Түркі мифологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 22:24, творческая работа

Краткое описание

Мифологияны тілге тиек еткенімізде, ең алдымен оның жазусыз мәдениетпен бітісе қалыптасқанын ескеруіміз керек. Мифтік түсініктерге, болжамдарға, көріпкелдік пен сәуегейлікке арқа сүйеген жазусыз мәдениет адам мен дүниенің ортасында дәнекер болады. Кейін жазу мәдениеті дамыған кезде, мифологиялық дүние танымды дін мен философия ығыстырады.

Содержание

Кіріспе...............................................................................3
Түркі мифологиясы........................................................4
Мифтің дүниетанымдық қызметі..............................14
Қорытынды....................................................................16
Пайдаланылған әдебиеттер.........................................17

Прикрепленные файлы: 1 файл

Кіріспе.docx

— 45.12 Кб (Скачать документ)

Өлген соң адамдар жер  асты әлемiне өтiп, бұрынғы кейпiнше  өмiр сүре бередi. Мал бағып, қымыз iшедi, жер асты әлемiнде болатын  жануарлардың етiн жейдi. Сондықтан да түркiлер өлген адамның мәйiтiн алыс сапарға аттанатын кiсiдей жолға мұқият дайындайды – құрбандыққа мал шалады, қайтыс болған адаммен бiрге оның сынған заттарын көмедi. Барлық нәрсе керiсiнше болатын жер астындағы әлемге жеткенде жануарлар қайта тiрiлiп, сынған заттар қайтадан қалпына келеді деп есептеген. Осы жоғарыда айтылға сөздерге тоқталатын болсақ бүкіл түріктің мифтеріндн Тәңір сөзінің көп кездесетін байқаймыз. Олай болса Тәңір деген сөз түркі халқының ажырамас бір бөлігі деп айтсақта болады. Тәңірге сыйынғанын да түркі халықтарының Құлтегін, Білге қағандарға арналған балбал тастардағы қашап жазылған жазуларынанда анық білеміз. Қазірге дейін Тәңір сөзінің этимологиясын іздеушілердің пікірлері әртүрлі болып, олар “Тәңірдің” не себепті “Тәңір” атануын ашып, дәлелдеп бере алмауда. Бірқатар жазушылар “Тәңір” “аспан”, “көк аспан” деген ұғымды білдіреді дегенді айтады. Мифтік аңыздар бойынша, “Таң” және “Іңір” деген екі періште кезектесіп, жердегі тіршілікті күзетеді екен, “Таң” күн ұйықтар орынға кеткенде “іңір” оның орнына күзетке тұрады деген ұғым қалыптасқан. Соған орай “Тәңір” делінген дейді. Біреулері Тәңір “Таң” + “Ра” сөздерінің қосындысы, таңның атуы, ал “ра” ертедегі күннің Египеттегі діни атауы. Міне, осыдан “Танра” делініп, “күннің шығуы” дегенді білдіреді дейді.

