Матрицамен Жұмыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Января 2014 в 22:41, курсовая работа

Краткое описание

Бағдарлама жазуда «алгоритм» ұғымы басты роль атқарады. Алгоритм – орындаушыға белгілі бір мақсатқа, нәтижеге жетуге арналып жазылған нұсқаулардың жүйеленген, әр қадамында бір әрекетті іске асыратын нұсқау оператор болып табылады. Команда бірнеше операторлар қоспасынан да тұруы мүмкін. Есептерді шығарғанда, алгоритм құрғанда белгілі бір ЭЕМ мен бағдарламалау тілінің мүмкіндіктерін ескеру керек. Бағдарлама бірнеше бөлімнен құралып жазылады: сипаттау бөлімі, процедуралар мен функциялар бөлімі, негізгі бөлім. Паскаль тіліндегі бағдарламада арнайы стандартты процедуралар қолданады. Процедура - аты бойынша қатынас құруға болатын операторлар тізбегі.Writeln процедурасы Паскальдың стандартты немесе тіркелген процедурасына жатады.

Содержание

КІРІСПЕ 4
1 ЖАЛПЫ БӨЛІМ 6
1.1 Пәндік аумақты сипаттау 6
1.2 Бағдарламалау тілінің элементтеріне шолу 12
2 АРНАЙЫ БӨЛІМ 18
2.1 Тапсырманың жалпы қойылымы 18
2.2 Құрылымдық және функционалдық сұлбалар 19
2.3. Модульдерді, процедуралар мен функцияларды сипаттау 25
2.4 Идентификатор кестесі 29
ҚОРЫТЫНДЫ 31
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 32
ҚОСЫМША А 33
ҚОСЫМША Б 35
ҚОСЫМШ В 36

Прикрепленные файлы: 1 файл

КУРСОВАЯ_МАТРИЦАМЕН ЖҰМЫС-исправ.doc

— 455.00 Кб (Скачать документ)

Процедураның жалпы түрі:

Procedure Аты

(Қалыпты параметрлер  тізімі);

{жоғарыда – қосалқы бағдарламаның бастауы}

var локальды айнымалыларды бейнелеу;

begin

{Процедура денесі}

end;

Локальды деп тек берілген процедура шегінде анықталуын айтады. Процедураның басқа қосалқы бағдарламалармен және негізгі бағдарламалармен байланысы – қалыпты параметрлер тізімімен жүзеге асады. Бұл тізімде үтір арқылы оның мәліметтер типін көрсететін процедураның кіріс және шығыс параметрлері көрсетіледі. [15, б 348-352]Кіріс параметрлер процедуралардың бастапқы мәліметтерінің қызметін атқарады, ал шығыстары  негізгі бағдарламалар және басқа қосалқы бағдарламаларға берілетін оның есептеу нәтижелерін анықтайды. өзгерген мәндері процедураны аяқтағаннан кейін сақталуы тиіс шығыс параметрлерінің алдында кілттік var сөзін көрсету керек. Мысалы:

procedure Equation (a,b,c:real;кіріс

                    var x1,x2:realшығыс);

var d:real;локальды айнымалы

begin

d:=sqr(b)-4*a*c;

if d>=0 then begin

  x1:=(-b+sqrt(d))/(2*a);

  x2:=(-b-sqrt(d))/(2*a);

end;

end;

 

Процедураны жай жазып қойғаннан, қандайда бір әрекеттің орындалуын тудырмайды. Процедура жұмыс істеу үшін қалыпты параметрлердің  орнына қойылатын фактілі параметрлер тізімімен процедура атын бағдарламаның керек орныны жазып, шақыру керек. [16, б 371-377]

Қалыпты және фактілі  параметрлер өзара саны, типі, тізбектелу реті бойынша сәйкес болуы қажет. Бұл қалыпты және формальды параметрлер саны бірдей болуын білдіреді. Процедураны шақырған кезде әрбір фактілі параметр қалыпты параметрге сәйкес тізімде сонша орын, типке ие болуы қажет. 2-кестеде олардың сәйкестігі келтірілген.

