Шетел және Ресей этнопсихологиясының дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Мая 2013 в 17:53, реферат

Краткое описание

Антикалық кезеңнен бастап тарихшы, философ, саясаткерлер адамдар арасындағы айырмашылықтарға көңіл аударған. Этнопсихологиялық білім элементтері Гиппократ, Платон, Тацит, Плиния, Страбон еңбектерінде көрініс береді. Ағартушылық дәуірде Ш.Монтескье, Д.Юм, Г.Гегель еңбектерінде халықтар психологиясына философиялық ой-толғаулар беріледі. Ең алғаш халықтарды психологиялық бақылау пәні ету талпыныстары ХVІІ ғасырда болды. Адамдар арасындағы айырмашылықтың болуын түсіндіруші фактор климат жағдайы және орта болды. Интеллекттегі айырмашылықтардың болуын климат жағдайымен түсіндіріп, Орта Шығыстың және Батыс Еуропаның қалыпты климаттық жағдайы интеллекттің дамуына жағдай жасайды, соған байланысты цивилизацияның өркендеуіне әсер етеді деген тұжырымдар жасалды [6, 150 б.].

Прикрепленные файлы: 1 файл

ресей шетел.docx

— 23.92 Кб (Скачать документ)

Шетел және Ресей этнопсихологиясының  дамуы 

Этнопсихология  - адамдардың этникалық  психика ерекшеліктерін, ұлттық мінез, ұлттық өзіндік сананың қалыптасу  заңдылықтар мен функцияларын, этникалық  стереотиптерді және т.б. зерттейтін психология саласы. «Халықтар психологиясы»  атты 1860 жылы жарық көрген М.Лацарус  және Х.Штейнталь  еңбектерінен бастау алады. Өз еңбектерінде бір ұлт өкілдеріне қатысты индивидтердің психикалық  ұқсастықтарын, өзіндік саналарын  тіл, мәдениет, миф, адамгершілік қасиеттерін  зерттеп, салыстырмалы түрде мазмұнын ашуды ұсынды.

Антикалық кезеңнен бастап тарихшы, философ, саясаткерлер адамдар арасындағы айырмашылықтарға көңіл аударған. Этнопсихологиялық  білім элементтері Гиппократ, Платон, Тацит, Плиния, Страбон еңбектерінде көрініс береді. Ағартушылық дәуірде  Ш.Монтескье, Д.Юм, Г.Гегель еңбектерінде халықтар психологиясына философиялық ой-толғаулар беріледі. Ең алғаш  халықтарды психологиялық бақылау  пәні ету талпыныстары ХVІІ ғасырда  болды. Адамдар арасындағы айырмашылықтың болуын түсіндіруші фактор климат жағдайы  және орта болды. Интеллекттегі айырмашылықтардың  болуын климат жағдайымен түсіндіріп, Орта Шығыстың және Батыс Еуропаның  қалыпты климаттық жағдайы  интеллекттің дамуына жағдай жасайды, соған байланысты цивилизацияның өркендеуіне әсер етеді  деген тұжырымдар жасалды [6, 150 б.].

ХVІІІ ғасырда француз ағартушылары «халық рухы» деген ұғымды енгізіп, мәселені географиялық фактормен түсіндірмек  болды. Географиялық детерменизді түсіндіруші  француз философы Ш. Монтескье болды. Оның ойынша, адамдарды көптеген факторлар  басқарады: климат жағдайы, дін, заңдар, басқару принциптері, адамгершілік нормалары, дәстүрлер. Осындай факторлар  нәтижесінде бүкілхалықтық рух  пайда болады. Көп факторлардың ішінен климаттық факторды басқы орынға қояды. Климаттық жағдайдың тәуелділігіне  байланысты халықтардың дәстүрлері мен салты құрылып, халықтың өміріне  әсер етеді.

