Аристотельдің психологиялық көзқарасындағы биологиялық бағдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2013 в 18:28, реферат

Краткое описание

1. Аристотельдің таным теориясы туралы ілімі
2. Аристотельдің «Жан» туралы түсінігі
3. Аристотельдің «Адам тәрбиесі туралы» мәселесі

Прикрепленные файлы: 1 файл

аристотель.doc

— 74.00 Кб (Скачать документ)

Аристотельдің концепциясында психиканың органикалық табиғатын  түсіну үшін қажетті кейбір кезеңдер қамтылған. Ол заттардың мақсатқа сәйкестігі, табиғат қозғалысындағы «құдайдың» рөлі, органикалық қозғалыстың айналымы жайлы елестер еді. Айналым жайлы елес, психиканың құрылымы және оның механизмдерінің қалыптасуы жайлы біздің түсініктерімізде маңызды рөл атқарады.

Айналу процесі арқылы Аристотель үздіксіз қозғалыс пен әлемдік  жүйенің орнықтылығы бір уақытта  өмір сүретіндігі жайлы мүмкіндікті  түсіндіреді. Оның айтуы бойынша  түзу сызықты қозғалыс үздіксіз болуы  мүмкін емес, сондықтан да заттардың  қозғалысының формасы тек айналма қозғалыста болуы керек. Әлем шар формалы, бәрі өзінің кіндігін айнала қозғалады, яондықтан да олар қозғалмайтын сияқты болып көрінеді.

Мәңгі және өзгермейтін  әлем көрінісінен Аристотель бас  тартып, әлемнің радиусын тұрақты деп санады.

Психиканы дененің форма  қалыптастырушы белсенділігінің «энтелехиясы»  деп түсіндіретін аристотельдік  түсінік оның табиғаттың мақсатқа сәйкестігі туралы түсініктерімен байланысы. Ол «материя»  мен «форманың» басқа заттардың  пайда болуының негізі деп екі  түрлі себепті әрекет етуші және мақсатты себептерді салыстырады.

Құрылым мен қозғалыстың  мақсатқа сәйкестігі ең алдымен тірі организмдерде байқалады, бірақ  Аристотель бұл қасиет аспан денелері мен бүкіл әлемде бар деп біледі, егер табиғатта бүтіннің мақсатқа сәйкестігі болмаса, онда ол оның жеке бөліктерінде де, яғни жеке бір организмдерде көрінуі мүмкін емес деп санайды.

Адамның заттарды пайдалануы олардың қозғалысының мақсатқа сәйкестігінің  жеке бір жағдайы ғана және жалпы  бұл заттардың мақсатқа сәйкестігін мүлдем анықтамайды, өйткені бар болудың мақсатқа сәйкестігі дегеніміз заттардың өзіне тән қасиеті, өз әрекетімізде ішінара ғана пайдаланамыз.

Аристотельдің мақсатқа сәйкестікті ұғынуы осы қасиетті бертінгі пайдаланушылардың діни –  идеалистік тұрғыдан түсіндірулерінен едәуір өзгеше. Заттардың мақсатқа сәйкестігі туралы айтқанда Аристотель оларда жазмыштағы сыртқы мақсат бар деп немесе одан да бетер қайсыбір деп әсте есептеген емес.

Мақсатқа сәйкестік  заттар мен организмдердің өздеріне тән құрылысымен анықталады, сол заттардың өздерінің қозғалысында «формамен» беріледі. Табиғат мақсатты жасампаздығын өзінің ішкі заңдары бойынша және ұғынусыз жүзеге асырып, отырады. Саналы жасампаздық тек адамда ғана болады, оның өзінде де барлық жағдайларда бірдей бар деуге келмейді.

Аристотельдің  бұл  маңызды қағидасы оның телеологиясының  материалистік сипатын ашады. Аристотельдік  мағынада «мақсатқа сәйкестік» туралы емес, заттар мен организмдердің құрылымының  органикалық тұтастық құрамындағы  функциясымен үйлесімділігі туралы және функциялық заттың бар болу шарттарымен үйлесімділігі туралы айтқан дұрыс болар еді.

Аристотель заттардың  өздігінен қозғалуын-адамның оларды жасау және қолдану әдісінен айырмашылығы бар деп анық саралайды, заттардың  өздігінен туындауын материяның тиісінше өздігінен қозғалу қабілетімен түсіндіреді: «Өз еркімен пайда болатындар жайлы айтсақ онда ненің материясы ұрық беретін қозғалысқа өздігінен түсуге қабілетті болса, олар соларда ғана болады, ал мұндай қабілеттілік жоқ жерде заттың пайда болуы басқадай емес, нақ сол заттардың өздері арқылы ғана болуы мүмкін».

Психиканы қозғалыс атрибутынан  айырған Аристотель, әрине оның табиғи шеңберлі қозғалыс мүмкіндігі бар деп  білуден де бас тартады.

Бірақ бұл ойын қуаттау  үшін ол ойдың алғышарттардан нәтижеге қарай ілгерілейтін қозғалысы фактісіне кіреғар сілтеме жасайды да, ойдың нәтижелілігін мәңгі айналымға қарсы қояды. «Егерде осылайша, ойлау айналым болса, онда ақыл – шеңбер болып оның айналуы – ойлау болады.