 

Кесте 2 - Қалыпты және фактілі параметрлердің сәйкестігі

 

Процедураның бастауындағы қалыпты параметр

Процедураны шақыру кезінде  сәйкес фактілі параметр

var кілттік сөзі жоқ кейбір мәліметтер типінің айнымалысы

Сол мәліметтер типінің  айнымалысы, константасы, массив элементі немесе өрнек мәні

var кілттік сөзі бар кейбір мәліметтер типінің айнымалысы

Сол мәліметтер типінің  айнымалысы немесе массив элементі

Массив

Массив


 

 

Егер процедураның қалыпты  параметрінің var кілттік сөзі айнымалы-параметр ретінде белгіленсе, фактілі параметрді беру адресі бойынша жүзеге асады деген сөз, яғни процедураға фактілі параметр тұрған жадыдағы орны беріледі. Осылайша, процедурада орындалатын барлық айнымалы-параметр мәнінің өзгерісі фактілі параметрдің мәнімен орындалатын болады. Осы себептен де  айнымалының қалыпты параметріне тек айнымалы фактілі параметр ғана сәйкес келеді. Себебі, тұрақтылар мәні өзгертілмейді, ал өрнек бағдарламны орындау кезінде қайта-қайта есептеліп отыратындықтан, жадыда нақты адреске ие болмайды. Мысалы:

 

Procedure zapolnenie (var n:integer);

{ n ретінде берілген берілген айнымалы адресін аламыз}

Function f(x:real):Real;

begin

f:=sqr(cos(x+6)); {Берілген функция }

end;

var x0,xk:real;

begin

x0:=-pi;

xk:=x0;

for i:=1 to n do

for j:=1 to n do begin

xk:=f(xk);

a[i,j]:=xk;

end;

end;

 

Осылайша, процедура бастамасында var қолдану параметр айнымалы екенін және осы процедурамен өзгере алатынын көрсетеді.

Айнымалы-параметрлер  туралы қосалқы бағдарлама олардың  мәнін қайтарады дейді. [17, б 120-126]

Скалярлы болып табылатын, шығыс параметрдің біреуін ғана қайтуын талап ететін қосалқы бағдарламалар көп таралған. Бұл жағдайда қосалқы бағдарлама-процедура орнына өз жұмысының скалярлы нәтижесін негізгі бағдарламаға қайтаратын қосалқы бағдарлама-функция қолданылады. Сондықтан, функция үшін оның бастамасында қайтарылатын нәтиженің типін көрсету қажет. Ал функция денесінде сол жақ бөлігінде функция аты жазылатын кем дегенде бір иемдену операторы болуы қажет.

 

function Аты

(Қалыпты параметрлер тізімі) :

Нәтиже типі;

{жоғарыда – қосалқы бағдарлама бастамасы}

var локальды айнымалыларды бейнелеу;

begin

{Функция денесі}

Аты:=Өрнек1;

end;

Мұнда Өрнек 1 НәтижеТипі бастамасында көрсетілгендей типке ие болуы қажет. Ал, Аты:=Өрнек1 операторы функция денесінде соңғы болуы міндет емес.

Жоғарыда айтылған қалыпты және фактілі параметрлердің сәйкестігі, мәндер-параметрлері мен айнымалылар функцияларға да жатады.

Паскаль тілінде функциялар – қосымша скалярлы мәнді қайтару  мүмкіндігі бар процедура. Функциялар мен процедура арасында айырмашылықты аңғару үшін 3-кестені қарайық.

 

Кесте 3 - Процедура және функция арасындағы айырмашылықтар

 

Процедура

Функция

Жеке оператормен шақырылады

Иемдену мәнінің оң жақ  өрнегінен шақырылады

Мәндер –параметрі және айнымалылар қолданылады 

Функция атымен сәйкес келетін айнымалы-параметр атымен, мәндер-параметрлері және айнымалылар қолданылады


 

Паскалдың стандартты қосалқы  бағдарламалары шақыру әдісіне қарай  процедуралар мен функцияларға бөлінеді. Мысалы, writeln стандартты процедураға жатады, ал sin- функцияға жатады. Кейде кейбір стандартты бағдарламалар арасында параметрлердің айнымалы санына ие, ол қолданушы қосалқы бағдарламаларына рұқсат етілмейді. [18, б 115-121]

 

2.4 Идентификатор кестесі

 

 

ТП Идентификаторлары дегеніміз өндірісте пайдаланылатын терілген символдардың жиынтығын айтамыз. Идентификаторларға қойылатын негізгі шарттар (талаптар):

- Идентификатор латын әліпбиінен және сандарынан тұрады.

- Идентификатор әріптен а1 деп басталуы тиіс {"а1", а бірақ керісінше емес "1а"}.

