Кабель

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 19:03, реферат

Краткое описание

Кабельдер мен сымдар электр энергиясын беру және тарату, сонымен қатар, электр қондырғыларының элементтерін бір-біріне жалғастыру үшін қолданылады. Ток өткізгіш талсым, оқшаулағыш, сыртқы қабық, сауыт қабықша кабельдің негізгі элеметтері болып табылады. Кабельдің атқаратын қызметі мен қолданылу шартына қарай құрылысында жоғарыда айтылған элеметтердің кейбіреуі болмауы немесе экран сияқты қосымша элементтер болуы мүмкін.

Содержание

Электр кабельдері, сымдар және баусымдар;
Электр оқшаулағыш материалдар мен бұйымдар;
Металдар мен құбырлар;
Монтаждауға және электр қондыруға арналған бұйымдар мен тетік-бөлшектері.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Anarguly.docx

— 492.75 Кб (Скачать документ)

КІРІСПЕ

 

Электрлік монтаждауға арналған жарық беру қондырғыларын негізгі  төрт топқа бөлуге болады:

 

  1. Электр кабельдері, сымдар және баусымдар;
  2. Электр оқшаулағыш материалдар мен бұйымдар;
  3. Металдар мен құбырлар;
  4. Монтаждауға және электр қондыруға арналған бұйымдар мен тетік-бөлшектері.

Кабельдер мен сымдар электр энергиясын беру және тарату, сонымен  қатар, электр қондырғыларының элементтерін бір-біріне жалғастыру үшін қолданылады. Ток өткізгіш талсым, оқшаулағыш, сыртқы қабық, сауыт қабықша кабельдің негізгі элеметтері болып табылады. Кабельдің атқаратын қызметі мен қолданылу шартына қарай құрылысында жоғарыда айтылған элеметтердің кейбіреуі болмауы немесе экран сияқты қосымша элементтер болуы мүмкін.

Желі бойымен тартылған  сымдарды ағаш таяқтармен көтеріп, тіректердің  ілмешектеріне іледі. Сымдар шиеленіспеу  үшін алдымен ең жоғарғы сымды, сонан  соң қалғандарын кезегімен көтеру керек.

Сымдарды тірекке керіп  алу кезінде белгілі тәртіпті сақтау керек. Қоршаған ортаның температурасы  өзгерген кезде әр түрлі материалдардан жасалған сымдардың салбырап төмендеуі  де әр түрлі болады:алюминий сымдары  ауаның температурасына бейімделгіш  келеді, ал болат сымдардың тартылуы алюминий сымдарына қарағанда берік.  Осыған байланысты алюминий сымдарды тіректің басқа сымдарынан жоғары тарту  керек, ал болат сымды төмен орнату керек.

Сымдарды бекітуді орындаушы  монтер міндетті түрде бас киім, монтерлік когти киіп, монтер белбеу арқылы тірекке берік әрі сенімді  тағылып тұруы керек. Бейтарап жерлендірілген тораптарда 1000В кернеуге дейнгі әуе  желілерінің  темірбетонды тіректері  жерлендірілген нөлдік сыммен қосылуы тиіс. Сымды оқшаулатқыштын мойнына бекіту кезінде байлау сымдары сымның тұрағын және оқшаулатқыштың мойнын қамтиды, содаң кейін байлау сымының бір ұшын сымның айналасына бір бағытта, ал келесі ұшын қарама-қарсы бағытта орайды.

Монтаж жұмыстары аяқталған  соң тіректерді таңбалап белгілейді, әр бөренеге желі нөмірін, осы желідегі тіректің реттік нөмірін және тіректің орнатылу мерзімін көрсетеді. Сандарды тіректерге қара бояумен 3 - 4м биіктіке жазады.

 

 

      1. Электр кабельдері сымдар және электр баусымдар

 

Ток өткізгіш кабель талсымдарды өндірісте мыс және алюминий металдарынан дөңгелек пішінде дайындайды, секторлық және сигменттік түрінде, сонымен қатар, 120, 150 және 185мм2 аралас секторлы қима түрінде шығарады. Кабельдер мен талсымдарды оқшаулау үшін арнайы сұйық сіндірілген кабель қағаздарын, пластмассаны және резеңкені қолданады. Талсымдарды оқшаулауға арналған қағаз оқшаулағыштың орнына көбіне диэлектрлік қасиеті жоғары, ылғалға төзімді, химиялық және механикалық беріктігі жоғары, дайындау және монтаждау технологиясы қарапайымдалған пластмассалы оқшаулағыштар қолданылады. Сұйық түріндегі сіңіргіш заттың болмауынан бұл кабельдерді тік және еңіс арналарда жүргізуге болады.

