Шәкәрімнің дүниетанымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2014 в 10:49, реферат

Краткое описание

ХХІ ғасырға дейін материалистік философия жаратылыс заңдарын, тіршілік пен табиғаттағы орын-орнымен жұмыс істеп тұрған барлық система өздігінен, кездейсоқ белгілі бір табиғи шарттардың нәтижесінде пайда болды деп дәлелдеп келді. Алайда соңғы 15-20 жылда сызықтық емес динамикалық модельдеудің дамуына байланысты ғылымның барлық салаларында фундаменталды ғылым материализм мен дарвинизмнің ғылыми негізі жоқ екенін көрсетті. Шәкәрім атамыз «Үш анық» атты шығармасында бұл туралы былай дейді: «Барлықтың түп себебі жаратушының білім, құдірет, шеберлігінде өлшеу жоқ. Дәлелдерім: ғылым жолында бұл барлықтың еш нәрсесі өздігінен бар бола алмайды да, қозғала алмайды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Материялд.doc

— 254.00 Кб (Скачать документ)

Абай 43-ші қара сөзінде «Адам ұғымы екі нәрсе бірі – тән, бірі – жан» деп бөліп қарастырғанындай, Шәкәрім еңбектерінің барлығында да жан мен тәнді бөліп қарастыра отырып, жанды мәңгілік өлмейді ол құдайдан берілген аманат, ал тән осы дүниелік. Ал, ақыл осы екеуін бір-біріне үйлестіруші, адамда болатын жақсылық пен жамандықты ажыратушы құрал, яғни құдайға жету жолындағы танымы деп қарастырылады.

Басында жан мен дене екі басқа,

Жан шыдап тұра алмайды қозғалмасқа.

Дене сауыт сықылды жанның орны,

Оған да күту керек бұзылмасқа...

...Фәни дене бояуға-ақ мақтанады,

Жан төзбейді, сол үшін сақтанады.

Өлмес жанға өзгермес орын керек,

...Жан талпынар талайды көрмек  үшін,

Әр сырын дүниенің білмек үшін.

Дене байғұс салмақ боп баса берер,

Жаралған ғой түбінде өлмек үшін [2,51].

Тағы былайша жалғастырады:

Ақыл деген өлшеусіз бір жарық  нұр,

Сол нұрды тән қамы үшін жан жұмсап жүр.

Тағдырдың қиын сырлы сиқырымен,

Жан тәнге, ақыл жанға матаулы тұр.

Жан тыныштық таппайды тән қамын  жеп,

Тән бұзылса, тұрағым бұзылар деп,

Ыстық, суық, аштықтан сақтау үшін

Зұлымдық пен айланы қылады сеп [2,23].

Аңғарсақ, әрбір тіршілік иесінің  өз тәніне лайық жанынан басқа  бәріне ортақ, бәрін жаратушы, қадағалаушы  және бәріне қозғау беруші «құдіретті субстанция» – жан жатыр. Шәкәрім түсінігіндегі жан субстанциясының негізгі қасиеттерін айтатын болсақ:

1. «Жан жаратушы өзгеріп жататыны да рас»

2. «Жан – қозғау беруші, тіршілік себепкері».

Шәкәрім тіршіліктің «төменгі құрылымының» жоғары форма түріне өсіп, күрделеніп, дамып отыратындығын, «адам құрамының» сол тіршіліктің дамуы барысындағы өзара тығыз бірлестіктегі бөлшегі екендігін жазады.

Жанға көнсем, жан иесі–

Тәңіріге де көнгенім… –

деп Шәкәрім атамыз адамның негізгі  қозғаушы күші де, оған қуат беруші де – жан екендігін, ал жанды жаратушы оған қозғау салушы жоғары күш яғни Құдайдың бар екендігін бекіте түседі.

Таза ақылдың арқасында адам абстрактылықты меңгереді, пайдалыны зияндыдан ажырата біледі. Жанның тірегі бар. Ол – ұждан. «Жанның екі өмірде де азығы – ұждан». Ұждан деген – ынсап, әділет, мейірім, «жан – тіпті жоғалмайтын, бұзылмайтын нәрсе, барған сайын жоғарылайтын нәрсе», – дейді Шәкәрім өз толғанымында.

Сонымен, Шәкәрім адамның ішкі әлемін аша талдауға қуаныш-реніш, тіршілік мәнін тұрмыс машақаты, әділет пен зұлымдық туралы ой түйеді.

Адам өзінің жаратылысы жағынан  қайырымсыз да ақылсыз, жасық та қызба, еріншек те болып келеді.

