Олжас Сулейменовтың өмірі мен қоғамдық саяси қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2014 в 13:52, курсовая работа

Краткое описание

Зерттелу мақсаты: О.О.Сулейменовтың «Азия» деген кітабындағы ұлттық тіл мен діннің орның анықтау.
Зерттелудің міндеттері:
• қолданылған әдебиеттер тізімімен танысу;
• Олжас Сулейменовтың өмірі мен қоғамдық саяси қызметін зерттеу;
• Олжас Омарұлының шығармашылық мұрасын сипаттау.
• Олжас Сулейменовтың «Азия» деген кітабындағы ұлттық тіл мен діннің орның көрсету.

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовая Гулим.docx

— 134.15 Кб (Скачать документ)

Болашақ: Қазақ ұлты мемлекеттігін сақтап қалады, ұлт ретінде қаншама ғасырлық аласапыраынан соң өркендеуге оның тарихи толық құқығы бар; өзге ұлттар өз тілі мен мәдениетін дамытады, тұлға ретінде жанжақты ашылады. Менің бүкіл халықтар алдында сұрайтын өтінішім бар: тағдырыңда қуаныштан гөрі қасіреті көп болған қазақтардың мемлекеттік сана-сезіміне түсінушілікпен қараса екен деймін, олар ешкімді жат деп танымайды, бауыр деп бауырына тартады, ұзақ-сонар бодандықтан кейін уысына түскен тәуелсіздікті олар қайтадан жоғалтып алмаймыз ба деп, қорқынышпен өмір сүреді.

Олжас Сүлейменов «Қасиетті латын» атты еңбегінде жазады: «Бәрімізге белгілі, сауатылықтан соң орнайтын заман табалдырығымызға таяды: көз алдымызда оқырман адамзат - тыңдаушы және көрермен адамзатқа айналып барады. Біздің балаларымыз «Соғыс және бейбітшілік», «Дон Кихот», «Моби Дикті» оқымады: олар осы бір топ туындыны экраннан тамашалады. Бүкіл Толстойды, Чеховты, Диккенсті, Дюманы, Шолоховты, Марк Твенді, Гюгоны экранға шығарып - тұтас ұрпақты рухани дүниесінен жұрдай қылдық. Он жыл бұрын КСРО кинематографистер съезінде кинорежиссерлерден классиканы өз жөніне қалдыруын сұрап едім. Неліктен қазіргі прозаның өзі ғана жетпейді: ол экран көмегімен тек қана жақсарады!

Кітап құрып барады. Цивилизацияның бастапқы себебі. Электроника - жай салдары ғана. Шекспирді тумаған мәдениет Ньютонды туа алмайды. Жазу қабілетіміз құлдырауда, өйткені оның мәні мен тарихын түсінбедік.

Гомо сапиенс түр ретіңде үш миллион жыл ғұмыр кешті. Тек соңғы отыз мыңжылдық көлемінде ол халықтарға айналды - тілін, мәдениетін жасады».

 

 

 

 

 

 

3 бөлім.Олжас Сулейменовтың «Азия» деген кітабындағы ұлттық тіл мен дін.

3.1. «Мәдениеттер қиылысатын кеңістіктер» - рухани салауаттылықты

нығайтатын қызмет.

Тәуелсіздігіміздің бір өрісі - тіл мәдениетіне орай. Ана тілі жанашырлары қазақ тілінің ойлау және сөйлеу мәдениетін арттыру, тілдесу дәстүріндегі төлнұсқа мен өркениетті ырықты ескеру, тіл табысудағы жаңалықты жетілдіру мәселелері төңірегінде өздерінің сауаттылығы мен зейінділігін танытуда. Ана тіліміз азаматтық және ұлттық сана-сезімді қалыптастырудың бірден-бір тетігі, күнделікті тәжірибеде жүйеленген іс-әрекеттің тұтқасы екеніне көзіміз жетуде. Тіпті, саясат пен мәдениеттің мақсаткерлігін бағдарлай да, тұтастыра да түсетін құралына, билік пен беделді нығайтатын байланыс түріне, әлеуметтік және мәдени тарихымызды өзара жымдастыратын, ұлттық ділді үнемі нығайтатын қайнар көзіне айналуда. [6, 6-7 б.]