       Кабельдің сыртқы қабаты қорғасын, алюминий, резеңкелі және пластмассалы болады. Олар оқшауланған талсымды жарықтың, ылғалдың, қоршаған ортаның басқа да зиянды әсерлерінің салдарынан механикалық зақымдалудан қорғайды. Кабельді әр түрлі жағдайда төсеу және жүргізу кезінде кабельдің сыртқы қабаты жұмыс істеу мерзімінің ұзақтығы мен беріктігін қамтамасыз етеді. Осы жағдайларға байланысты кабельдер сауытсыз және болат таспалармен сауытталған , тік бұрышты және сыртқы қорғаныс қабатты, дөңгелек цинкті сымды болуы мүмкін

         1)Коаксиалды кабель (коаксиальный кабель; coaxial cable) орталық өткізгіштен және металдан өрілген (торланған) сыртқы экраннан тұратын электр кабелінің бір түрі. Өткізгіш пен экранның арасы айырғыш материалмен толтырылған. Орталық өткізгіш пен экран осьтерінің дөл келуі коаксиалды атаудың шығуына түсінік береді. Мәліметтер жеткізу жылдамдығы 5-10 мбит/с шамасында; 2) теледидар кабеліне ұқсас,сырты экранды қабықшамен қоршалып, диэлектрикпен қапталған бір өткізгішті өзегі бар кабель. Олар жоғары жылдамдықты терминалдарда және басқа да компьютер кұрылғыларында пайдаланылады.

        Қорғаныш қабығы талшықты, материалды, пластмассалы, күшейтілген және ерекше күшейтілген түрлерге бөлінеді. Олар оқшаулағыш талсымды жарықтың, ылғалдың, химиялық заттардың және қоршаған ортаның басқа да факторларынан, сонымен қатар, механикалық зақымдалудан қорғайды

(2.1-сурет: а-поливинилхлоридті, б- резеңкемен оқшауланған, в- сауытталған кабельдердің түрлері).

        Осы кабельдердің қорғаныш қабығы әр түрлі төсеу және пайдалану кезінде өзінің сенімділігі мен пайдалану ұзақтығын қамтамасыз етеді.

 

 

2.1- сурет. Кабель оқшауламаларының  түрлері.

а) полихлорвинидті;  б)резеңкемен оқшауланған; 

в)Кабельдің құрылымы:1)алюминийлі немесе мысты домалақ тығыз талсым; 2)талсым бойындағы жартылай өткізгіш материалдан жасалған экран;  3)полиэтиленді оқшаулама;  4)жартылай өткізгіш қабат  оқшауламасының экраны;  5)қағаздан жасалған экран;  6)бетінде спиральді  таспамен оралған мыс сым; 7)бөлгіш  таспа және полиэтиленді қорғау қабығы.

        Кабель сауытының қалыпты  сыртқы қабығы битум қабатынан және кабель орамының жабысып қалуынан сақтандыратын қабаттан тұрады. Кабельдер өндірістен әр түрлі маркада пластмассамен оқшауланған және мыс, алюминий талсымдарымен оралған түрінде шығарылады:

  • ВВГ(АВВГ)-поливинилхлоридті оқшауланған;
  • ПВГ(АПВГ)-полиэтиленмен оқшауланған және поливинилхлоридті              

қабықшалы;

  • ВВБ(АВВБ)-ВВГ сияқты, бірақ болат таспалармен қапталған;
  • ПВБ(АПВБ)-ПВГ сияқты, бірақ болат таспаларымен сауытталған.

        Кабельдер құрылысына сәйкес әр түрлі белгілермен белгіленеді: С(қорғасын), А(алюминий), Н(жанбайтын резеңке), В(поливинилхлорид), Б(қорғаушы қабық), Л(таспалы сауыт), П(жалпақ сымды сауыт).

       Сыртқы қабығы жоқ болса, Г(гладкий-тықыр) әрпімен белгіленеді. Кабель маркаларында құрылысындағы басқа элементтерді көрсететін әріптер болуы мүмкін. Мысалы, кабельдің маркасы О әрпінен басталса, онда оның талсымдары ерекше қорғасынмен қапталғанын көрсетеді. Кабельдер 1000 В дейінгі кернеулі және оданда жоғары кернеулі болып шығарылады.

      Сым деп оқшауланған, төсеу жағдайына байланысты сыртқы қабығы оралған немесе тоқылған бір немесе оданда көп тармақтардан тұратын кабельдік бұймды айтамыз. Электр өткізгіш сымдары оқшауланған және оқшауланбаған , қорғалған және қорғалмаған болып бөлінеді. Электр сымдары алюминий және мыс тәрізді ток өткізгіш металдан жасайды, резеңкемен және пластмассамен оқшауланған талсым түрінде шығарады. Сонымен қатар , кейбір сымдардың сыртқы қабаты резеңкемен, пластмассамен, металл таспалармен немесе шірімейтін мақта, қағаз жіптермен оралады.

