Тақырыпты таңдау және дипломдық жұмысты дайындауды ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Июня 2013 в 20:40, курсовая работа

Краткое описание

Диплом жұмысын орындау кезінде келесі міндеттер шешіледі:
1) дипломдық жұмыстың теориялық материалдарына талдау жасалып жүйелендіріледі;
2) зерттеу әдісі мен объектісі бөлінеді;
3) тақырыпты зерттеуде статистикалық мәліметтер мен талдау жасауға жинақтар туындайды;
4) ақпараттық жинақтарға талдау жасалады;
5) талдау нәтижесінен шешімдер қабылданады..

Содержание

Дипломдық жұмысты мәні мен мақсаты...............................
Тақырыпты таңдау және дипломдық жұмысты дайындауды ұйымдастыру.....................................................
Дипломдық жұмысты орындау..............................................
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен мазмұны.................
Дипломдық жұмысты орындау барысында кесте, сурет, формулаларды рәсімдеу тәртібі.............................................
Дипломдық жұмысты қорғауға жіберуге дейінгі, орындалу сапасы мен тәртібін қадағалау..............................
Диплом жұмысын қорғау........................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

diplom_kz.doc

— 197.00 Кб (Скачать документ)

Дипломдық (жоба)жүмыстағы  тегі, мекеменің, үйымның, фирманың аттары, өнімнің аталуы және басқа жалқы есімдер атаулары түпнүсқа тіліне келтіріледі.

Диплом    жүмысының    (жобаның)    құрылымдық    әлементтерінің атаулары      «Мазмүны»,      «Нормативтік      сілтемелер»,      «Анықтамалар», «Белгілеулер мен қысқартулар», «Кіріспе», «Қорытынды», «Пайдаланылған әдебиеттер тізімі», қүрылымдық әлементтерінің басында жазылуы тиіс.

Диплом жүмысын (жобаны) бөлімге және бөлімшелерге бөлу қажет. Әрбір бөлім және бөлімше аяқталған  ақпараттан түруы қажет.

Бөлімдердің атаулары диплом жүмысының (жобаның) тақырыбын ашып көрсетуі, ал бөлімшелердің атаулары өзі сәйкес бөлімінің тақырыбын ашып көрсетуі тиіс.

Бөлімдер мен бөлімшелердің  атаулары олардың мазмүнын нақты  және қысқаша дәріптеуі тиіс.

Бөлімдер  мен   бөлімшелердің  тақырыптарын   абзацтан  кейін   бас әріппен, аяғында нүкте қоймай, астын сызбай басу қажет.

Егер де атаулар екі  сөйлемнен тұрса, оларды нүктемен бөледі.

Диплом жүмысының (жобаның) беттерін араб сандарымен нөмірлеу қажет. Беттің нөмері қағаздың төменгі жағының  ортасына нүктесіз қойылады.

Титул беті жалпы беттердің  нөмірленуіне қосылады. Титул бетіне нөмір қойылмайды.

Жекелеген    беттерге    орналастырылған    иллюстрациялар    және кестелер диплом жұмысы (жобаның) беттерінің жалпы нөмерлеріне косылады.

АЗ формат парағындағы  иллюстрациялар, кестелер бір бет ретінде есептелінеді.

Диплом жұмысының (жобаның) бөлімдерінің барлық құжаттың өн бойына абзацтан кейін араб сандарымен белгіленіп нүктесіз қойылған реттік саны болуы  қажет.  Бөлімшелер  бөлімдер  аясында  нөмірленуі  қажет. Бөлімшелер нөмірі, нүктемен бөлінген бөлім мен бөлімше нөмірлерінен тұрады. Бөлім нөмірінен кейін нүкте қойылмайды. Бөлімдер екі немесе бірнеше бөлімшеден тұрады.:

Мысалы

  1. Типтері және негізгі мөлшері

1.1


1.2

1.3

2. Техникалық талаптар

2.1


2.2

2.3

Диплом жұмысының (жобаның) әр бөлім жаңа парақтан (беттен) басталуы қажет. Бір бөлімнің ішіндегі бөлімшелер бір-бірінен мәтіннен екі жол төмен түсіріліп бөлінеді.

Диплом жұмысының (жобаның) беттері және қосымшасы, диплом жұмысының  (жоба)  құрамына кіретін  барлық беттерінде  нөмірлері болуы қажет.

