Кабель

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 19:03, реферат

Краткое описание

Кабельдер мен сымдар электр энергиясын беру және тарату, сонымен қатар, электр қондырғыларының элементтерін бір-біріне жалғастыру үшін қолданылады. Ток өткізгіш талсым, оқшаулағыш, сыртқы қабық, сауыт қабықша кабельдің негізгі элеметтері болып табылады. Кабельдің атқаратын қызметі мен қолданылу шартына қарай құрылысында жоғарыда айтылған элеметтердің кейбіреуі болмауы немесе экран сияқты қосымша элементтер болуы мүмкін.

Содержание

Электр кабельдері, сымдар және баусымдар;
Электр оқшаулағыш материалдар мен бұйымдар;
Металдар мен құбырлар;
Монтаждауға және электр қондыруға арналған бұйымдар мен тетік-бөлшектері.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Anarguly.docx

— 492.75 Кб (Скачать документ)

ВКЗ-1  аппараты қимасы  6мм2 –ге дейін (тармақты алюминий сымдарын флюссіз) пісіруге арналған, 220-10.5 пісіру трансформаторы орнатылған қаңқадан  және пісіру пистолетінен, 220/42 В төмендеткіш трансформатордан, МКУ-48 реледен, ШРПС орауыш желісі мен біріктірілген штепсельден тұрады. Аппараттың жұмыс істеу принціпі электрод пен алюминий сымдарының арасындағы  электр доғасының өту кезіндегі оралған сым ұштарының балқуы нәтижесінде жүзеге асырылады. Балқу кезіндегі пісіру жұмысының аяқталуы автоматты түрде орындалады. Аппараттың салмағы – 44,2кг.

ПТЛ-2 пистолетінің (3.7- сурет) қалыңдығы – 0,5 мм, металл құрылғыларына  электротехникалық  қондырғыларының  монтажды жолақты пісіру үшін электродты орналастырып қысады, пісіру тоғын қуыстарды, саңылауларды, ұяларды кесу жұмыстарын, ойықтарды (борозда) таңдауды, пистолеттің көмегімен тетік бөлшектер мен құрылысын бекітуді, электрлі, пневматикалық құралдарды қолдана отырып,  сымдар мен кабельдердің тармақтарын қосу жұмыстарын өндірістегі берілген жұмысты атқара алатын куәлігі бар және арнаулы оқудан өткен жұмысшы мамандар ғана орындай алады.

  3.7- сурет.  ПТЛ-2 пистолеті

 

 

      1. Сымдар мен кабельдерді сығымдап қосу

 

Мыс талсымдарымен салыстырғанда  сығымдау,  гильза мен ұштамаларды  отырғызғанда алюминий сымдарының  бірқатар өзіндік ерекшеліктері  бар.

Гильза мен ұштамалардың ішкі беттеріндегі және талсымдарындағы  оксидтік  қабықшалар сапалы түйіспенің қалыптасуын қиынтады. Берік электр түйіспелерін қалыптастыру үшін қосу элементтерін  оксидті қабықшалардан тазарту  керек. Түйіспелерді қалыптастыру процесінде алюминийді тотығудан сақтайтын арнайы қорғану шараларын қолдану керек. Қорғаныс құралы  ретінде  арнайы  ұнтақталған кварц құмынан және техникалық вазелиннен тұратын кварц – вазелиндік пасталар қолданылады.

Қорғалатын қабаттар, әрі  қарай тотығуды болдырмау үшін пастаиен қапталады. Сығымдау кезінде кварцтың қатты түйіршіктері оксидтік  қабықшаны бұзады және түйіспелердің берікосылатытігін қалыптастырады, ал вазелин пайдалану кезінде олардың тотығуына жол бермейді. Түйіспе қабаттарын тазалау, талсымдардағы оқшаулағыштың қалдықтарын алып тастау, гильза мен ұштамаларды ластанудан  тазалау және  ішкі беттерін жылтырағанша тазалап, қосылатын элементтердің оксидтік қабықшасынан тазалау және алюминийді тотығудан сақтайтын кварц-вазелиндік пастаны қолданумен қамтамасыз етіледі. Тазартылған талсымды кварй-вазелиндік пастамен қабаттайды, оны металл щеткамен тазартады. Лас майларды матамен сүртіп, тазасын жағады.Ұштамалар мен гильзалардың түтіктерін пастамен толтырады. Мыс ұштамаларының, гильзалардың, сонымен қатар, сымдар мен кабельдердің  оксидті қабықшаларын алып тастау үшін темір щеткамен жылтырағанша тазалау жеткілікті.

Сығымдау үш тәсілге бөлінеді: нақты  белгілі жерлерді жаншып қысу, жалпы (жан-жақты) жаншып қысу және аралас қысу.

