Бөбек жасындағылдардың психикалық дамуы бөбек-мектепке дейінгі бала

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2014 в 09:42, реферат

Краткое описание

Бөбек жас кезеңінің өзіндік ерекшеліктері. Егер нәрестенің психикалық дамуы тым қарапайым түрде кездессе, алдағы екі жылдың ішінде психикалық дамуы ірі өзгерістерге ұшырайды. Бөбек жасының аяқ кезінде (3 жастағы кезі) бала ақыл-ойының дамуы жағынан едәуір жетістікке жетіп қалады. Психолог Б. Гудинаф өзінің еңбектерінде бөбек жасына аса көңіл бөледі. Оның ойынша, жаңа туған бала мен үлкендердің психикалық дамуының тең ортасы – бөбек (3 жас) жасы дейді.

Содержание

1. Бөбек жасы кезеңінің өзіндік ерекшеліктері.

2. Бөбек жасы кезеңіндегі екінші сигналдық жүйенің қалыптасуы.

3. Еркелеу – бөбек жасына тән психикалық дамудың өзіндік ерекшелігі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жадыра м.д.б психофизиологиялық ерекшеліктері.docx

— 81.83 Кб (Скачать документ)

Бөбек жасындағылдардың психикалық дамуы  
бөбек-мектепке дейінгі бала 
Жоспар 
 
1. Бөбек жасы кезеңінің өзіндік ерекшеліктері. 
 
2. Бөбек жасы кезеңіндегі екінші сигналдық жүйенің қалыптасуы. 
 
3. Еркелеу – бөбек жасына тән психикалық дамудың өзіндік ерекшелігі. 
 
Бөбек жас кезеңінің өзіндік ерекшеліктері. Егер нәрестенің психикалық дамуы тым қарапайым түрде кездессе, алдағы екі жылдың ішінде психикалық дамуы ірі өзгерістерге ұшырайды. Бөбек жасының аяқ кезінде (3 жастағы кезі) бала ақыл-ойының дамуы жағынан едәуір жетістікке жетіп қалады. Психолог Б. Гудинаф өзінің еңбектерінде бөбек жасына аса көңіл бөледі. Оның ойынша, жаңа туған бала мен үлкендердің психикалық дамуының тең ортасы – бөбек (3 жас) жасы дейді. Ал осындай ірі жетістіктерге бөбек аз уақыттың ішінде қалай жете алады? Бұл жетістікке жетудегі себептің бірі (1 жасқа толғанда) баланың түргелеп жүруі. Тікелей жүруге көшу бірден болмайтынын қазақтың балаға «тұсау кесу» дейтін ырымынан да белгілі. Бұл жетістіктің екінші себебі: әр заттың өзіне тән қызметін ажырату. Егер нәресте жасындағылар әр заттың қандай қызет атқаратынын білмесе, енді ол бөбек жасына көшкенде соның атқаратын қызметінің мәнісін түсіне бастайды. Бөбек психологиясының дамуына негізгі әсер ететін фактордың бірі: оның қарапайым ойындары мен балалар бақшасында тиісті өнерге үйренуі (сызу не үй салу т. б.). Бұл бөбектер үшін өзінше әрекеттің түрлері, сондықтан ойын мен іс-әрекеттер бөбек психологиясының дамуына алкен әсер етеді. Мысалы, ойыншықтармен ойнау осы жас кезеңінің аяғында кездеседі. Әуелгі кезде бөбектер ойыншықтардың сылдарлауына, не бояуына мән берсе, бірақ нендей жәндіктің, не машинаның бейнесі екеніне мән бере алмайды. 
 
Бөбек жасында ойыншыққа байланысты ұлдар мен қыздардың ойыны бірдей емес. 3 жастағы қыз аюдың ойыншығын бергенде оның үстіне көйлек тігіп, кигізіп, кішкентай тәрелкеге ас салып, қасықпен оны тамақтандырады. Ұлға осындай ойыншық ұсынсаң ол одан бас тартып, бұл қыз балалардың қызметіне қатысты, сондықтан оған қатысы жоқ екенін айтады. Ал ұлдар таяқты ат қып мініп, «осы менің атым» жүгіретіні кездеседі. Ойынға қатысушылар аю ойыншығы нағыз аюдың өзі емес екенін, ал таяқтың ат емес екенін өздері де жақсы біледі. Бұл сұраққа өздері былай жауап береді: «Біз әншейін ермек үшін ойнаймыз» – деп жауап береді. Ал осындай ойындағы заттарды (ойыншықтарды) өзге заттың символы (не белгісі) деп түсіну бөбектердің фантазиясын, ой-өрісін дамытуға едәуір пайдасын тигізеді. 
 
Бөбек психикасының дамуын одан әрі өрістетуде оның сөйлеу әрекетінің қалыптасуының ерекше маңызы бар. Осы кезден бастап сөздерден сөйлем құрастыра бастайды. Бөбек 3 жасқа жеткенде 1200 – 1500 сөз біледі (осыған сәйкес 150 – 20-ге жуық морфемаларды меңгеруі мүмкін). К. Чутовский өзінің «Үштен беске дейін» атты кітабында бөбектер қалай сөйлем құрастыра алады және осыған байланысты икемділігі тілші ғалымдардан кем емес екенін атап керсеткен болатын. Оның ойынша бөбектер тіпті ана тілінде кездеспейтін (бұрын айтып көрмеген) жаңа сөйлемдер құрастырады. Мұның себебі бөбек әлі қандай сөздер айтуға болатынын не болмайтынын білмейді. Себебі жаңа сөйлемді бірден естіп, оны қайталап отырған жоқ. Мұндай сәтсіздіктер кейін үлкендердің көмегімен түзетіледі.  
 
Адам тек ұғымға сүйеніп ойланбайды. Оның ой-өрісі елестету бейнелеріне де негізделеді. Сондықтан әуелі бөбектің қабылдауы мен елестетуіне тоқталайық. Бөбек жасының бас кезінде (1,5-2 жаста) бала жан-жағына қарап заттарды заттардан, не таныстарды таныстардан ажырата алғанымен, оның қабылдауы әлі нашар дамыған. Бөбек әуелгі кезде заттың тек бір қасиетіне, не білгісіне мән беріп, өзге жағын елемейтін болады. Мысалы, бөбек «торғай» сөзді естіп, кейін осы сөзді нақты торғаймен ұшастырады да бұдан соң «торғай» деген сөзді естігенде торғайдың мұрны сияқты ағашты да торғай деп айтатын болған. Себебі торғайдың бейнесін бөбек әлі тұтас ажырата алмайды. Сол сияқты бөбек танысының суретін көргенде оның көшірмесі (бейнесі) демей, сол адамның өзі деп түсінеді. Себебі сол адамды ол танитын болғанымен, оның тек бір мүшесін (мұрнын, не шашы мен көзін) есте қалдырған. Ал бөбектің қабылдау үстінде заттың бірнеше қасиеттерінің, соның ішінде көлемімен, ұзындығымен, өңімен, түсімен т. б. танысуға келсек, осылар сол заттың бейнесімен бірге елестетіледі. Бөбек жасының бастапқы кезінде тиісті зат жоқ болса да, оның бейнесін елестету оның үзінділерінде, не кездейсоқ жағына мән беруге негізделеді. Бөбек жасының аяқ кезінде бала «шеңбер», «төртбұрыш», «үшбұрыш», «тік бұрыш», «көп бұрыш» т.с.с. ажыратып, соларды есінде сақтай алады. Сол кезде бөбек негізгі түстерді ( қызыл, сары, көк, көкшіл, ақ, қара т. б.) ажыратып соларды қосымша түстерден айыра батайды.  
 
Бөбек жасы кезеңіндегі екінші сигналдық жүйенің қалыптасуы. Таным процестеріне байланысты бөбектің тіліне де әсер етеді. Егер біреудің бізге таныс емес тілде сөйлеген дауысын естісек, осыған байланысты дыбыстарды ажырата алмаймыз. Бізге сол дыбыстар тек шудан тұратындай болып көрінеді. Мұның себебі үйренгендіктен: ана тілімізде естіген сөздер тек белгілі тәртіпке бағынатын сияқты. Осыны фонематикалық есту деп атаймыз. Фонематикалық есту әркімнің қабылдауының өз тіліне бейімделіп өзге тілдегі дыбыстарды елемеуі. Осы қасиет тек бөбек жасынан басталып,олар өз тілінің фонематикалық есту ерекшелігін өзге тілдерден ажырата бастайды. 
 
Ж. Пиаже өзінің шығармаларында мектепке дейінгі жасты, соның ішінде бөбек жасын ойлау операциясына дейінгі жас деп атайды. Бұл жерде Ж. Пиаже «ойлану» деген терминді – проблемалық мәселені шеше білу ретінде (есеп шығару т. б.) қолданды. Бөбектерде ойланудың тек қарапайым түрлері бар, бөбек жасында нақты ой-әрекеті кездеспейді. Мысалы, бөбек кубиктерден үй құрастырып жатқанда, оның қасына келіп, не істеп жатырсың десең, осыған ауызша жауап беруге қиналып, салған үйін бұзады да, «қара!» деп соны қайтадан салады. Бұл жағдайда ойын нақты іс-әрекет үстінде «қара!» деп жеткізіп отыр. Ал нақты бейне ойы деп заттардың өзін көрмей тұрғанда, олардың бейнесін басында елестете отырып, соған тіректелетін, ойын жеткізуді айтады. Соңғы ой амалы бөбекте күшті дамыған.  
 