Диплом    жұмысындағы    (жобада)    иллюстрациялар    (сызбалар, карталар,   кестелер,   схемалар,   диаграммалар,   түсірілген   суреттер)   бірінші  немесе келесі беттерде екендігі ескертілген  мәтіннен кейін орналасуы керек.

Иллюстрациялар компьютермен де түрлі-түсті жолмен де орындалуы  мүмкін. Барлық иллюстрацияларға сілтемелер болуы қажет.

Диплом   жұмысына   (жобада)   орналасқан   сызбалар,   кестелер, диаграммалар,    схемалар,    иллюстрациялар    конструкторлық    қү-жаттардың бірыңғай жүйесі (БЖКҚ) мемлекеттік стандарттың талаптарына сай болуы тиіс.

Қосымшадағы   иллюстрациялардан   басқа   иллюстрациялар   араб сандарымен басынан аяғына дейін  нөмірленуі тиіс.

Егер сурет біреу болса, онда ол «Сурет 1», «Сурет» сөзі және оның аталуы жолдың ортасынан жазылуы тиіс .

Иллюстрацияларды   бөлімдер   шеңберінде   (ішінде)   нөмірлеуге болады. Мұндай жағдайда иллюстрациялар нөмірі нүктемен бөлінген бөлімнің нөмірі мен иллюстрацияның реттік нөмірінен  тұрады. Мысалы: Сурет 1.1.

Иллюстрациялардың қажет болған жағдайда, атаулары мен қоса түсіндіретін мәліметтері  болуы мүмкін сурет астындағы  мәтін. Бүл жағдайда былай жазылады: Сурет 1. Банк жүйесінің құрылымы.

Иллюстрацияға сілтеме жасау барысында  нөмірлеуде «2 суретке сәйкес» деп жазу қажет, басынан аяғына дейін ал бөлім бойынша нөмірлеуде «1.2 суретіне сәйкес» болуы тиіс.

Кестелер   көрнекілік   ретінде   және   көрсеткіштерді   салыстыру  мақсатында қолданылады. Кестелердің  атаулары оның мазмұнын ашу керек. Дәл, қысқаша болуы тиіс. Кестелердің атауын кестеден жоғары, жолдың енінен -. кейінгі «кесте 1» сөзінен соң келесі жолға орналастыру керек.

Кестені өзі ескертілген мәтіннен кейін орналастыру қарастырылады.

Барлық кестелерге диплом жұмысында (жобада) сілтемелер болуы қажет. Сілтеме қоюда «кесте» деп нөмірлері көрсетіліп жазылуы қажет.

Көп жол мөлшердегі кестені  келесі параққа (бетке) көшіруге болады. Кесте бөлігін келесі параққа (бетке) көшіру барысында «Кесте» сөзі және нөмірі бір рет кестенің бірінші  бөлігінің сол жағына, ал келесі бөлігінде «Жалғасы» сөзі жазылады, және кесте нөмірі көрсетіледі, мысалы: «1 кестенің жалғасы». Кестелерді келесі параққа (бетке) көшіру барысында тақырыбы тек қана бірінші бөлігінің үстіне орналастырады. Кестенің бөлігін көшіруде кестені шектейтін төменгі көлбеу сызық сызылмайды.

Көп мөлшерлі графалы  кесте қосымшаға енгізіледі.

Егер де кестенің әр турлі  жолдарындағы қайталанатын (графаларда) мәтін  бір  сөзден тұрса,  онда  ол  бірінші  жазылғаннан  соң,  тырнақшамен ауыстырылады; егер екі  немесе көп сөзден тұрса, онда бірінші қайталанғаннан соң, оны «ол да солай» сөзімен ауыстырады, әрі қарай - тырнақшалармен. Қайталанып түрған сандардың, маркалардың, белгілердің, математикалық және химиялық символдардың орнына тырнақшалар қоюға болмайды. Егер әріптік және былайғы мәліметтер қандай да кесте жолдарында келтірілмесе, онда оған сызықша қойылады.

Қосымшаға    шығарылған    кестелерден    басқа,    кестелер    арап сандарымен басынан  аяғына дейін нөмірленуі тиіс.

Бөлімдер ішіндегі кестелерді нөмірлеуге рұқсат беріледі. Мұндай жағдайда кестелер нөмірі нүктемен бөлінген бөлімнің нөмірінен және кестенің реттік нөмірінен тұрады.

