Түркі мифологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 22:24, творческая работа

Краткое описание

Мифологияны тілге тиек еткенімізде, ең алдымен оның жазусыз мәдениетпен бітісе қалыптасқанын ескеруіміз керек. Мифтік түсініктерге, болжамдарға, көріпкелдік пен сәуегейлікке арқа сүйеген жазусыз мәдениет адам мен дүниенің ортасында дәнекер болады. Кейін жазу мәдениеті дамыған кезде, мифологиялық дүние танымды дін мен философия ығыстырады.

Содержание

Кіріспе...............................................................................3
Түркі мифологиясы........................................................4
Мифтің дүниетанымдық қызметі..............................14
Қорытынды....................................................................16
Пайдаланылған әдебиеттер.........................................17

Прикрепленные файлы: 1 файл

Кіріспе.docx

— 45.12 Кб (Скачать документ)

 

 

ЖОСПАР:

Кіріспе...............................................................................3

Түркі мифологиясы........................................................4

Мифтің дүниетанымдық қызметі..............................14

Қорытынды....................................................................16

Пайдаланылған әдебиеттер.........................................17

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Белгілі бір тілдің мифологиялық терминдерін салыстырмалы түрде зерттеу үшін толық бір аймақтың, сонымен қатар осы тілде сөйлеуші халықтың тарихын білудің өте зор маңызы бар. Біз үшін мифологияны зерттеу жалпы қоршаған ортаны тану мүмкіндігін, Қазақстанда өмір сүрген халықтардың тұрмыс ерекшелігі, олардың қолданған ауызекі тілі туралы мәлімет береді, көне дәуірден бастап сауат ашып, хат таныған жазба әдеби тілге дейінгі кезеңді сипаттауға жол ашады. Бірақ та, белгілі болған мифологияны (мифологиялық терминдерді) жете танып, терең білу үшін «фантастикалық сыртқы күштердің адам ойында бейнеленуі» сияқты білім заңдылығымен қарулану қажет. Миф – әлемдік дүниетанымды өте әдемі қылып суреттейтін, адамдардың табиғат пен қоғамды өздігінен зерттеп тану құбылысы болып табылады.

Мифологияны тілге тиек еткенімізде, ең алдымен оның жазусыз мәдениетпен  бітісе қалыптасқанын ескеруіміз керек. Мифтік түсініктерге, болжамдарға, көріпкелдік пен сәуегейлікке арқа сүйеген жазусыз мәдениет адам мен дүниенің ортасында дәнекер болады. Кейін жазу мәдениеті дамыған кезде, мифологиялық дүние танымды дін мен философия ығыстырады.

Алғашқы қауымдық құрылыс  кезінде ежелгі адамдардың ең бірінші көкейкесті мәселесі бір-бірімен қарым-қатынас орнату болды. Мифтің алғашқы қозғаушы күші нақты жағдайға байланысты және қоғамдағы тәртіптің ыңғайына бейімделіп, болашақты болжау болып табылды.

Миф деген сөздің мағынасын жұрт екі түрлі мағынада түсінеді. Біреулері миф деген сөзді ертегі, яғни жалған, ойдан шығырылған қиял мағынасында қолданса, ал енді біреулері миф деген сөзді осы келтірілген түсініктемеге қарама-қарсы мағынада деп айтады. Ал шындығында миф ойдан шығарылған өтірік, жасанды дүние емес, нақты халықтың дүниесі мен өзі туралы шындығы, басқаша айтқанда шын деп есептелінген тарихи ақиқат. Әр халқтың мәдениетінің, дінінің өз мифі бар. Егер халық мифті дұрыс түсінсе, оның қоғамға беретін үлесі мол. Керсінше оны дұрыс түсінбей, тар мүдделі ортада әсіресе саяси мақсаттарда қолданатын болса, мифтің қоғамға, халыққа тигізер зияны да мол.