Ал, жалпы адамгершілік, имандылық  мұраттардың терең орнығып, адамдар  рухани және жан әлемі жағынан  байи түсуі үшін ерік жігер, талант пен ақыл-ой, тапқырлық пен батырлық өте қажет. Адамға мейірім ар-ождан, сабырлылық пен байқампаздық керек-ақ. Дегенмен, осының бәрінен де адамда ынсап болмаса бәрі де бекершілік [5,260].

Адам өмірге тойған емес.

Сондай-ақ, «Адам құрылымының», жан  тәннің, нәпсі мен рухтың арақатынасын аша отырып, адамның басқа тіршілік иегерінен айырмашылығын, рухани сатыға көтерілгенде адам болмысының биологиялық және әлеуметтік формалары арасында туатын қарама-қайшылықтарды қоғамдық-этникалық тұрғыдағы жай ғана білім мәліметі көлемінде ғана емес, тарихи философиялық дәрежедегі зерттеу жұмысы түрінде тұжырымдауымен құнды.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Шәкәрім Құдайбердіұлы. Үш Анық. А., 1991, 6-7-8-26 б.б.
  2. Шәкәрім Құдайбердіұлы. Иманым. А., 2000, 166-267-114-51-23 б.б.
  3. Айтбаева А. Жаралыс басы қозғалыс // Ақиқат, 1995ж.
  4. Абай Құнанбайұлы. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. А., 2005ж. Т. 2, 127б.
  5. Лотман Ю.М. Культура и взрыв. М., 1992, 260с.

 

Тiршiлiк‚ жан  туралы

Қасыңа қылыш қайратқан,

Досыңа гүлдей жайнатқан,

Ерiк пен талап‚ ой берiп,

Ойыңды сөзбен сайратқан 

      Жан емес дейдi «бiлгiштер».

 

Осыған нанған есерлер,

Oйы кем‚ сөзге шешендер,

Ақылмен жанды тексермей,

Денешiл‚ пәншiл кеселдер

      Дәлелсiз сөзбен iлгiштер.

 

Бұл жан басынан бар, ойла, тексер ақылмен,

Құр сөзге нанып ден  қойма!

Шын таза акылдың таппас заты жоқ,

Ол қасиетiн жойма.

 

Оларды сөзбен қайраған,

Ақылдан алыс айдаған,

Ойменен тапқан бұлдыр деп,

Дене мен пәнге байлаған

      Баяғы Конттың1 сөзi едi.

 

Жаңаны көрсе жүгiрген,

Ақылдан әбден түңiлген,

Осыдан дұрыс жол  жоқ деп,

Бұл уды судай сiмiрген

      Дененiң соқыр көзi едi.

 

Дене сезiмiне нанба!

Сағым су ма екен? Барып  көрсең таяу сол маңға‚

Бар дене, сезiм түгел  алдайды,

Бұл сөзiмдi әбден аңда.

 

Радийдi бұрын бiлiп  пе ең,

Электр ұстап көрiп  пе ең?

Бәрiн де тапқан таза ақыл

Аспанда ұшып жүрiп пе ең?

 

Көрiнбес зат бар бiрталай,

Шығады жаннан көп  қуат.

Спирит, гипноз, телепат‚

Пакризм мен лунатик,

Жан сезу, түскер – бәрi жат.

 

Жан жоқ болса‚ бұл  қалай, ойла‚ 

Жанның жоғы шын ба?

Сал сөзiмдi терең ақыл менен ой сынға.

Сен бұл дәлелге кетсең тоқтамай‚

Мен тағы айтамын, тыңда!

 

Электриядан не шықты‚

Iстедiң талай қызықты! 

Дәл өзiн көрген адам жоқ,

Шын затын оның кiм  ұқты?

      Iсiнен бiлдiк барлығын.

 

Жан iсi онан бiр бөлек‚

Еркiмен ойлап түрлемек,

Жан қожа тәнге, тән құлы.

Ерiксiз айдап жүр  демек,

      Тән iстер жанның жарлығын.

 

Жанды билей ме екен дене‚

Болса бiр сипат тәннен шыққан билер жан неге?

Жан өсiрiп тұр тәннiң  баршасын‚

Тән жан жаратты деме.

 

Басында жоқты бар  қылған‚

Жоқтықты жойып көр  қылған‚

Есепсiз дене жаратып‚

Ерiксiз жиып нәр қылған

      Жан емей ендi немене?

 

Жарықтан бiздi бу қылған‚

Құбылтып буды су қылған‚

Суынан топырақ қатырып‚

Топырақтан жасыл туғызған

    Ие кiм сонда  денеге?

 

Жансыз тән қалайша  жүрмек?

Сол жан емес пе денелердi қозғап өсiрмек?