Ағылшын философы Д.Юмның  «Халықтар  мінезі» еңбегіндегі позициясы  қызық болып  табылады. Юмның ойынша, қауымның өмірінің табиғи факторлары мінез, темперамент, еңбек дәстүрі  және өмір сүру салтына әсер етеді. Бірақ ұлттық мінездің қалыптасуына Юмның ойынша, әлеуметтік факторлар  әсерін тигізеді.  Оған  әлеуметтік – саяси қатынастар жатады.

Ұлттың мінезі жайлы білімдердің  дамуына үлкен үлес қосқан неміс  философы Г.Гегель еңбектері. «Рух философиясыында» ұлт және нәсіл  мінезін қарастырады. Ұлттық мінез Гегельдің ойынша, әртүрлі  табиғи жағдайлардағы субъективті  рухтың көрінуі, мәнділігі бойынша  нәсіл мен ұлттың мінезін анықтайды.  Соған байланысты нәсілдік және ұлттық айырмашылықтар – бұл белгілі  жағдайда жалпы табиғи рухтың көрінуі  болып табылады. Мінез сипатына Г.Гегель өмір сүру бейнесін, дене дамуын, айналысатын  іс-әрекет түрлерін,  ақыл – ой және ерік бағыттылығын жатқызады. Гегель кейбір методологиялық мәселелерді де қарастырады.  «Мінез» және «темпераментті» бір  қатарға қойып қарауға қарсы  шықты. Оның ойынша, ұлттық мінез –  жалпы халықтық сипат болса, темперамент  – индивидуум сипаты.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында этникалық  психологияның дербес ғылым ретінде  дамуындағы жаңа кезең басталды. Бұл  кезең Х.Штейнталь, М.Лацарус, В.Вунд, Г.Лебон есімдерімен байланысты [6, 153 б.].

Х.Штейнталь және М.Лацарус концепцияларында халық психологиясы  нақты емес, мистикалық сипатқа ие. Авторлар халық  психологиясындағы динамикалық  және статистикалықтың қатынасын анықтай  алмады. Бірақ соған қарамастан олардың  көзқарастарындағы позитивті жақтар  көп. Штейнталь және Лацарус пікірінше, халық психологиясы екі бөлімнен тұрады:

1. Абстрактілі – халық психологиясы  не деген сұраққа жауап беріп,  оның элементтерін қарастырады;

2.  Прагматикалық – нақты  халықтарды зерттеумен айналысады.

ХХ ғасырдың басында «халықтар  психологиясы» В.Вунд еңбектерінде жалғасын тапты.  Халықтар психологиясын  Вундт халықтың нақты тарихи өнімдері:халықтың психологиялық аймағын құрайтын  тіл, миф, дәстүрлер негізінде қарастыруды  ұсынды. Оның пікірінше, индивидуалды психологияда тіл – ақылға, мифтер – сезімге, ал дәстүрлер – ерікке теңестіріледі. В.Вундттың қосқан үлесі  халықтар психологиясын тек теориялық  негізде ғана емес, сонымен бірге  нақты тіл, миф, халықтарды зерттеу  жұмыстарын да жүргізді. В.Вундттың идеяларын  Ресейде Н.Н.Ланге және Г.И.Челпанов дамытты.

Халықтар психологиясын зерттеген  ғалымдар қатарын атағанда Г. Лебонның есімін атамауға болмайды. Лебонның этнопсихологиялық  зерттеулерінің мақсаты нәсілдердің   тарихи құрылымдық психологиясын зерттеп, халықтың тарихын және цивилизация  деңгейін  анықтау болды. Оның пікірінше, халықтың психологиясындағы жаңа құрылымдар оның тарихының қалыптасуына әсерін тигізеді. Лебонның  ойынша халықтар мен нәсілдердің психологиялық  құрылымында үлкен айырмашылықтар бар. Олардың тереңдңгң сондай, халықтардың  теңдңгң жайлы айту мүмкін емес. Халықтарды ол алғашқы қауымдық, төмен, орташа және жоғары деп бөледі. Жоғары нәсілді халықтарға тек еуропалықтарды жатқызады [6, 157 б.].

