Терминдерді когнитивтік лингвистика тұрғысынан зерттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2013 в 20:08, реферат

Краткое описание

Ғылымның қай саласына назар аударсақ та, сол саланың қаншалықты деңгейге жетіп, қаншалықты дәрежеге көтерілгені терминологиялық жүйесінен көрініп тұрады. Ресей ғылымындағы терминологияны зерттеудегі арнайы бетбұрыс Д.С.Лотте, С.А.Чпалыгин, С.И.Коршунов есімдерімен тығыз байланысты. Өткен ғасырдың 30-жылдары құрылған терминкомдар бұл күндері ғылымның дербес бір саласын құрап отыр және әлі де өз маңыздылығын жойған жоқ.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Терминдерді+когнитивтік+лингвистика+тұрғысынан+зерттеу.doc

— 64.00 Кб (Скачать документ)

Ұғым белгілі бір  нысанның ең мәнді және жалпылама  белгілерін анықтайтын сананың нәтижесі болып табылады. Ал концептіде нысанның маңызды белгілерімен аралас маңызды  емес белгілері де қамтылуы мүмкін. Сондықтан да терминологиялық бірліктер де аса күрделі таңба болғандықтан, оларды дәстүрлі тілдік тұрғыдан қарастыру ғана жеткіліксіз болады. Өйткені терминдер мазмұны көптеген экстралингистикалық факторларға байланысты болып келеді де, адам санасында тілдік және тілдік емес білімдер жүйесін құрайды. Терминдер ұлттың, халықтың тәжірибесін, қоғамдағы адамдардың бір – бірімен байланысын, шаруашылығын, рухани, материалды мәдениетін т.б. концептуалдық ғылым кешенінде өз бойына жинақтайды. Осы тұрғыдан терминдер антропоцентристік бағытта қарқынды дамып келе жатқан когнитивтік лингвистиканың жаңа саласы ретіндегі когнитивтік терминология арнасында зерттелуі тиіс деп санаймыз.

Қазақ тіл біліміндегі  когнитивтік бағыттың қалыптасуында  Э.Д.Сүлейменова, Н.Ж.Шаймерденова, Г.Г.Гиздатов, Ж.Манкеева, Қ.Жаманбаева, Г.Смағұлова, Б.Хасанов, Б.Қасым, А.Ислам еңбектерінің маңызы зор.

Когнитив ғылымының  басты, негізгі ұғымы – «ғаламның  тілдік бейнесі термині» «Ғаламның  тілдік бейнесі термині» философия  мен логикада Л.Витгенштейннің, ал антропология, семиотика, лингвистикада Л.Вайсгербердің ұсынуымен қолданған [9. 445б.].

Когнитивтік ғылым мен  жасанды интеллект інің маңызды  ұғымы «ғалам моделі» немесе «когнитивтік моделмен» тікелей байланысты. Ғалам  моделі – концептуалды табиғатқы ие құрылым. Ғалам моделінде субъектінің ақиқат шындық туралы түсініктері, нақты деректер, оқиғалар туралы концептулды білімі тіркеледі [10. 457б.].

Когнитивтік лингвистикадағы  сөз мағына мен семосиологиядағы сөз мағынаны ажыратудың қазіргі  тіл білімі үшін маңызы зор. Когнитивтік лингвистикада мағына семиосологиядағыдай сөз мазмұны ретінде көрінбейді. Когнитивтік семантикада мағына когнитивтік моделдің еркеше «қорытындысы» ретінде көрінеді. Мағына концепт негізін құрауға мүмкіндік беріп, табиғи тілде ақпараттық құрылым арқылы ойша кодталған және санада бекітілген тілдік мазмұн болып табылады. Сонымен қатар, когнитивтік лингвистикада мағына екі жақты табиғатқа ие: біріншіден, жалпы адамзат білімі тіркелген қоғамдық сананы құрушы бірлік ретінде саналады, екінішіден, сананың нәтижесі ретінде қабылданады. Адам сөзді білгенде нені түсінеді, мағынаның таңбалық құрылымы неге негізделеді, семантикалық қабылдау, сөз таңдау барысында қандай әрекеттер орындалады дегендер когнитивтік семантика мәселері болып табылады. Семантикалық талдау мен когнитивтік семантикадағы концептуалды талдаудың да өзіндік ерекшеліктері бар. Концептуалды талдауды да концептілік талдаумен шатастыруға болмайды. Концепт теориясы – концептуалды білімнің бір ғана тәсілі. Концептуалды құрылым мағынасы одан кең, ол санадағы тұтас тілдік мазмұнын қамтиды.

