Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 14:37, статья
Краткое описание
Работа содержит статью по дисциплине "Политология"
Прикрепленные файлы: 1 файл
975_zi3.doc
— 77.00 Кб (Скачать документ)Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы N 1241 Жарлығы
Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 47, 523-құжат
Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және елдің экологиялық тұрақты дамуы жөніндегі мемлекеттік шаралардың кешенін айқындау мақсатында қаулы етемін:
- Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2004 - 2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) мақұлдансын.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі екі ай мерзімде Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2004 - 2006 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін.
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары өз қызметінде Тұжырымдаманың ережелерін басшылыққа алсын.
- Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 30 сәуірдегі N 2967 өкімімен мақұлданған Қазақстан Республикасының Экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасының (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1996 ж., N 18, 149-құжат) күші жойылды деп танылсын.
- Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы N 1241 Жарлығымен мақұлданған
1. Жалпы ережелер
1.1. Қазақстан Республикасының
Қазақстандағы тәуелсіздік
жылдары экологиялық
Алайда, Қазақстанда көптеген онжылдықтар бойы қоршаған ортаға төтенше жоғары техногендік салмақ түсіретін, табиғат пайдаланудың көбінесе шикізат жүйесі қалыптасты. Сондықтан әзірге экологиялық жағдайдың түбегейлі жақсаруы әзір бола қойған жоқ әрі ол бұрынғысынша биосфераның тұрақсыздануына, оның қоғамның тіршілік әрекеті үшін қажетті қоршаған ортаның сапасын оның қолдау қабілетін жоғалтуына апаратын табиғи жүйелердің тозуымен сипатталады.
Қоршаған ортаны қорғау
саласындағы мемлекеттік
Ұлттық экономиканың
барлық салаларын реформалау табиғи
ресурстарды пайдалануға
Аталған Тұжырымдаманы қабылдаған сәттен бастап Қазақстан Республикасында қоғамдық дамуда елеулі өзгерістер болды. Мемлекет дамуының стратегиялық құжаттары әзірленді, табиғат қорғау заңнамасының негізі құрылды, қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша бірқатар халықаралық конвенцияларға қол қойылды, табиғат қорғау қызметін басқару жүйесі құрылды.
Мысалы, 1997 жылы "Қоршаған ортаны қорғау туралы", "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы", "Экологиялық сараптама туралы", 1998 жылы - "Радиациялық қауіпсіздік туралы" Заңдар, ал 2002 жылы - "Атмосфералық ауаны қорғау туралы" Заң қабылданды. Табиғатты ұтымды пайдалану саласында Президенттің "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" (1996 жыл) және "Мұнай туралы" (1995 жыл) заң күші бар Жарлықтары, 2003 жылы - Орман, Су және Жер кодекстері қабылданды. Заңға тәуелді қажетті нормативтік құқықтық актілердің көпшілігі әзірленіп, бекітілді.
Заңнаманы жетілдіру мақсатында республикада оны дамыған елдердің заңнамасына жақындатуға және халықаралық стандарттарды енгізу бағыты алынды. Қазақстан Республикасы 19 халықаралық конвенцияға қол қойды және оларды іске асыру жөніндегі іс-қимылды ұлттық жоспарлары әзірледі. Экологиялық сараптау жүйесі, рұқсат ету және бақылау-инспекциялық жұмыс жолға қойылды.
Тұжырымдаманың міндеттерін орындау нәтижесінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды күшейту және міндетті экологиялық сараптаманы енгізу есебінен 90 жылдардың басымен салыстырғанда қоршаған ортаны ластаудың қарқыны едәуір төмендеді. Алайда, мемлекеттің экологиялық осал аумақ және шешілмеген экологиялық проблемалар мәртебесі сол күйінде қалып отыр.
Жоғарыда аталғандармен байланысты елдің стратегиялық басымдықтарына сәйкес қазіргі жағдайдағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің міндеттерін түбегейлі қайта қарау, нақтылау және кеңейту көзделуде.
