Основные вопросы педагогикалық-психологиялық применения компьютерной технологии в процессе обучения

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 17:26, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің міндеттері:
1. Білім беру үдерісінде жаңа ақпараттық – коммуникациялық технология қолдану, оқыту әдістері мен оқу жоспарына ғылыми талдау жүргізу негізінде информатиканы оқыту қызметін анықтау.
2. Оқытуда білім беру үдерісінде оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтау.
3. Кәсіптік лицейлерде информатика пәнін ақпараттық технология түрлерін пайдаланып оқыту әдістемесін негіздеп, оның тиімділігін анықтау.

Прикрепленные файлы: 1 файл

sultanova.doc

— 164.00 Кб (Скачать документ)

      Бүгінгі күні ақпараттық технология кең көлемде оқыту мен педагогикалық ұйымдастыру қызметінде барлық республикалық кәсіптік лицейлерде қолданылады. 

       Кәсіптік лицейлердегі ақпараттандырылған кәсіптік білімдер ақпараттық ресурстың қомақты саны жинақталуы тек қана қажетті жұмыс пен нақты оқу орындарына ғана емес, сонымен бірге барлық білім жүйесіне пайдалы. Электронды оқулықтар, көмекші құралдар, компьютерлік тапсырмалар, лабораториялық жұмыстар, педагогикалық программалық шаралар бұларды оқытушылар өздері құрады және пайдаланады. Сонымен бірге оқытудың ақпараттық технологиясында қолданылатын бағдарламаны қамтамасыз етуді бірнеше категорияға бөлуге болады:

·  Оқытатын, бақылайтын және үйрететін жүйелер;

·  Ақпарат іздеу жүйесі;

·  Модельдеу бағдарламалары, микромирлер;

·  Танымдық сипаттағы инструменттік құралдар;

·  Әмбебап сипаттағы инструменттік құралдар;

·  Коммуникацияны қамтамасыз етуге арналған инструменттік құралдар.

Модельдеу бағдарламалары мен микромирлер – бұл ерекше аз мамандандырылған бағдарламалар, оларды компьютерде арнайы қолдану және оның кейбір мәселелерін зерттеуге тура келеді.

Инструменттік құралдар деп – жаңа электрондық ресурстар жасауды қамтамасыз ететін бағдарламаларды атайды:

·  әр түрлі форматты файлдар;

·  мәліметтер қоры;

·  бағдарламалық модульдер;

·  жекелеген бағдарламалар мен бағдарламалар жиыны.

       Мұндай құралдар пәндік-бағытта болуы мүмкін, сол секілді нақты міндеттер ерекшелігі мен қолдану саласына тәуелді болмауы да мүмкін.Білім үрдісінде қолдануға негізделетін бағдарламалық құралдарда сақталатын негізгі талаптар – бұл жеңілдік пен табиғилық, оқушының оқу материалымен жеңіл танысуына мүмкіндік жасау. Бағдарламаларға сай келетін талаптар мен сипаттамаларды HCI (ағылшын тілінде “Human – Computer Interface” – «Интерфейс-адам-компьютер») аббревиатурасымен белгілеу қабылданған. Бұл сөзбе-сөз аударуды «адаммен сұхбаттасуға арналған компьютерлік бағдарламалар» деп түсінуге болады.

Білімді ақпараттандыру жағдайында болып жатқан кемшіліктерге  қарамастан, оны «ақпараттық көтеріліс» деп атауға болады, өйткені қол жетерлік табыстар мыналар:

·  ақпаратты ұсынудың жаңа формасы. Қызықты, жанды немесе алдын ала жазылған мультимедиалық ақпарат тек текстен емес, графикалық бейнелерден, анимациядан, дыбыстан және видеоүзінділерден құралып, Internet желісі арқылы беріледі немесе басқа телекоммуникациялық құралдар арқылы компакт-дискілерге жазылады;

·  жаңа кітапханалар. Интеллектуальдық ресурстар көлемі және табыстары өседі. Internet злектрондық кітапхана каталогтарымен бірігіп, жер қашықтығы мен уақыт айырмашылығына қарамастан, зор ақпараттар көлемін жинауға қол жеткізеді. Әрине, мұндай кітапханалар онда сақталатын ақпараттарға толық жол аша бермейді;

