Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2014 в 13:52, курсовая работа
Зерттелу мақсаты: О.О.Сулейменовтың «Азия» деген кітабындағы ұлттық тіл мен діннің орның анықтау.
Зерттелудің міндеттері:
• қолданылған әдебиеттер тізімімен танысу;
• Олжас Сулейменовтың өмірі мен қоғамдық саяси қызметін зерттеу;
• Олжас Омарұлының шығармашылық мұрасын сипаттау.
• Олжас Сулейменовтың «Азия» деген кітабындағы ұлттық тіл мен діннің орның көрсету.
Монғол ескерткіштері жөнінде жазушы мынадай мағлұматтар келтіреді: «Оның биіктігі - үш метр. Бүкіл беті ҮІІІ ғасырда, дәлірек айтсам - 728 жылы өте жоғары стилистикамен шекілген. Текст мазмұны сол кезде-ақ тайпалық, рулық санадан жоғары, мемлекеттік ұғымға толы. Ол былай деп басталады: «Түндерде көз ілгем жоқ, күндіз тізе бүкпедім, қара терім тамшылап, қызыл қаным төгіліп, мен түркі халқының бірлігі үшін жұмыс жасадым». Міне, уәзір осыны жазған. Арадағы он екі ғасыр лексика түк өзгеріске түспеген, кез-келген түркі тілдес оқырман түсінетін тұрақты тіркестер қазіргі тілдерде де қаз-қалпында сақталған. Бұл мен үшін сөздің тіпті, өзі бедерленген граниттен де әлде қайда мықты материал екендігіне тағы бір дәлел болды.
Мәселе мынада, ескерткіштің өң бойында ұшып түскен сынықтар, шұңғыл тесіктер көзге ұрады. Ненің іздері екенін сұрастырдым. Сөйтсем, жақын маңға біздің әскери бөліміміз ірге теуіпті. Несі бар, айнала мидай дала, нысана жоқ, міне, сондықтан автоматтан оқ жаудырып жаттығады екен».
Олжас Сүлейменов сол уақытта Монғол Мәдениет министрлігіне жүгіріп, біздің елімізде дәл көшірмесін жасатуды, оны әкеліп дәл осы орынға орнатуды, ал түпнұсқаны монғол музейіне тығып қоюды ұсынды. Амал жоқ, өзара түсінісе алмады-да. Ол елге қайтып оралысымен бірден ескерткіштерді қорғау қоғамымен байланыс жасаған-ды. «Қаржы да бар, бірақ әлдеқандай себептер тағы да кесе-көлденең тұрды. Дәл осындай жәйт Қазақстан Ғылым академиясында да қайталанды. Тек АҚШ-та өткен түркологтардың конгрессінде ғана менің үндеуім қолдау тапқандай болды. ЮНЕСКО-ның қарауындағы бір топ ғалымдар Монғолияға аттанды, қазір үкіметпен келіссөз жүргізіліп жатыр», - деп жазушы мәлімдеді.
Олжас Сүлейменов жазады: «Ежелгі орыс жазбаларын қызыға зерттеп жүріп, кириллица тарихына, орыс жазуының тарихына тірелдім. «Жыр...» өзім білмес жайттар теңізінде дөңгеленген толқындарды туғызған тастың түсуі секілді болды. Дүниетанымды кеңейтті. Өлеңдер туды. Өзге мәдениет, цивилизация, этностарды білу арқылы мен өзіме қарай келе жаттым».
«Азия» кітабы жарыққа шыққан соң жазушы күзде хаттар ала бастаған болатын. Алғашқы хаттар Симоновтан, Межелайтистен келген еді. Бұлар атақты жазушыны шабыттандыратын хаттар еді. Симонов болашақ айқас жөнінде ескертіп, колдау көрсетуге уәде берген екен-ді.
