның көтерілуі. Ол әдетте өздігінен қызудың басқа түрлерінің салдарынан болады және сақтаудағы астықтың жоғары ылғалдылығы мен көп мөлшерлі қоспалардың, оның ішінде өсімдік бөліктері мен семген дәндер, болуынан пайда болады. Астықтың мұндай топтары сақтауға орнықсыз (тұрақсыз), өйткені белсенді физиологиялық үрдістер бүкіл астық массасында жүреді, нәтижесінде ол қысқа мерзімде өздігінен қызумен қамтылады. Бұл жағдайда астықты сақтау үшін жедел түрлі шаралар қолдану қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Астық массасының қасиеттері. Астық массасы сақтау объектісі ретінде