Бала бөбек жасының бастапқы кезінде өзін «Мен» дей алмай, көбіне «ол», не өзінің атымен атайды. Л. Н. Толстой бір сөзінде, ол өзінің есін (өзі жөніндегі және өзгелер жөніндегі оқиғаларды) 2 жасымнан бастап біле бастадым дейді. Бұл қате болар. Өйткені, бөбек жасының аяқ кезінде (2,5 жастан асқан соң) ғана балалардың көпшілігінде есі кіре бастайды. Баланың есінің кіруінің өзі – ол үшін үлкен жаңалық. Өйткені есі кіргеннен кейін бөбекте «Мен» деген қасиет пайда болады. Егер бөбек жасының аяқ кезіне дейін бала есін білмей келсе, кейін «Мен» деген қасиет пайда болмайды. Сананың, яғни естің бөбекте пайда болуы оның тілінің шығып, ойын сөйлеу арқылы өзгелерге жеткізе алуының нәтижесінде пайда болады. Егер адам тіл білмесе (мұндай жағдайдың болуы мүмкін емес), онда оның есі мен санасы және «Мен» деген қасиеті де болмас еді. 
 
Бөбекте «Мен» деген қасиет өзін өзгелерден ажырата алудан пайда болады. Бұл үшін бөбек әуелі айнаға қарап, өзге кісілерден өзін ажыратады. Оған дейін (2-2,5 жасқа дейін) зерттеушілердің айтуынша, бала айнаның бетінде, тек таныс адамдардың бейнесін ажыратады да, өзінің бейнесін айқын сезе алмайды. Сондықтан өзінің бар екенін (тіршілік ететінін т. б.) бөбек жасының аяғына дейін бала ажырата алмайды. Тіл арқылы өзгелермен байланысып, кейін бала үшін сөйлеу қызметі өзін өзгелерден ажыратуға мүмкіндік береді. Мысалы, бөбек «Мынау Менмін», «Мен Бұзаубаймын» – деп осы сияқты сөздерінде өзін өзгелерден ажыратып отырады.  
 
Еркелеу – бөбек жасына тән психикалық дамудың өзіндік ерекшелігі. Бөбек бір істі өзім орындаймын дегенде, солардың бәрін өзбетімен орындау оның қолынан келе бермейді. Сөйтсе де, ол өзім жасаймын дейді. Мысалы, бәтеңкесінің бауын байлау бөбектің қолынан келмеуі мүмкін. Бірақ осыған көп уақытын жіберіп, байлай алмағанда жылап, «қалай байлауды маған көрсет» беп өтінеді. Сондықтан бәрін өзім орындаймын деп талаптану сол істі барлық жағдайда жақсы меңгере алуынан емес.  
 
Еркелеудің бір түрі, яғни «дағдарыс» кез бөбектерде түрліше кездеседі, біреуде тым айқын, өзгелерде онша білінбейді. Ал осы «менменсу» бөбекпен дұрыс тәрбие жүргізілмесе, ерегесуге, яғни негативизмге алып келеді. Мысалы, 3 дөңгелекті велосипедке мініп жүрген бөбекке анасы мінуге рұқсат етпесе, бала ызаланады. Кейін анасы «міне ғой!» десе, ерегесіп «енді мінбеймін» деп отырып алады. Сол кезде «мінбей – ақ қой!» десе, онда «мінемін» дейді. Демек, бөбек үлкендердің айтқанына қарама-қарсы іс жасағысы келеді. 
 
Бұл жадғайда бөбек велосипедке мініп, оны айдағысы келуі сөзсіз, бірақ осы қажеттілігін ол тежелтіп, анасына қыр көрсеткісі келіп отыр. Ал ерегісу бөбектің күшті екенінің белгісі емес, керісінше, әлсіздігі. Себебі, бұл еркелеудің негізінде болып отыр. Ерегесу көбінесе санасыз жүзеге асады. Егер ерегісу, яғни негативизм қайталана берсе, кейін бала тәрбиеге көнгісі келмей, үлкендердің өсиетіне қарсы шығып отыратын болады. Мұны қиқырқыңырлық (строптивость) дейді. Бұл қырсығудың ең жоғарғы сатысы.

 

Мектепке дейінгі  кезеңнің негізгі іс-әрекеті мен таным процестерінің дамуы 
 
Жоспар 
 
1. Ойын – мектепке дейінгі кезеңнің негізгі іс-әрекеті. 
 
2. Мектепке дейінгі жастағы балалардың рөлдік ойын ерекшеліктері 
 
3. Мектепке дейінгілердегі екінші сигналдық жүйенің дамуы. 
 
4. Мектепке дейінгілердің таным процестерінің дамуы. 
 
Ойын – мектепке дейінгі кезеңнің негізгі іс-әрекеті. Мектепке дейінгі жас кезінде балалардың денесі мен ақыл-ой өрісі төменгі жастарға қарағанда едәуір жетіліп қалады. Бірақ 3-5 жас аралығында бала бойының өсуі шамалы тоқталып қалады, мектепке кіргенше өсіп қалады. Бала бойының өсуі салмағының өсуінен шамалы алда жүреді. Мектепке дейінгілердің анатомо-физиологиялық дамуының негізінде есеюге байланысты жаңа талаптарды (оқу,еңбек) орындауға мүмкіндік туады.  
 
Алдымен баланың ойынына нендей нәрсе түрткі болады, соған тоқталайық. Ф. Шиллердің айтуынша, бала қозғалмай, не бір нәрсемен шұғылданбай көп осының салдарынан «жұмсалмай қалған қуаты» жиналады да, соны жұмсау қажеттелігі оны ойынға итермелейді. Бұл пікірге көптеген психологтар қарсы шықты. Күш-қуаты таусылып, шаршап отырған балаға «ойнайсың ба?» деп сұрасаң, «ойнаймын» деп жауап береді дейді. Осыны есепке алып, австрия психологы К. Бюллер «жұмсалмай қалған қуат» теориясы баланың не себептен ойнайтынын толық дәлелдей алмайды деп, ойынның себебін рахаттанумен байланыстырады. Рахаттану теориясы, алғашқы пікірге қосымша ретінде қолданылады. 
 
Неміс психологы К. Гросс кішкентай балалардың ойынын зерттеп, 1899 жылы өзінің осы жөніндегі пікірін жариялады. Оның айтуынша, бала өзінің күшін, ақыл-ойын дамытып, дағдылану үшін ойнайды. Осы пікірін дәлелдеуде К. Гросс мынадай деректер келтірді: әсіресе төменгі даму сатысында тұрған жануарлардың өзгерілмейтін соқыр сезімі (инстинкті) көп болғандықтан, олардың балапандары ойнамайды, тек инстинктері аз жануарлардың балапандары ғана ойнайды. Ойнайтын себебі, олардың туа берілген инстинктері аз болғандықтан, осыған байланысты ептілікті машықтану арқылы толтырғысы келеді дейді. Бұл пікірге Голландия психологы Е. И. Бойтендайк қарсы шықты. 
 
Сонымен, баланың неліктен ойнайтын себебі әлі күнге дейін көпшілік ғалымдар арасында мойындалмаған мәселелердің бірі. Көрнекті орыс марксисінің бірі – Г. В. Плеханов бала ойын кезінде үлкендердің еңбек әрекетін қайталайды, сондықтан «ойын – еңбектің інісі» деген болатын. Бала ойының көбі үлкендерді еңбегін қайталайтыны рас және ұстаздың осы сөзі ойынды әлеумет тұрғысынан дәлеледеуге мүмкіндік береді. Бірақ, психологиялық тұрғыдан алып қарағанда баланың ойнауына не түрткі болатынына ұстаздың бұл сөзі толық жауап бере алмайды. Себебі, тек бала емес, жануар көпшілігінің балапандары да ойнайды, (мысалы, мысық күшігіне лақтың ойнайтыны т. б.). Оны тек балаға ғана емес, жануар балапандарына бірдей тән болғандықтан, жалпы айтқынды репетиция сияқты әрекет. Мұның солай екені мынадан: үлкендердің нақты іс-әрекетін бала болғандықтан, соны дәл дәрежесінде қайталай алмайды. Бірақ оған бала өзін-өзі даярлауы қажет. Артистер сахнаға шықпай тұрып, шымылдықтың бергі жағында өзінің ролін ойнайтыны сияқты бала ойын үстінде өзін келешектегі еңбек әрекетіне даярлайды. Әрине, тап осылай мақсат қоймайды. Бірақ ұзақ тарихи дамуда баланың ойны үлкендердің ісін үйренуге арналған. 
 