Түркі көшпелілерінің ең көне аңыздарына Қорқыт туралы аңыз-әңгімелер жатады. Қорқыт туралы аңыз-әңгімелердің негізгі сюжеті — өмір мен өлім, адамның ажал алдындағы дәрменсіздігі. Сол аңызға тоқтала келсек.Аңыз бойынша, анасы Қорқытты құрсағында үш жыл бойы көтеріп жүріпті. Жылына бір рет толғақ қысып отырады екен. Қорқыт дүниеге келер алдында әлемді үш күн, үш түн бойы көзге түртсе көргісіз қараңғылық басады. Сұрапыл қара дауыл соғып, ел-жұртты қорқыныш сезімі билеген. Осыған орай баланың атын “Қорқыт” деп қойған дейді. “Қорқыт” сөзінің этимол-сын Ә.Қоңыратбаев “құтты адам, құт әкелетін адам” деп көрсеткен. Аңызда Қорқыт Ата өзінің жүйрік желмаясына мініп, халқы бақытты өмір сүретін жерұйықты іздеуші, ғұмыр бойы өлімге қарсы күресуші жан ретінде суреттеледі. Ел-жұртты өзінің жырымен де, күйімен де аузына қаратқан, ғұмырының соңында бірлігі ыдырай бастаған жұртының алауыздығына күйінген Қорқыт Ата мәңгілік өмір сырын іздеп дүниенің төрт бұрышын кезіп кетеді. Бірақ қайда барса да, алдынан көр қазып жатқан адамдарды жолықтырады. “Кімнің көрі?” деген сауалына “Қорқыттың көрі” деген жауап естиді. “Қайда барсаң да Қорқыттың көрі” деген сөз осыдан қалған. Ақыр аяғында жер кіндігін тапсаң, тірі қаласың деген аян естіп, туған жері – Сыр өңіріне оралады. Содан мәңгі өмір тек өнерде деген ойға келіп, қобыз аспабын ойлап шығарады. Тағы бір аңыз бойынша, өзен ортасына кілем жайып, үстінде отырып қобыз тартқанда, күй күшімен суға батпайды екен. Қорқыт Ата қобыз тартқан жылдары өлім болмаған, тек бақытты тіршілік болған дейді. Бірақ Қорқыт Ата шаршап, ұйықтап кеткен сәтінде судан кішкентай қайрақ жылан шығып, оны шағып өлтіріпті дейді. Аңызда ажал ашық келмей, жылан кейпінде келеді. Бұл аңыздарда Қорқыт Ата өлімнен қашып, бүкіл ғарышты аралайды. Түсінен шошынған ол ажалдан құтылу үшін ертеңіне дүниенің екінші шетіне көшіп кетеді. Таң атысымен тағы да жолға шығады. Не істерін білмей, жердің ортасына бармақ болады. Жер ортасы Сырдың жағасы, қазіргі Қорқыт моласы тұрған тұс екен. М.Әуезов: “ажалды тоқтату мүмкін еместігін мойындағысы келмеген Қорқыт Ата жұрттан безіп, айдалаға, табиғат аясына кетеді, бірақ таулар да, жазықтар да, ормандар да оған өлім күтіп тұрғанын айтады. Содан қорқып, шырғайдан алғашқы қобызды жасап, жер бетінде бірінші болып күй тартады. Сөйтіп өлмеудің амалын өнерден табады”, – деп жазады. Зерттеуші Е.Тұрсыновтың түсіндіруі бойынша, бұл жердегі желмая қобыздың рәміздік бейнесі болып табылады. Өйткені ол мәңгілік өмірді қобыздың үнінен табады. Ең ақырында қобыз күйімен көз жұмып, артындағы ұрпақтарына өлмес күйлерін қалдырған деген.

Алтай–Сібірден бастап, Шығыс Еуропаға дейінгі аралықты көшіп қонып, ат тұяғының ізін қалдырған көшпенділер өзге елдердің әдебиеті мен мәдениетінде айтарлықтай із қалдырғаны туралы бүгінде белгілі болып тұр. Енді сол үнді–еуропа тілді елдердің мифологиясында кездесетін кейбір түркі мотивтеріне тоқталайық. Батыс елдердің мифологиясына талдау жасай келіп Д. Кішікбаев Качевое Общество деген кітабында мынандай деталь келтіреді. Мысалы: мифологиялық бейне Кентавр (адам ат) негізінен ғалымдардың пайымдауынша көшпелілерге тікелей қатысты болған. Осы кең таралған қызықта қорқынышты бейне (шабандоздың өз арғымағында жайғасқаны сондай, бір қарағанда тұтас денедей көрінген) отырықшы халықтың жадында сомдалған. Осының өзінен–ақ көшпенділіктің өзі оның мифологиядағы бейнесінен әлдеқашан бұрын пайда болғандығын пайымдауға болады. Алайда кентавр жайлы туралы аңыздар түркі халықтың өздерінде кездеспейді.

Яғни, бұл жерден көретініміз  біздің ата–бабаларымыздың назарынан кеңістік пен қоса аспан әлемі табиғи табиғи ғарыштық негіздерде тыс қалмаған. Олар осы ғарыштық кеңістіктегі әрбір құбылысты түсінуге, ерекшелігін білуге бар ынта жігерін салғандығын көреміз. Олар ондағы әрбір өұбылысты өздерінше түсінген. Өздерінің санасы жеткен жерге дейін пайымдаған.Сонымен қоса олар тек ғарыштық  кеңістікті ғана түсінуге көңіл бөлмей, жалпы жер беті мен жер үсті және жер асты әлемін бір–бірімен байланыстыра қараған.Өмір жылжып қоғам дамыған сайын адам мифтік санадан біртіндеп айырыла бастады. Сондай ақ адамның білуге деген құштарлығының  арқасында енді ежелгі дәуір жандары аспан шырақтарын білуге тырысқан, өзін қоршаған табиғатты білуге күш салған, маңайдағы аң мен жануарлар сырын ұғуға ұмтылған. Міне сөйтіп ол әртүрлі түсіндірмелі мифтер туғызған.

 

Мифтің дүниетанымдық  қызметі

Әдет – ғүрыппен, салт – санамен бірге туып бірге жасасқан мифтің қоғамдағы көрінісі оның сан – салалы дүниетанымдық қызметінде. Соның бірі мифтің әдет ғұрыпқа қатысты мәселелері.