Жаңа Тұжырымдамада
іске асырылмаған міндеттерді шешу
ұсынылады. Олардың ішінде: экологиялық
қауіпсіздік пен табиғат
1.2. 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасын әзірлеудің өзектілігі және басымдықтары
Әлемдік тәжірибе көрсететіндей,
экологиялық проблемаларды
Ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі ретінде экологиялық қауіпсіздік тұрақты дамудың міндетті шарты болып табылады және табиғи жүйелерді сақтаудың және қоршаған ортаның тиісті сапасын қолдаудың негізі болады.
Осы Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы "Қазақстан - 2030" Стратегиясының басымдықтарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға дейінгі стратегиялық жоспарына сәйкес және XXІ ғасырдағы Күн тәртібінің негізгі ережелері мен Қоршаған орта және даму жөніндегі 1992 жылғы Рио-де-Жанейро декларациясының қағидаттарын, сондай-ақ Йоханнесбургге өткен (2002 жыл) Тұрақты даму жөніндегі дүниежүзілік саммиттің шешімдерін ескере отырып әзірленді.
Қоршаған ортаның жай-күйінің
нормативтік көрсеткіштеріне
Бірінші кезең (2004 - 2007 жылдар) - қоршаған ортаның ластану деңгейін төмендету және оны тұрақтандыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірлеу.
Екінші кезең (2008 - 2010 жылдар) - қоршаған ортаның сапа көрсеткіштерін тұрақтандыру және табиғат пайдалануға экологиялық талаптарды жетілдіру.
Yшінші кезең (2011 - 2015
жылдар) - қоршаған ортаның сапасын
жақсарту және қоғамның
2.
Экологиялық қауіпсіздікті
2.1. Экологиялық қауіпсіздіктің мақсаты
Экологиялық қауіпсіздік
саласындағы мемлекеттік
2.2. Экологиялық қауіпсіздіктің негізгі міндеттері
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:
- климаттың өзгеруі мен Жердің озон қабатының бұзылуына душар ететін антропогендік әсерді азайту;
- биоәртүрлілікті сақтау және жердің шөлейттенуі мен тозуының алдын алу;
- экологиялық апат аймақтарын, әскери-ғарыш полигондары мен сынақ кешендерін оңалту;
- Каспий теңізі қайраңының ластануының алдын алу;
- су ресурстарының тозуының және ластануының алдын алу;
- табиғи ластануларды, әуе бассейнінің ластануын, радиоактивті, бактериологиялық және химиялық, оның ішінде трансшекаралық ластануларды жою және олардың алдын алу;
- өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың жинақталу көлемдерін қысқарту;
- табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу.
Қойылған міндеттерді шешуге:
- Қазақстан Республикасының заңдарын, табиғат пайдаланудың, мемлекеттік экологиялық бақылаудың және экологиялық мониторингтің экономикалық тетіктерін жетілдіру және жүйеге келтіру;
- табиғат пайдаланудың және экологиялық сараптаманың рұқсат ету жүйесін оңтайландыру;
- қоршаған ортаны қорғау, экологиялық статистика, экологиялық білім беру, экологиялық үгіт-насихат және жұртшылықтың қатысуы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту;
- халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жолымен қол жеткізіледі.