Тілдің түрлі қызметі бірден қалыптаспағанына ешкім күмәнданбайды. Бірақ тіл практикасының қалыптасу кезеңі мен көрінісі туралы не біліп жатырмыз? Тілдің ұлттық көрінісі мен қызметі, сондай-ақ жалпы адамзаттық мәні мен заңдылығы да бар екенін мойындаймыз. Осы ерекшелікті дұрыс ұғыну және жөнімен қолдана білу -мәдениеттілік екенін ескерудеміз. Мәдениеттілік түпнұсқа мен елдік тұғырдан адастырмайды деп дұрыс ескеру қажет.

Олжас Сүлейменов былай деп жазады: «Мәдениет - толыққанды өмір сүрудің бірден-бір шарты. Түбірлей түссек, «Мәдениет - тіршілік ету жолындағы еңбек-бейнеттен туған, табиғатпен, адами ортамен үйлесімді өмір сүре білу өнері. Мәдениет - ол тарихи тәжірибе айтып берген дағдылы машықтардың, рұқсат етулер мен тыйым салулардың тұтас бір жүйесі. Мәдениет те тіл сияқты өзіндік сипатын сақтайтын ашық жүйе».

Тіл мен мәдениетті тарихи тұрғыдан қарасақ, екі жетістікті де жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтың жиынтығы, нәтижесі деп есептейміз. Ол дегеніміз тіл мен мәдениет даму заңдылығы бойынша біртұтас құбылыс және жетістік, ал қызметі мен ықпалы бойынша әртүрлі көрініс пен қарқын. Даму заңдылығының жүйесі жеке кезеңнен, ұлттық ерекшеліктен, салалық көріністен тұрады, бірақ олардың біреуімен де шектелмейді. Тұтас арна құрамдасты біржақты жұтып қоймайды. Онда сыңарлықтан гөрі, өзара ықпалдылық айқын, бірін-бірі байыту басым. Өмірдің осы ашық сабағы тіл практикасында қаншалықты орын алуда? - деген сауалға ұйытқы болған Олжас Сүлейменовтың «Пересекакущиеся параллели» - «Қиылысатын кеңістіктер» атты жаңа кітабы.

Тылсым табиғаттың күрделі жүйесінде, өрелі өркениеттің өрісінде қиылыспайтын кеңістіктер жоқ. Әңгіме тек сол қиылысудың уақытына, көрінісіне, сипатына және оларға деген көзқарастардың қызметіне байланысты. Осыған орай тілде не нәрсе, қалай, не үшін қиылысады деген сұрақтарға жауап іздеу адам болмысының сұранысынан, өмір талабынан туындайды.

Кітап көп жылғы тілтану ізденісінің ғылыми негізі іспетті. Олжас Сүлейменов осы кітабында өзінің рухани шабыты мен түркі тілдес мәдениеттің шебін анығырақ көрсетуге ықылас білдірген. Тілдің түбірін тарихпен, мәдениетпен, этностың өмір сүру ерекшеліктерімен қатар салыстыруы заңды. Түріктік славянистика идеясы автор ойын кеңірек, дәлірек, толығырақ, болжамы мол жүйелілікті алға тартуға мүмкіндік ашқандай.