Кесте жолдары және графа  атаулары жекеше турде бас әріппен  жазылады, ал графаның тақырыпшалары, егер    тақырыпша бір сөйлемнен  тұрса, тармақша әріптермен, немесе егер олар дербес мағынаға ие болса, бас әріппен    жазылады. Кестенің тақырыбы мен тақырыпшасынан кейін нүкте қойылмайды.

Кестелердің сол жағынан, оң және төменгі жағынан, ережедегідей, сызықпен шектелуі тиіс. Кестелердің  шрифт мөлшерін, мәтіндегіден кем алуға рұқсат беріледі.

Кестелер бойынша ескерту  кестенің аяқталуын білдіретін соңғы  устінен жазылады.

Формулалар және теңдеулер  мәтіннен басқа жеке жолға бөліп

Әрбір   формулалар   және  теңдеулердің   жоғары   және  төменгі  жағынан бос, бір жолдан кем емес орын қалдыру қажет. Егер теңдеу бір жолға симаса, онда ол теңдеу тендік таңбаларынан кейін (=) немесе қосу белгісінен кейін (+), алу (-), көбейту (х), бөлу (:), немесе математикалық белгілерден кейін көшірілуі тиіс және келесі жолдардың басында таңба тағы қайталанады.

Символдар мен сандық коэффиценттердің мағыналарын түсіндіру формулаға сәйкес келтіріліп, формулада берілген бірізділікпен жүргізілу керек.

Диплом     жүмысындағы     (жобадағы)     формулаларды     реттік нөмірлермен нөмірлеу барлық жұмыс шегінде дөңес жақшаға алынып, арап сандарымен оң жақ шетте бір жолда қарастырылады.

Мәтіндегі формулалардың  реттік нөміріне сілтеме жақшаға  алынып жасалады. Мысалы - (1) формулада.

Бөлімше   шегінде   (ішіндегі)   формулаларды   нөмірлеуге   рұқсат беріледі. Мұндай жағдайда формула нөмірлері нүктемен бөлінген бөлімнің нөмірлері мен формулалардың реттік нөмірінен тұрады, мысалы (3.1).

Пайдаланған  дерек  көздеріне  сілтемелер  квадратты  (шаршылы) жақшаға алынады.

Дерек  көздері  туралы  мәлімет диплом  жұмысының  (жобаның) мәтініндегі дерек көздерінің сілтемелерінің жасалу реті бойынша орналасу керек және абзацтан кейін арап сандарымен нүктесіз нөмірленеді.

Қосымшалар осы диплом жүмысының (жобаның) жалғасы ретінде  келесі парақтарына рәсімделеді.

Диплом жұмысының (жобаның) мәтінінде барлық қосымшаларға сілтеме   болуы   тиіс.   Қосымшалар   мәтіндегі   сілтемелердің   ретіне   қарай орналасады.

Әрбір қосымша жаңа беттен басталып «Қосымша» сөзі мен атауы  беттің жоғарғы жағының ортасында көрсетілуі тиіс.

Қосымшаның аты болуы  қажет, ол жеке жолға, мәтінге симметриалы  түрде бас әріппен жазылады.

Егер диплодық жү_мыс (жоба) бір қосымшадан тұрса, онда белгілемей жіберіледі.

Қосымшалардың     диплом     жұмысының     (жобаның)     қалған бөлімдерімен басынан басталатын ортақ нөмірлері болуы тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мысалы: дипломдық жұмыстың тақырыбы: «Кәспорынның ақша ағымын басқару»

 

МАЗМҰНЫ

 

Бет

КІРІСПЕ…………………………………………………….……........................

3

1 ҚАРЖЫЛЫҚ АҒЫМДАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ МЕН ҚҰРАМЫ 

1.1 Қаржылық ағымдардың экономикалық мәні мен топтамасы

1.2 Кәсіпорынның ақша ағымдарын басқарудың принциптері мен өлшеу әдістері   ……………………………..………………….

1.3Кәсіпорынның қаржылық инвестициялары, бағалы қағаздар портфелін басқару принциптері ……..……………………………

 

 

6

 

13

 

23

2 ДИНАСТИЯ ӨМІРДІ САҚТАНДЫРУ БОЙЫНША КОМПАНИЯ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ МЫСАЛЫНДА ҚАРЖЫЛЫҚ АҒЫМДАРДЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН  ТАЛДАУ

2.1 Қаржылық ағымдарды басқару жүйесінұйымдастыру  ..................