        Баусым деп екі және оданда көп,иілгіш, оқшауланған, оралған немесе қатар орналасқан, қолдану жағдайына қарай металл емес қабықпен қапталған және де қорғалған сымды айтамыз.

       Сымдар мен бауларды құрылысына сәйкес кабель өнімінің маркасын көрсететін әріптермен белгілейді. Сымдар маркасының бірінші әрпі ток өткізгіш талсымының материалын сипаттайды. А (алюминий) әрпі болмаса, демек, онда талсым мыстан жасалған. Екінші әрпі сым түрін белгілейді: (П) - сым,  үшінші әрпі – оқшаулағыш материалы (Р) - резеңке, (В) - поливинилхлорид, (П) – полиэтиленнен жасалғанын көрсетеді. Сымның маркаларында құрылысының элементтерін сипаттайтын әріптер болуы мүмкін: О - тоқыма, Т - құбырларға төсеуге арналған, П – жалпақ бөлікті, Ф – металдық бүктемелі қабықты, Г – иілгіш қасиетін білдіреді.

 

      1. Сымдар мен кабельдерді ұштауға және қосуға арналған       құралдар мен аспаптар

 

     Резеңке және пластмассалармен оқшауланған әртүрлі маркалы және сымдардың қималары мен кабельдердің талсымдарының ұшындағы оқшаулағышты алып тастау үшін қолданылады. МБ-1М құралы- МБ-1 құралының жаңартылған түрі және қималары 0.75-6мм2 сымдарға арналған құрал болып табылады. Құралдың салмағы-0.25кг. Оқшауламаны алатын бөлігінің ұзындығы -5-30мм.

            МБ-2 құралдары қимасы 0.5-4 мм2 екі желілі сымдардың оқшаулағыштарын алып тастау және бір мезгілде ток өткізгіш желілердің екі тармағында бір уақытта тазалауға арналған және де ол екі сапты қармауыш түрінде орындалған. Қармауыштың еріндерінде жылжымайтын, жылжитын қысқыштар бар. Құралдың салмағы- 0.6 кг.

            Қималары 35 мм2 талсымдарының ұштамалары мен гильзаларын сығымдауын ПК-3; ПК-4; иінтіректі механизді пресс – қармауышпен орындайды. ПК-3 пресс-қармауыш қимасы 7.5 алюминий талсымдарының және ГАО-4, ГАО-5, ГАО-6 гильзаларының қимасында 13 және 20 мм2 , сонымен қатар Т және ГМ гильзсының ұштарындағы мысты талсымдарды және көп тармақты кабельдік сымдарды сығымдауға арналған. Бұл пресс-қармауыштар матрица мен пуансон жиынтығын ауыстыруды қажет етпейді . Қармауыш салмағы – 1 кг .

           ПК – 4 пресс-қармауыштар (3.4- сурет) кимасын 16-35мм2 кабельдер мен сымдарды жалғастырғыш гильзалар мен алюминий ұштамаларды және ГАО-5; ГАО-6;  
            ГАО-8; гильзаларын сығымдауға , жалғауға арналған. Бұл пресс-қармауыштың қайта берілген тереңдікке сығымдау кезінде ұштама мен гильзаның жұлынып кетуіне жол бермейтін блоктаушы құрылғысы бар. Иінтіректің бастапқы ашық жағдайына қайта келуі сығымдаушы қосылыстың сапасын қамтамасыз ететін блоктаушы құрылғының жұмысына байланысты. Ең жоғарғы жұмыс әрекеті пуансонда -14 кН, сапта -300 Н –қармауыш салмағы - 2.5 кг.

           Әр түрлі маркалы, қималы және диаметрлі кабельдерді қию үшін секторлы НС-1, НС-2, НС-3 (3. 5- сурет) қайшылар қолданылады.

3.4- сурет. Пресс-қармауыш                     3. 5- сурет. Кабель киюға арналған қайшы

 

НС-1 қайшысы қимасы 3х25 мм болатын алюминий сымды ; кимасы 50мм2 болатын бір тармақты алюминий сымды, қимасы 240мм2 және 150 мм2 болатын көп тармақты мыс кабельдерді қиюға арналған. Оның қиятын кабельдерінің ең жоғарғы диаметрі 40 мм-ге дейін болады.

НС-2 қайшысы қимасы 3х25 мммыс талсымдарын, 3х70  мм2 алюминийді;  120 мм2 бір тармақты алюминий және 240 мм2   көп тармақты, қимасы 150 мм2 болатын көп тармақты  мыс кабельдерді және диаметрі 40 мм2 кабельдерді қиюға арналған.