- Идентификатор өте үлкен көлемдегі кез келген логикалық символдардан тұруы мүмкін, бірақ оның тек алғашқы 63 ғана танылады.

- Қызметтік сөздерді идентификатор ретінде пайдалануға болмайды.

Идентификаторларды жазғанда бос орындарды жазуға болмайды.

 

Кесте  4 - Идентификатор кестесі

 

 

Айнымалылар

Сипатталуы

a

array

t

integer

i

integer

j

integer

n

integer

tmp

real

b

array

f

text

X0

real

xk

real

p

integer

max

real

min

real


 

Берілген тапсырма бойынша  бағдарламаны құру кезінде алынған  айнымалылар. Мұнда, array –массив, integer-бүтін сан, real- нақты сан, text-текст.

 

Қорытынды

 

 

Қорыта келгенде, мен  осы курстық жұмысымды орындау  барысында бағдарламалау әлемінде үздік жетістіктерге қол жеткізіп отырған, қызықты да күрделі бағдарламалау тілі – Turbo Pascal ортасы туралы бірталай мәліметтерді ала отыра, бұл тілдің басқа бағдарламалау тілдерінің ішіндегі ең жүйрігі, озық технологиялар жетістіктерінің талаптарына сай өз ерекшеліктерімен қатар өз мүмкіншіліктері де бар озығы екеніне көз жеткіздім.

Turbo Pascal-да программа дайындау, көп өлшемді масситерге қатысты көптеген есептерді шығаруға, программа мәзірін құру, олармен жұмыс істеу және т.б. іс-әрекеттерді орындауға болады. Turbo Pascal көптеген есептерді шешуге, кестелері, графиктері, қосалқы программалары бар күрделі есеп берулерді құруға мүмкіндік береді.

Көп тапсырмалар мәліметердің көпөлшемді массивтерін өңдеумен байланысты болғандықтан, курстық жұмыста матрица  массивтермен берілген. Матрицаны өңдеудің базалық алгоритмдерін шартты түрде екі типін қарастыруға болады:

- алгоритмдер матрицаның  барлық элементтерін өңдеу кезінде  жүзеге асады;

- алгоритмдер матрицаның  жеке жолдарын және жеке бағандарын  өңдеу кезінде жүзеге асады.

Тапсырманы  шешу үшін оны құрайтын элементтерді қолдана  білу керек. Ол элементтердің мүмкіншілктері мен шектеуліктерін білу керек.

Паскалдың стандартты қосалқы  бағдарламалары шақыру әдісіне қарай  процедуралар мен функцияларға бөлінеді. Мысалы, writeln стандартты процедураға жатады, ал sin- функцияға жатады. Кейде кейбір стандартты бағдарламалар арасында параметрлердің айнымалы санына ие, ол қолданушы қосалқы бағдарламаларына рұқсат етілмейді.

Бұл жұмыстатың кіріспе  бөлімінде берілген тақырып бойынша  шолу жүргіздім. Негізгі бөлім бойынша  матрицамен жұмыс, бағдарлама тілінің  элементтеріне шолу, модулдер, процедуралар, функцияларды сипаттадым, тапсырманың жалпы қойылымына сәйкес алгоритмін құрдым. Тапсырманы орындамас бұрын оның блок-схемасын тұрғыздым. Тапсырманың шарты бойынша матрицаға тақ сандар беру арқылы максимму, минимум мәнін, траектория бойынша өсу және кему мәндерін іріктеу жүргіздім. Одан күтілген сызбаны алдым.Есептің алгоитмі бойынша модульдер, процедуралар, функцияларға тоқталдым, айнымалылар бойынша идентификатор кестесін тұрғыздым.

Turbo Pascal ортасының осындай мүмкіндіктерін пайдалана отырып, өзімнің курстық жобамның тақырыбын ашатын есептеуді орындап және сол арқылы қорытынды нәтижеге қол жеткізе алдым.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

 

1 Заурбеков Н.С., Жұмажанов Б.Ж. Алгоритмдеу және бағдарламалау тілдері. Оқу құралы.- Алматы, 2008.- 325 б.

2 Наумова А.Н. Компьютерные технологии оброботки информации.-М:Финансы и статистика,1995.

3 Фаронов В.В. Turbo Pascal: учебное пособие.-СПб.:Питер,2007.-367с.:ил.

4 Культин  “Turbo Pascal в задачах и примерах”  Санкт – Петербург, 2000.

