Шәкәрімнің дүниетанымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2014 в 10:49, реферат

Краткое описание

ХХІ ғасырға дейін материалистік философия жаратылыс заңдарын, тіршілік пен табиғаттағы орын-орнымен жұмыс істеп тұрған барлық система өздігінен, кездейсоқ белгілі бір табиғи шарттардың нәтижесінде пайда болды деп дәлелдеп келді. Алайда соңғы 15-20 жылда сызықтық емес динамикалық модельдеудің дамуына байланысты ғылымның барлық салаларында фундаменталды ғылым материализм мен дарвинизмнің ғылыми негізі жоқ екенін көрсетті. Шәкәрім атамыз «Үш анық» атты шығармасында бұл туралы былай дейді: «Барлықтың түп себебі жаратушының білім, құдірет, шеберлігінде өлшеу жоқ. Дәлелдерім: ғылым жолында бұл барлықтың еш нәрсесі өздігінен бар бола алмайды да, қозғала алмайды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Материялд.doc

— 254.00 Кб (Скачать документ)

Мұны білсең, боласың сүйікті құл,

Құлы болсаң, Қожаңның сүйгенін қыл.

Шын мұсылман болайын деп ойласаң,

Құдайға құл болудың мәнісін  біл. [1]

Атамыз ғылыми-діни «Үш анық» еңбегінде былай дейді: «Осы дүниеде көзге ілінбейтін кішкентай жандылардан бастап адамдарға шейін бәрі өзі һәм нәсілдерінің жақсылықта болып өсіп-өнуіне қам қылады. Мұны – «барлық таласы» дейді. Бұл жаратылыстың берік жолы. Сондықтан барша адам шамасына қарай қайбірі өзі үшін, қайбірі барша адам баласы үшін жақсылық, бақ іздейді. Ақыл қарауында адам толығы барша адамға бақ іздеген болады.

Тіршілік турасында адам арасында көптен бері айтылып келе жатқан екі түрлі жол бар. Бірі, дене өлсе де, жан жоғалмайды, өлгеннен соң да бұл тіршілікке, тіпті, ұқсамайтын бір түрлі өмір бар. Сондықтан жалғыз ғана дүние тіршілігінің қамын ойламай, сол соңғы өмірде жақсы болудың қамын қылу керек дейді. Мұны ақирет – өлгеннен соңғы өмір жолы дейді. Енді бірі, бұл әлемдегі барлық нәрсенің бәрі өздігінен жаралып жатыр, оны былай қылайын деп жаратқан иесі жоқ һәм өлгеннен соң тірілетін жан жоқ дейді.

Менің ойымша, осы екі жолдың қайсысы анық екенін табу – ақылы сау адамға қатты міндет. Неге десең, адамды түпкілікті бақытқа жеткізген болсақ, біліп жаратушы ие бар» [1.91].

Бір қарағанда «барлық таласы – жаратылыстың берік жолы» деп отырғаны, жоғарыда біз келтірген технократтық көзқарасты құптайтын секілді көрінді. Шын мәнісінде өсімдіктер мен хайуандар әлеміндегі «барлық таласы» заңын адам қоғамына әкеп тануға Шәкәрім Құдайбердіұлы қарсы. Себебі, бұл жолдарда ол кісі барлық үшін талас бар, бірақ бұл талас нәпсәни деңгейде екенін айтып отыр. Ал адамның толығы «барша адам баласы үшін жақсылық бақ іздейді. Ақыл қарауында адам толығы барша адамға бақ іздеген болады». Міне, жан қажеті дегеніміз осы. Ал, жанға көнсем, жан иесі – Тәңірге де көнгенім.