Американ этнологтары Р. Бенедикт және М.Мид еңбектерінде этникалық  аспектілер психоанализ және эксперименталды  психологияның жетістіктеріне бұрыла отырып зеттеледі. Бұл еңбектердің  методологиялық концепциялары  автрия психиатры З.Фрейд зерттеулеріне, ал әдісі неміс психологиясына, әсіресе  В.Вунд еңбектеріне негізделген. Мұның  өзі ең алдымен индивидуалды мінез  – құлықты антропологиялық әдістер  арқылы зерттеудің жарамсыздығына байланысты болды. Соған байланысты этнологтар антропологиялық шығу, даму, тұлғаның іс-әрекетінің  ерекшеліктеріне  бағытталған психологиялық теорияны қажетсінді. Осындай теория және әдіс психоанализ болды [6, 159 б.].

Этнопсихоанализдік бағыт әртүрлі  этникалық топтардың агрессиялығы және т.б. психологиялық жағдайын, сонымен  бірге вербалды емес коммуникация, этнофордың эмоционалды аймағы, жораның  этникалық топтағы қарым-қатынас  жасаудағы ерекшеліктерін зерттеді.  Американ этнопсихологы А.Бандураның пікірінше, агрессивті эмоционалды  жағдай этноәлеуметтік сипаттқа ие.

Американ этнопсихолгы Дж.Хониманның көзқарасынша, қазіргі этнопсихологияның  негізгі міндеті индивидтің нақты  әлеуметтік жағдайдағы ойлауын, сезінулерін  зерттеу.

Дж.Хониман  зерттеулерінде адам  қылықтарын бөлшектерге жіктеп, әсіресе  эмоционалды аймаққа үлкен көңіл  бөлді.  Бұл мақсатқа байланысты «этнос» ұғымын қолданды. Адамның  эмоционалды жағдайы әлеуметтік моделденген мінез-құлықты сипаттап, тұлғаның қажеттілік-мотивациялық аймағын  құрайды.  Хониман пікірінше, эмоция адамның мотивтерін бейнелеп, қабылданған  жағдайлардың нәтижесі болып табылады.

Ресейде этнопсихологиялық іздеулер алғашында әдебиетшілер, этнографтар, тілтанушылардың ісі болды. Орыс халқының этностық өзіндік санасына деген қызығушылықтар орыс ағартушылық  кезеңінен басталады. Ұлттық абырой В.М.Ломоносов еңбектеріне түрткі болды. Халық психологиясы жайлы  ойлар Н.И.Новиков, Д.И.Фонвизин, Н.М. Карамзин, А.Н.Радищев еңбектерінің негізі болды.  «Любомудров» қоғамын  құрушылар Д.В. Веневитинов, А.С. Хомяков, И.В. Киреевский Ресейдегі  маңызды  мәселе ұлттық өзіндік сананы орнатуды  ұлттық әдебиет және өнерді дамыту арқылы  жүзеге асыруға болатынын  айтты.

Екінші кезеңдегі славянофилдерге : К.А.Аксаков, И.С. Аксаков, Ю.Ф. Самарин; Ф.И. Тютчев, А.А. Григорьев және тағы басқалардың әдеби және публистикалық  шығармаларында зейінді жаңа қалыптасып келе жатқан орыс зиялыларына және бүкіл жаңалықтарды оқушыларға этнос  ретінде орыстардың өзіндік санасының  мәселесіне аудармақ болуға тырысты.  Орыс қоғамдық ойлардың екінші бағыты Ресейдің цивилизациялы Батысқа  еуропалық мемелекет ретінде  енуге бағытталған. Бұл бағыт  өкілдері: А.И.Герцен, Н.П.Огарев, В.Г. Белинский, В.П.Боткин, Н.А.Добролюбов [6, 170 б.]. 