Осыған орай, аса қажетті мәселенің бірі – өткен тарихи дәуірлерде бала ойнады ма, ойнаса қай жасынан бастап осыған кірісті. Психологтардың айтуынша ерте кездерде көпшілік елдердің балалары ойын легенді білмеген. Бұған дерек, бұдан біршене жыл бұрын өлген кісілердің моласын қазғанда бала сүйектерінің қасында ойншықтардың ешқандай түрі кездеспепті. Сондықтан балалар үшін әдейі ойыншық жасау соңғы ғасырларда пайда болған дейді.  
 
Осыған орай жүргізілген зертеулерге қарағанда, ерте кезде балалардың көбі тек 5-6 жасқа дейін ғана ойнап, кейін үлкендермен бірге жұмысқа кірісіп, кішкентайынан материалдың игілікті өндірілуіне үлес қосқан. Д. Б. Эльконин эскимос балалары 5 жасынан әке-шешелерімен бірге балық аулауға, не егін айдауға кірісіп, қиын жұмыстарды да орындай алатынан айтады. Бұл турлы орыс саяхатшысы Миклухо-Маклай өткен ғасырда Шығыс халықтарын кемемен аралай жүріп, Малинезия т. б. елдерде балалар 5-6 жасынан түгелдей еңбекке жегілетінін ескертеді. Бұл мәліметтер қазақ үшін жаңалық емес. Өйткені ерте уақытты қазақ елінің балалары 4-5 жасынан еңбек етуге кірісті. Мысалы, 4 жастағы балаға билерді қайырын кел деп тапсырма бергенде, жылқының бірін құрықпен ұстап алып, бойы жетпегендіктен оны үлкен тасқа жетектеп, тастың үстінен жүген салып, қарғып мінеді де, бала билерді тез қайырып келеді. 5-6 жасқа келгенде түйеге мініп шөмеле таситын не тезек теретін, 7-8 жасқа шыққанда атқа мініп, малды далаға алып кететін, сол кезде малға қасқыр шаба қалса, сәби бала аттың үстінде қолындағы қамшымен қасқырға ұмтылатын болған. 
 
Осы сияқты еңбектердің түрін сол жастарды ауылда өскен балаларың бәрі бастан кешірді. Сондықтан, Д. Б. Элькониннің айтуы түгелдей дұрыс. Қазіргі кезде балалық кез бұрынғына қарағанда көпке дейін созылады. Тіпті, 15-16 жастағы балалар ойнайды. Мұның себебі, біріншіден тұрмыстың нашар кезінде бұқара халық баласын көпке дейін еркелетіп ойнатуға шамасы келмеген. Сондықтан жас кезінен оларды материалдық игіліктерді өндіруге жекті. Екіншіден, әлеумет қоғамы сол кезде басқаша болатын. Ол кезде ойын кішкентай балалардың негізгі іс-әрекеті болмаған, жұмыстан қолдары босаған кезде ғана ойнайтын болған. Біз осыдан балалар ойыны белгілі әлеумет дәуірінің жемісі екенін көреміз.  
 
Мектепке дейінгі жастағы балалардың рөлдік ойын ерекшеліктері. Әдетте, мектепке дейінгілерде ойынның неше түрлері кездеседі. Қазіргі кезде мектепке дейінгілердің ойының көбісі рөлдік ойындар. Рөлдік ойын деп кішкентайлардың «Мен мұндай боламын, немесе мен мұндаймын» деп тиісті бейнелерге еліктеуін айтамыз. Рөлдік ойын – ойынның ең көп тараған түрі. Балалар бақшасында «Бақша» деген ситуацияны қайталау: балалардың біреуі «Мен тәрбиеші боламын, ал сен бала боласын» деп, кейін осы рөлді атқарады.  
 
Балалардың рөлге байланысты ойындары балалардың ақыл-ой қабілеті мен қиял процестерін дамытуға әсері көп. Қамтылған рөл ойындарының көпшілігінде мектепке дейінгілердің қасында объектіге орай аспаптарының көбісі жоқ, сол жоқ нәрселерді ауызша айтады. Мысалы, самолет үшін баланың өзі гүрілдейді немесе қолында ұшақ жоқ балалар бір ағашты алып «мынау менің ұшағым» дейді. Осыған қарағанда, ойын үстінде бір зат екінші заттың орнына тұрарлық (репрезентиптік) қызмет атқарады. Себебі үлкендердің ісін қайталауға тиісті аспаптар балада жоқ болғандықтан, солардың бәрін ойша (жорта) жасап, өзінше (ой тәжірибесін) қолданады. Бұл тек үлкендерге ғана тән емес, себебі болашақ істі алдын-ала ойша бейнелеу психиканың дамуында негізгі рөл атқарады. Ойындағы рөлдік сипат- бұл ересек адамдардың әр саладағы қызметі. 
 
Мектепке дейінгілердегі еікінші сигналдық жүйенің дамуы. 
 
Бөбек жасындағылар негізінен үй ішіндегілермен қарым-қатынас жасайды, ал (4,5-5 жаста) бала сыртқа шығып, құрбыларымен ойнайды, әрқайсысының сөз қоры бірінің білмегенін бірі білуі арқылы, бөбекке қарағанда, 3 есе арта түседі. Бұл жаста сөз қоры 3200-3800-ге жетіп қалады. Сөздік қорының көбеюі тек зат есім арқылы емес, сын есім, сан есім және т. б. арқылы іске асады. 
 
Егер бөбек сөздерден сөйлем құрастыра алмаса, енді бұл жаста қарапайым сөздеден сөйлем құрастыра білу қабілеті артады. Бірақ сөйлем құру тек сан жағынан емес, сапа жағынан да үлкен өзгерістерге ұшырайды. Мектепке дейінгілер есінде бар сөз қорына негізделе отырып, тілдің тиісті ережелерін пайдаланып, мыңдаған жаңа сөйлемдерді құра бастайды. Бұл жерде жаңа сөйлемдер деп, сол тілде бар сөйлемдер ғана емес, тіпті жоқ сөйлемдерді де құруды айтады. Сонымен қатар, қолданылатын сөзін бала тым өткір және күлдіріп айтуға да шеберлігі дами бастайды. Қазақ тілінде кейбір категориялар жоқ болғандықтан, мектепке дейінгілер үшін сөйлеу жеңіл әрі оңай түседі және тиісті морфемалар арқылы сөйлемдерге жаңа жұрнақтарды «желімдей» беруге мүмкіндік туады. 
 
Фонематикалық есту ана тіліне байланысты қалыптаса бастайды, фонематикалық есту мектепке дейінгілерде ана тілінде жақсы дамыған. Мысалы, біреу «сөз» деген сөздің орнына «бөз» десе оны кекетіп бір әріптің өзгерілуі, сол сөздің мәнісін өзгертіп жіберетінін бала сезеді. 
 
Егер бөбектің сөйлеуі көбіне ситуацияға (жағдайға) тәуелді келсе, мектепке дейінгілерде сөйлем көп текстіге сай құрала бастайды. Ситуацияға байланысты сөйлеуде зат есім онша кездеспейді, оның орнына есімдік көп айтылады. Демек балалар сөйлеіп отырғанда қасына біреу келсе, олардың сөзіне түсіне алмайды. Түсіну үшін әңгіме не жөнінде екенін білу қажет. Ал контекстіге байланысты сөйлеу деп сөйлеушілердің қасында тыңдап отырғандар не жөнінде болып отырғанын білмесе де (ситуацияны білмесе де) сол айтылған сөздің тікелей мәнісіне қарап, соны айқын түсіне алуын айтамыз. Мектепке дейінгілер (6-7 жас) ситуацияға байланысты сөйлеуден контекст арқылы сөйлеуге көшеді. Себебі, олардың тек ситуацияға орай түсінікті емес, онсыз да түсінікті келеді. Осыған қарап ситуацияға қатысты тілдің төменгі сатысы екен, ал контекстің негізінде сөйлеу жоғарғы сатысы екенін айтуға болмайды. Себебі, тек мектепке дейінгілер емес, ересектерде кейбір жағдайда ситуацияға негізделе отырып сөйлейтіні жиі кездеседі. Мектепке дейінгілердің сөздері көбінесе өздеріне арналған. Себебі, ересектер сөйлегенде сөзін өзгелерге арнайды. Ал кіші балалар кейде өз-өзіне арнап сөйлейді. Сөйлеудің бұл түрін Ж. Пиаже эгоцентрикалық (лат. Его+центрум – өзіне сөйлеу) деп атаған. Әдетте, үлкендер айланғанда ішкі сөйлеу арқылы өз ісін жоспарлайды. Ішкі сөйлеу мектепке дейінгілерде әлі қалыптаспағандықтан, ойын естіртіп, өз-өзіне айтады. Демек, эгоцентрикалық сөйлеу – өзгелерге аналған емес, баланың өзіне арналған ойды жеткізудің ерекше түрі. Баланың ойы өзіне түсінікті болғандықтан, сол ойын өзіне естіртіп айтуы не үшін қажет? Бұл жағдайда бала ой үстінде өзіне сөз арнағанда, сол сөзді тірек ретінде пайдаланады. Әйтпесе, оның ойлана алуы мүмкін емес. Ж. Пиаже эгоцентрикалық сөйлеу балада 7 жасқа дейін сақталынады, кейіннен жойылады. Бұған Л. С. Выготский қарсы шығып, 7 жасқа толғанда эгоцентрикалық сөйлеу бір жолата жойылмайды дейді. Ол кейін баланың ішкі сөйлеуіне айналады. Л. С. Выготскийдің пікірінше, ішкі сөйлеу сырттай естіртіп сөйлеуден дамып шығады, бұлардың екі арасында эгоцентрикалық сөйлеу кездесіп, екеуін ұштастырып, өзі кейін жойылады дейді. Бұл пікірге кейін АҚШ психологы Дж. Брунер қарсы шығып, ішкі сөйлеу сырттай (естіртіп) тілге үйренуден балада пайда болмайды. Бұл оның түрлі символ арқылы дүниедегі затты бейнелеуге талпынуынан дамып шығады. Оның пікірінше, тілге үйрену балада туғаннан кейін пайда болғанымен, ол оның тәжірибесіне жатпайды. 
 