Миф адамзат енді қауым  болып бірігіп өмір сүріп жүргенде-ақ пайда болған. Әрбір адам жастайынан дүниені танып біле бастайды, заттар құбылыстар жайында білімдер жинақтайды. Өсе келе ол өзіне «Дүние неге бұлай», «Адамның өсуі мен өлімі» жайында сұрақтар қояды. Сол кезде адамда - өзін қоршаған табиғатты, аспан мен жерді, әр түрлі құбылыстарды білуі үшін оның дүниеге деген кең көлемдегі көзқарасы пайда болды. Дүние және адамның ондағы орны жайындағы түсініктердің жиынтығын дүниеге көзқарас деп атайды. Дүниеге көзқарас – адамзат санасының, дүниетанымының қажетті бір бөлігі.

 

Түркі мифологиясы

Миф – ата–бабаларымыздың ежелгі, бастапқы танымындағы ғалам, сол ғаламдағы алғашқы пенделердің өмір хақындағы түсініктері. Олардың қатарына: аспан, жер, су, жер асты, Құдайлар, рухтар мен аруақтар, құбыжықтар мен перілер, дәулер, алғашқы адамдар мен адам сипатты батыр пенделер, ғажайып мақұлықтар т.б. жатады. Ертедегі адам мифті ойдан шығарылған ертегі деп емес, керісінше, бүкіл дүниенің жалғыз ақиқаты деп білген. Көшпелілер мәдениетінің ең бір көне нұсқалары – ол миф. Миф – фольклордың ең көне жанры. Оның тұп-тамырлары сонау алғашқы қауымдық құрылыстан басталады. Адам баласы өзін қоршаған орта, табиғат, жан-жануарлар, өмір мен өлім, өсіп-өну туралы ерте заманнан-ақ өз түсініктерін қалыптастырған.

Түркі мифологиясына тоқталатын болсақ, жалпы түркі мифологиясын зерттелмеген сала деп айтуға болмайды, бірақ осы уақытқа дейін жүргізілген зерттеулер жеткілікті емес, алынған деректер, мәліметтер толық қанағаттандырмайды. Себебі ата-бабаларымыздың әлі талай қарастырылмаған, зерттелмеген жерлері көп қалған. Ғылыми мәліметтерге сүйінсек біздің жеріміздің тарихына, әдет-ғұрыптарына, салт-дәстүрлеріне көбінесе шетелдік ғалымдар қызығушылық танытып зерттеген, соның ішінде әсіресе түркі мифологиясы назарларынан тыс қалмаған екен. Алайда өз ғалымдарымыздың да зерттеулері де жеткілікті. Олар: Ш. Уәлиханов, А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, М. Әуезов, Ғ. Марғұлан, Е.Тұрсынов, Ғ. Қайдар, Р. Сыздық, Е. Жанпейісов, Н. Уәлиев, А. Сейдімбек, С. Қасқабасов т.б. ақын-ғалымдардың түркі мифологиясы тарихына енгізген жаңалықтары мен үлестері аз емес.

Ежелгі ғұндардың, көне үйсіндер мен қаңлылардың аңыз-әңгімелеріне, жырларына "Ер – Төстік", "Еділ – Жайық" эпостық жырлары жатады. Ә.Марғұланның айтуынша, бұл ғажайып мифтер Қазақстанның көп жерінде сақталып келген, әсіресе Еділ мен Жайық өзендері аралығында көп таралған. Алғаш рет Миф философиясын Дж. Вико ұсынды. Ол Миф қиял ойыны ретінде қалыптасады деген пікірде болды. Кейін 19 ғасырдың ортасынан бастап Миф этнографиялық материал ретінде зерттеле бастады. Мифология дегеніміз аңыз әңгімелердің жиынтығы, ғалам жөніндегі фантастикалық түсініктер жүйесі, ғалам картинасы. Ең ақырғысы олардың түпкі мотивтері мен идеяларын зерттейтін саланы да мифология дейді.

