Психодиагностикалық және психокоррекциялық жұмыстар
Доклад, 25 Ноября 2013, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Нормативтерді құру коррекциясы. Адамның ішкі жан-дүниесінің жеке даралық сипаттамасын әлеуметтік ортада қабылданған нормативтерге сай келтіру коррекциясы топпен жүргізіледі. Олар көбінесе қарым-қатынас мәдиниетін қалыптастыру, мазасыздану және агрессия көріністерін төмендету, жеткіншектердің жас ерекшеліктеріне байланысты орын алатын акцентуация мәселелерін шешуге бағытталған. Коррекциялық әдістердің нәтижелі болуы ауытқудың синдромына және бұзылудың көрініс беру симптомдарының түрлеріне тәуелді.
Прикрепленные файлы: 1 файл
Психодиагностика.doc
— 45.00 Кб (Скачать документ)
Психодиагностикалық және психокоррекциялық жұмыстар
Психодиагностика жалпы
- Айқындау принципі – жалпы осы принцип туындаған мәселеге байланысты қоршаған ортамен адамның эффект қызметінің реттеушілігін көрсетеді және әр мәселені психодиагностикалық әдістер көмегімен айқындап, мазмұның ашады.
- Дамыту принципі – бұл принцип психикалық құбылыстың даму жағдайын зерттеуіне олардың өзгеру тенденциялары осы өзгертулердің сандық және сапалық мінездемелеріне сүйенеді.
- Диалектикалық принцип –
- Ес бірлігі және қызмет принципі – ес және психика адам қызметін реттейді, ал қызмет бір уақытта еспен және психикамен реттеледі.
- Жеке даралық принцп –
Аталған принциптер
Психодиагностикалық жұмыс
Психодиагностикалық жұмыс кезінде психологқа қойылатын талаптар :
- Психолог жоғары ақыл-ой қабілетін игеруі, ақылды, зерделі, эксперименталды және жан-жақты талдаушы болуы;
- Өзін бағындыра білетін және тәжірибелі сұрақтарды тез шеше алуы тиіс, сонымен қатар әр нәрсеге жауапкершілігімен өзіне қойылған талапты орындай алуы қажет;
- Адамдармен жұмыс істеуде ұнататын адамдарға кең пейілді, белсенді топтарды оңай ұйымдастыратын, адамдармен тез қарым-қатынасқа түсе және түсіне алатын мейірімді, өнегелі қарым-қатынас кезінде дипломатикалығы басым болуы;
- Психолог – эмоционалды, тиянақты, ұстамды, сабырлы, жағдайды шынайы таразылайтын болуы тиіс.
Психодиагностикада психологтың жұмыс ережелері
мен принциптері:
- Практик психологтың кәсіби қызметі клиентпен ереже жағдайында ерекшеленеді.
- Психодиагностикалық жұмыс кезінде жеке-дара тұлғаның психикалық дамуында адамның құқығын сақтай отырып анықталуы.
- Психолог психодиагностикалық әдістерді қолдану кезінде өзінің тұжырымдамаларымен кепілдеме беруінде өте сақ, абай болуы қажет.
- Психолог адамның дене дамуы, психикалық дамуында, іс-әрекетінде болатын зиян келтіретін жағдайда қадағалауы, болдырмауы тиіс.
- Практик психолог психодиагностикалық әдістерінің нәтижесін бөгде адамдарға беруге құқысы жоқ.
- Психологтың зерттеу кезінде зерттеу процесіне басқа адамдардаң қатысуы клиент шешіміне байланысты.
- Психологтың қолданатын әдістері адам денсаулығына зиян келтірмеуі керек.
- Психолог жұмыс істейтін клиенттерін сақтауда кәсіби жауапкершілігін өз мойына алады.
- Психолог клиентке өз принциптері мен психологиялық қызметтің мақсаты,құрылымы жөнінде мағлұмат береді.
Психодиагностиканың ғылыми – теориялық негізі.
1.Психодиагностиканың кәсіби – этикалық аспектілері
2.Психодиагностикалық тиімділік критерилері
3.Психодиагностиканы
реттеудегі әдістемелік
. Психодиагностика теориялық
Психодиагностикалық практика нәтижелі болу үшін теориялық жағы басым болуы қажет. Психодиагностикалық әдістерді қолдануда психолог психологиялық білімімен психодиагностикалық мүмкіндіктеріне сүйеніп, практикалық психологияда әдістерпринципін қолдануда сол принциптерінің ерекшеліктері туралыхабардар болуы шарт. Психодиагностикалық кәсіби этикалық аспектілері психодиагностикалық шешімдерініңжауабын табуда көрініс береді.