2.2 Бағалалы қағаздар портфелін басқарудың тиімділігін  …...

 

 

 

30

 

39

3 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ АҒЫМЫН ОПТИМИЗАЦИЯЛАУ ЖОЛДАРЫ 

3.1.Сақтандыру компаниямсындағы қаржылық ағымдарды жоспарлау және болжамдау   …………………………………………

3.2 2008 қаржылық жылға Династия акционерлік қоғамының ақша құралдары қозғалысының бюджеттік моделін құрастыру   ………….

3.3. Компанияның қаржылық ағымы қозғаласын тездету бойынша бағыттарды оптимизациялау және талдау әдістері ..……….………….

 

 

 

59

 

62

 

67

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………….……………...

72

Қолданылған әдебиеттер тізімі

75

Қосымша……………………………………………………..….…

77


 

 

 

 

 

 

 

 

 

5. Дипломдық жұмысты орындау барысында кесте, сурет, формулаларды рәсімдеу тәртібі.

 

5.1 Жалпы талап

Дипломдық жұмыс қатты  А4 форматта қапталады.

Дипломдық жұмыстың көлемі 60 беттен кем және 80 беттен аспауы тиіс. 

Дипломдық жұмыс компьютер  мен теріліп принтермен А4 формада  ақ қағаздың бір бетіне бір интервалмен Times New Roma14 шрифт бойынша шығарылады.

Дипломдық жұмыс көлемі:  оң жағы – 10мм, жоғары – 20мм, сол жағы – 30мм, төменгі жағы – 25мм болуы тиіс.

Бөлім ішіндегі бөлімшелер өз арасында екі жолдан кейін бөлініп жазылады. Мысалы:

 

1.1 Қаржылық ағымдардың  экономикалық мәні мен топтамасы  

 

Бөлімшенің мәтіні аяқталды

 

 

1.2 Кәсіпорынның  ақша ағымдарын басқарудың принциптері  мен өлшеу әдістері  

 

 

Бөлімше мәтіні басталады

 

Мәтін мен кестенің арасында бір жол қалдырылады

 

Кесте 1.

Мемлекеттік шығындардың  өзгеру динамикасы

 

2005

2006

2007

2008

2009

ЖҰӨ, млрд.тенге

3250,6

3776,3

4612

5870,1

7590,6

Мемлекеттік бюджет шығындары, млрд.тенге

759,6

834,2

1068,4

1323,8

1946,1

 ЖҰӨ, %дегі мемлектетік бюджет шығындар үлесі

23,37

22,09

23,17

23,9

25,64


 

Кестені тек сөйлемнен  кейін ғана орналастыру керек.   Барлық кестелерге сілтеме керек. Сілтеме  жасауда кесте деп жазылып  номер қойылуы керек.

Егер кесте келесі бетке жалғасатын болса алдыңғы беттегі кестенің соңы жабылмайды. Келесі бетте жалғасқан кестенің үстінен сол жағында «2-кестенің жалғасы» деп көрсетіледі

 

Мысалы:

 

Кесте 2 .

Негізгі макроэкономикалық  көрсеткіштер динамикасы

 

2003 ж.

2004ж.

2005ж.

2006ж.

2007ж.

2008 ж.

2009ж.

ЖҰӨ в текущих ценах, млрд. тенге

2599,9

3250,6

3776,3

4612

5870,1

7590,6

9738,8

               

2-кестенің жалғасы 

1

2

3

4

5

6

7

8

Алдыңғы жылға ЖҚӨ нақты өзгеруі %

109,8

113,5

109,8

109,3

109,6

109,7

110,6

ЖҰӨ сол жылға сәйкес жыл), млн. долл.АҚШ

18292,4

22152,1

24636,5

30832,8

43149,8

57123,7

77236,9

ЖҰӨ бір адамға шаққанда  тұрақты  жағдайда

1229,0

1490,9

1658,1

2068,1

2874,2

3770,1

5045,9

ЖҰӨ бір адамға шаққанда ауыспалы жағдайда

1229,0

1398,0

1534,9

1671,3

1819,0

1977,2

2164,5

Информация о работе Тақырыпты таңдау және дипломдық жұмысты дайындауды ұйымдастыру