Орта ғасырлық түркі дүниетанымының негізгі құраушы бастауы түркілік дəстүрлі мəдениет болып табылады. Оның бірнеше себептері бар: біріншіден, дəстүрлі мəдениет ұлттық бірегейліктің ең маңызды қайнар көздерінің бірі болып табылады. Екіншіден, дəстүрлі мəдениет халық санасында бірігіп, мифологиялық, діни, этикалық, идеологиялық элементтерді жинақтайды жəне мұны «халық даналығы» түсінігімен белгіленді. «Халық даналығы» қашанда өмірде қалай əрекет ету қажеттігі туралы, қоршаған ортамен қалай қатынас жасау керектігі жөнінде, жақсыны жаманнан қалай айыру керектігі туралы білімдерді білдіреді.

Рухани құндылықтардың көне түркі этникалық кеңістікке кеңірек таралуына Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк секілді данагөй ойшылдардың орасан зор рухани ықпалы болғанын байқаймыз. Олар өздерінің қоғамдық, елдік бағдардағы ілімдерін білімділік, қайырымдылық идеяларына арқа сүйей отырып қалыптастыруға тырысқан. Түркі қағандарының рухани құндылықтар əлемінде біліммен қоса əділеттілік, сабырлылық, адалдылық, қанағатшылдық сияқты адами дамудың іргелі негіздері, руханилықтың озық үлгілері мызғымас тірек болғанын аңғару қиын емес. Құндылық болған жерде қоғамдасу бар. Тарихта сондай нағыз топтасқан əлеуметтік күштің бірі – түрік қауымдастығы, түрік халқы болды. Бір кезде «Көкте – тəңір, жерде – түрік» деп əлемге өзі туралы жар салған бұл халық өзінің күш-құдіретіне сүйеніп, сеніп айтқандай.

Тәңірлік діннің өзіне  тән ерекшелігі – ол өзіне дейінгі  діни наным-сенімдерді теріске шығармайды, қайта оларды бір жүйеге келтіріп синтездеуші рөл атқарады. Плано  Карпини түркілердің бір құдайға иланатындығын айта келіп, “оның үстіне олар күнге, айға және отқа, сонымен бірге таңертеңгілік тамақ жеудің немесе су ішердің алдында сол ас-дәмдерінен ауыз тидіретін сыбаға арнап, су мен жерге де құдай деп табынады”, – дейді. В.В. Бартольд: “Ежелгі түркілер дінінің негізі Көкке (Тәңір) және Жерге (жер-суға) сыйыну болды”, – деп жазады. Тәңірді түркілер барлықты жаратушы “объективті идея” ретінде қарастырса, жер-су – тіршіліктің тірегі.