Жазушы еске түсіре отырып, жазды: «Жалпы хаттар көп еді, қап-қап десе де болғандай. Тіпті оларды жариялағым келгені де бар, өйткені сол кездің өзінде-ақ адамдардың бойында қаншама ұлттық жәбір-жапаның, жұмсалар көзін таппаған қуаттың жинақталғанын байқаған едім. Бір кезде «Жырдың...» өзі тудырған әңгіме сияқты менің кітабым да ешкімді бей-жай қалдырмағанын сездім. Бірақ көптеген адам мұны басқаның бақшасына тас лақтыру деп қарады...».
Алғаш рет кітапты айыптаған рецензия 1975 жылдың желтоқсанында «Молодая гвардия» журналында жарыққа шыққан. Олжас Сүлейменов бұл сәттер жөнінде жазады: «Москвада, Орталық Комитетте, былайша айтқанда, менімен «ибалы» әңгіме өткізді. Орталық Комитеттің қайраткері: «Мен қазақ халқын білемін. Момын адамдар ғой, ылғи да момын болған. Сен неге ондай емессің?» - деді. «Халық» сөзін бір ғана теңеумен анықтауға болмайды деймін. Бұл маркстік көзқарас емес. Егер момын халық болса, онда момын емес те халық болғаны, жақсы болса, ендеше жаман халық та болғаны ғой. Құр момындық - шектеліп қалу. Мен тұрмыста момын болуға келісемін, ал сезімі мен білімін жеткізуде жазышуға тұйықталып қалуға болмайды деп санаймын, - деп Олжас аға батыл жауап қайтарды. [25, 12 – 15 б.]
Әңгіме жалғасын тапты. СОКП Орталық Комитетінде талқыламақ болып шешілді. Талқылауды Москвадағы Ғылым академиясының үйінде өткізу ұйғарылды. Ол 1976 жылдың 13 ақпанында, түскі үзіліссіз таңғы 9-дан кешкі 6-ға дейін созылды. Тізім бойынша 46 кісі сөз алған-ды: академиктер, корреспондент-мүшелер. Академик Б.А.Рыбаков алғашқы сөзді сөйледі: «Алматыда орыс халқына ең қарсы қітап жарық көрді!» Былайша айтсақ, жол салып берген болатын...». Көп ұзамай, ақыры Қазақстан Компартиясының бюросы болып өтті. Ол лайықты қаулы қабылдап, кітабымды кітапханалардан, сауда орындарынан алып тастады. Қазақстан бойынша цензураның жүгенсіздігі басталды. Көптеген кітаптар құртылды, мәселен, солардың арасында «Көшпелілер эстетикасы», біздің жас философтардың жинағының барлық тиражы пышақка ілікті».
Міне, тағдыр ақын пешенесіне тарих тереңіне сүңгуді, соққы да жеп, бірақ аман қалуды жазыпты. Олжас Сүлейменовтың «Азия» кітабындағы үндеуі мынадай еді: «Мүмкін ондаған жас оқырмандарымның арасынан: жаңа формацияның адамдары, христиан, мұсылман, будда ілімдерінің көзсіз нанымынан таза, ұлттық және нәсілдік философияның қағидаларынан ада, болашақ гуманитарлық, бірақ дәл ғылымдарды жасаушылар табылып қалар. Сонда ғана сөз сәт сайын өзгеріп отырар тарихи түсініктің себебі де, салдары да болмайды, ол тек - Сөз, ең объективті бастау ғана болып қалады».
Мұрат Әуезов, мәдениеттанушы: «Мәңгіліктің ырғағына іліккен -Сөзбен» автордан: Бұл мақала 1976 жылы «Азия» кітабын қудалаған уақытта жазылған. Мақаланың мазмұны мен интонациясы кітапты қорғау мақсатына бағынған. Мұны қазақша да, орысша да басуға ешқандай мүмкіндік болмады. Қазір, жиырма жыл өтіп кетсе де, мақаланың барлық сөзімен келісемін.
