Студент жастардың белсенділігін тудыруда шығармашылыққа тәрбиелеудің маңыздылығы
Статья, 29 Мая 2015, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Қазіргі кезде жоғары оқу орындарында болып жатқан ауқымды өзгерістер, оқытушылар мен студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту арқылы белсенділігін арттыруды көздейді.
Жастар – елдің болашағы. Ертеңгі күннің жарқындығы, сәулелі болуы соларға байланысты. Аға ұрпақ өмірден озады. Олардың орнын бүгінгі Тәуелсіздік белбалалары басатын болады. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан жолы» атты өз еңбегінде: «Егер де жастар гуманизмді, білімді, жауапкершілікті, әділдікті таңдап алса және өзімшіл болмаса, онда олармен бірге табыс та ілесіп жүреді. Қазақстанның жарқын болашағы бар, ол –Біздің жастарымыздың қолында!» - деп текке айтпаған.