Түбі бір, шыққан тегі бір  туысқан түркі халықтарының алғашқы  дүние жайлы, жаратушы Көктәңірі туралы бастапқы түсініктері мен көзқарастары олардың ертегілері мен ежелгі мифтерінде көрініс тапқан депте айтуға болады. Сондықтан да, түркі халықтарының ауыз әдебиетінің ең көне жанрларының бірі мифтер. Бұл жанрда адамзат өмірінің көптеген білгілері сақталған. Түркі халықтарының мифологиясы ғарыштық құрылымы былай бейнеленеді: жеті қат бар, онда Көктөбеде Көктерек өсіп тұр, ол Көккүмбезді тіреп тұр. Бұл бейне киіз үйдің құрылымына да ұқсас. Түркі халықтарының мәдениетінде Аспанмен қатар оның шырақтары да Құдай деңгейіндегі құдіретті, қасиетті құбылыс деп танылған. Бұл мағынада, әсіресе, Күннің атқаратын рөлі ерекше. Ертедегі миф-аңыздар, ертегілердің кейіпкерлерін Күнсұлу, Күн астындағы Күнекей және т.б. ат койып атаулары. Археологиялық және этнологиялық деректер Күн және Адамның тығыз байланысын көрсетеді. Мысалы Саймалы-Таш, Тамғалы, Ешкі өлмес аңғарларында көптеген басы күн тәрізді қүдайлар мен адамдардың петроглифтік суреттерін ғалымдар тапқан. Күннің нұры сияқты ұшқын шашқан дөңгелек басты антропоморфтық кескіндер тасқа қашап салынған. Күнді құдай ретінде бейнелеу шығыстағы көне өркениеттерге тән құбылыс. Қазақстан жерінде табылған күн тәрізделер Арыс өзенінің бойындаға Алтынтөбеде көптеген алтынбастылардың кескіндері бейнеленген. Кейінірек бұл бейне аспан құдайы Көк тәңірдің негізі болды. Ерте заманнан бастап бұл құдайлар магиялық мақсаттарда қолданылған. Күн басты адамдардың бейнелері біздің рәміздерімізде де кездеседі. Мысалы, көшпелілірдің киіз үйіне жоғарыдан төмен қарағанда ол сәулесін шашқан күнге ұқсас (шаңырақ- күн, уықтары-сәулелері). Көз – адам үшін маңызды, екеуін де шырақ деп атайды (шырағым-деген сөз өте ыстық жақындықты білдіреді). Қазақстанның елдік таңбасы Алтын адамның бас киімінде нұрын шашып тұрған күн бейнеленген. Азилық өркниетте Күнмен қатар қастерлеп қарайтын аспан шырағы – Ай болған. Ай көне түрік мәдениетінде Күннің орынбасары, сұлулықтың таңбасы, көп мұраларда әйел құдай ретінде танылған. Көшпенділер үшін де Айдың маңызы зор болған. Даладағы малшылар қараңғы түнде айдың тууы мен батуын бақылаған, одан өздерінше қорытынды жасап, жыл мезгілдерін айыру есебін шығарған, ауа–райын болжалаған. Олар жаңа туған айдың күн сайын көлемінің кемиетінін, ақырында таусылып өліара келетінін білген. Бұл кезде ауа райы өзгеріп, ғылыми түрде айтқанда циклон басым болады. Халықтың дүниетанымы айдың климатқа тигізетін әсерін жақсы білген.

Түркілердің заманындағы  діни туралы бізге жеткен негізгі мәліметтерге сүйеніп түркі халқының діни көзқарасын талқылап көрейік. Көне түркiлер адам ғұмырының ұзақтығын тек Тәңiрi ғана өлшеп кесетiнiн бiлетiн. Күлтегiннiң өлiмi туралы Бiлге қағанның: «Адам балалары тәңiрi өлшеген уақытта өлу үшiн туылады» деуi де содан. Сондықтан да көмек сұрап адамдар Тәңiрiге ғана жалбарынатын, ал Жер-Суға табынғанда да мiндеттi түрде Тәңiрi тiлге оралушы едi. Тәңірлік дін адамды өз іс-қимылына, әрекетіне,  пиғыл-ниетіне есеп беріп отыруға үйретеді, ісі түсіп, жолы болса түркілер тәңір қолдады, дейді, қателік жасап, адасса, “Тәңірім, кешіре гөр”, –дейді.

Тәңiрi әдiл едi, ол сый да жасайтын, жазалайтын да, Адам мен халықтардың аман-есендiгi, оның еркiндегi iс. Сондықтан түркiлер «Тәңiрi жарылқасын!» -Тәңiрi сенi сыйласын, «Көк соққан» - аспан қорғаған немесе «Көк соғар» - аспан жазаңды берер дейтiн. Бiздiң заманымызда да осылай дейдi. Егер Тәңiрi жазықтыны жазалағысы келсе, оқ жебесiмен атады, оны адамдар найзағай деп қабылдайтын. Осы найзағай - жебелердiң құдайы Нажағай–зұлым жын-шайтанды қуалаушы. Түркiлер ант бергенде антына Тәңiрi куә болсын деп жебенiң ұшын тiлiмен жалайтын. Егер адамға найзағай түссе, ол адамның белгiлi немесе құпия қылмыстары үшiн Тәңiрiнiң өзi жазалады десетiн. Егер найзағай үйге түсiп, өртенiп кетсе де өте жаман белгi деп қабылданушы едi. Мұндай үй немесе киiз үй уақыт өзi бiржола қиратқанша қозғаусыз тұра беретiн. «Мына үйге Тәңiрiнiң қаһары түстi», дейтiн түркiлер. Егер найзағай жануарға түсiп өлсе, түркiлер оның етiн жемей, далаға тастайтын немесе одан аулақ қашушы едi.