·  оқу сабақтарының жаңа формалары. Оқушылар мен оқытушылардың виртуальды семинарлар және лабораториялар режімінде бірігіп жұмыс жасауы, сонымен бірге жаңа синхрондық мүмкіндік пайда болды. Бірқатар оқушылар үшін мұндай жұмыс формалары анағұрлым ыңғайлы, өйткені дәстүрлі оқытуға қарағанда, оларға өз мүмкіндіктеріне қарай, өздеріне қолайлы графикпен жұмыс жасау және артық ескертулермен кездеспей отырып ашу қызықты;

·  білімнің жаңа құрылымы. Бүгінгі күні білім жүйесіне жаңа құрылым беру үшін телекоммуникация жүйелерімен толықтырылуы қажет, сонымен қатар білім үрдісіне ақпараттық және коммуникациялық технологияларды енгізуде жоғары біліктілікке ие мамандар керек.

Көбінесе АТ оқыту бағдарламалары оған барынша мол қол жеткізуге мақсатталған және оқыту сапасына аса анық емес талаптар қояды. Мұндай бағдарламаның білім сапасын жетілдіруі үшін орындауы міндетті талаптар қатарын құрастыруға болады:

·  сапасы мен мүмкіндігі жоғары білім кеңістігін құру, кәдімгі оқу орындары ұсынатын мүмкіндіктерден жоғары білім ортасын жасау;

·  Internet желісінде әмбебап компьютерлік кітапхана құру, кез келген уақытта қолданушыға қол жеткізерлік және кәдімгі кітапханаға көлемді ақпарат беруі тиіс;

·  желі бойынша педагогтармен қарым-қатынас ұйымдастыру;

·  оқытушының да, оқушының да білімін компьютермен тексеру жүйесін жасау.

Төмендегідей базалық шарттар  сақталған жағдайда сапалы білімге  қол жеткізуге болады:

·  қымбат тұратын технологиялар мен бағдарлама өнімдерін қолдану;

·  іштей және АТ оқыту түрлерін  біріктіру;

·  қажетті ақпараттық ресурстарды табуды жеңілдететін толық каталогтар жасау. Қазіргі таңда әрбір оқытушы өзінің ізденімпаздық іс-әрекеті арқылы сабақ өткізу формалары мен тәсілдерін күнделікті сабаққа қолданылуына толық мүмкіншілігі бар. Сабақ өткізуде аса көңіл бөлетін мәселелер: 
 
-        Сабақтың мазмұны;

-        Оны өткізу тәсілдері мен әдістерін таңдау;

-        Сабақтың нәтижелігі.

Оқушыларды өз бетімен  жұмыс істеуге тәрбиелеу мен  үйрету жоғарыда көрсетілген мәселелерді шешудің бірден-бір жолы болып табылады. 
Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін әртүрлі деңгейде ұйымдастыруға болады.Ол үшін оқытушы өз бетімен жұмыстың тапсырмаларын құрастырғанда оның қиындық дәрежесі оқушылардың оқу мүмкіншілігіне жауап беретіндей болуы тиіс.Өз бетімен жұмыстар мақсатына қарай: 
1.    оқыту; 
2.    жаттықтыру; 
3.    бекіту; 
4.    қайталау; 
5.    дамыту; 
6.    шығармашылық, яғни іздену мақсатында;

7.    бақылау мақсатында өткізіледі.

       Жалпы, сабақ мақсатының орындалуы мұғалімнің талмай ізденуіне, жауапкершілігіне байланысты. Ал информатика пәннің мұғалімі үшін, алгоритмдеу негіздерін оқытуда жазба жұмыстарын ұйымдастыру әдістерін жетік меңгерудің маңызы зор. Өйткені мұндай жұмыстар оқушылардың ой-өрісінің жан-жақты дамуын қадағалайтын бақылау жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады [68,77].       

 Қазіргі кезде информатика  пәнінен өткізілетін жазба жұмыстарының  неғұрлым жиі қолданылып жүрген мынадай түрлері бар: 
§       диктант; 
§       өзіндік және бақылау жұмыстары;

§       тестік тапсырмалар;

§       әртүрлі тақырыпқа берілген есептермен жұмыс және т.б.

Жазбаша жұмыстардың  мәтінінде олардың барлығына  ортақ үйретушілік, бағыттаушылық, тексерушілік, тәрбиелік сияқты дидактикалық функциялардың орындалуымен қатар, әр жазбаша жұмыстың өз мақсаты болады. 
      а) диктанттың негізгі мақсаты – оқушының білімін болжау, білімдегі олқылықтардың алдын алу.      