Әлемдегі көп халықтың мифтері діни әдет ғұрыптар мен салт санамен бірге өмір сүріп келген. Әсіресе, мәдени дамуы жағынан артта қалған халықтарда түрлі салт–дәстүрлердің, ритуалдардың мән мағынасы және олардағы іс әрекеттің себептері миф арқылы түсіндіріледі. Исламға дейінгі тәңірлік дүниетанымға сәйкес мифтік түсініктердің іс әрекеттерімен, ескі діни ғұрыптармен байланыстылығын байқау қиын емес. Мәселен, түрлі аурудың иесін көшіру үшін айтылатын сөздер мен атқарылатын әрекеттер (қамшымен ұру, отпен аластау, түтін салу) және оларға қатысты айтылатын мифтік аңыздар (Албасты, Обыр т.б.), Айға, Күнге, Отқа табынудың іздері (жаңа туған Айға сәлем беру, Ай сәулесін ұйықтаған адамның бетіне түсірмеу, отқа түкірмеу және т.б.). Бұлардан басқа алғыс, қарғыс сөздері және оған байланысты әрекеттер (дұға оқу, алынған тырнақ, шашты дұшпан көзінен тасалау), қазақтың сан тарау тиымдары (босағаны керме, табалдырықты баспа, түнде судың бетін ашық қалдырма, қолыңды молаға қарай шошайтпа, уйге қарай жүгірме). Міне күні кешегіге дейін ұмытылмай келе жатқан наным–сенімдердің астарында о бастағы қуатты сенімнің жатқандығы дауыссыз.

Біздің ұлттық дүниетанымымыздағы рухани құндылықтардың мəн-мағынасы көне түркілік дүниетанымнан бастау алады  жəне олардың арасында терең рухани сабақтастық бар. Қоғамдағы сабақтастық адамдар оны сезінсін, мейлі сезінбесін, алдыңғы іс-əрекеттің нəтижелерін кейінгі ұрпақтың мұралануы ретінде қызмет етеді. Мұралану мен қабылдаумен салыстырғанда сабақтастық қоғамдық дамудың бір деңгейінен екіншісіне өту барысында байқалатын адамдардың арасындағы тарихи байланысты білдіреді. Дəстүрлі қазақ мəдениеті тарихи-мəдени тұрғыдан да, рухани тұрғыдан да түркілік мəдениетті мұраланды. Ортағасырлық түркі ойшылдарының ілімдеріндегі дүниетанымның өрісі өзінің бастауын осы дəстүрлі мəдениеттегі білімдерден алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қорыта айтқанда, миф –  өзіндік орны бар кең көне жанр. Түркі мифологиясы – бүгінгі түркі қауымын жасауға қатысқан бірнеше мың жылдық көшпелі ру тайпалардың, дүние, өмір туралы түсініктерінің, танымдарының біріңғай жүйесі.

Түркі мифі – алғашқы  қауымға тән австралиялықтар  мен американдықтардың көне мифі мен антикалық Греция, Рим, ежелгі Египет, Үнді, Қытай, Вавилондықтар мифологиясының ортасындағы аралық жанр. Ол өзінің алғашқы түрінен дамып шыққан да тарихи – қоғамдық дамуға сәйкес мифология ретінде жүйеленбей жатып, басқа жанрға айналған. Оның басты себебі – түріктерде ру тайпалардың құл – иеленуші мемлекет құрмай, рулық қауымнан бірден феодалдық қоғамға айналуы.

Түркілер мифологиясының аздығына бір себеп жазу мәдениетінің кемшілігінен де болуы мүмкін. Бұл  жерде көне түркілерде жазу болмады емес, болды. Оған дәлел, Орхон – Енисей құлпы тастарындағы жазулар дәлел. Ал, бұл жазудың өзі тасқа қашалып жазылғандығы белгілі, яғни тасқа қашап жазудың өзі үлкен қиын жұмыс деп білеміз. Осы жерде айта кетер жайт, алғашқы қоғамдық қауымнан кейін құл иеленуші қоғамды басынан өткерген елдердің (грек, рим) мифологиясының жүйелі түрде жеткендігі жазу мәдениетінің ерте дамығандығы, олардың кейінгі ұрпаққа қалдырған деректерін папирусқа, пергаментке жазып кеткендігі, отырықшы қала мәдениетінде өмір сүргендігі көп дәнекер болған. Әрі түркі мифологиясының аз сақталғандығына олардың ат үсті жаугершілік заманды басынан көп өткергендігі де өз кері әсерін тигізбей қойған жоқ.

 

 


Информация о работе Түркі мифологиясы