Көк тәңірісіне табыну сол  сияқты Орхон жазуларыда айтылып  кеткен: Биікте көк тәңірі, төменде  қара жер жаралғанда, екеуінің арасында адам баласы жаралған. Ғұндар мен көне түркілердің өздерінің шығу тегі жөніндегі аңыздарының да тарихи мәні бар. Ол аңыздың бір нұсқасы бойынша, түркілер өзінің күншығыстағы көрші елінен қатты жеңіліс тауып, тегіс қырылады. Жау әскері бір жас баланы өлтірмей, тастап кетеді. "Содан тараған жұрт ғұндар мен түркілер еді" дейді көне аңыз. Көне түркілер қасқырды ата тегіміз деп біледі. Сол аңыз бойынша Бөрі түркілердің ұрпағын құтқарып қалған. Бұл аңыздардың бір нұсқасы көне қытай жылнамасында былайша жазылған. Түркілердің арғы аталарын Лин мемлекеті талқандайды. Тек он жасар бір бала аман қалады. Дұшпандар баланы өлтіруге қимай, аяқ-қолын шауып, көлге лақтырып кетеді. Оны ұрғашы қасқыр тауып алып, ет беріп асырайды. Мұны естіген дұшпандар баланы да, қасқырды да өлтіруге бел буады. Алайда қасқыр баланы алып, Алтай тауына қашып кетеді. Осында қасқыр баладан он ұл туып, кейіннен ол он тайпа елге айналады. Ұлдарының ішінде біреуі ерекше ақылды болып, көсем болып сайланып үлкен мемлекет құрады дейді.

Кеңінен тараған аңыздардың бірі Ұмай ана. Көне түркілердің наным-сенімдерінде әйел-құдай – Ұмай ана ерекше құрметтелген. Әйел тәңірі Ұмай – отбасы мен бала-шағаның жебеушісі болған. Аталған үш құдай түркілердің пантеонында маңызды болып саналады. Тоныкөк құрметіне орнатылған ескерткіште: “Көк, Ұмай құдай, қасиетті жер-су, міне, бізге жеңіс сыйлаған осылар деп ойлау керек!”,  – делінеді.

Түркілердің айтуынша бiздi жаратқан ана – әмiршi Ұмай» – түркiлер өздерi құрметтейтiн басты құдай әйелдi осылай атайды. Бұл «аққу» деген ұғымды бiлдiредi. Құс бейнесiнде ол аспанға ұшып, жерде жүрiп, суда жүзе алатын болған. Түркiлер Ұмай әлемдi жаратуға қатысқан деп сенетiн. Ежелгi замандарда, Ұлы мұхиттан басқа ештеңе болмаған кезде оның бетiнде Ұмай - аққу жүзiп жүрген. Бiрде ол өте-өте тереңге сүңгiп, су астынан топырақ алып шығады, осыдан таулар, өзендер, өсiмдiктер мен жануарлар жаратылған. Тiптi, аққудың жұмыртқасынан әлем жаратылған деседi. Ұмай сиқырлы құс, оның көлеңкесi түскен жандар тағдырдың сүйiктiсiне айналып, жолы болғыштық пен даңққа бөленетiн. Сондықтан түркiлер ешқашан аққуды өлтiрмейтiн. Егер ақымақтықтан немесе аңдаусызда өлтiрiп қойса, кiнәлi адамды аса қатал жаза күтетiн. Ал түркiлер үшiн ең ауыр жаза баласының ерте келген өлiмi едi.