Олжас Сүлейменовтің жаңа кітабы соңғы уақ төл әдебиетіміз жиі жете бермеген көкжиектен көрініп, таңсық мәжбүр етеді. Алдымызда теңдесі жоқ шығарма. О.Сүлейменов бізге өзінің интеллект биігімен, көркем және ғылыми ойлау мәдениетінің құнарлығымен, өзгеден адамгершілік көзқарастарының оқ бойы озықтығымен танылады. «Тарихи-филологиялық ғылымдардағы топастық аяқ асты ету облысына» қарсы тұрған әділдікті жақтау мен ірі мінезділігі, мүлдем келіспеушілігі оның этикалық позициясын анықтайды. О.Сүлейменовтің поэтикалық сөздің ырғағы мен жүрек соғысын ұстай алатын бәрі мойындаған ғажап қабілеті кітапта жақсы ашылған.
Кітап жанры таптаурын дәстүрдің ешбіреуіне сыймайды. Логикалық дамытуы мен ғылыми дәйектілігі көптеген академиялық еңбектерге үлгі боларлық, ой-өрісінің кеңдігі, білімділігі, кәсіптік білгірлігі де бізге соны айтады.
«Неге екені белгісіз, осылай қалыптасқан: поэзия - ақылдылау. Ақымақтың өлеңі мақалаға айналмайтынын ұмыттық», - деп ой түйеді О.Сүлейменов бір монологында. «Ғалым» мен «ақынның» мағынасы тақауда ғана екіге жарылғанын да ұмыттық. Екеуі бір-ақ сөзбен анықталған: Европада - әртіс, Орта Азияда - чаляби деп аталған. Омар Хайям көлемді математикалық трактаттар жазды, содан шығар, қартайған шағында төрт жолды рубайлар оған ауыр болған жоқ - шағын және барлығына ортақ өлеңдер, формулалар сияқты. Әл-Фараби -поэзия, философия және математиканың тоғысқан арнасы. Олар кім болды - ақындар ма, ғалымдар ма? Чаляби».
Бірақ ол (О.Сүлейменов) - ғалам символдарын оқып-танудағы жай ғана чаляби емес, ғажап аспап. Оның кітабын оқу жеңіл, түсіну -қиын емес... Кітапты оқи отырып, жер асты дүмпүін сезесің, аяғыңның астындағы топырақ теңселеді, тектоникалық қозғалыстар, жаңа таулардың түзілуін аңғарасың... Інжілдегі «әуелі Сөз болды» ақиқатын Сүлейменов метафорлық әсерден тазартады.Ол адам сөзінің жарқыраған кристалдық күйіне қозғалыстағы күшті қайтарады, жердің осы тұзын, поэтикалық көрегендік пен ақыл-ой ашқан жаңалық тудырған ағарудың арқасында.
Кітап мазмұнын түгел айтып беру - таудан құлаған өзенді аквариумға сидыруға тырысқанымыз болар. Мұнда О.Сүлейменов сегіз қырымен көрінеді және оның барлық қасиеттерін жеке қарау бірнеше ұя болуын талап етер еді: біреуінде - славянист, тюрколог, шумеролог; екіншісінде - тарихшы, лингвист, әдебиеттанушы, философ; үшіншісінде - этнограф, палеограф, жазбалардың білгірі; төртіншісінде - ақын, драматург, публицист, айрықша графада -азамат, қоғам қайраткері. Осы қасиеттердің барлығын бір адамның бойынан табу - келешек пен өткен шақтың кейіпкерлерін бір тұлғаның бойынан көру, қайта өрлеудің тарихи ситуациялары әмбебап сана бейнесінің есіне қайта оралады.
Факт тірлік кешкен тарихи космосты тұтас түгел білу шарт екенін Сүлейменов жиі еске салады. Өйткені, бұның «Олжас Сүлейменов» феноменінде түсінудегі методологиялық маңызы бар. [16, 3 – 4 б.]