Нақты белгілі жерлерді жаншып қысуда сығымдаушы талсымдар ойықтары бір-біріне қарама-қарсы қиылысып орналасуы  керек.

Талсымдар мен сымдарды сығымдау әдісімен қосуға және ұштауға келесі талаптар қойылады:түйіспелі  беттердің тазалағын сақтау, түйіспелі қысымды сақтау, жаншып қысуды белгілі өлшемге дейін жеткізу, нұсқауда берілген сығымдау тереңдігін қамтамасыз ету, матрица мен пуансондарды, ұштамаларды немесе біріктіргіш гильзаларды дұрыс таңдау, жаншу орындарында пайда болған ойықтардың дұрыс орналасуы.

Түйіспелі қысымның нормаларын сақтау талсым маркалары мен қимасына сәйкес сығымдау құралдарыс дұрыс таңдау арқылы, сонымен қатар, жаңшып қысу тереңдігін сығымдаудын кейінгі  нұсқауда көрсетілгендей және кесте  бойынша орындайды.

Ұштамаларды немесе қосқыш гильзаларды талсымның түрі мен  қимасына сәйкес таңдайды. Сығымдау орнында пайда болған ойықтардың орналасуы мен бір-бірінің арақашықтығы арнаулы кестелерде анықталған. Бір тармақты 2.5-тен 10мм2 –ге дейінгі талсымды алюминий сымдарының қосылуы мен тармақталуы ГАО гильзаларында жүргізіледі, сондықтан қосылыс сымдарының қимасы 32,5мм2-ге тең. Гильзаларды бір жақты талсыммен толықтыру кезінде бір рет және екі жақты жаншу арқылы сығымдау жұмыстары орындалады.

Қимасы 10мм2 сымдарын ұштау және қосу үшін ГА гильзалары және ТА, ТАМ ұштамаларын қолданады.

Алюминий талсымдарын  сығымдау кезінде ұштамаларды түтікке  енгізгенде , екі жағынан екі ойық, ал гильзада төрт ойық пайда болады. Мыс талсымдарды сығымдау ұштамаларды  бір рет жаншу арқылы және қосу гильзаларын екі рет жаншу  арқылы орындалады. Талсымдардың құрылғысы  мен қимасына сәйкес келмейтін ұштамаларды  қолдануға және сымдарды тістеуге тыйым салынады.Мыс гильзасымен ұштамаларының ұзындығына қарағанда, алюминий гильзасы мен ұштамаларының цилиндр бөлшегі үлкендеу. Қос тісті құралдар қолдану кезінде бір рет басқанда екі рет жаншу екі рет басқанда төрт рет жаншу жұмысы орындалады.

ГАО-сымдар мен кабельдердің талсымдарын жалғауға арналған гильзалар.

Сығымдау жұмыстарын қол  қармауыштармен (4.3,а,б-сурет), механикалық, пиротехникалық және гидравликалық  пресстермен , ауыспалы матрица мен  пуансонның көмегімен орындау. ГАО  гильзасындағы алюминий талсымдарын  сығымдау белгілі бір реттілікпен  орындалады:

-талсымдардың ұштарын,  гильзалардың ішкі бетін металл  жылтырағанша тазалайды және  кварц- вазелинді паста жағады;

-талсымның ұштарына гильзаларды кіргізеді

Гильзаға  қосымша бөлек  талсымдарды енгізген кезде, олардың  қималар жиынтығы берілген қимадан  төмен болуға тиісті. Бір тісті  пуансонды гильзаға жаншу арқылы сығымдауды пресс-қармауыштың бекіткіш құрылғысы белгі бергенше немесе пуансонмен матрицаға бір-біріне біріккеншк жүргізеді. Сығымдалған түйіспелі қосылыстарды полиэтилнді қақпақшалармен оқшаулайды. Кабельдердің алюминий талсымдарын ұштау герметизацияланған түтікті ұштамаларда орындалады.

Кабельдегі сіңдірілген  құрам ағып кетпеуі үшін ұштамалардағы  саңылау арқылы екі жақты қарсы  жаншу арқылы герметизациялайды. Бір  тармақты алюминий талсымдарын гильза немесе ұштамаға кіргізер алдында арнаулы  құралдарға домалақтайды, содан соң  талсымның ұштарын тазалайды, оны  кварц-вазелинмен майлайды және жәй  түрде қосу үшін ұштау жұмыстары  жүргізіледі.