НС-3 қайшысы қимасы 3х150 мм2   және 3х240 мм2 алюминий талсымдарды, диаметрі 70 мм2 кабельдерді қию үшін қолданылады.

Қайшылар екі секторлы пышақтан: қозғалмалы және қозғалмайтын тістері бар , екі сапты және тістеуіктерден тұрады.

Гидравликалық ПГЭ – 20 (3.6- сурет) электр жетекті қол пресс қималары 16-240 мм2 кабельдер мен оқшауланған алюминий сымдарының тармақтарын ұштау және қосылыстарды қысу, бірнеше рет сығымдау, қимасы 25- 240 мм2 болатын бір тармақты және секторлы алюминий желілерін бұрау үшін арналған. Ол негізгі үш бөліктен: басы жұмыс цилиндрі болып табылатын жұмыс поршенінен; апаттық ауыстырып- қосқыш пен реле бекітілген; жетек пен престің басын байланыстыратын өткізгіштен тұрады. Пресс сығымдау процесі соңында жетекті бірден, тез сөндіруге арналған автоматты блоктаушы құрылғымен жабдықталған.

 

 

3.6- сурет. Гидравликалық қол пресс

 

ПГР-20М1 – гидравликалық қол пресс. Қимасы 16-240мм сымдар мен кабельдердің бірнеше рет қысып, сығымдау арқылы бір-біріне жалғауға  алюминий, мыс талсымдарын ұштауға және 25-240мм2 секторлы алюминий сымдарын бұрауға арналған.

Пресс қаңқадан, жұмыс цилиндрінен, матрица мен пуансонды бекітуге арналған тұтқа бугельден, клапандардан, қозғалмалы және қозғалмайтын саптан, стақаннан, иінтіректен, шарнирлі стақаннан және май балонынан тұрады. Сорғы (насос) сабының тербелісі кезінде цилиндрдегі қысымның әсерінен поршень түйіскенде плапанды алдын ала бұрау жүзеге асады.  Осыдан кейін пуансон мен матрица түйіскенге дейін сорғының сабын тербейді. Содан соң клапанды  ашады , сол кезде поршень пуансонмен қалыпты жағдайға келеді және сығымдалушы ұштама отырғызылғын талсым дайын болады.  Жұмыс поршенінде пайда болатын жұмыс күші- 200 кН , пресс салмағы-5.3 кг.

ПГ-ЭП-2М электр жетекті гидравикалық пышақ пресі ПГР- 20М1  қол пресі сияқты мыс және алюминий сымдар мен кабельдерді сығымдау арқылы ұштау және қосуға сонымен қатар, әуе желілеріндегі сымдардағы овалды қосылыстарды сығымдауға арналған.

Поршень қалыпты жағдайға келу үшін оны 2-3 рет айналымға келтіру  керек.  Престе сығымдау жұмыстарын орындау үшін пуансон мен матрицаны  орналастырады, олар сым мен кабельдің  талсымдарының қимасы мен құрылысына сәйкес келуі керек.

Матрицаға  талсымға отырғызылған ұштама қондырылады да, клапанды жабады. Ол жоғары қысымды насос шлангасымен  қосылған цилиндрден  электр қозғалтқыш әсерінен  жұмыс жасайтын насостан тұрады. Жетектеуші ретінде электрлік  бұрғылау машинасы  қызмет атқарады және оның салмағы - 23 кг.

РМП-7М механикалық қол пресі бір тісті қысым жасаушы, қимасы 16-240 мм2 сымдар мен кабельдерді, кабель ұштамаларын сығымдауға арналған. Пресс қаңқасы қармауыш тәрізді орналасқан тұтқадан тұрады. Тұтқаға матрицалар колданылады.  Қаңқаның орталық саңылауына бос орынды ауыстырып тұратын пуансон ұстағыш орнатылады. Оның қозғалысы мен жұмысы иінтірек арқылы жүзеге асады.

ППО прессі қаңқадан, жапқыдан, ұңғыдан, сақинадан, пуансон және матрицадан тұрады. Ұңғыға пуансонды бағыттағыш патрон және қысқыш құрылғысы қондырылады. Энергия көзі ретінде 1г дәрежелі оқ-дәрі және сары  түсті тығыны бар Д4МПУ- 3 патрондары  қолданылады.

Сымдар мен кабельдердің тарамдарын сығымдау үшін  НИСО, НИОМ, сонымен қатар, УСА құралдары  қолданылады.Пісіру жұмыстпры үшін  ВКЗ-1 аппаратын, ГПВМ- 0.1 жандырғышын және құрал-жабдықтар жиынтығын пайдаланады.

Информация о работе Кабель