« Таймай өлсем – сертім осы

Нәпсі қалсын зар жылап», –

дегенде атамыз осы жан қажетіне бағыну – Құдайға бағыну, нәпсіні  бағындыру осы деп түсінеді. Сондықтан осы жанның қажетіне көну арқылы Кұдайға құл болу барша адамға, халыққа қызмет қылуды талап етеді. Ең үлкен құлшылық та осы. Күллі әулиелер рухани дәрежеге осылай жеткен. Рухани тұлға – әулие, еліне қызмет қылып, барша адам баласын бауырым деп, таза ақылға салып, терең ойға жүгінген, мақсаты – мейірім мен махабат, міндеті – ақпейіл мен адал еңбек, ел арасында жүріп-ақ аты шықпай, заты шығып, елінің көсегесін көгертетін.

Мазлұмға жаның ашып, ішің күйсін.

Харекет қыл, пайдасы көпке тисін.

Көптің қамын әуелден Тәңірі ойлаған,

Мен сүйгенді сүйді деп, Иең сүйсін. [6]

Француз философы Вольтер «қазіргілер  еркін болған сайын сауатты боламыз  деп ойлайды, ал негізінде адам сауатты  болған сайын еркін болады», – демекші, батыстық тән еркіндігі адамға жан еркіндігін бере алмайды, жан еркіндігіне жететін мүмкіндік қана береді.

Жан тыныштық таппайды тән қамын  жеп,

Тән бұзылса, тұрағым бұзылар деп.

Ыстық, суық, аштықтан сақтау үшін,

Зұлымдық пен Айланы қылады сеп. [1]

Шәкәрім пайымында жан тәнге  қонақ, тән жанға, яғни мейманға қызмет қылу еді, ал бізде керісінше, жан мен ақыл тәннің қажетін өтеуге жұмыс атқаруда.

Жан ісі онан бір бөлек,

Еркімен ойлап түрлемек.

Жан қожа тәнге, тән құлы,

Еріксіз айдап жүр демек,

Тән істер жанның жарлығынм.[1]

Тарих тізбегімен сан ғасырлар бойы қанша желісті оқиғалар өтсе де, сандаған тұлғалар тарих сахнасында болып, әлемді ашса алақанында, жұмса  жұдырығында ұстап тұрса да, сол күллі ғаламды жаратқан Құдайына лайық құл бола білген адамдардың ғана есімі тарихи жадымызда өшпестей сақталды. әл–Фараби, Қожа Ахмет Ясауи, шығыс шайырлары Әлішер Науаи, Муслихуддин Сағди, Низами Гәнджәуи, Джалалләддин Румилермен қоса, Абай, Шәкәрім аталарымыз да – жанға тәнді бағындырып, Құдайға құл болудың мәнісін білген тұлғалар. Шәкәрім қажы дүниетанымында құл болу – тура мағынасында емес, керісінше құдайға құл болу арқылы еркіндікке жету.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Құдайбердіұлы Ш. Иманым. – Алматы, 2000.
  2. Құдайбердіұлы Ш. Шығармалары. Екі томдық. 2-том. – Алматы, 2007.
  3. Исматулла Мақсұм. Құран сырларының әліпесі. – Алматы: «Алаш» 2004.
  4. Фукуяма Ф. Конец истории и последний человек. – М., 2003.
  5. Ислам философиясы. Жиырма томдық. 4-том. – Астана, 2005.
  6. Абай Құнанбайұлы. – Алматы., «Жазушы» 2004.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шәкәрім Құдайбердіұлы  философиясындағы адам мәселесі

 

XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың  басындағы әдеби, рухани дамуда, прогресшіл ой пікірлердің қалыптасуында,  қазақ мәдениеті мен философиясының тарихында зор үлес қосқан ұлы ойшыл, философ – Шәкәрім Құдайбердіұлы. Біздің бұлай әспеттеуімізге басты себеп – ақын шығармаларындағы терең философиялық ой толғаулары осыған куә. Оның ішінде біз қарастырғалы отырған адам мәселесі туралы философиялық пайымдаулары. Олар: «Үш анық», «Тіршілік жан туралы», «Тумақ, өлмек – тағдырдың шын қазасы», «Ақыл – деген өлшеусіз бір жарық нұр», «Адам немене?», «Тәңірі мен жан», «Жан мен дене һәм көңіл», «Анық пен танық» деген еңбектері.