 

4.3-сурет. Сымдар мен кабельдерді сығымдауға арналған құралдар

 

Сығымдаудан кейін жаншу  орнында пайда болған қалыңдықты арнаулы құралмен немесе штангенциркульмен  өлшейді. Өлшеу кезінде сығымдау орнындағы қалыңдығын өлшеумен қатар, сығымдау, ұштау жұмыстарының сапасын  тексереді. Қимасы 1-2,5 мм2 көп тармақты мыс талсымдарын ұштау сақиналы ұштамаларды сығымдау арқылы, ал қосылысы қол пресс-қармауышының құрамына кіретін пуансон мен матрицаның жаншуынан орындалады. Біріктіру орындарын сығымдауға дейін жұқа мысты немесе латуньды фольга таспасымен орайды. Үлкен қималы көп тармақты мыс сымдарын ұштау түтікті ұштамаларда Т әдісі бойынша жергілікті орынды жаншу арқылы орындалады. Түтікті мысты қосылғыш гильзалардағы мыс талсымдарын алюминий сияқты, бірақ кварц- валелинді пастасыз және екі есе аз жаншу арқылы қосады.

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Сығымдау арқылы сымдарды қосу және ұштау үшін, алдымен ПК-3УI немесе ГКМ пресс-қармауыштарын  пайдалану ережелері мен құрылғысын оқып-үйрендік, ГАО гильза 2,5-10 мм2 қималы алюминий талсымдарын сығымдау тәсілдері мен әдістерін меңгердік. Ол үшін қажетті құрал-жабдықтар мен материалдар: пресс-қармауыштар, монтер пышағы, кардоленталды болат щетка, тістеуіктер, егеу қағазы, оқшаулағыш таспа, суға төзімді лак, кварц-вазелинді паста, оқшаулағыш қақпақшалар, таза матаның қиындысы. Пресс-қармауыштардың құрылғысы мен жұмыс әсерін оқып-үйреніп, және оларды жұмысқа дайындадым. Шығыршықты және ауыстыратын пуансонды қарап шықтым. Сымның ұшындағы оқшаулағышты алып тастадым. Сымның оқшауламасы алынып, вазелин жағылатын аумақтарын егеу қағазымен тазаладым. Тазартылған талсымдарды сүртіп, оларды бірден кварц-вазелинді пастамен майладым. Гильзаның ішкі бетін тазартып, және оған кварц-вазелинді пастаны жақтым. Дайындалған талсымдарды гильзаға кіргіздім. Гильзаны сығымдап, Сығымдау орындарын оқшауладым. Сымдарды ұштауға дайындадым және оған ұштайтын ұштаманы таңдадым. Тазалаған соң ұштаманы талсымға кигізіп, сығымдадым.

Сымдарды істікшелі оқшаулатқыштарға бекіту үшін сымдарды бос және қапталды істікшелердегі оқшаулатқыштарға байлау тәсілін үйрену керек. Ол үшін қажетті құрал-жабдықтар мен материалдар: ШС немесе ШФ істікшелі оқшаулатқыштар, ілмешек немесе ілгектер, істікшелер, ілгектер немесе істікшелерге оқшаулатқыштарды бекітуге арналған полиэтиленді қалпақшалар, оқшаулатқышқа бекітуге арналған алюминий сымдары, байлайтын сымдар. Жұмысты орындау үшін алдымен полиэтиленді қалпақшаларды суға салып, 70-80ºС-қа дейін жылжытып  және ағаш балға арқылы оны істікшелерге орнаттым. Оқшаулатқышты істікшеге орап және керісінше ¼ айналымда бұрдым. Істікшені оқшаулатқышқа байлау тәсілімен бекітуді орындадым.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

 

1.Гусев В.И.,СТаврулов  Г.М. Электромонтажные работы: Учебное   пособие для учащихся пед.училищ.-Москва:Просвещение,1986.

2.Живов М.С. Монтаж осветительных  электоустановок.-Москва:Высшая школа,1984.

3.Атабеков В.Б.,Покровский  К.Д. Монтаж электрических сетей  и силового электрооборудования.-Москва:Высшая  школа ,1979.

4.А.М.Әбдіров, Ғ.К.Сейфуллина. Қауіпсіздік техникасы.-Астана:Фолиант,2007.

5.Қазақша-орысша терминологиялық  сөздік./энергетика.-Алматы: Рауан, 2000.

6.А.Құсайынов, Б.Нұржанов, С.Балабатыров, Ж.Шотанов, Т.Жұмаханов.Электр техникасы мен теминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі-Алматы:Санат,1994.

7. Тихомиров П.М. Расчет трансформаторов. – М-Л.: Энергоиздат, 1986.

8. Б.Р.Қалықов,Ш.Өмірзақов,М.И.Сылкин. Электр машиналары.–Алматы, 2006.

9. Б.Р. Қалықов, М.Ж.Ихсанов, Ш. Өмірзақов. Электр машиналары және электр жетегі. –Алматы: Сөздік, 2006.

10. Сылкин М.И., Қалықов Б.Р. Электрические машины. –Алматы, 2005.

11.Вольдек А.И. Электрические машины. –Л.:Энергия, 1978

12.Иванов-Смоленский А.В. Электрические машины. –М.:Энергия, 1980

 

 

 


Информация о работе Кабель