Қазіргі тіл ғылымында  тілдік мағынаның кең таралған семантикалық үштігі – шындық зат, оның таңбасы  және ой туралы тілдік мағынаның табиғатын  шешуге бағытталған. Когнитивтік семантикада  тілді ұғыну және қолдау мәселесі негізге алына отырып, мағынаның санада кодталған процесс, ғаламның тілдік бейнесін құрушы элемент екені көрсетіледі. Соның нәтижесінде процесстік «әрекет етуші, әрекет, мақсат, нәтиже» қатынасы негізінде жүзеге асатыны айқындалады. Әрекет етуші әрекетті белгілі бір мақсат көздеп жасайды және ол белгілі бір нәтижеге бағытталады. Нәтиже –объективтік шындықтың тілдік бейнеленген формасының концептуалды жүйесі (семантикалық құрылымдар – прототип, фрейм т.с.с.), ал мағына – санада кодталатын процесс. Танымның кодталуы әрекет түрінде сөз, дыбыстық құрылым мен  мазмұн бірлігі арқылы ойша және әр түрлі бейвербалды, вербалды түрде жүзеге асады. Осындай вербалды түрде қалыптасқан таным кодталуының бір ерекше түрін терминдер жүйесі айқындайды.

Терминдердің концептуалдық  құрылымын анықтауда ұғым мен  мазмұн мәселесінің маңызы зор.  Себебі терминнің концептуалды құрылымы дегеніміз – белгілі бір ұғымдық сала иелерінің коммуникативтік байланысын қамтамасыз ететін референциялардың инвариянтты жүйесі. Концептуалды құрылымды тіл жүйереі мен арнайы ұғымдар арасын байланыстыратын негізгі буын деп қарастыруға болады. Бұл арада тілмен тікелей байланыс мазмұнды аспект арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан концептуалдық құрылымның өзі де белгілі бір семантикалық және ұғымдық категориялармен сипатталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Қолданылған әдебиеттер:   

1.Маслова В.А. Когнитивная  лингвистика: Учебное пособие.  Минск.: Тетра Системе, 2004. – 225с.  

2. Кубрякова Е.С., Демьянков В.З., Панкрац Ю.Г., Лузина Л.Г., Краткий  словарь когнитивных терминов / Под общей ред. Е.С.Кубряковой. – М.: Наука., 1996. – 340 с.  

3. Гумбольдт В.фон. Избранные  труды по языкознанию: пер.с  нем.под общей ред. Г.В.Рамишвили:  посл. А.В.Гулыги. – 2-е изд.- Москва: Прогресс, 2000. – 400 с.  

4. Потебня А.А. из лекции по теории словесности / Русская словесность: Антология. М., 1997. – 117 с.  

5.  Сүлейменова Э.Д. Понятие смысла в современной лингвистике. – Алматы: Мектеп, 1989. – 152 с.  

6.    www.TEMAKOSAN.net – қазақша рефераттар  

7.   Воркачаев С.Г. Концепт счастья: понятийный и образный компоненты. М., 2001. – 130 б.  

8.   Аскольков С.А. Концепт и слово // Русская словесность: Антология. Под ред. В.Н.Нерознака. М.: Academia, 1997. – С.267-280.  

 9.   Радченко О.А. Языковая картина мира или языковое миросозидание ( к вопросу о постулатах И.В.Вайсгербера) // Известия Академия Наук СССР. Серия литературы и языка. Т.49, №5, 1990 – С.444-451.  

10. Баранов А.Н., Добровольский Д.О.  Лео Вайсгербер и когнитивные перспективы// Известия Академия Наук СССР. Серия литературы и языка. Т.49, №5, 1990 – С.451-458.

11. Воробьев В.В. О русской национальной личности в языке и культуре // Язык и культура. – 1998. ч.1.-С.52-57.


Информация о работе Терминдерді когнитивтік лингвистика тұрғысынан зерттеу