Олжас Сүлейменовтің шығармашылық шабыты өзара түсіністік пен бірін-бірі байыту философиясынан нәр алады және оның мынандай шарттарына сүйенеді: тіл практикасы пәні мен мәселесін дұрыс, толығырақ ұғыну қажеттігі; өзара түсінісудің проблемалық аясын анықтау; адам мен ұлттық рухани құндылықтарын жаңарту арқылы тіл табысудың шеңберін кеңейту; мәдени сұхбатты қарқындату арқылы еуразиялық өркениеттің қайта өрлеуіне ұйытқылық жасау. Кешенді және көп салалы талап. Бұл мәселелер ұлттық тарихымыз бен мәдениетіміздің ең жауапты және шешуші кезеңінде кездейсоқ қойылып отырмағандай. Оның үстіне осы бағыттағы түрлі көзқарастардың астарын үйлестіріп жатса, мұндай шығармашылықты қанағаттанарлық ізденіс пен ілгерілеу дейміз.

Автор өзінің ізденіс міндетіне білімдарлықпен, салыстырмалы тарихи түсінікпен қарайды, ұлттық мәдениеттің өткеніне мүқалмас патриоттық сезімталдық және сеніммен қайта-қайта оралады.

Кітапта тілдік қатынастың мағынасына кең тоқталған. Мамандар үшін, республикамыз үшін оның құндылығын немен өлшеуге болады? Тілдің даму заңдылықтарын анықтау, оның лексикалық қорын туралап толықтыру, мәдениеттің басқа түбірімен байланысын үйлестіру, танымдық және саяси-әлеуметтік қызметін қарқындату - күн тәртібінен, қоғам қажетінен түспей келе жатқан мәселелер. Бұл бағыттағы дұрыс шешімдер ұлттық егемендігіміз бен Қазақстан Республикасының еуразиялық кеңістіктегі әлеуметтік-мәдени негізін нығайтуға, сонымен ана тілінің өрісін кеңейтуге демеушілік етері даусыз.

Кітаптың мазмұндық ерекшелігі сол, онда екі ұстаным -модернистік - реформаторлық дискурс проблемасы және тілдің белгілік жүйесі бетке ұсталынады. Бұл автордың кәсіптік деңгейін айшықтайды. Алғашқысы - өткен ұрпақтардың мәдениеті мен тарихи санасынан үйлесімділік іздестіруге, ал екіншісі - тіл мәдениетінің тұтастығы мен терең мазмұнын ашуға мүмкіндікті арттырады.

Оған негіз - сөздің генетикалық коды және мәдениеттің тілдік коды. Екі бірдей түбір - тіл мәдениетінің тұтастығын табуға дәнекер тетіктер. Сөздің түпнұсқасы түсініктің тарихпен, халықтық тәжірибемен ұштасып, сіңісіп жатқан хаттамасына ұқсайды. Оны тілдің дискурсивті сипаттамасы деп те атайды. Тілдің түп тамыры арқылы әр дәуірдегі әлеуметтік-мәдени кеңістіктің проблемалық шеңберінің ауқымын және рухани шежіренің тағылымын анықтауға мүмкіндік ашылады. Сөз түп негізі мен тіл түп тамырларының өзіндік функциясын қалыптасқан жүйеде тілдік қатынас сараланады. Тіл қатынасының осы қос өрімін салыстыру арқылы сөз бен тілдің өзгермелі құрылымы ғана емес, сөздің лексикалық құрамы мен этимологиялық мәнінің мән-жайы ашылады. Кітапта осы екі тармақ қатар қарастырылады.

Сөздегі, тілдегі түпнұсқа қалайша адамзат тарихының практикасына, халық мәдениетіне енген? - осындай сұрақ туындайды. Түпнұсқа - адамзат тарихының, халық мәдениетінің және адам ойының төлтумасы, адамдардың өмір-салтының дәстүрлі түрі. Түпнұсқа -мәдениеттің тұтас негізі, тұрақтанған тамыры. Ол әлеуметтік-мәдени кеңістіктің түрлі деңгейінде қиылысқан, бір-біріне әрқалай ықпал еткен. Осыдан тіл эволюциясын тұтас кеңістік десек, осы кеңістікте тіл мен шаруашылық мәдениеті қалайша өзара қиылысып жатады, оған қандай ұстаным ұйытқы болды деген сауалдар алдымен мамандарды мазалайды. Түрік тіліндегі сөздің төлтумасы дегенде мал мен егін шаруашылығындағы, қол өнердегі материалдық құндылықтың әлеуметтік тәжірибенің алмасу нәтижесін және сол бағыттағы ақыл-парасаттың жетістігін алға тарту керек.