Кітаптың үлкен биографияға ие болатыны көрініп тұр. Ұрпақтар жанында ежелгі ұлы әдеби шығармалар әлі талай ғасыр сақталып қалатындығынан емес - Шумер эпосы, көне түркі қағанатының поэзиясы, «Игорь полкі туралы жыр», мұның бәрін зерттеу мен жаңаша оқуда Сүлейменов түзетулерімен санаспайтын жан болмайды. Әлі өздерін таныту үшін ұлттық мәдениеттер күресетін болар, бірыңғай адамзат тарихының көлемінде әлем халықтарының туысқандығын қайта дәлелдеу мәселесі де қалатын болар. Өздерінің бар екендігін көрсететін сыңар езу тарих «ғылымының» баскесерлері жойылмайынша, халықтар жүріп өткен жолды қарастырғанда оны шовинизм мен ұлтшылдық өзегіне айналдыру күйремейінше, «Азия» кітабы, атының өзінде әлем мәдениетінің бірыңғайлығы көзге ұрып тұрған кітабы, жалған патриотизм мен жалған ғылымға қарсы күресуге шақыратын майдан тұрбасының белгісі ретінде тазалықтың ұлгісі бола бермек», - деп пікірін айтты.
«Бекер мақтап та, босқа даттап та айта алмаймын», - дей отырып, Бақытжан Момышұлы өз пікірін білдірді: «Құрметке лайық адам қадірлі сөзді күтеді. Түбі жоқ терең шығармашылық артынан қайнары таусылмас бұлақ қалады. Рухани биікке ұмтылған ғаламдық жаратылыспен иықтас болса да мәртебелі, әрі пенделігінен бас тартпаған Олжас Омарұлы көңілдің шынайылығын талап етеді.
Жас ақындар үшін қиын уақытта түстастары оның соңы леп пен таза күй беретін поэзиясынан бас алмады. Абсолюттың тұңғиығынан жарып шыққан жарық сәулеге теңеді, адамгершілік идеяларын таратушы сәулеге теңеді. Әрбір жас буын Олжас Сүлейменовтың еңбегінен өзіне жасалған шыңдалу бағдарламасын тапқандай болды, ақынды Ұстазы ретінде таныды. Көбіміз оны зауалдан құтқарушы құбылыс деп қабылдағанбыз, содан ба, оның шақыруын күттік, ол бізге рухани сораптың бағыты мен тазарудың тиімді жолдарын көрсетуі керек еді.
Жарық та ауырғанды сезеді екен. Салқын тиіп, қапас түнге ұшырасқан сәуле жолай сынып, рухани сораптың сыртына шығып кетті. Бірнеше бұрылыс жасап, ұстамдылығынан айырылды да болмыстың тысқы шығанақтарына арқасымен тіреліп, жарық оз қозғалысының ақиқатқа апарар сілтемесінен адасып қалды, күнделікті тірліктің күйбеңін айналсоқтады, канцелярлық өрмекшінін торында тулады, бар күшімен ауынан сытылып шығып кеткісі келді, бірақ оны бостандыққа жіберген жоқ. Саясатшылықтың улы қалың тұманында қалып, сәуле өлімсіреп қана жанды. Бәрі де ешқашан өзгермейтін және болмай қоймайтын әділетті. Карма деп аталатын себепті - салдарлық заңға бағынды; рух материяға айналды.
Сәуленің қарқынын қадағалап жүргендер айрылудың ащы дәмін татты. Жамағат кино істерінің министрі Олжас Сүлейменовті іздемеп еді. Халыққа Жазушылар одағының бірінші хатшысы Олжас Сүлейменов те керек емес еді, тіпті осы есімді депутат та, өкілетті елші де; жұртымызға көш бастар көсем қажет еді, адамзат қазынасына барып құйылатын ауқымы кең, мақсатын анықтар ұлттық ілімнің авторы іздестірілген еді.
Олжас Қазақстанда космостық көлемде тілдесе алатын бірден-бір адам еді. Тірліктегі пендешілік мұндай қуатты потенциалдық іске асуына кедергі жасады. Ол халықтың данышпан ұстазы бола алатын еді, осындай миссияны атқаруға оның барлық мүмкіндіктері бар еді. Бірақ ол заманымыздың ұлы ақыны болып қалды, ұлтымыздың тарихи зияны оған тиесілі орнын ұсынды. Оны астарында қатпарлы ойы жатқан дарынды өлеңдерді жазған ақын ретінде ұмытпайды, тіпті өзі қойған сұраққа өзі жауап қайтармаған шәйір ретінде де: «Мен қалаларымның қалай кирағанын білгім келеді?», «Жұрт неге жұлдыздарға ұмтылады?». Халықты соңынан ерткен қоғам қайраткерін де ешкімнің ұмытуға хақысы жоқ, солай ядролық апатқа тосқауыл қойылды. [19, 2-5 б.]