Мектепке дейінгілердің таным процестерінің дамуы. Таным әрекетіне байланысты мектепке дейінгілердің заттарды эталонмен қабылдауына, қиялына тоқталайық.  
 
Бізді қоршаған дүние заттары мен құбылыстары бірінен соң бірі көзге тәртіпсіз («хаос» сияқты) көрінеді. Құбылыстар мен заттар тым шексіз және сан-алуан сияқты болып көрінеді, олардың кейбіреулері форма не қызмет жағынан ұқсас жақтарын, біріншіден, бір ұғымға жатқызып, соларды топтастырып отырып қабылдау кезінде тәртіпсіздікпен күресуге мүмкіндік береді. Екіншіден, тиісті нәрселерді ойша тәртіпке келтіру үшін нендей қасиеттер мен құбылыстар нәрсенің қандай түріне жататынын білуі өте қажет. Мысалы, егер біздің алдымызға жүздеген бояулардың түрі кездессе, бірақ солардың түрі нендей негізгі бояуларға жататынын білмесек, сол бояуларды қабылдау қиынға соғар еді. Үшіншіден, біз белгілі бір заттың салмағын, көлемін, ұзындығын, оларды өлшемей-ақ қанша екенін, олардың бәрін өлшейтін болсақ, одан өз ортамызға бейімделу қиынға түсер еді.  
 
Заттар мен құбылыстарды қабылдау ерекшеліктеріне байланысты былай топтастыруға болады: 
 
Топтастыру. Бұл қасиетке бала (5-6 жасынан) ие бола бастайды. Айталық, шелек, тостаған, шөміш, т. б. бала «ыдыс» деген ұғымға жатқызып, осыларды әр түрлі нәрселерден, мысалы, орындық, үстел, керует, диван, кебеже, т. б. ажыратады. Ал пиманы, бәтеңкені, етікті, мәсіні, т. б. аяқ киімге жатқызып, бұларды киімдерден (пальтодан, шалбардан, бешпеттен, т. б.) ажыратады. Сол сияқты, құмды, тасты, борды, әйнекті т. б. «минерал» деген ұғымға жатқызып, осыларды металдардан ажыратады. Топтастырудың бұл түріне мектепке дейінгілер үйрене алмаса, психикалық даму жағынан оқуға даяр бола алмас еді.  
 
Эталон арқылы білу. Егер бала, мысалы, үшбұрыш дейтін геометриялық фигураны кездестірсе, соны үшбұрышқа жататынын анықтау үшін, оның санасында үшбұрыш туралы ұғым болуы шарт. Осыны эталон деп атайамыз. Осы сияқты балаға жасыл түске боялған қағазды көрсетіп, кейін соны жасырып қойып, мына көп түстердің ішінен жасыл түсті қағазды алып бер десе, мұны бала орындай алады. Себебі, әуелгі түсті көрсеткенде жасыл түстің эталоны оның санасында қалып қойған.  
 
Заттың көлемі мен санының ерекшелігі. Бұл жастағылардың көбі тиісті нәрселердің саны көбейетінін не азаятынын немесе көлемі ұлғаятынын не кішкентай болатының түсінігіне ие бола бастайды. 
 
В. С. Мухина өзінің еңбегінде мектепке дейінгілерде қалайша эталондар (не «өлшеуіштер») қалыптасатынына тоқталып, эталон деген санды, көлемді не салмақты сақтау деп атап өтті.  
 
Бөбектер көбінесе заттың бір белгісіне қарап, кейін сол затты таниды. Ал мектепке дейінгілер бөбектерге қарағанда затты тұтастырып қабылдайды. Мектепке дейінгілерде қиын жүретін процесс- бұл кеңістікті және уақытты қабылдауы. Кеңістікке орай «оң жақ», «сол жақ» дегенді бөбектер жақсы түсіне алмайды. Ал уақытты қабылдауға келетін болсақ, «кеше», «бүгін», «ертең» т.с.с. ұғынуда да біраз қиындықтар туындауы мүмкін.  
 
Мектепке дейінгілердің зейіні бір объектіге қаншалықты берілуі, олардың оған қаншалықты қызғылықты келуіне байланысты. Бөбектер ойынға 30-40 минутқа дейін зейінді келе алатын болса, ал 6-7 жастағылар 1-1,5 сағатқа дейін беріле алады. Ал осы қасиеттердің баланың жадында ұзаққа қалдыра алмайды. Мектепке дейінгілерде тек арнаусыз есте қалдыру рөл атқарады. Арнаусыз есте қалдыру арнаулы есте қалдыруға қарағанда нәтижелі келеді. Себебі, бұлар тек нақты бейнелерді есте қалдыруға бейім. Мектепке дейінгілердің кейде нақты есте қалдыра алуы сондай, оларды суретке түсіріп алғандай сияқты көрінеді. Естің мұндай түрі «эйдетикалық» деп аталады. 
 
Мектепке дейінгілерде қиялдау процесі де едәуір дамып қалады. Себебі, осылардың негізгі әрекеті ойын, ал ойынның қайсысы да шындыққа сай келе бермейді. Ойынның нәтижесінде балада қия кеңнен өріс алады. Мектепке дейінгілердің қиялдау процесі ертек үстінде қалыптасады. Ертек тек қазіргі заманда ғана емес, өткен дәуірлерде де 5-7 жастағылардың өмірінде де незгі рөл атқарған.  
 
Мектепке дейінгілердің жасын Ж. Пиаже «операцияға, ойлануға дейінгі кезең» деп атаған. Осыған қарағанда олар үлкендерге тән мәселелерді шеше алмайды деген сөз. Мектепке дейінгілерде көбінесе нақты бейне ойы және ойының жүйелігі тән.

 

 

Мектеп жасына дейінгі балалардың психофизиологиялық ерекшеліктері. 
 
Мектепке дейін тәрбиелеу мен оқыту дейін.Мектепке дейінгі тәрбие отбасында және мектепке дейінгі ұйымда жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі ұйымдар отбасымен қатар бір жастан алты жасқа дейінгі мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ,олардың дене және психикалық денсаулығын қорғап ,нығайтуды, дамуында ауытқуы, бар балалардың жеке қабілеттерін дамытуды және оған мұқтаж балаларға қажетті түзету жасауды жүзеге асырды.Зерттеу мақсаты мектеп жасына дейінгі балалардың мектепке дайындығын қалыптастыру үшін танымдылық процесстерін дамыту. 
 
Сондықтан мектеп жасына дейінгі балаларға, олардың отбасына көмек ретінде зерттеу жұмысын жазуды жөн көрдік. Зерттеу жұмысын бастамас бұрын біз алдымызға мынадый болжам қойдық – балалардың танымдық процестерін дамытуда міндеті болып табылады.  
 
Процестерінің дамуы, қоршаған ортаның баламен қарым-қатынасына байланысты.Егер зерттеу мақсаты болжам мақсатқа жету жолында мынандай міндеттерді алдымызға қойдық. 
 
- мектеп жасына дейінгі балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін зерттеу. 
 
- мектеп жасына дейінгі балаларда танымдық процестерінің денгейлерінің диагностикасы. 
 
- баланы мектепке дайындаудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолданудың психологиялық мүнкіндіктерін айқындау. 
 
Зерттеу әдістер-танымдық процестерді зерттеуге арналған стандартты әдістер комплексі. 
 
- түрлі әңгіме әдістерін қолдану. 
 
- шағын тестік тапсырмалар 
 
Мектеп жасына дейінгі балалардың тұлға дамуының психологиялық - физиологиялық жағдайлары. 
 