ә) Өзіндік жұмыстардың негізгі  мақсаты - өткен материалдарды қайталап, бекіту; жалпылау, жүйелеу; келесі кезеңдегі оқу материалын зерделеуге көшу мүмкіндігінанықтау. 
      б) Бақылау жұмысы – алған білімді тексеру және есепке алудың ең маңызды құрамдас бөлігі. Бақылау жұмыстарын оқушылар толығымен өз беттеріншеорындауытиіс. 
      в) Тестік тапсырмаларды жүргізу процесінде оқушы орындалған амалдардың дұрыстары мен бұрыстары сандық есепке алынады. Мұнда дұрыс жауаптар санының берілген сұрақтар мен тапсырмалардың жалпы санына қатынасымен анықталатын оқытудың нақты стандартталған нәтижесі беріледі. Бұл әдіс оқушы білімін объективті бағалауға мүмкіндік береді. 
Әр түрлі тапқырлыққа берілген тапсырмаларды орындау баланың ақыл-ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытады. Бұл тапсырмалар оқушылардың әр түрлі мәтінді есептер шығаруда, есептің шартын құра білуге, бір есептің бірнеше шешімін табуға жетелейді.

Дәріс өткізу әдістемесі келесі түрде өткізілуі мүмкін. Дәріс материалын PowerPoint презентациясы немесе мәтіндік ақпарат түрінде беріледі. Сонымен қатар, материалдың құрамында кесте, диаграмма, сурет, басқарушы батырмалар, гиперсілтемелер, графиктер болады. Түсіндіру барысында оқытушы тақтаның алдында тұрып жасырулы ақпаратты және объектерді көрсете алады және өзгертеді. Дәрістің соңында қолданылған материалды есте сақтап, қажет жағдайда қайталап қолдана алады. Интерактивтік тақтамен жұмыс істеу барысында жасалған файлдар белгілі бір форматпен сақталады, сонымен қатар PDF форматында да сақтап, оқушыға электрондық пошта арқылы жіберуге болады. Сонымен «Актив экран» бағдармалық-техникалық кешенін қолдану барысында оқушыға дәрістің мәтінін жазу қажет емес екендігі анықталады.

       Практикалық сабақты өткізу әдістемесі келесі түрде болуы мүмкін. Оқытушы алдын ала дайындаған дәрісті немесе алдыңғы өткен сабақты қайталауға және оқушының білімін, біліктілігін, дағдысын бақылауға бағытталған тапсырмаларды орындауға береді. Сабақтың басында тапсырманы орындау бойынша ауызша түсіндіру жүргізіледі, интерактивтік тақтаны пайдалану арқылы теориялық материал қайталанады. Қажетті жағдайда, оқытушы тақта арқылы мысал есепті шығаруды, графиктерді құруды, құрал саймандарды қолдануды көрсетіп түсіндіреді. Оқушыны жеке тапсырма береді, оған қалғандардың көңіл бөлу үшін бағыт береді және бақылап отырады. Мұғалім алдыңғы сабақта өтілген материалды ашып, өткен сабақты қайталай алады. Мұндай әдістеме сабақта екпінді түрде өткізуге мүмкіндік береді. Тақтада жұмыс істеген оқытушы мен оқушының орындаған іс-әрекеттерін есте сақтап келесі сабақта қолдануға болады. 
        Семинарды өткізу әдістемесі бағдарламалық - техникалық кешенді қолданып келесі түрде жүргізуге болады. Семинар сабағы белгілі бір тақырып бойынша әңгімелесу немесе дискуссия формасында өткізіледі. Оқытушы алдын ала тақырыпты және қарастырылатын сұрақтар бойынша презентациялық материалдар дайындайды. Слайдтарға талқылау қажет етілетін негізгі сұрақтарды және сабақта белсенділікпен қызуғышылықты тудыратын семинар тақырыбын түгелдей ашуға қажет ақпараттық объекттерді кірістіреді. Оқытушы сабақ барысын интерактивтік тақта арқылы басқарып отырады. Сонымен қатар семинар сұрақтарын ұжымдық топтық игеру үшін оқушылар графикалық ақпаратты қолданады.Сонымен, интерактивтік тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады. Алдын ала дайындалған оқу матералдарды – презентациялар, мәтіндік, графикалық ақпараттық объектер – сабақтың жақсы өтуін және барлық ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді. Сонымен, «Активті экран» кешенін қолдану арқылы оқыту үрдісінде жаңа дидактикалық мүмкіншіліктерді ашуға мүмкіндік береді.