5 Халыкова К.З. «Бағдарламалау тілдерін оқыту – Паскаль тілі» (Оқу құралы), Алматы, 2002.-209 бет.

6 Қ.Масанов, Б.А.Бельгимбаев, А.С.Бижанова, Қ.Қ.Мақұлов “TurboPascal”:-Алматы, 2004.

7 Глинский Я. Turbo Pascal 7.0 и Delphi. Учебное пособие. / Я. Н. Глинский. -- М.: Диасофт, 2001. – 208 с.

8 Гусева А. Учимся программировать: Pascal 7.0. Задачи и методы их решения. / А. И. Гусева. М.: Диалог-МИФИ, 2005. – 256 с.

9 Зеленяк О. Практикум программирования на Turbo Pascal. Задачи, алгоритмы и решения. / О. П. Зеленяк. СПб.: ДиаСофтЮП, ДМК Пресс, 2007. – 320 с.

10 Кетков Ю. Практика программирования: Бейсик, Си, Паскаль. / Ю. Л. Кетков, А. Ю. Кетков. СПб.: БХВ-Петербург, 2001. – 480 с.

11 Климова Л. Pascal 7.0. Практическое программирование. Решение типовых задач. / Л. М. Климова. М.: КУДИЦ-образ, 2003. – 528 с.

12 Н.Б.Культин. Turbo Pascal. Программирование на О.Р. Петербург-2001год.

13 Фаронов В.В. Turbo Pascal 7.0  Москва, 2002

14 Марченко А.Н,  Марченко П.А. Программирование в среде Turbo Pascal 7.0: Торосенко В. П – 8-е изд-Киев.: Век, Спб.: Корона    Принт, 2004.-506 б.

15 О.Камардинов. Паскаль тілінде бағдарламалау: Алматы, 1994ж

16 О.Камардинов.Оқу құралы.Шымкент, 2000.- 246бет

17 Н.Ы.Омарова,К.У.Тұрмағамбетова,К.Н.Нүриденова.Паскаль тілінде бағдарламалау негіздері.“Білім”баспасы: Алматы, 1996ж,-136б.

18 Камардинов. Информатика. 1-бөлім, Ш., ЮКПО «Полигр.», 2000

 

 

Қосымша А

Техникалық тапсырма

 

Курстық жұмыс тақырыбы: Матрицамен жұмыс

Курстық жұмыстың мақсаты:

1) Паскаль тілінде екі өлшемді массивпен жұмыс;

2) бағдарламалау тілінің элементтеріне шолу;

3) берілген тапсырма бойынша бағдарламаға сипаттама беру ;

4) берілген тапсырма  бойынша құрылымдық және функционалдық  сұлбалар құру;

5) модульдерді, процедуралар  мен функцияларды сипаттау.

 

Обьектіні қолдану аясы: жоғары оқу орындарында және басқа да оқу орындарында есеп шығару үшін қолдану.

Жұмыстың орындалу ортасы: Turbo Pascal

1) Паскаль тілінде басқарудың келесі құрылымы қолданылады:

Құрамды оператор, шартты оператор, таңдау операторы 

Орындалатын функциялар:

- массив өлшемін енгізу;

- массивті толтыру;

- массивті экранға  және файлға шығару;

- көрсетілген аймақтың  орындарын ауыстыру;

-берілген траектория  бойынша айналып өту;

- өсуі бойынша іріктеу;

- кемуі бойынша іріктеу;

- максимум және минимум  мәнін табу.

 

2)Қажетті техникалық құрылғылар

Берілген курстық жұмыс жобамды өз дербес компьютерімде орындадым, орындау үшін Pentium 4 микропроцессорына негізделген компьютердің мүмкіндіктерін пайдаландым. Мәтіналғы көмегіне жүгінуім көп уақытымды үнемдеуіме жәрдемдесті. Орындалған жұмысты қағаз бетіне түсіру HP LaserJet 1200 баспа құрылғысы (басып шығарғыш) арқылы жүзеге асырылды. Монитор, пернетақта және лазерлік тышқан (тінтуір), дыбыс колонкалары тағы бар. Сонымен қатар UPS – кернеу ауысқанда немесе электр энергиясы өшіп қалған жағдайда компьютерді қорғайтын құрылғыны пайдалануыма тура келді. USB диск немесе флеш-дискісі де қажет болды.

Информация о работе Матрицамен Жұмыс