Психокоррекция дегеніміз адамның мінез-құлқы мен психологиялық қасиеттерін өзгерту мақсатымен оған арнайы әсер етіп, оның шытырман жағдайдағы өзін-өзі ұстау стилінің ыңғайсыздығын көрсетіп, бұл жағдайдан шығу жолын іздеп табу.
Психологиялық коррекцияны ұйымдастыруға және психотерапия жүргізуге пайдаланылатын әдіс-тәсілдер өте көп. Қазіргі кезде жеке тұлғалық қасиеттерді коррекциялау тренинг топтарында жүргізіледі.
Тренингке қатысушылардың алдында тұрған, шешуін талап етіп отырған психологиялық проблемаларына байланысты психокоррекциялық топтар әртүрде болады.
Психокоррекция жүргізу
1. Нормативтерді құру коррекциясы.
2. Адамның даралық мүмкіндіктерін дамыту коррекциясы.
Нормативтерді құру коррекциясы. Адамның ішкі жан-дүниесінің жеке даралық сипаттамасын әлеуметтік ортада қабылданған нормативтерге сай келтіру коррекциясы топпен жүргізіледі. Олар көбінесе қарым-қатынас мәдиниетін қалыптастыру, мазасыздану және агрессия көріністерін төмендету, жеткіншектердің жас ерекшеліктеріне байланысты орын алатын акцентуация мәселелерін шешуге бағытталған. Коррекциялық әдістердің нәтижелі болуы ауытқудың синдромына және бұзылудың көрініс беру симптомдарының түрлеріне тәуелді. Мектеп оқушылары және олардың ата-аналарымен жүргізілетін коррекцияда қарым-қатынас тренингінің барлық түрлері қолданылады, олар мінез-құлықтың нақты формаларын меңгеруге көмектеседі және клиентке өзінің жан-дүниесіндегі неше түрлі құбылыстардың орын алғанына жауапкершілікті өз мойнына алуды үйретеді.
Сонымен қатар, әр жас кезеңінің және әлеуметтік ортадағы әр адамның атқаратын рөлдер репетуарына, клиенттің алдында тұрған психологиялық проблемаларына байланысты психокоррекцияны жүргізудің өзіне тән көптеген ерекшеліктері бар. Сондықтанғ бұл жас кезеңдегілермен коррекциялық жұмыстар олардың таным процесстерін жетілдіру және мектеп режиміне үйрету, сыныптағы балалармен, оқытушылармен қарым-қатынас жасауға икемділігін қалаыптастыру, қысқаша айтқанда, оның барлық көрсеткіштері бойынша мектеп өміріне даярлау болып табылады. Бастауыш сыныптарда бұл бағыттағы психологиялық қызмет көрсету жалғастырылады.
Жеткіншек жас кезеңдегілермен жүргізілетін психокоррекция, басқа жас кезеңдегілерден жиірек орын алады. Оның себебі, осы жас кезеңінің көптеген ерекшеліктерімен байланысты. Балалардың өтпелі жас кезеңінде басынан кешетін қиындықтарды психокоррекциялау және психологиялық кеңес берудің негізгі себептері болып табылады. Жеткіншектерде жиі кездесетін акцентуация, агрессия, дидоктегенді невроздар баланың тұлғалық қалыптасуына теріс әсерін тигізіп, оқушының мотивтік сферасының бұзылуына алып келеді. Білуге тырысушылық мотиві, кей кезде, оқу ісінде басты болудан қалады, өйткені, баланың құндылықтарды бағалауы, өзін-өзі бағалауы өзгереді. Оқушыны қатты шаршату, көп тапсырма беруде жүйеліліктің болмауы, кейінгі кезде орын алған аралық аттестациялауға баланың ішкі даярлығының төмен болуы олардың психологиялық жағдайына алып келуі мүмкін.
Осы проблемаларды шешуге психологиялық көмек көрсету, психопрофилатика, психокоррекция жасау және басқа мұқтаждарға көмектесетін шараларды жүйелі түрде ұйымдастыру қажет. Оның ішінде баланың дамуын диагностикалау, оның барлық мүмкіндіктерін ашу және балалармен, олардың ата-аналарымен, мұғалімдерімен психологиялық қызмет шеңберінде коррекциялық көмек көрсету қажет.