Кеңестік кезеңде ұлттық мәселелер  кешенді және экономикалық, саяси, мәдени, және психологиялық факторлармен шартталған деген ұғым қалыптасты. Этнопсихологияда екі бағыт қалыптасты: этнопсихологиялық  – ұлттық ерекшеліктерге байланысты әлеуметтік құбылыстар мен процестерді  зерттеу және этномәдениеттік –  этномәдени құбылыстарды мен процестерді  әлеуметтік ерекшеліктерге байланысты зерттеу.

1980- жылдардың аяғы 1990 жылдардың  басындағы этникалық қақтығыстар  ұлтаралық қатынастағы ерекшеліктерге  байланысты этникалық мәселе  өзектілікке айналды. 1990 жылдардың  аяғында қолданбалы этнопсихологиялық  зерттеулердің нәтижелері жарық  көре бастады. 

Л.Г.Почебут этникалық қауымдастықтарды  әлемге деген идеяларына байланысты креативті, яғни идеялары өнімділікке  ие, сонымен бірге аккомодивті, өз идеялары өнімсіз, сондықтан басқа  социум және этностардан алатындарға  бөлуді ұсынды. Концепция Л.Н.Гумелев  ұсынған этностарды гомеостатикалық  және динамикалық; комплементарлы және комплетарлы емес деген  жіктеуді басшылыққа алды.

Сонымен бірге Л.Г. Почебут  тұлғаның әлеуметтенуі барысында өзара байланысты үш процесті есепке алуды ұсынады:

      • социумизация – индивид тәрбиеленген социумның рухани құндылықтары мен тәжірибесін меңгеруі;
      • этнизация – индивидтің өзі жататын этностың рухани құндылықтары мен тәжірибесін меңгеруі;
      • мәдениеттену – индивидтің басқа этностар мен социумның рухани құндылықтары мен тәжірибесін меңгеруі.

Тұлғаның этнизациялануын қарастыруды  жалғастырған М.В.Харитонов бұл процестегі маңызды шарт ретінде В.А.Ядовтың  ұсынған диспозицияналдық реттелу  концепциясына негізделе отырып, этнофордың мінез-құлқына этникалық  құндылықтардың әсерін есепке алуды  ұстанды. Қазіргі Ресейде  этнопсихологиялық  зерттеулер З.В.Сикевич, Г.У.Солдатова, В.Ю Хотинец, А.О.Боронаев, В.Н.Павленко,Э.А.Саракуева, В.С.Крысько, Н.М.Лебедева, Т.Г.Стефаненко  еңбектерінде кеңінен қарастырылады.

Сонымен, қазіргі батыс және Ресейдегі  этнопсихологиялық зерттеулер теориялық  бағдарлану модификацияларға немесе әр түрлі философиялық жүйелерге  негізделген  психологиялық теорияларға (экзистениализм, неопозитивизм, необихевиоризм және т.б.)  бағытталған.

 

             Қазақстандағы этнопсихологиялық  ойлар 

Қазақ топырағында этнопсихология мәселелері Шоқан Уалиханов еңбектерінен бастау алады. Қазақстандағы психологиялық  ой-пікірлердің тарихы Иоллыг –  тегін ( Орхан-Енисей ежелгі түркі жазба  ескеткіші), Қорқыт-ата, әл- Фараби, Асан-  Қайғы, Қадырғали, Жалайри; Бұқар жырау, Дулат, Махамбет, Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, С.Торайғыров,  Шәкәрім,  Жүсіпбектерден тұратын  рухани аса  бай құнарлы орта – аталмыш  ғылымның бірден қанат жайып, өркендеуіне  ізгі әсерін тигізді. Шығыс республикаларының  ішінде педагогикалық басылымдардың    («Мұғалім»-1919, «Жаңа мектеп»-1925.) бірінші  болып қазақ жерінде жарық  көруі, Ғ.Қарашев, М.Ж.Көпеев сияқты зиялыларымыздың  психология саласына сол кездердің  өзінде–ақ  қалам тартуы – осы  айтылғандардың жақсы айғағы.