Адам мәселесі Шәкәрім философиясының орталық тақырыбы яғни зерттеудің негізгі субъекті болып табылады. Адам феноменін ол табиғат пен тарих мүмкіндіктерінің өзіндік өлшемі, жаратылыс дүниенің сыры ретінде қарастырады. Сонымен қатар, Шәкәрімнің дүниенің «адами сипатына» жасаған анализі оптимистік тұжырымдар мен соны да бірегей концепцияға әкелді.

Шәкәрім философиясының басты ерекшелігі – жалпы жаралыс, адам, қоғам туралы біртұтас көзқарас, яғни тұтас әлемдік сипатты (суретті) жасауында деп білеміз. Ойшыл дүниедегі адамның орны мен табиғатын сол әлемдік тұтастық тұрғысынан қарастырады. Қысқасы, адам туралы ілімнің негізіне Шәкәрім белгілі онтологияны қояды.

Ақын шығармашылығына ден қойсақ, оның дамудың көзі қозғалыста екендігін, яки материя құбылыстарына тән қарама – қарсылықтардың бірлігі мен күресінде екендігін түсінгендігіне көз жеткіземіз. Бірақ, Шәкәрім философиясының негізгі ерекшелігі бұл күресте антогонизм жоқ, жалпы үйлесім, гармония, келісім сипатында жүреді, сондықтан да Шәкәрімше: «Жаралыс жұмбағының ісі өлшеусіз, білдім деген білмедім дегенге есеп». Бұл ойын былайша жеткізеді:

...Әлемде жоғалатын ешбір зат  жоқ,

Өзгеріп түрленеді ойла шырақ...

...Көктен жаңбыр жауады, жерде  бұлақ,

Қанша ақса оларда бар таусылмақ...[1,6]

одан әрі қарай:

Кетті, келді.

Толды, семді,

Өзгеленді бұл ғалам.

Туды, өлді,

Жанды, сөнді,

Өршіп өнді қайтадан.

Дөңгеленткен,

Өңгеленткен,

Түк білімсіз күш пе екен?

Тіпті мінсіз,

Кемшіліксіз,

Есті қылған іс пе екен?

Жан деген не,

Мүлде өле ме,

Шын жоғалып сөне ме?

Дене жөндеп,

Жоғары өрлеп,

Жаның мен деп келе ме? [1,7].

Табиғат құбылады, жаңбыр жауады, тау  басын мұз шалады, көктемде еріп сай–сай, жылға-жылғалап бұлақтар сылдырлай ағады, бұлақтар жиналып өзенге, өзендер жиналып теңіз, мұхиттарға құяды. Ондағы су буланып, конденсация құбылысы негізінде қайтадан жауын-шашын, қар болып жерге, тауға түседі. Мұның бәрі – қозғалыс. Дүниедегі құбылыстардың қай-қайсысы да шексіз. Мәңгілік, тіпті бүкіл дамудың кілті болып табылатын қозғалыстың өзі уақыт пен кеңістік аясында болмақ. Бұл жерде Шәкәрім: «Барша әлем тапжылмай тұрып қалса, болама уақыт деген өлшеу салып», – дейді [2,166]. Материяның немесе табиғаттың қозғалысы жоқ жерде уақыт, кеңістік ұғымы болмақ емес. Адамның өмірі де солай. Өмір бір орында тоқтап тұрмайды, өзгереді, дамиды, өледі. Уақыт алға жылжыған сайын жас келіп адам қартаяды, орнына жаңа ұрпақ дүниеге келеді [3]. Осыдан барып ғұлама, дүние құбылыстарының шексіздігі, қозғалыстың қайталанбайтындығы жайында философиялық тұжырымын негіздейді.