Бас қозғалыс қой жанның атасы‚

Ол жаратады түрлеп.

 

Сол жаннан талай жан  өскен‚

Жанына қарай тән  өскен‚

Өсiмдiк жаны нашар  боп‚

Олардан жәндiк және өскен‚

    Жәндiктен адам  жаралған.

 

Жатында қанды емiзген‚

Ауызсыз қорек жегiзген‚

Туғызып‚ түзеп‚ өсiрiп‚

Өзiңдi өзiм дегiзген‚

Тiршiлiк сөйтiп таралған.

 

Ендi тоқтадың ба‚ жаным?

«Жолдан тiршiлiк шықты» деген сөзге жоқ наным.

Қой «пәленшекем айтты» дегендi‚

Ол қате екенi мәлiм!

 

Таза ақыл анық адамда‚

Әлiм бе‚ мейлi надан  ба?

Айтқанға нанба –  шынға нан‚

Жетектеп ойды әманда‚ 

Ойланбай салма жарысты.

 

Ақылдың көзiн байлама

Бiлгiш деп басшы  сайлама.

Оқуым‚ дiнiм‚ наным  деп‚

Әдетке қарай айдама

      Ақылға сынат әр iстi.

 

Құбылған әлем жарысы – 

Ақылды жанның табысы!

Басында-ақ онда ақыл мол‚

Мақсатты ретпен әр iсi‚ 

      Тереңнен ойла аңғар да.

 

Көресiң‚ шырақ‚ сен  менi‚ 

Көрсiн деп бүйткен  кiм сенi?

Теп-тегiс қара денеңе‚

Ойламай-ақ қой өзгенi‚ 

      Мақсатсыз бiткен тән бар ма?

 

Ойлы адамсың ғой  сен де‚ 

Бар ма мақсатсыз‚ тәртiбi жоқ нәрсе әлемде?

Ол меңiреу күш емес байқасаң‚

Пән айтты ғой деп сенбе!

 

«Сезiмiмiз заттан жаралды», –

Деген сөз мүлде арам-ды.

Ақылды жанның мүлкi –  әлем,

Тәртiппен өсiп таралды,

      Осыны неге бiлмеген!

 

Меңiреуде мақсат бола ма?

Ақылға осы қона ма?

Құбылтып түрлеп бояған

Қу сөзге көңiл тола ма?

      Дәлелi миға кiрмеген.

 

Олар шатақ дiннен қашқан‚

Сөйтiп «жан жоқ» деп  тiптi алысқа кетiп адасқан.

Бар обалы оның шатақ  дiншiлде,

Сол дiндi бояп басқан.

 

Еркiндiк‚ талап, шын сүю‚

Жирену‚ мақсат, ой түю.

Қуаныш, қайғы, күлкi‚  ашу‚

Денесi caу боп жан  күю –

      Жансыздан бұлар шығар ма?

 

«Айуаннан адам өзгерек‚

Жаралған дене бiр бөлек.

Сондықтан ойлап бiлдi адам

Жаны жоқ», – дейдi психолог

      Сау адам мұны ұғар ма!

 

Көзге көрiнбеген затты 

Жоқ деп отырып, ертеңiнде талай сыр тапты.

Ол жан туралы оны ойламай,

Бар жанды жоқ деп  шатты!

 

 

 

 

 

 

 

Жаралыс басы – қозғалыс,

Қозғауға керек қолғабыс.

Жан де мейлiң, бiр мән де,

Сол қуатпен бол таныс,

      Әлемдi сол мән жаратқан.

 

Қозғалмаса көшпейдi,

Көшпеген нәрсе өспейдi.

Өспеген нәрсе өзгермес,

Түрден ол түрге түспейдi,

      Қозғалыс түрлеп таратқан.

 

Қозғаған қуат – жан  деймiз,

Жан өстi жаннан сан деймiз.

Сол жандар әсер берген соң,

Жаралды сансыз тән деймiз,

      Жанына қарай тән болар.

 

«Өсiмдiк күннен алады  ас,

Күн суық болса, түпке қаш,

Дым тиiп‚ нұр кеп жылытса.

Өс-тағы жайнап, көңiл  аш!» – 

      Дейтұғын жанда мән болар.

 

Жұмыртқада ұрық жатпай ма?

Олар да тамақ татпай ма?

Жылынса яки егiлсе,

Онан да таңы атпай  ма?

      Орсаң да өлмес бидайы.

 

Жандықта шаhуат болмай ма?

Жатынға барып қонбай ма?

Құбылып қаннан тән жасап,

Түзелiп әбден толмай ма?

      Сiздерге мәлiм әр жайы.