Шаруашылықта тіл практикасы қалыптасты. Кеңістіктегі көшіп қону тұрмыстың тұрақты және тұтас көріністері тілде бейнесін, белгісін және рәмізін тапты. Көне түріктерде жер өңдеу мәдениеті жетік қалыптасқан, оның өнімді технологиясы кеңірек қолданылған. Мұның өзі көне түрік тайпаларының өмір салты белсенді болғанын, тіл мәдениетінің жетік болғанын көрсетеді.

Онда тарихи, мәдени және тілдік үш деңгей-бір-бірімен ұласқан сайын түрік тілдес сөздің мазмұны ауқымдалынды, сөздіктің мән-мағынасына орай қолдану тәртібі деректелінді, біртіндеп төлтума жаңа тармаққа бөлінеді. Болмыс ортасына, тұрмыс-тіршілігіне, шаруашылық түріне орай дыбыс үйлесімі ықшамдалынды, сөз түбірі түрленді. Қарым-қатынас қажетінен сөздің лексикалық, этимологиялық дамуы өріс алған және осы заңдылықтарды өз бабымен қолдану тәсілдері орныққан. Бұл күрделі де ұзақ процесс туралы жалпы түсініктер аз болмады. Соңғы ғасырда ғана тіл табысу практикасына адамның танымдық қызметі шоғырлануда. Оның аяғы кеңіген сайын түпнұсқаға деген тар түсінік тарылуда.

Тіл практикасына дүниені қабылдау және ойластыру қалпы біртекті болмады. Тіл сындыру, тіл таныту, тіл дамыту - тіл практикасының мәдени өрістері. Оның үстіне күрделі сөздер қалыптасты, оның тәсіліне, талаптарына деген ережелер ойымызды иірді. Тілге түрткі болып отырған мәселе - сөз эволюциясы. Шаруашылық пен сөз эволюциясы тілдің түбірін сақтады, жұрнақтарын жетілдірді. Ол дегеніміз:а)сөздіктің функционалды қызметіне, құрылымдық элементтеріне, семантикалық мағынасына, сөзді қолданудың әлеуметтік-гуманитарлық деңгейіне ерекше назар аудару; б) сөздің атаулы және заттық түбірін анықтау;в) сөздегі етістіктің логикалық бір сарынға икемделіне бермейтін күрделі синкретикалық сипатына талдау жасау қажетіт арттырды.

Осыдан түркі тілдерінің қалыптасуы мен таралуын қарастыратын болсақ, онда көне этностардың тарихи, мәдени және тілдік өзгерістерінің бір-бірімен үйлесіп, кейде үйлесе бермейтінін аңғаруға болады. Көне түрік сөздерінің кейбір түпнұсқасы шумер, көне мысыр, латын, грек сөздерімен тамырлас деген О.Сүлейменовтың көзқарасы ақиқатқа жақын.

Мәселе осы өзгерістердің мәдениет негізі мен тіл түбірі ретінде ашық, бірде танырлық, бірде байқала қоймайтын түрде өзара астарласып, алмасып жатқанында. Тілдегі эволюция әрбір халықтағы салт-дәстүрдің психоэтнологиялық мазмұнын бұзбаудың, тіпті оны қалыптастырудың қажеттігі байқалады.

Әрбір термин мен диалектінің тарихын білу, сөздің синкретикалық табиғаты мен оның морфологиялық жүйесінің эволюциясын аша түсу қажеттілік. Не үшін? Алдымен әрбір сөздің мағынасын, стильдік-эстетикалық жүгін түсініп жұмсау үшін десек, онымыз сауаттыларға аян талап. Өйткені синонимді сөздердің әрқайсысын қосымша мағыналық реңкі бар екенін жоққа шығара алмасақ, онда тіл практикасындағы сөздің фонетикалық тұлғасын, дыбыс гармониясын, ассонанс құбылыстарын қалай түсіндіруге болады?

