Психодиагностикалық әдістемелер классификациясы
Реферат, 07 Декабря 2013, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Қазіргі кезде жеткілікті түрде психодиагностикалық әдістемелердің классификациясы бар. Біріншіден диагностикалық әдістемелерді тапсырмалардың негізіне қарай классификациялауға болады,, яғни, тапсырмалар жауаптарының дұрыстығына не , керісінше, бұрыстығына қарай топтауға болады. Бірінші топқа көптеген интеллект, арнаулы қабілет тесттерін немесе жеке тұлғалық ерекшеліктер тесттерін жатқызуға болады. (Равен тесті).Әдістемелердің екінші тобын тапсырмалар жауабтарының бағыттылығына қарай ( дұрыс, дұрыс емес) байланысты Диагностикалық классификациялайды. Мұндай тесттерге жеке тұлғалық сауалнамаларды жатқызуға болады. (Кеттелдің 16 факторлық тесті- 16PF).
Содержание
Психодиагностикалық әдістемелер классификациясы.
Әдістерді белгілері бойынша бөлу.
Ғалымдар бойынша әдістердің жіктелуі.
Прикрепленные файлы: 1 файл
психод манж.docx
— 32.47 Кб (Скачать документ)
- А.А. Бодалев және В.В. Столин бойынша әдістер жіктелуі
Төмендегі негізге сүйене отырып, психодиагностикалық әдістерді жіктейді:
- Таңдалған амалдың негізінде жатқан әдістемелік принциптер сипаты бойынша:
- объективті тесттер (дұрыс жауаптардың болуы мүмкін тесттер, тапсырмалардың дұрыс орындалуы);
- стандартты өзіндік есептер:
- тест-сауалнамалар, ашық сауалнамалар;
- шкалалық техникалар (Ч. Осгудттың семантикалық дифференциалы), субъективті классификация;
- индивидуалды-бағдарланған техникалар (идеографиялық);
- проективті техникалар;
- диалогиялық техникалар (әңгімелесу, интервью, диагностикалық ойындар).
- Диагностикалық процедураға психодиагносттың өзінің араласу мөлшері мен оның психодиагностиканың нәтижесіне әсер ету деңгейі: объективті және диалогиялық. Біріншісі, психодиагносттың нәтиже интерпретацияларына, процедурасына, өңделуіне аз қатысуы; екіншісі, үлкен деңгейде әсер етуі. Процедураға араласуы, тәжірибесі, кәсіби дағдылары, экспериментатор тұлғасы да әсер етеді. Төмендегі шкалада объективті плюстен диалогты плюске дейінгі психодиагностикалық әдістердің континиумы берілген:
Объективті |
Диалогиялық |
Тесттер |
Әңгімелесулер |
Көптеген сауалнамалар |
Интервью |
Шкалалық техникалар |
Диагностикалық ойындар |
Патопсихологиялық эксперимент | |
Кейбір проективті әдістемелер |
Кесте 2 А.А. Бодалев және В.В. Столин бойынша әдістер жіктелуі
Күнделікті практикада өте кең қолданылатын әдіс – бақылау. Бақылау – ғылыми-мақсатқа бағдарланған, зерттелінетін объектінің образын анықтайтын әдіс. Артықшылығы – табиғилық, кемшілігі – белсенсіз, субъективизм элементтерінің кездесуі, психиканың кейбір жасырын бейнелерінің жетіспеушілігі (уайым, ой, мотив).
Қазіргі
кезде жеке тұлғаны барлық
жағынан қарастыру, зерттеу
Толықтай жобалау әдістері, тіпті кейде тұлғаның жеткілікті ауқымды бейнесін береді( соның ішінде Роршах тесті).
Тұлғалық жобалау әдістері
1. Ассоциативті әдістер- бұл ең бірінші рет ойына не келеді және де сезімдердің пайда болу стимулдарына жауап беруді қажет етеді. Мысалы: « Миннингердің ауызша қоғамдастық тесті» және « Роршахтың қара дақтар тесті».
2. Конструктивті әдістер, бір нәрсені ойлап табуды немесе жасауды қажет етеді. Мысалы: « Тақырыптық апперцепция тесті» сынаушы сурет туындылары немесе жай сахнадағы ертегі көрсетілімдерінің қойылуын ұсынуы мүмкін. Содан соң ол осы сахнағы қойылымдардағы кейіпкердің қандай сезімде екенін сынайды.
3. Аяқтау әдістері, сыналушының бастапқы стимулды материалдан қандай ой мазмұндағанын аяқтауы тиіс. Сонғысының сапасы аяқталмаған әрекетке түсуі мүмкін. ( Мысалы, « Мені қашан тітіркендіреді...»). Аяқтау әдісіне «Розенцвейгтің суретті фрустрациялық тесті» және «Роттердің аяқталмаған ұсыныс тесті» жатады.
4. Экспрессивті әдістер, психодрамма немесе картина суреттері секілді әрекеттер кезінде өзіндік сезіміңді білдіруді ұсынады. Мысалы, К. Маховердің « адам тұлғасын бейнеле» тестінде, сыналушыға адам тұлғасын суреттеуге, одн соң қарама- қайшы жынысты адамды бейнелеуді талап етеді.
5. Таңдау әдістері немесе рет-ретімен реттеу, сынаушыға стимулдық жауаптарды таңдап немесе рет-ретімен орналастыруды талап етеді. Мысалы, Сонди тасті нұсқау бойынша адамдардың ұсынылған қойылымдардың ішінен ең жақсы ұнағанын, немесе ең жаман ұнатпағанын таңдау ұсынылады. Қазіргі кезде осындай әдістер жиі қолданылады. Жобалау әдістерінің осы бес категориялары өзіндік анықтау болып табылмайды, барлық тесттердің ішінде екі немесе одан да көбі қолданылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- А.А.Бодалев, В.В.Столин. «Общая психодиагностика»
Санкт-Петербург – 2006.
- Л. Ф. Бурлачук «Психодиагностика» - М.,2006.
- И. Н. Носс « Руководство по психодиагностике»-М.,2005.
- Н. И. Непомнящая « Психодиагностика личности».
- Практическая психодиагностика: методики и тесты.
Жоспары:
- Психодиагностикалық әдістемелер классификациясы.
- Әдістерді белгілері бойынша бөлу.
- Ғалымдар бойынша әдістердің жіктелуі.