 

Осыны ақыл ұқпай ма?

Дене жанын тықпай ма?

Бастапқы естi жанды  ақыл

Адамнан келiп шықпай ма?

      Осыдан өзге шын бар ма?

 

Айтамын мұны жастарға,

Таза арақ iшкен мастарға.

У iшiп, қулық жинаған,

Айтпаймын қуыс бастарға,

      Ол ұғынбас, тыңдар да.

 

Анықты бiлмес дiншiлдер‚

Өзiмшiл, ойсыз, күншiлдер:

«Жаныңды жолдан қосты» деп,

Шариғат айтып күңкiлдер,

      Ойында биттей сәуле жоқ.

 

Дiн айтты: «Маған нан»‚ – дейдi‚

Адасқан дiндi пән дейдi.

Мағынасын анық бiле алмай,

Рух деген сөздi жан  дейдi,

      Осыдан жаман әуре жоқ.

 

Рух деген – дiнсiз  таза ақыл,

Мiнсiздiң iсi шын мақұл.

Айуандағы ақыл ол емес,

Аз ғана сөзiм – аз тақыл,

Құраныңды оқы нанбасаң.

 

Аз ақыл ондай көпте  бар,

Айуанда айла‚ еп те бар.

Өсiмдiктерде сезiм көп,

Көбелек жейтiн шөп  те бар,

      Әлемнен сұра алдасам.

 

Нәпсi дер рухсыз жандарды,

Мейлi адам‚ мейлi аңдарды.

Үстiртiн қарап ұқпайды,

Қай молда мұны аңғарды,

      Мәнiсiн бiлмей шатасқан?

 

«Тәпсiршi» деген атақ бар,

Қарсы айтсаң, молда қақақтар,

Анығын таппай айтылған

Тәпсiрде талай шатақ  бар,

      Oй жотамен адасқан.

 

Пәншi мен дiншi тыңдамас,

Жиренiп мұны ұнамас.

Өйткенi олар бiрезу,

Әдетiн тастап шыдамас,

      Арланбай бұған еруге.

 

Бұлқынып‚ тулар‚ зарланар,

Дәлелiн iздеп қарманар.

Иманын бұзу оңай ма?

Күндер де қызар‚ арланар,

      Дәлел жоқ жауап беруге.

 

Пән менен дiн деп  қор болар,

Ойында өзi зор болар.

Ноқтадан басын ала  алмас,

Жетекшiл айуан сол болар,

      Ақылға анық жүгiнбес.

 

Көнбеуге талай бұлтақтар‚

Күдiктi болып қипақтар.

Миына түсiп бiздiң шоқ‚

Желкесiн қасып сипақтар,

      Онысы бiзге бiлiнбес.

 

Өзiмшiл нәпсi‚ жайдары-ай!

Көгенде қойың бiрталай.

Күңгiртке көзiн қадалттың,

Аныққа қарар ол қалай?

      Бастағы миға қол жетпес.

 

Ақылын сатып есер қу,

Бал екен деп iшкен у.

Онысын өзi сезбейдi,

Тәнi сау болса, жаны –  ауру,

      Емдейiн десең, емдетпес.

 

Күлерсiң мас деп  сөзiме,

Мастығым жақсы өзiме.

Тазасын тауып бiр жұтсаң,

Көрiнер едi-ау көзiңе,

      Алдыңғы айтқан емдерiм.

 

Жарамсыз болса бiздiң  жол,

Дәлелiңдi айт, жақпаса  ол.

Ұқпасаң, қылар лажым  не?

Мен кеттiм, сiздер аман бол,

      Айуанмен анық теңдерiм!

 

Жалындап жанба, жүрегiм!

Табылар әлде тiлегiң.

Адамның арты бұл емес,

Кейiн де келер, бiлемiн,

      Сынайды солар мұныңды.

 

Таза ақыл ақты барлайды,

Дәлелсiз сөздi алмайды.

Танитын жанға кез  болса,

Хақиқат жерде қалмайды,

Жалғанға сатпас шыныңды.

 

Көнбедi деп күйгенiң –

Тiрiде мақтан сүйгенiң.

Ақылды әбден тасалап,

Мақтаннан перде кигенiң,

      Жолама, сiрә, мақтанға!

 

Баршаға жаның ашысын,

Қышыған жерiн қасысын.

Аузыңнан мейлi сары алтын

Бұлақтай ағып тасысын,

      Сонда да түспе қақпанға.

 

 

***

Кетті, келді,

Толды, семді,  

Өзгеленді бұл ғалам.

Туды, өлді,

Жанды, сөнді,

Информация о работе Шәкәрімнің дүниетанымы