«Тұрақсыз шыр айналған дүние», «Дүние қу, бір ағын су», «Кетті-келді, толды, семді, өзгеленді бұл ғалам. Туды-өлді, жанды-сөнді, өршіп өнді қайтадан» - деген шумақтарында оның дүниедегі бүкіл жаратылыстың соңы бар, тұрақсыз, уақытша, оның ішінде адамның да бұл дүниеде туылып, өсіп, қартайып, соңында өлетінін аңғаруға болады.

Тумақ, өлмек – тағдырдың шын  қазасы,

Ортасы - өмір, жоқтық қой екі басы.

Сағымдай екі жоқтық арасында

Тіршілік деп аталар біраз жасы.

Жоқтық, барлық, жоғалмақ араласы,

Үш еріксіз болады мағынасы.

Нажағайдай жарқ етіп өшпек болса,

Өмірдің он тиындық жоқ бағасы [2,267].

Мұндағы адамның тууы, өмір сүруі, өлуі еріксіз, адамның өзіне бағынбайтын  құбылыстар. Оны реттеуші жоғарғы күштің, құдіреттің бар екендігін меңзейді. Адам бір жоқтықтан келіп, екінші жоқтыққа кететінін, осының ортасы өмір, яғни құдайдың бізге берген сынақ әлемі, біз тіршілік етіп отырған «жалған дүниеде» мәңгі тұрақтамай, бақилық өмірге уақыт сағаты келгенде аттанатынымызды аңғаруға болады. Қазақ атам айтқандай, «Бұл дүние қарап тұрсаң, шолақ екен, адамдар бір біріне қонақ екен», одан әрі қарай өмірдің лезде, көз ашып-жұмғанша өтіп кететінін «өмірге есік ашсаң таң алдында, сол есік кеш батқанда жабылғандай» деп сипаттайды. Міне, осыдан барып дүниенің өтпелі, жалған екендігіне толығымен көз жеткіземіз.

Сол қамшының сабындай қысқа пәниде адамның өмірі мың құбылып, жүз түрленеді. Адам өзінің осы өмірге адам болып келгендігін және сол пәк қалпын өмірден өтер алдында сақтай алмай қалатын өкінішін Шәкәрім: «Адам болып туып ем, адам боп өту – арманым» деп ағынан жарылған.

Шәкәрімше жан – денедегі қозғаушы күш. Тән – жанның өмір сүрер орны. Жан материялды емес, бірақ тек денеде өмір сүреді. Тән бүлініп бұзылуы мүмкін, ал жан өлмейді. Ал, бұл денелер және жандар қайдан, неден таралып отыр?

«Жаралыс басы – қозғалыс,

Қозғауға керек қолғабыс.

Жан де мейлің бір мән де,

Сол қуатпен бол таныс,

Әлемді сол мән жаратқан.

Қозғалмаса көшпейді,

Көшпеген нәрсе өспейді.

Өспеген нәрсе өзгермес,

Түрден ол түрге түспейді,

Қозғалыс түрлеп таратқан.

Қозғаған қуат – жан дейміз,

Жан өсті жаннан сан дейміз.

Сол жандар әсер берген соң,

Жаралды сансыз тән дейміз,

Жанына қарай тән солар» [2,114].

Тіршіліктің пайда болуын бір қараған көзге материалистік атомистика және эволюционизм рухында бейнеленген болып көрінуі мүмкін. Бірақ, оның негізгі түп-төркіні тіршіліктің ғажайып жолмен пайда болуы туралы ойлармен тұжырымдайды. Табиғат болмысының негіздерін түсіндіре отырып, Шәкәрім өз заманының ғылыми жетістіктерін, XX ғасырдың басындағы кванттық механика, физика салаларындағы Галилей, Ньютон, Коперниктің сондай-ақ сол кездегі практикалық мәні бар атомистика, яғни әлемнің жаралуы кіші атомдардан деген ғылыми ойларына сүйене отырып, бүткіл тіршіліктің, оның ішінде адамның жаралысы да сол атомнан, «нұрдан», немесе «сансыз құрттардан», «қазақша аты жоқ болған соң оны атом, мадда деп атаймыз», – дей келе, оған терең тоқталмаса да алғашқы себеп – жаратушының бар екендігіне дәлел ретінде материя сипатын анықтай түседі.