Түркiлер Ұлы Тәңiрiге табынатын, бiрақ үстiңгi әлемге дұшпан, адамдарды  өмiрден ажырататын жер асты әлемiнiң  отты құдайы – Ерлiктi де ешқашан естерiнен шығарған емес. Ерлiктiң қасында көбiне Бөрт – асығыс ажалдың құдайы жүредi. Ерлiкке сандаған аруақтар мен елшiлер қызмет iстейдi. Егер адамдар қатыгез күштерге сыйынғысы келсе, онда олар осы құдайға жалбарынатын. Тiптi, кең даланың төсiнде Ерлiктiң құпия ғибадатханалары, кейде абыздар онда адамдарды құрбандыққа шалған орындар бар деседi. Ерлiк жердiң астын мекен етедi. Ол онда өзiнiң қырсық мiнезiнiң кесiрiнен тасталған. Әлем ендi ғана жаратылып жатқанда Ерлiк жасы үлкен ағасы Тәңiрi өзiне бағындырмақ болады. Тәңiрi кiшi iнiсiне ұзақ уақыт кешiрiммен қарайды, бiрақ ол қастығын тоқтатпайды. Сонда Тәңiрi өзiнiң ең берiк құрыштан жасалған батыры Маңғышырды Ерлiкке қарсы жұмсаса керек. Әуелi онымен Ерлiктiң ұлдары айқасады, бiрақ батыр бәрiн жеңiптi. Одан кейiн майдан даласына Ерлiк дүниеге келтiрген аю, борсық пен атжалман шығады. Бiрақ, батыр құрыш найзасымен оларды да жер қаптырады. Маңғышыр өзiнiңқұрыштай қолдарымен Ерлiктi қапсыра құшақтап, жер мен көктiң ортасындағы әлдебiр кеңiстiкке қамап қояды. Ерлiк титiмдей болса да жер беруiн сұрап қоймайды, бiрақ Тәңiрi оған құлақ аспаған. Десе де ақырында, ұзақ жалынып-жалбарынудан соң Тәңiрi Ерлiктiң аса таяғының астына қанша жер сияр болса, соны оның қоластына бермек болады. Ерлiк аса таяғымен жердi ұрып, қайта суырып алса керек. Жердiң ойығынан әлгi аса таяқты тiстеген қабан шошқа, оның құйрығына оралған жылан, жыланға жармасқан құрбақа, одан кейiн өңге де жер астының жын-шайтандары өрiп шығады. Олармен бiрге жер бетiне түрлi аурулар да келедi. Ерлiк олардың бәрiн суырып ап: «Адамға қас болыңдар!» дейдi де, өзi әлгi тесiктен төменгi әлемнiң қойнына сүңгiп кетедi. Тәңiрi қатты қаһарланып, Ерлiкке бұдан былай Күн сәулесiн шашқан жерде көрiнуге тыйым салады. Ерлiктiң жер астындағы әлемi қаңыраған бос едi, өйткенi оның қызметшiлерi - жамандықтың жын-шайтандары өсiп көбейе алмайтын. Сонда ол тағы да Тәңiрiге құлдық ұрып, жер астын түрлi халықтармен толтыруға рұқсат сұрайды. Жер астының рухтары балалы-шағалы бола алмайтынын бiлетiн. Тәңiрi кекесiнмен жымиып, Ерлiктiң өзiне бағынатын халық жасауына мұрсат еттi. Бiрақ Ерлiк те ақылды әрi айлакер болатын. Ол ұстахана, балға мен төс жасады. Қалай ол балғамен төстi ұрса бiттi, сол сәтте-ақ зұлым жын-перi пайда болады. Ерлiк осылайша өз әлемiн жұртпен толтырды. Ал оның үйретуiмен жауыз рухтар тесiк арқылы жер бетiне шығып, түрлi жамандықтар жасайды. Ең үлкен жауыздық – ол кiшкентай балаларды ұрлап кету. Егер үй желеп-жебеушiсiз қалса, ал үйдi қанағатсыздық, ұрыс-керiс, мейiрiмсiздiк жайласа, онда қара ниет жын-перiлер үйге оп-оңай енiп, балалардың киесiн ұрлап кетедi. Ал жер астындағы әлемде, Ұмай-ананың қорғауынан тыс қалған әлгi байғұс рухтар келе-келе жауыздыққа бой ұрып, Ерлiктiң сүйiктi қызметшiлерiне айналады.

Информация о работе Түркі мифологиясы