Сонда ақыл үнемі ойлай  бере ме? Айналым мәңгі болса, ол да мәңгі ойлауы керек қой... Дәлел болса ол қандай да бір бастаудан ілгерілейді, ақыл –ой қорытындысында немесе қорытындыда оның өзінің аяқталуы бар, егер дәлелдеу аяғына дейін жетпесе де, онда тіпті болмағанда бастауға қайтадан оралмайды, ортаңғы және шеткі терминдерді қосып алып қашан да түзу жолмен жүреді».

Аристотель концепциясының қайшылықтары мен идеалистік қағидалары білімнің тарихи жеткіліксіздігімен және кейбір логикалық алғышарттардың қате болуымен байланысты. Алайда мұның  өзі оның дүниенің принципінде материалистік көрінісі туралы айтқандарының және психиканың функциялық табиғатын ашқан данышпандық ұқсастықтарының маңызын жоққа шығармайды. Табиғаттың ұйымдастыруының функциялық принципін ғылыми материалистік тұрғыдан түсіндіріп, заттардың «энтелехиясы», «жаны» және «формасы» бейнелерінде көрсеткені бүгінгі күннің өзінде де теориялық ойлаудың маңызды міндеті болып отыр.

Ежелгі дүниеде «жанды»  ұғынуда үш сала пікір қалыптасып, олар кейінгі замандарды психика  жайлы пайымдаулардың бәріне әр түрлі  нұсқада негіз болып отырды. Бұлар психиканы субстанция деп түсінудің екі түрі:

1) жұқа және қозғалғыш  материя деп түсіну (Гераклит, Демокрит, Эпикур және т.б.).

2) белсенді әрі өз  бетінше бар болатын, бірақ  сезім мүшелерімен қабылданбайтын  ерекше идеалдық субстанция деп түсіну (Платон). Психиканы тіршілік ұйымдасуының ерекше формасы, материя қозғалысының формасы деп қарастыратын үшінші көзқарас (Аристотель) «жанды» ұғындырудағы үш сала пікірлердің, сөз жоқ, ең озығы болды.

 

 

 

 

 

 

 

3.Аристотельдің адам тәрбиесі мәселесіне өзіне дейінгі ойшылдарға қарағанда айрықша көңіл бөлгенін айта кетуіміз керек.  Адамның жан – жақты мәдени және рухани дамуына ерекше ықпал етіп, айрықша рөл атқаратын ең алдымен - өнер. Ол адамдарды тәрбиелеудегі негізгі құрал болып табылады.

Осы өнердің ішінен Аристотель трагедияны ерекше бөліп алып, оның адамдарға тигізетін әсерін барынша  бағалады. Трагедия демосқа (демос –  грек тілінде «халық») жақын тұрады. Өйткені, демос – бұл күш, саяси  шындық, одан ешқайда кете алмайсың.

Афины мемлекетінде маңызды тәрбиелік рөл атқаратын өнердің тағы бір түрі бар. Ол – музыка. Оның әсері адамның сезімін жетілдіреді. Музыка адамның рухани дүниесіндегі жай-күйін қалыпқа келтіріп, әсем дыбыстар мен идеалды тербелістер арқылы объективті өмірдегі орын алатын сезімдік жайларды жете түсінуге көмектеседі.

Музыка, сонымен қатар  тек қана дыбыс пен шудың көрінісі емес, ол тыңдаушыларын, әсіресе жастарды адамгершілік пен парасат рухында  тәрбиелеуге айрықша көңіл бөлді.

Аристотельдің философиясын өз заманымен шектеліп қалмай көптеген идеялары кейінгі ойшылдардың арасынан қолдау тауып, шығармашылықпен дамытылды.

Сөйтіп, Аристотель философиясы  бір жағынан өзіне дейінгі  философияның, ғылымның, таным теориясының, әлеуметтік – саяси, экономикалық ілімдердің бәрін жинақтаған көне грек дәуірінің энциклопедиясы болды. Оның қойған философиялық проблемаларының маңыздылығы сонша, олар келесі дәуірдегі ұрпақтардың игілігіне айналды.

            

 

 

 

 

   Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1. Жарықбаев Қ. Қазақ  психологиясының тарихы – Алматы:

     Қазақстан. 1996 ж.

2.  Шабельников В.  Психика -функциялық жүйе.

3. Ә.Нысанбаев., Т.Әбжанов.  Қысқаша философия тарихы.

4. Ә.Х.Тұрғынбаев. «Философия».

5. Абрамов Г.С. Практическая  психология. Москва 2001.

6. Т.Тәжібаев. Жалпы психология. Алматы «Қазақ университеті».

7. Битянова М. Практическая  психология. Москва 1996.

8. Ж.Алтай., А.Мұханбетәли.  «Философия тарихы». Алматы 2006ж.

9. Гоноболин Н. Психология. Алматы. «Мектеп» 1976.

10. Рубенштейн С.Л. «Основы  общей психологии» Москва  1989.

11. Психология. 10 том. Бас.ред.И.Тасмағамбетов 2том.

       Алматы. Таймас 2005

12. Петровский А., Ярошевский  М. История психологии. М., 1994.

 

 



Информация о работе Аристотельдің психологиялық көзқарасындағы биологиялық бағдар