Материяның бірінші қасиеті  ретінде Шәкәрім оның заттармен  құбылыстардың субстанциясы болуы  қасиетін алады. «Әр дененің көзге ілінбейтін кішкентай бөлшектерден қосылып жаралғанын тауып, ол кішкентайды қанша ұсақтаса да ақырында, тіпті, бөлуге келмейтін болады. Сол бөлінуге келмейтін түп негіздердің атын еуропа атом деп атап, арабша мадда немесе өсер деп атады» [1,8].

Барлық материалистік теориялардағыдай, Шәкәрімде материяның өмір сүру әдісі – қозғалыс. Негізгі айырмашылығы – бұл қасиеттің қозғалысқа қозғау беретін «иені» анықтау, дәлелдеу мақсатында айтатындығы.

«Материя қозғалысының немесе жүрісінің өлшеуі бар» [1,8]. Бұл өте мәнді сипаттама, яғни материяның өлшемі кеңістік пен уақыт деп қарауға болатын сияқты ал жаратушыны өлшеуге, сипаттауға келмейді деп нұсқайды Шәкәрім. Мұны Абай Құнанбайұлы 38-ші қара сөзінде: «Алла тағала - өлшеусіз, біздің ақылымыз – өлшеулі, өлшеулімен өлшеусізді өлшеп болмайды» - деп ақылмен құдайды танып болмайтынын айтады [4,127]. Дәл осы Абайдың сарынында Шәкәрім философиялық тілде шектілік пен шексіздік жайлы, материяның әмбебап сипаттарының бірі – шексіздігі болғанмен, уақыт пен кеңістік те шектелетінін айтады. Яғни шексіз – тек мінсіз танып болмайтын құдай ғана, ал шекті, ол бүкіл жаратылыс материялар екенін тұжырымдайды.

«Атом сияқты түпнегізде ерлі-қатындылық сипат бар» [1,26]. Яғни материалды объектілер ішкі реттілікпен құрылымдық жүйеге ие. Реттілік пен тәртіптілік материяның заңды көзқарасымен барлық элементтерінің өзара әрекеттесуінен көрінеді. Осының арқасында олар жүйеге бірігеді.

Шәкәрім неміс ғалымы Кеплердің  физика мен механикадағы тартылыс және серпіліс заңын тиянақтады. Табиғаттағы  әрбір қозғалыс екі күш: тартылыс және серпілістің өзара әрекеттесуінен туады деп есептеді. Ал, әрбір дене бөлшек атом табиғатынан инертті болғандықтан қандай да болмасын қозғалыс жоғарыдан берілетін жаратушының бар екендігін дәлелдейтін құбылысқа айналған. Осының негізінде Шәкәрім рухтың қозғалыс көзін іздеді. Бейнесіз рухани субстанция қалайша тартылыс пен серпілістің қозғаушы күші болады? Оған жауап ретінде адамды «қозғаған қуат – жан дейміз» деп келтіреді.

Шәкәрім жаратылыс, адам, жан мәселесіне орай негізгі екі шешімді мысалға  келтіре отырып, (діншіл, пәншіл), оларды екі тұрғыдан, екі жақты қарастырды. Адамда екі түрлі мақсат бар, - деп жазды, оның бірі – тән мақсаты, бірі – жан мақсаты дейміз. Қара басының қамын ойлап, өзімшілдік мақсат көздейтін – тән мақсаты, адамшылық, ар мен адал еңбек іздейтін – жан мақсаты. Бастапқысын көксеген адам зұлымдық, қияметпен болса да мал, мансап, мақтан табуға құмар болады. Соңғысын көксеген адамның адал еңбек, ақ ниеттен басқа іздейтіні жоқ, ол адам баласын ала көруді, қиянат қылуды тіпті, ұнатпайды.

Информация о работе Шәкәрімнің дүниетанымы