Мектепке дейінгі балалық шақта (үштеп жеті жасқа дейін) организімнің қарқынды жетілуі жалғаса түседі. Жалпы өсумен қатар ткандар мен мүшелердің анатомиялық қалыптасуы және функциялық дамуы жүріп жатады. Скелеттің сүйектеніп, бұлшықтың еттердің сомдануының, тыныс алу, қан айналу мүшелерінің дамуының үлкен маңызы бар. Ми салмағы 1110 грамнан 1350 грамға дейін өседі. Үлкен ми сыңарлары қабықтарының реттегіш ролі мен оның ми қабығы астындағы орталықтарды бақылуы арта түседі. Шартты рефлекстердің пайда болу жылдамдығы артып, әсіресе екінші сигнал жүйесі қарқынды дамиды. Дене дамуы баланың дербестігінің арта түсуі үшін, тәрбие мен оқыту процесінде қоғамдық тәжірибенің жаңа формалары игеруі үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Баланың мектепке дайындығының кейбір психологиялық аспектілері. Мектептегі оқудың басталуы – бала өміріндегі әлеуметтік психологиялық жағынана да, физиологиялық жағынан да қиын әрі жауапкершілігі мол кезең. Бұл адам өміріндегі және іс-әрекетіндегі жаңа жағдай болып табылады. Сонымен қатар жаңа қарым-қатынастар жаңа міндеттердің тоғысуы болып табылады. Баланың бұл кезде бар өмірі өзгеріске түседі. Мектеп бірінші күннен бастап оқушыға бірнеше талаптар қоятыны белгілі. Ол оқушының азын-уалақ алған білімі талаптарды орындауға мүмкіншілік бермейді. Осындан келеді де, оқушылардың мүмкіндіктерімен мектептің қойлатын талаптары арасында қарама–қайшылықтар туады. Себебі оқу басталғанан жүктеменің көлемі өседі 
 
Балабақша ұйымдарында мектепке дайында.Қазіргі уақытта баланы мектепке дайындау, белгілі бір дағдыларды игеруге бейімдеу заманымыздың көкейкесті мәселелерінің бірі болып отыр. Мектепке дейінгілердің өз-өзіне қызмет ету дағдыларын меңгеруі - өнегелі, жігерлі, дербестік, және табандылық сияқты қасиеттерін тәрбиелеудің тиімді жолы. 
 
Мектеп жасына дейігі балалардың танымдық процестерін дамытуға арналған эксперементті ұйымдастыру жолдары 
 
П.П.Блонский өзінің педалогиялық-бағдарлану концепциясында баланың үлгермеушілігі, мектептегі сәтсіздіктерін оның жүріс-тұрыстарынан емес, әуелі семья жағдайына, әлуметтік экономикалық мәселелерінен қарау керек деп тұжырымдаған  
 
Егер сөйлеу, ойлау, қабылдау процестерінің дамуы қалыпты жағдайда жүрмесе баланың ой-өрісінің дамуы да кейін қалады. Бала бұл жаста өзін еркін ұстап, өз бетімен әркет жасап үйрене алмайды, олардың дамуында жол көрсететін, өмірге бейімделуіне жағдай жасайтын адам болу керек. Қандай адамзат баласы болмасын баланың әлеуметтік жағдайына бейімдейтін, үйрететін ата-анасы болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процестерінің дамыту үшін өткізілген эксперементалдық жұмыс 
 
Оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамыту, олардың жоспарлау және ұйымдастыру біліктерін қалыптастыруда оқу-зерттеу жұмыстарының маңызы өте зор.Танымдық іс-әрекеттің шығармашылыққа ұмтылу арқылы сипатталады.Өз бетімен білім алуға ұмтылу танымдық ізденімпаздықты қажет етеді .Зерттеу жұмыстары оқу үдірісімен қатар жүре отырып ,оқушының танымдық біліктерінің дамуына негіз болады.Әсіресе ,бұл жұмыстарда әр оқушының жеке мүмкіндіктері мен қасиеттері айқындалады. 
 
Балалардын ойлауын сезімін,еркін зерттеу керек болса,бұл үшін психолог қандай болмасын бір әрекет ұйымдастырады.Мысалы,өзіне тән ережелері бар ойын ұйымдастырылса,сол ойын үстіндегі балалардың психологиялық ерекшеліктері жазылып,кейін оған мұқият талдау жасалынады.Осы зерттеуде оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты ақыл-ой әрекетіндегі сөз бен көрнекіліктің ара қатынасы үнемі өзгеретіндігі,балалардың жасы өсіп, білім қоры молайған сайын олардың ойлауы тереңдеп,жалпыланып қана қоймай,ондағы образдардың біртіндеп толық және мағыналы бола түсетіндігі де байқалған. 
 
Мектепте оқытуға баланың психологиялық дайрлығы - мектепке дейінгі балалық шақ кезеңіндегі психикалық дамудың қорытындыларының бірі. Қазіргі уақытта баланы мектепке дайындау, белгілі бір дағдыларды игеруге бейімдеу заманымыздың көкейкесті мәселелерінің бірі болып отыр.  
 
Ендігі жерде мектеп жасына дейінгі баланың бүкіл өмірін ұйымдастыру, оның денсаулығын нығайту, ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесін жетілдіріп, түптеп келгенде мектепке даярлау, тікелей ата-ананың үлесіне тиеді.Мектепке дейінгі ұйымдарда білім сапасын арттыру аса маңызды мәселе, ол үшін жалпы және негізгі жағдайларды жақсарту басты міндет болып табылады.Біріншіден, білім мен тәрбие беруге арналған дамытушы ортаны жабдықтау қажет десек, ол мектепке дейінгі кезеңнің өзіндік ерекшелігі мен құндылықтарын сақтайтын, баланың балалығына бағытталуы шарт.Екіншіден, тәрбие мекемесінің басшысы мен тәрбиеші педагогтар қауымы кәсіби шеберліктерін үнемі шыңдап, білімін жетілдіруге жүйелі көңіл бөліп, ұжымның шығармашылық бағыт-бағдарын айқындап, оны жүзеге асыруға белсенділікпен ат салысуға және жағымды психологиялық ахуалдың тұрақтануына ықпал ету қажет. Сондай-ақ, отбасының сұранысы мен талап-тілектерін қанағаттандыру және білім мен тәрбиенің балаға берілген үрдісі жайында ата-анамен үнемі бірлескен ынтымақты негізде жұмыс істеу де өте маңызды. Үшіншіден, балабақшада еңбек етуге толық жағдай жасалып, тәрбиелеу мен білім берудің технологияларын сауатты меңгеріп, жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдер жүйесін кәсіби шеберлікпен игеріп, оны тәжірибеде пайдалануға шығармашылықпен үлес қосып отырса. Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы. 
 
Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – тұлғаны оқыту, тәрбиелеу, дамыту. Бұл мақсаттар өзара тығыз байланыста болғанда ғана нәтижелі болады. Баланы өмірге дайындау үшін дамытудың маңызы ерекше. Даму барысы: 
 
1. Зердесін дамыту 
 
2. Эмоциясы мен сезімдерін дамыту 
 
3. Күрт қиыншылықтарға төтеп бере алуын дамыту 
 
4. Өзіне-өзінің сенімділігін, өзін-өзі қабылдау, жақсы көруді дамыту 
 
5. Танымдық үрдісін дамыту  
 
6. Өзін-өзі алып жүре алуын, дербестігін дамыту 
 
7. Өзін-өзі көрсете алуына, өзін-өзі жетілдіруге ынтасын дамыту  
 
А. Едігенова бойынша баланың бүкіл өмір бойында оның даму үрдісі жүреді. Даму үрдісінде баланың таным белсенділігі арта түседі. 6 жастағы балалар заттарды түсіне, түріне, көлеміне қарап ажырата бастап, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады. Балалардың бір нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, еліктегіш, әр нәрсеге үңіле қарайды, көп нәрселер оларды ойлантады. 
 
Балалар әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың сырын білуге құмартады. Күн сайын олардың алдында жаңа сұрақтар туады. Сол сұрақтың жауабын олар ересектерден күтеді, өйткені, олардың түсінігінше, ересектердің білмейтіні болмайды. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл-ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Сондықтан ересек адамдар бала сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқан жөн. Себебі сұрағына жауап ала алмаған бала келешекте сұрақ қоюдан жасқаншақтайды және бұл баланы дүниені тануына кері әсер етуі әбден мүмкін.В.С. Мухина бойынша мектеп жасына дейiнгi және бастауыш мектеп жасындағы балаларда мiнез-құлық мотивациясы: мiнез-құлықтың саналы регуляциясы күшейедi, мотивтер мен қажеттiлiктер көлемi ұлғаяды, рухани және материалды қажеттiлiктер сферасы кеңейедi, қарым-қатынасқа деген қажеттiлiк, жетiстiкке жету, басқарушылыққа қажеттiлiк сияқты әлеуметтiк қажеттiлiктер нығая түседi. Көп бiлу, басқалардан жоғары болу, өзi жасай алу сияқты қарапайым қажеттiлiктер пайда болады . 
 
Т. Рибоның айтуынша, баланың шығармашылық қабілеті тәжірибелілігіне байланысты дамиды деп тұжырымдайды. Мектеп жасына дейінгі кезең – қиялдың тез дамитын уақыты. Сондықтан қиялдың дамуын төрт ерекше кезеңдерге бөлуге болады (2 жастан 6-7 жасқа дейінгі аралықта):  
 
1. Бірінші кезең баланың қабылдауының ерекшелігіне байланысты (бір заттан басқа бір затты көре бастауы); 
 
2. Екінші кезең – қиялдың ойыншықтарды жандандыру құдіретінің байқалуы; 
 
3. Үшінші кезең – ойындағы рөлдерге байланысты өзгеруі; 
 
4. Төртінші кезең – бала қиялында өзіндік көркемдік шығармашылықтың басталуы (бейнелерді қайта құруы, жасауы). 
 
