Баланың психикалық дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2014 в 18:31, реферат

Краткое описание

Баланың психикалық дамуы жас ішінде бала қимылқозғалыстарының дамуы және психикалық процестері мен қасиеттерінің қалыптасуы жағынан үлкен жетістіктерге жетеді. Ол басын ұстауды, отыруды, еңбектеуді, ақырында, тік тұруды және бірнеше қадам жасауды үйренеді. Үш-төрт айлық кезде жармасу қимылдары дами бастайды. Бала өзін қызықтырған жарқырауық затқа ұмтылады, оған қолын созады, ұстауға тырысады. Алғашқыда бұл қимылдар жөнді үйлеспейді: нәресте жиі қателіктер жіберіп, ұстай алмай қалады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Баланың психикалық дамуы.docx

— 36.72 Кб (Скачать документ)

7-айында еңбектейді, 

8- айында сүйеніп тұра алады, 

9-10 айында жатқан бала отырып, онан кейін ұмтылып тұра алады, қайтадан отыра алады, диванда, орындықты айналып жүреді.

11-айында өзі тұрып,

12-айында өзі жүре алады.

Тамақтандырған кезде  гигиеналық  дағды және ұқыптылыққа тәрбиелеген дұрыс: тамақтандырудың алдында қолын жуып, алдына алжапқыш тұтып, тамақ ішкен кезде аузының айналасын сұлықпен сүртіп, тамақтанғаннан кейін қол-аузын жуған дұрыс. Жүйелі түрде шомылдырып, киімін таза ұстау керек, баланың бөлмесінде тазалық тәртіп болуы керек, балаға ұйықтар алдында өз ойыншықтарын жинуды үйреткен дұрыс.

Дұрыс күн тәртібі дегеніміз  ұйықтау, тамақтану, сергектікті дұрыс  ұйымдастыру. Жаңа туған бала 20-22 сағат  ұйықтаса, өсе келе ұйқының уақыты қысқарып сергектік кездері ұзарады.Есептеу  формуласы: 1 жасқа дейін – 22 –  ½п, п- айы. 1жастан кейін  16 – ½ п , п -жасы. 

Мектеп жасына дейінгі  мекемедегі балалардың денсаулығын, ондағы санитарлық жағдайды күнтәртібінің сақталуын, балалардың дұрыс тамақтануын аға медсестра мен  педиатр дәрігер қадағалайды.


Информация о работе Баланың психикалық дамуы