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазіргі кезде еліміздің білім беру саласының  алдына қойып отырған негізгі  міндеттері ұлттың бәсекелестікке қабілетін  арттыру, әлемдік білім кеңістігіне  толығымен ену, білім беру жүйесін  халықаралық деңгейге көтеруде білім беру үдерісіне ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жетістіктерін енгізу, электрондық оқулықтар мен мультимедиалық бағдарламаларды тиімді және кеңінен қолдану, елдегі ақпараттық инфрақұрылымды әлемдік білім берумен ықпалдастыру, білім беру ұйымдарының байланыстарын нығайту болып табылады.

Жалпы алғанда кәсіптік лицейлерде де негізінде білімдік үдерісті ұйымдастыру үздіксіз оқу-ізденіс және зерттеушілік жұмысқа үнемі тұрақты өзін-өзі жетілдіру және зерттеушілік жұмысқа деген жоғары мотивацияны қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар оқытудың жаңа жүйесін ендіру жаңа ұғымдық аппаратты енгізуді талап етіп отыр.

Информатиканы оқытудың маңызды бөлігі - оқу үдерісін ақпараттандыру және коммуникация құралдарымен қамтамасыз ету жағдайында оқушының ақпараттық мәдениетін қалыптастыру мәселесінің өзектілігі одан әрі арта түседі.  

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану кәсіптік лицейде оқытылатын білім көлемін жетілдіру үшін интерактивті іс-әрекет тәсілдерін, динамикалық және көрнекі образдық модельдерді пайдалануды, материалды беруді жетілдіруді мақсат тұтады. Мұнда негізгі қызметті жаңа компьютерлік құралдар атқарады.

 Кәсіптік лицейде беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды меңгерген мамандарға деген сұраныстың артуы мен оларды даярлаудағы кәсіптік, әрі ақпараттық білімділігі мен қабілеттілігі, ақпараттық мәдениетінің қазіргі талаптарға сай болуы өте үлкен маңызды жұмыстарды атқаруды талап етеді және болашақ кәсіби маманның даярлығын білім стандарттарына, мазмұнына сай жетілдіру мәселелері көкейтесті мәселе болып отыр.

Оқыту үдерісінде компьютерлік технология мен техниканы қолданудың негізгі педагогикалық-психологиялық  мәселелерімен айналысқан ғалымдар, білім беруді ақпараттандыру саласында зерттеушілер еңбектерінде орта және кәсіптік лицейлерде ақпараттық технология құралдарын қолданудың іс-тәжірибесі, танымдық әрекеттерді басқару үдерісі кәсіптік лицейлер пәндерінің мазмұны, әдісі, құралдары, оқыту түрлері мен оның нәтижесін бақылау жаңа дидактикалық шарттарға негізделіп және жаңа құрылым, ұйымдастыру қызметі, орындалу нәтижесі, көп ізденуді қажет ету, педагогикалық-психологиялық сипаттамаларын нақтылап көрсетеді. 

        Оқыту жүйесінде әр оқушы компьютерлік  технология негізінде интернет, АТ оқыту, электрондық почта арқылы дүниежүзілік білім кеңістігіне еніп, онда өзінің қажетін өтейтін білімді толығымен алуға, қажетті ақпараттық мәліметтерді, ғылым саласына байланысты озық тәжірибелерді, ізделіп отырған мәселенің шет елдегі жағдайымен танысуына толық мүмкіндік туып отырғандығына көз жеткізді.

Кәсіптік лицейлерде оқушының ақпараттық мәдениетін қалыптастыруды зерттеуге арналған тәжірибелік-эксперименттің нәтижесінде оқушылар қоғамдағы ақпараттың рөлі мен мәнін, ақпараттық ресурстардың негізгі қасиеттерін меңгерді, ДК құрылғылары мен қызметін,  ОЖАТ-ын басқарудың дұрыс амалдарын пайдалануды үйренді, ақпараттық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған тапсырмаларды орындауға қол жеткізді. Оқушылардың ДК жұмыс жасай білу икемділігі, ДК ақпараттық үдерістерді орындай білу икемділігі, өз банкісін кәсіби құнды ақпараттармен толықтыра білу икемділігі т.б. қалыптасты.

Информация о работе Основные вопросы педагогикалық-психологиялық применения компьютерной технологии в процессе обучения