Қазақстанда психология ғылымы, әсіресе  соғыстан кейінгі жылдары елеулі қарқынмен дами бастады. Оған бірнеше  сәтті жағдайлар себеп болды. 1946 жылы орта мектептерде логика мен  психология оқытыла бастады. Осы  кездері қазақ университетінде  логика мен психология пәні мұғалімдерін дайындайтын бөлім ашылды.

Соғыстан кейінгі жылдарда психология саласында ұлттық кадрларды даярлауда  академик Төлеген Тәжібаевтің (1910-1964) еңбегі айтарлықтай еді. Осы ғалымның жетекшілігімен елуінші жылдары  Е.Суфиев, М.Мұқанов, Т.Темірбековтар  диссертация қорғады.

Республикада алғаш рет диссертация  қорғаған – Е.Суфиев болды. Ол 1952 жылы Қазақ университетінің кеңесінде  «Қазақ мектептерінің бастауыш сыныптарындағы оқушылардың орыс тілін меңгеруінің  психологиясы» деген тақырыпта  диссертация қорғады.  Мұнда автор  қазақ оқушыларының орыс тілін меңгеруін, шәкірттердің ауызекі  сөйлеуінің даму ерекшеліктерін психологиялық тұрғыдан талдайды. Автор оқушылардың ұғынуына қиындық келтіретін орыс тіліндегі  кейбір атауларына тоқталып, мұның  табиғи-ғылыми жағынан И.П.Павловтың  жоғары жүйке қызметі туралы іліміне  негіздей түсіндіріледі, оқушылардың  кейбір психикалық функцияларын ( қабылдау, зейін, ойлау және т.б.) дамыту, орыс тілін оқыту әдістерін жетілдіру  жөнінде біраз ұсыныс – кеңестер береді.

М.Мұқанов « Совет жауынгерлерінің  ерлік істерінің психологиялық  ерекшеліктері» (1953) атты диссертациясында көптеген жергілікті әскери – архивтік материалдарға сүйеніп, Ұлы Отан соғысында қазақстандықтар көрсеткен  ерлік істеріне психологиялық талдау жасады. 50-60 жылдары республика тақырыбына арналған басқа да ондаған зерттеу  жұмыстары психологияның түрлі  салалары бойынша  (жалпы, жас, педагогикалық, заң-сот, этникалық, спорт және т.б.) жүргізілді. Ұлттық тілде біраз еңбектер жарық көрді.

Н. Елікбаевтың  «Ұлттық психология»  еңбегіндегі пікірінше, ұлттық психологияның  құрылымдық элементтерінің бірі ұлттық мінез-құлық болып саналады. Ұлттық мінез-құлық ұрпақтан-ұрпаққа беріліп  қалған биологиялық психикалық құбылыс  емес, географиялық ортаның жемісі немесе нәсілдік белгісімен байланысты ұлттық субстанцияның туындысына да жатпайды. Негізгі шындықты ұлт өмірінің өзінен, оны қоршаған табиғи өзгешеліктен қарастыру шарт. Ұлттық мінез-құлықты  халықтардың өзі жасаған тарихтағы  материалдық және рухани тіршілігінің бейнеленген көрінісі деп түсінеміз.  Тарихи жағдай мен географиялық орта мәңгілік нәрсе емес, сондықтан ұлттық мінез-құлық та белгілі өзгерістерге ұшырап отырады. Ұлттардың мінез-құлқы  олардың тарихи даму нәтижесі.

Халықтардың мінез-құлқының белгілері: еңбекті сүю, бостандықты аңсау, қайырымдылық, қонақжайлылық, селқостық, қаталдық, ерлік т.б. қасиеттер барлық ұлттарда болатыны белгілі. Әрбір ұлттың өзіндік өмір ерекшелігіне сәйкес түрлі  формада, көріністе анықталып отырады  [1, 11 б.].

Информация о работе Шетел және Ресей этнопсихологиясының дамуы