Олжас Сүлейменов былай жазады: «Сөздегі атау мен етістіктің қайсысының грамматикалық мағынасы алғаш калыптасты және басымдау болды немесе қосарланған тілде түбір мен суффикстің рөлін, олардың үндестігін айқындау керек. Тіл практикасының тарихында бұл бағытта әртүрлі сарындардың орын алғаны айғақ. Бірақ сөз түбірінде неге белгілі бір морфологиялық түр орнықты деген сұрақ мамандар үшін әлі де ашық мәселе».

Сүлейменовтың көзқарасының ерекшелігі - сөзге этимологиялық талдау жасай отырып, сөзді қалыптастырудың, сөз астарын анықтаудағы шығармашылық ереже мен тоқтам-түйінді саралап беруінде.

«Эффективность воссоздания пра-типа находятся в зависимости, прежде всего, от знания системы морфологических соответствий в живых и мертвых языках мира и лишь потом - фонетических... Полная этимология возможна только с восстановлением графического образного знака», т.е. с установлением ясной, родословной информации о первоисточнике. ...Слова являются выражением морфологических систем (глагол + орудийный суффикс = имя существительное). В местном двуязычии часто встречается такое сочетание слов: тюркский корень и славянский суффикс. Это - особенность исторической ситуации времени; Систему лексических соответствий славянским словам древнейшего образования невозможно выстроить без учета данных тюркских словарей. Тюркское влияние на славянистику в фонетической зависимости слова от приставки. Качество звуков второго слова подчиняются качеству звуков начального; знание механизмов закономерных изменений тюркского слова в славянской речи: Закон Перестройки слога присущ всем языкам планеты и лежит в основе многих фонетических законов», - деп О.Сүлейменов жазады.

Шығармашылық ізденісте сөздің морфологиялық, функционалды, семантикалық түрлері мен астары қаралады, қалыптастырылады; термин мен диалектінің семантикалық даму ережесі, етістіктің - императивтің грамматикалық дамуы анықталынады; адамдық қарым-қатынастардағы ұмыт қалған бейнелік және белгілік деңгейін қабылдау дәстүрін жаңғыртады; дәстүрлік пен кешендік, нақтылық пен дәйектілік қағидаларын бір-бірімен үйлестіру арқылы, сол тапапты басшылыққа алады. Ізденіс сөз эволюциясын игерудің, иемденудің, иелік етудің өлшемдері мен өрісін ажарлайды.

Кітаптағы тіл мәдениет туралы тың ойлар аударманы төл жанрға айналдыруға ой тастайды. Республикамызда білім мен мәдениеттің дамуын жалпы адамзаттық деңгейге көтермелеу үшін немесе адамзат тарихындағы ірі рухани мұраларды ана тілінде оқып-білуге жол ашу үшін аударманың тигізер ықпалы өте маңызды.

Өйткені аударма рухани мұралармен тілдесудің, мәдени сұхбаттасудың кең таралған дәнекері. Аударма - ұлттық тәуелсіздігіміз өрісінің, ұлттық тіл мәдениеті сапасының айғағы, ұлттық мәдениеттің әр салада халықаралық бағытта дамуының басыбайлы бір көрсеткіші, ғылыми байлығымызды дамытудың ең әсерлі жолдарының бірі. Аудармалық шығармашылықтың ұлттық мамандарды дайындаудың дәрежесін жетілдіруге тигізер ықпалы өз алдына. Қазақстандағы көп тілде сөйлесу және білім беру тәжірибесі елімізде жаңа ұлтаралық қарым-қатынастың қалыптасуына, оның мәдени құндылықтарын және жас ұрпақты тәрбиелеу жұмыстарын жандандыруға өтімді ықпал етері хақ.

Информация о работе Олжас Сулейменовтың өмірі мен қоғамдық саяси қызметі