О.М. Дьяченко мен А.И. Кирилованың тәжірибелік зерттеулерінде бала дамуында қиялдың екі түрі (сезімдік және танымдық) жүзеге асады. Танымдық қиялдың басты міндеті – ақиқат өмірдің белгілі бір түрде бейнеленуі. Сезімдік қиял, белгілі бір жағдайға байланысты қайшылық болғанда, баланың өзіндік «Мені» қалыптасқанда және оның құрастырудағы бір механизм болады. Е.Е. Кравцованың зерттеуінде қиялдың даму қызметінде үш түрлі компонентті бөліп көрсетті: 
 
1. Көрнекілікке сүйену; 
 
2. Өткен тәжірибесін қолдану; 
 
3. Ерекше ішкі позицияны қолдану. 
 
Осы үш компоненттің қолдануында халық ертегісінің айрықша орнын анықтап, зерттеуге мән берілді 
 
Мектеп жасына дейінгі кезеңде қиял – қоғамдық тәжірибені меңгерудегі алғышарттары болып келеді, өйткені балалар қоршаған ортаны, адамгершілікті, эстетикалық идеяларды өзіндік көзқараспен қабылдайды. Баланың қиялы ересектерге қарағанда әлсіз. Л.С. Выготскийдің тұжырымына сүйенсек, «Бала қиялының дамуы біртіндеп, шамасына қарай қабылдауынан басталады. Қиялда болатын барлық образдар, қаншама таңғажайып болып көрінгенмен де, баланың өмірден көрген-білгенінен негізделеді. Кейде бала өмірде кездескен кейбір жағдайларды өзіндік қабылдаумен түсіндіргенде, бізге үлкендерге күтпеген таңқаларлықтай болып естіледі». 
 
С.Л. Рубинштейннің айтуынша «Қиял – бұл образдық форманы іске асыру, өзгеріске енгізу» деп түсіндіреді. Л.С. Выготский мен А.Н. Леонтьев қиялдың ерекшелігіне қарай оған арнайы психикалық процесс деп қарауға мән береді  
 
Атақты психолог Л.С. Выготский баланың қиялы біртіндеп өмір тәжірибесінің молаюына байланысты қалыптасады деген қорытындыға келеді.Қазіргі кездегі психологтар мен педагогтар баланың жеке басының дамуындағы қиялдың маңыздылығының ең тиімді жолы шығармашылық жұмыста көрсету, үйрету, көркемдік әдебиетте нақтылау, өз бетінше жұмыс жасауына жағдай жасау, яғни, еркіндік беру керектігін айтады. Сонымен қиялдың дамуы төмендегідей үш компоненттен тұрады: 
 
Бірінші дәрежеде қиял қоршаған болмыспен байланысты, дайын нәтижені ойластыруға мүмкіндік береді.Екінші дәрежеде баланың өткен тәжірибесімен байланысты, бірақ сонда да заттық байланыстың рөлі бар.Үшінші дәрежеде қиялдың дамуы балаға ақиқаттан қиялдың қозғалысының жоғарғы формасы – ой – пікірден оның іске асуына байланысты. 
 
Қорыта айтқанда, біздің тәжірибемізге негіз болған 5-6 жастағы балалардың құрастырған ертегілері мен қызықты әңгімелері ұйымдасқан түрде мағыналы, жүйелі, өз бетінше еркін жүргізілген жұмыс, қиялдың дұрыс дамуына апаратын көп жолдың бірі болды деп есептейміз. 6 жасар бала өз қиялында алуан түрлі жағдайлар құра алады және баланың өзі сонда әртүрлі жағынан көрінеді. Ойын барысында қалыптаса отырып, қиял басқа да іс-әрекет түрінде өте алады. Тілі және қиялы жақсы дамыған бала қызықты сюжетті тез арада жанынан ойлап шығара алады. Қиялдың үздіксіз жұмысы – баланың айналадағы әлемді танып-білуінің және игеруінің маңыздылығы, бұл жеке тәжірибе аумағынан шығудың әдісі. 
 
В.С. Мухина теориясы бойынша өзінің бастамалары жағынан баланың қиялы сәбилік шақтың соңында пайда бола бастайтын сананың белгілер функциясымен байланысты. Белгілер функциясын дамытудың бір желісі заттарды басқа баламалармен және олардың бейнелеулерімен алмастырудан тілдік, математикалық және басқа белгілерді пайдалануға, ойлаудың логикалық формаларын меңгеруге әкеледі. Екінші желі нақтылы бұйымдарды, оқиғаларды қиял арқылы толықтыру мен алмастыру мүмкіндігінің пайда болуы мен кеңеюіне, жинақталған түсініктердің материалынан жаңа бейнелер құруға жетелейді.Баланың қиялдауы ойын үстінде қалыптасады. Алғашқы кезде қиял заттарды қабылдаудан және ойын іс-әрекеттерін орындауынан ажыратылмайтындай. Ойын үстінде қалыптасқан қиял мектепке дейінгі бала іс-әрекеттерінің түрлеріне де ауысады. Бала сурет салғанда, ертегілер мен тақпақтарды ойлап шығарғанда қиял неғұрлым айқын байқалады.Сондай-ақ мектепке дейінгі шақта зейіннің, естің, қиялдың дамуында ұқсастықтар бар. Егер сәбилік шақта өзінде қабылдау мен ойлау іс-әрекеттері ретінде анықтауға болатын бағдарлау іс-әрекеттерінің ерекше формалары ретінде бөлінсе, мектепке дейінгі кезеңде мұндай іс-әрекеттер үздіксіз күрделілене және жетіле түседі, ал зейін, ес, қиял ұзақ уақыт жеке сипат ала алмайды. Бала бірдеңеге назар аударарлықтай, көргені мен естігенін жадында сақтарлықтай, бұрын қабылдағанының аумағынан шығарлықтай арнайы іс-әрекеттерді игере білмейді. Мұндай іс-әрекеттер тек мектепке дейінгі кезеңде қалыптаса бастайды.В.С. Мухина бойынша мектепке дейінгі бала әрекетінің жаңа түрлерін, үлкендердің оған қойған жаңа талаптарын игерудің ықпалымен баланың алдында бір нәрсеге зейінін шоғырландыру және оған зейін қою, материалды есте ұстау және оны жаңғырту, ойынның, суреттің т.б ой желісін құру сияқты жаңа ерекше міндеттер пайда болғанда ғана бетбұрыс жасалады. Осы міндеттерді шеше білу үшін бала үлкендерден үйренген тәсілдердің қандай да біреуін пайдаланады. Міне, сонда ғана зейіннің, естің, қиялдың арнайы іс-әрекеттері қалыптаса бастайды .Мектепке дейінгі кезеңде баланың зейіні төңіректегі заттарға және осылар арқылы орындалатын іс-әрекеттерге қатысты ынтамен сипатталынады. Бала бір нәрсеге ынтасы өшпей тұрған кезде ғана зейінін шоғырлайды. Жаңа бір нәрсе пайда болысымен-ақ баланың зейіні лезде соған ауады. Сондықтан балалардың ұзақ уақыт бір іспен шұғылдануы сирек болады. Д.Б. Эльконин пікірінше, мектепке дейінгі кезеңде балалар іс-әрекетінің күрделенуіне жалпы ақыл-ой дамуының ілгеруіне байланысты зейін күшті шоғырланып, тұрақтылыққа ие болады. Мысалы, мектепке дейінгі кезеңдегі кішкентайлар бір ойынды 30-50 минут ойнайтын болса, 5-6 жасқа жеткенде ойынның ұзақтығы 1,5 сағатқа дейін созылады. Мұны ойында адамдардың күрделірек іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарының бейнеленуімен және ойынға үнемі енгізілетін жаңа ахуалдардың қолдау табуымен түсіндіруге болады. Балалар суреттерді көргенде, әңгіме, ертегі тыңдағанда зейін тұрақтылығы арта түседі. Мысалы, мектепке дейінгі шақтың соңында суретті көру ұзақтығы екі есе артады, мектепке дейінгі кішкентайға қарағанда алты жасар бала суретті жақсырақ түсінеді, оның өзіне қызықты жақтары мен егжей-тегжейлерін бөліп алады .Бірақ мектепке дейінгі кезеңде зейіннің негізгі өзгеруі баланың алғаш рет өз зейінін меңгере білуінде, оны саналы түрде белгілі заттарға құбылыстарға бағыттай білуінде және кейбір тәсілдерді пайдалана отырып, соларға зейін қоя білуінде. Мектепке дейінгі шақ ішінде өз зейінін ұйымдастыру үшін сөзді пайдалану күрт өседі. Мұны, атап айтқанда, мектепке дейінгі ересектер үлкеннің нұсқауы бойынша тапсырманы орындағанда мектепке дейінгі кішкентайларға қарағанда нұсқауды 10-12 рет жиі қайталады. Сонымен, баланың мінез-құлқын реттеуде сөздің маңызының жалпы өсуіне байланысты мектепке дейінгі шақта ықтиярлық зейін қалыптасады.В.С. Мухина мектепке дейінгі шақта балалар ықтиярлы зейінді меңгере бастаса да, бүкіл мектепке дейінгі балалық шақта ықтиярсыз зейін басым болып қала береді. Балаларға өздері үшін бір текті әрі тартымы шамалы іс-әрекетке зейін қою қиынға түседі,сонымен бірге ойын процесінде немесе әсерлі сезімге бөлерліктей тапсырмаларды шешерде олар едәуір ұзақ уақыт бойы ықыласты болып жүреді. Мектеп жасына дейінгі бала зейінінің ерекшелігі мектепке дейін оқыту ықтиярлы зейінге үнемі күш салуды талап ететін тапсырмалар бойынша құрылуы мүмкін емес себептердің бірі болып саналады. Сабақтарда пайдаланылатын ойын элементтері, іс-әрекеттің нәтижелі түрлері, іс-әрекет формаларын жиі өзгерту балалардың зейінін айтарлықтай жоғары деңгейде ұстауға мүмкіндік береді.Сенсорлық даму, бала заттардың түсін, пішінін, мөлшерін және олардың кеңістіктегі орналасуын айырып қана қоймай, оларды мөлшеріне қарай сәйкестендіріп (үлкен, кіші, аз, көп) анықтай алады.Зейін тікелей қызығушылықпен байланысты (ырықсыз зейін), өйткені қызықты іске бала көңілі тез ауады. Егер 6 жасар бала ойынмен айналысқан болса, ол алаңдамай 2, тіпті 3 сағат ойнай береді. Алайда, бұлай зейінді шоғырландыру – баланың айналысқан нәрсесіне қызығушылығынан туындайды. Балаға зейінін тәрбиелеуде көмектесу қажет. Үлкендер сөз нұсқаулары арқылы баланың зейінін ұйымдастыра алады. Оларға біркелкі жалықтыратын және тартымдылығы аз іс-әрекетпен айналысу өте қиын. Зейіннің бұл ерекшелігі сабақтарда ойын элементтерін енгізуге және іс-әрекет түрлерін жеткілікті ауыстырып отыруға негізгі себеп болып табылады. 
 