2.3. Экологиялық қауіпсіздікті
Мемлекеттің экологиялық қауіпсіз дамуы мынадай қағидаттарға негізделеді:
- табиғи ресурстарды пайдаланудың экологиялық мүмкінді шектерін айқындайтын және қоршаған ортаны сапалы теңгермелі басқаруды қамтамасыз ететін шектеулердің, нормативтердің және шаруашылық әрі өзге де қызмет жүргізу ережелерінің ғылыми-негізделген кешенін енгізу жолымен мемлекеттің тұрақты дамуы үшін барлық қоғамдық қатынастарды реттеуге экожүйелік тәсіл;
- экологиялық қауіпсіздіктің өңірлік және жергілікті міндеттерінің экологиялық қатерлердің алдын алудың жаһандық және ұлттық мақсаттарына бағыныштылығы;
- қоршаған орта мен адамның денсаулығына келтірілген залалды өтеудің міндеттілігі (табиғат пайдаланушылар мен ластаушылар төлейді);
- өндірістік күштерді дамыту мен орналастырудың экологиялық-экономикалық теңгермелігі (экологиялық сыйымдылық пен аумақтық жоспарлау қағидаттары);
- шаруашылық және өзге де қызметінің қоршаған ортаға әсерін одан кейінгі экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалармен бағалаудың міндеттілігі;
- халықтың экологиялық ақпаратқа қол жетімділігін қамтамасыз ету және оның экологиялық проблемаларды шешуге қатысуы;
- халықаралық ынтымақтастықтағы әріптестік және халықаралық құқық нормаларын сақтау.
3.
Экологиялық қауіпсіздік
Қоршаған орта және даму
жөніндегі Рио-де-Жанейро
3.1. Жаһандық экологиялық проблемалар
3.1.1. Климаттың өзгеруі
"Қызу әсерінің"
салдарынан болатын климаттың
өзгеруі жалпы әлемдік
Қазақстан 1995 жылы Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ Yлгілік конвенциясын бекітті, ал 1999 жылы осы Конвенцияға Киото хаттамасына қол қойды.
Аталған хаттаманы бекіткен және ол күшіне енген жағдайда Қазақстан қызған газдардың шығарындыларын қысқарту жөніндегі сандық міндеттемелерді өзіне жүктей отырып, І қосымшаның Тарапы болады.
Қазақстанның Киoтo хаттамасын бекітуінің мақсатқа сайлығын айқындау үшін 2004 жыл барысында қызған газдардың шығарындыларын қысқарту жөніндегі сандық міндеттемелердің Қазақстанның экономикасына әсері мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу қажет.
Талассыз экологиялық
Киото хаттамасын бекіткеннен
кейін нақты жобалар мен іс-
3.1.2. Озон қабатының бұзылуы
Жердің озон қабатының бұзылуы адам, жануарлар, өсімдіктер мен микроорганизмдер тіршілігі үшін ықтимал қатер болып табылады.
1973 жылдан бергі байқаулар
Қазақстанның үстіндегі озон
қабатының қалыңдығы 5-7%-кe аз
Монреаль хаттамасына сәйкес қабылданған, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалануды реттеу жөніндегі шаралар әлемде 1986 жылдың деңгейімен салыстырғанда оның 10 eceгe азаюына ықпал етті.
Біздің ел озон қабатын сақтау туралы халықаралық келісімдерге 1998 жылы қосылды. Қазіргі уақытта Қазақстанда озон бұзғыш заттарды (ОБЗ) пайдалануды қысқарту және оларды айналымнан алып қою, озон қабатын бұзбайтын заттарды қолданумен жаңа технологияларды енгізу жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.
Озон қабатын бұзу қатерін жоюдың негізгі жолдары мыналар болып табылады: ОБЗ пайдаланудан жедел бас тартуды және оларды қауіпсіз жоюды қамтамасыз ету, ОБЗ-дың заңсыз айналымының алдын алу және қолға алынған күш-жігердің табыстылығына көз жеткізу үшін тропосферада оның жиналуының тұрақты мониторингін жүргізу.
Сондай-ақ 2004 жылдың барысында ОБЗ пайдаланатын кәсіпорындардың қызметін лицензиялау жөніндегі қажетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау, ОБЗ пайдалану қызметімен айналысатын мамандарды оқытуды және Қазақстанның үстіндегі озон қабатының жай-күйін зерделеу жөнінде іргелі ғылыми зерттеулер жүргізуді бастау, сондай-ақ жаңа технологияларды енгізу жолымен ОБЗ пайдалануды қысқарту және қолданыстан алу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет болады.