К.Д. Ушинский «Балаға оқуды қызықты ете білу керек және сонымен қатар, оларды қызықтыра қоймайтын тапсырмаларды да бұлжытпай орындауды талап ету керек, бұл жұмысты орындағанда бір жағын басым етіп жібермей, екі жағын теңестіру арқылы еріксіз зейінді тудырып отырумен қатар, балада белсенді зейін шамалы болғанына қарамастан оны жаттықтырып отыру керек», - деп көрсетеді. Оқушылардың зейінін дұрыс қалыптастыруға мұғалімнің жеке басының үлгі-өнегесінің маңызы да зор .В.С. Мухина бойынша мектепке дейінгі шақ есте сақтау мен еске түсіру қабілеттілігінің пәрменді дамуымен сипатталады. Адамдар, оқиғалар есте сақталатын кезең мектепке дейінгі шақта анықталмаған мерзімге ығысады. Шындығында, бізге сәбилік шақтағы оқиғалардан бірдеңені еске түсіру қиын немесе мүлде дерлік мүмкін болмаса, мектепке дейінгі балалық шақ көптеген әсерлі сәттерді есте қалдырады. Бұл әсіресе мектепке дейінгі ересектерге тән. Мектеп жасына дейінгі баланың есі негізінен ықтиярсыз сипатта болады. Бұл бала көбіне өзінің алдына бір нәрсені есінде қалдыру үшін саналы мақсаттарды қоймайтындығын көрсетеді. Есте сақтау мен еске түсіру баланың еркі мен санасына байланысты өтеді. Бұл екеуі де іс-әрекет арқылы жүзеге асады әрі іс-әрекеттің сипатына байланысты болады. Бала іс-әрекетте неге зейін қойса, оған не әсер етсе, не қызық болса, соны ғана есінде сақтайды. Заттарды, картиналарды, сөздерді ықтиярсыз есте сақтаудың сапасы, баланың осыларға қаншалықты әсерлі іс-әрекет істеуіне іс-әрекет процесінде оларды егжей-тегжейлі қабылдау, ойластыру, топтастыру қандай дәрежеде өтетіндігіне байланысты. Мысалы, суреттерді жай ғана қарап шыққанда оларды баланың есінде сақтау анағұрлым нашар балады, ал осы суреттерді, өз орындарына, мысалы, бақшаға, ас үйге, балалар бөлмесіне, қораға дәл келетін жеке заттарды қою ұсынылғанда бала оларды есінде жақсы сақтайды. Ықтиярсыз есте сақтау баланың орындайтын қабылдау және іс-әрекеттерінің жанама қосымша нәтижесі болып табылады .Мектепке дейінгі жастағылардың ықтиярсыз есте сақтауы мен ықтиярсыз еске түсіруі – ес жұмысының бірден-бір түрі. Бала бірдеңені есте сақтау немесе еске түсіру жөнінде алдына әлі мақсат қояды, ал бұл үшін арнаулы тәсілдерді қолдануды білмейді. Мысалы, үш жастағы балаларға суреттер тобының біреуін сұрағанда балалардың басым көпшілігі өзін мүлде бірдей ұстады. Суретке көз жүгіртіп өткеннен кейін бала оны шетке ығыстырып қойып, үлкен адамнан басқа суретті көрсетуді сұрады. Кейбір балалар бейнеленген заттар жөнінде әңгімелеп беруге тырысты, суретке байланысты өткен тәжірибенің жағдайларын еске түсірді («Көзілдірікті көзге киеді. Мынау- көбелек, құрт деп аталады». «Қарбыз. Мен, анам және әкем- үшеуіміз үлкен қарбыз сатып алғанбыз, алқоры одан әлдеқайда кіші», тағы осындайлар). Әйтсе де есте сақтауға бағытталған балалардың ешбір іс-әрекеттері байқалмады .В.С. Мухинаның пікірінше есте сақтау мен еске түсірудің ықтиярлы формалары мектепке дейінгі естияр шақта қалыптаса бастайды және мектепке дейінгі ересектерде жетіледі. Ықтиярлы есте сақтау мен еске түсіруді меңгерудің неғұрлым қолайлы шарттары ойын үстінде жасалады, бала өзіне алған рольді жақсы орындап шығу есте сақтау шарты болған кезде жасалады. Мысалы, сатып алушының ролін алған бала дүкеннен белгілі заттарды сатып алу жөніндегі тапсырманы орындаушы ретіндегі баланың есте сақтайтын сөздерінің саны үлкен адамның тікелей талабы бойынша есінде сақтауға тиісті сөздерден көп болып шығады. Естің ықтиярлы формаларын меңгеру бірнеше кезеңнен тұрады. Олардың біріншісінде әлі қажетті тәсілдерді меңгере алмай тұрып бала есте сақтау мен еске түсіру міндетінің өзін бөле бастайды. Мұнда еске түсіру міндеті бұрын бөлінеді, өйткені бала алдымен дәл еске түсіруді, елестетуді қажет ететін ахуалдарға кездеседі. Бұған дейін ол нені қабылдап, жасағанын көрсететін іс-әрекетті білуі керек. Есте сақтау міндеті еске түсіру тәжірибесінің нәтижесінде пайда болады.В.С. Мухинаның айтуынша, есте сақтау мен еске түсірудің жолдарын бала өз ойынан шығара алмайды. Ондай жолдарды белгілі түрде баланың есіне үлкендер салады. Мысалы, үлкен адам балаға тапсырма бергенде оған осы арада дәл оны қайталап беруді талап етеді. Үлкен адам баладан бір нәрсе сұрағанда, оның еске түсіруіне бағыт береді: «Сосын не болады?», «Жылқыға ұқсас сен тағы қандай жануарларды көрдің?» Тағы сол сияқты. Бала біртіндеп қайталай білуге, түсіне білуге, материалды есте сақтау мақсатында байланыстыра білуге, еске түсіргенде байланыстарды пайдалана білуге үйренеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың кейбіреулерінде эйдетикалық ес деп аталатын көру есінің ерекше түрі байқалады. өзінің айқындығы мен дәлдігі жағынан эйдетикалық естің бейнелеріне жуықтайды: бұрын қабылданған бір нәрсені есіне түсірген бала соны көз алдына қайтадан көріп тұрғандай болады. Эйдетикалық ес – жас шағының құбылысы. Мектепке дейінгі жаста осындай есі бар бала, кейінірек, мектепке оқыту кезеңінде, әдетте өзінің бұл қабілеттілігін жоғалтады.Мектепке дейінгі жас – естің қарқынды даму жасы. Ес – бала үшін маңызды оқиғалар мен мәліметтерді жаданда қалдырады және сақтайды.Сондай-ақ мектепке дейінгі балалардың ойлау үрдісіне тоқталсақ, ойлау – тіл дамуы және ғылыми ұғымдарды меңгеру бірлігінде дамиды. Баланың сау психикасының ерекшелігі – танымдық белсенділігі. Ойлау – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс қатынастарының адам миында жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. Ақыл-ой жағынан бала қаншалықты пәрменді болса, ол сонша көп сұрақтар қояды және оның сұрақтары соншалықты алуан түрлі болады. Бала заттың бейнесін ғана емес, оның қимыл-қозғалыстары туралы да ойлайды. Бейнелі ойлау – 6 жасар бала ойлауының негізгі түрі. Әрине, ол жекелеген жағдайларға логикалық ойлауды да орындай алады, бірақ та бұл жаста көрнекілікке сүйенген оқыту басымырақ болады. Мұның өзі осы жастағы балалардың естері еріксіз жақсы дамиды. Ерікті естері жаңа ғана қалыптасады. Сондықтан жақсы қабылдап алған заттардың түсін есінде жақсы сақтайды. Көру және есту елестері көрген нәрселердің мазмұнымен байланысты болады.Мектепке түсу балалардың логикалық есін дамытуда үлкен роль атқарады. Оқушылардың есін тәрбиелеуде де мұғалім олардың жас және дара ерекшеліктерін ескере отырып, жұмыс жүргізеді. Кіші мектеп жасындағы балаларды оқу тәсілін өз бетімен таңдап ала алмайтындықтан мұғалім үйге тапсырма бергенде, материалды қалай оқу керектігін балаларға ұдайы ескертуі керек. Бұл жөнінде оқулықтардың бәрінде мәтінді қалай оқу, тапсырманы қалай орындау керектігі айтылған. Бірақ баланың назары кейде бұған жөнді түсе қоймайды. Мұғалім мұны қатты ескерген жөн.Мектепке дейінгі балалық шақта заттардың, құбылыстардың, іс-әрекеттердің арасындағы байланыстар мен қатынастарды бөлу мен пайдалануды талап ететін күрделі де сан алуан міндеттерді баланың шешуіне тура келеді. Ойында, сурет салуда, құрастыруда , жапсыруда, оқу және еңбек тапсырмаларын орындауда бала үйреніп алған іс-әрекеттерді жай ғана пайдаланып қана қоймайды, жаңа нәтижелер ала отырып олардың тұрақты түрін өзгертеді. Мектеп жасына дейінгі балалар өздерін қызықтырған мәселелерді түсіну үшін өзіндік эксперименттер жасауға кіріседі, құбылыстарды бақылайды, оларды талқыға салып, қорытындылар жасайды. Мектепке дейінгі балалық шақтың соңында кейбір механикалық физикалық және басқа байланыстар мен қатынастарды түсінуді, осы байланыстар мен қатынастар туралы білімді жаңа жағдайларда қолдана білуді талап етеді. Осы жастағы балалардың жылдың соңына дейін абстрактылы логикалық ойлауы жақсы дами түседі. Бірақ тәжірибе түрінде, бала затты көрмей тұрса, берген сұраққа толық жауап бере алмайды. Бала ойлаудың барлық операцияларын жақсы қабылдауға тиіс.Балалардың ойлауын дамытуда мектептегі оқу-тәрбие процесі шешуші роль атқарады. Бала ойлауын дамыту үшін мұғалім тиісті жұмыстар жүргізіп отыруы тиіс. Ой тәрбиесі адамның психологиясын жан-жақты етіп тәрбиелеумен ұштасып жатады.Таным әрекетінің бірі - қабылдау. Тілдік мәліметтерді және жазылымдағы қатысымдық тұлғаларды ұғыну қабылдаудан басталады. Тілді меңгеру барысында тіл үйренуші есту, көру, сезу арқылы дыбыстарды, сөздерді, сөйлемді қабылдауға үйренеді. Бала қоршаған ортаны жақсы қабылдауға тиіс.Д.Б. Эльконин бойынша кіші мектеп жасындағы балаладың танымдық үрдістердің дамуына келсек, олардың оқу ісіндегі қабылдауы – формамен түстерді тану және атауға келіп тіреледі. Мысалы, түрлі түсті құмыра салу үшін, олар форма, көлем жағынан әртүрлі болып келеді. Төменгі сыныптарда оқитын балалардаң қабылдауында төмендегідей ерекшеліктер болады. Олар әлде де болса құбылыстарды тұтас зат күйінде жөндеп қабылдай алмайды. Мәселен, ол заттың өзіне ұнағанын, олардың көзге бірден көрінетін сыртқы белгілерін қабылдауға ұмтылады. Мұндай қабылдауда белсенділік жағы аз болады. Үшінші сыныптан бастап балалардың қабылдау саласындағы қателер азая бастайды. Оқушы заттың негізгі белгілерін байқай алатын болады. Қабылдауда анализ бен синтез қатар жүреді. Бала әр заттың өзіндік белгісін ұққысы келеді, оның мәніне ішкі,сыртқы құрылысына, жасалу принципіне зе сала бастайды. Қабылдау процесінің күрделене түсуі балаларда байқай алу қабілетінің көрінуімен ұштасады. Алайда, байқаудың қарапайым элементі бірінші сынып оқушыларында да бар. Байқау – белсенді ой-әрекетінің балада дамып келе жатқандығының көрінісі .Мектепке дейінгі бала тәрбиесімен айналысатын педагогтар мен тәрбиешілер, ата-аналар балалармен жылдың қай мезгілінде болмасын далаға шығып, серуендегенде, әртүрлі ойын ойнағанда осы ойланту әдісіне баса көңіл бөлуі қажет. Бала бойына ерекше әсер етіп түрткі болатын айналадағы өлі және тірі табиғаттардың сан түрлі құбылыстары. 
 
К.Д. Ушинский – баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту, оның өзіндік логикалық ойын, сөз қорының, санасының жетілуіне әсері мол екенін көрсеткен. Логикалық ойдың, пікірдің дамуы баланың келешекте рухының жоғары болуына, батыл пікір, нақты шешім айтуына және оны дәлелдеп беруге жетелейді. Сондай-ақ, кімде-кім баланың тіл қабілетін дамытқысы келсе, ең алдымен оның ой қабілетін дамытуы тиіс, - деп көрсетеді.Онтегенездің бастапқы кезеңдерінде қарым-қатынас бала өмірінде аса маңызды функция атқарады. Бала мен ересектің қарым-қатынасы білім, іскерлік, дағдыны біреудің жай қасында емес, өзара әсерлесу нәтижесінде, өзара баю мен өзгерудің күрделі процесі. Бала өзіне берілетін басқаның тәжірибесін белсенді түрде ой елегінен өткізіп, өңдеп пайдаланады. Психолог ғалым Б. Спок ересек адамның жанұяда және бейтаныс адамдармен қарым-қатынас тиімді құра алуы, мектепке дейінгі кезеңде басқа балалармен жасаған қарым-қатынастың тиімділігімен анықталатынын тұжырымдаған. Ол бала басқа балалармен қарым-қатынас барысында өз құқығын қорғауға т.б жатқызады. Қарым-қатынас жасаудың адам өміріндегі қоғамдық-әлеуметтік және психологиялық негізі ең алдымен адамның күнделікті тіршілік қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен байланысты екендігі айқын.Мектепке дейінгі балалар әдетте ойынды, сурет салғанды жақсы көреді, ересектермен және өзі қатарлы балалармен лезде тіл табысып кетеді. Мектепке дейінгі шақтың әсіресе, алғашқы үш жылы психологияда «қауіпті» кезең аталып, өзіне зерттеушілердің үлкен зейінін аударуда. П. Бадалян «...осы уақытта сәби арнайы үйрету мен тәрбие көрмесе, кейін ол өте қиынға түсіп, тіпті кеш болуы да мүмкін» деген. Дер кезінде тәрбие мен үйрету көрген бала бес жасында еш қиындықсыз таза сөйлей білуі тиіс.Сонымен мектепке дейінгі жас - ерте онтогенез кезеңіндегі ең ұзақ және күрделі психикалық даму көрінісі болып табылады. Мұның өзі психологиялық зерттеулердің объекті ретінде қосылды және ол ғылыми әдебиеттерде оқиғалардың әралуандығылығы ретінде көрсетіледі. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Л.С. Выготский пікірінше, ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін жетекші, басты құбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырып, қоршаған орта мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып үйрене бастайды. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойнайды, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері мен таным үрдістері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды. 
 
Атақты психолог ғалымдары Л.С. Выготский, А.И. Леонтьев, А.С. Запорожец, Л.Д. Венгер, Д.Б. Эльконин, Е.И. Игнатьева, Ю.К. Бабанский, И.Я. Лернер т.б. зерттеушілердің еңбектерінде мектеп жасына дейінгі балалардың жеке басының қалыптасуына әсер ететін әртүрлі іс-әрекеттердің ішіндегі ең маңыздысы шығармашылық белсенділіктің сапалығына назар аударады. Алайда мектепке бару қарсаңында баланың психологиялық даму деңгейінде жекелей өзгешеліктер өсе түседі. Бұл өзгешеліктер мынадан көрінеді: балалар бір-бірінен ақыл-ой, адамгершілік және жекелей дамымен ажыратылады. Олай болатын болса, балаларға психологиялық қолдау жасау бiлiм беру мекемелерiнiң (балабақша, мектеп) ең негiзгi мiндетi болып табылады.


Информация о работе Бөбек жасындағылдардың психикалық дамуы бөбек-мектепке дейінгі бала