Қарапайым адам үшін Олжас атқарған қызмет - орта ғасырдағы қамал бұзғандай еңбек. Бірақ... «кімді рухани бай қылып жаратса, содан сұраным молырақ». Егер мен жазуымды тоқтатсам, адамзат та, әлемдік ақыл-ой да ештеңе жоғалтпас еді. Бірақ Олжас Сүлейменов қаламының сөйлемеуі - бізді шығынға ұшыратады: жоғалтқанымызды кім есептеп бере алады, латент стадиясындағы қалғып жатқан рухани энергиясының үндемеуінен ше?! Этимологиядағы ізденістер мәңгілік ақиқатты табатын талпыныстар емес. Лингвистер көп және толқыны үзілмес, ал бірақ екінші Олжас Сүлейменов қашан туады - әңгіме сонда. Біз қазір жауап бере аламыз, екінші Олжас жоқ, болмайды, топырақ рухани қазынасы мол басқа адамды туғызар, оның өзі жүз немесе одан да көп жылдар өткен соң дүниеге келеді. Содан көз жазып қалмасақ болды! Үмітімізді ол да үзіп кетпесе игі еді!
Егер Олжас болмаса мін ағатын ешкім де болмас еді. Өз соқпағын өзі таңдап алған ұлы ақынды сынаудан аулақпын; өз кармасына сай келер өмір жолын қайдан салса да әркім өзі біледі. Бірақ алданған үмітім жайлы айтуға тиіспін, оған құқым бар. Солай болса да Олжас тәрізді тұлғамен танысқаным, туысқандай араласқаным, кездескенім үшін тағдырыма рахметімді айтпасам - қайыры жоқ адам болар едім.
Әртүрлі жағдайларда талай кездескен кештерім үшін, ғажап шаңырақтар астында өткен қызғылықты, жадыдан өшірілмес сұхбаттар үшін тағдырыма ризамын. Біз ұдайы бір арнадан шыға алмадық, бірақ екі түрлі көзқарас салқындық туғызбайды, өйткені, жанарға түспейтін рухани туысқандық жалғап жататын еді. Аға ретінде оған деген махаббатым зор, адам ретінде қадір тұтамын, адамзат ретінде бағалаймын және ұлы ақын ретінде бас иемін. Бірақ бәрібір оның өлеңдерімен көбірек достасыппын, олар мені далаға тастамайтын, қиындықта көмектесу үшін, қайғыда ортақтасу үшін, шашылып кетіп, құлап қалмас үшін, өмірде арқа сүйейтін арқау болу үшін жырлары екі шақыртпай, қасымнан табылатын.
Не істей аламыз, өзімізді жұбатамыз да: «Свершение надежд-конец эпохи, начало новой. А утратишь твердь, сиди в подвале, распахнувши дверь, и голубиной груди плавный очерк тебе добавит резкой веры в Очень и станет главным в перечне потерь», деп Олжас Омарұлының өзі сараптағандай. Тағы былай деп қосады: «задыхаясь от бега, умевший толпу поднимать смыслом слова. Ничего не сказал он». «Мен Даос патриархының өткен ғасырда айтқан сөзінің жаңғырық болып қайта оралғанын түсіндім: Сөйлеп жатқанның - айтатыны жоқ. Білетін адам - үндемейді».
«Ақын мен туған топырақ» атты мақаласында Морис Симашко Олжас ақын туралы былай деп жазады: «Тақырыптағы байланыс жайлы ой Олжастың өлеңдерін оқысам тіл ұшына оратылады. Сұңқар секілді көкте еркін қалықтаған бөзбала шағы да есімнен кетпейді. Тап сол кезде мен оған «жусан» деген повестімді арнаған едім. Оны жазуға түрткі болған да өзі, өзі онымен ауырып жүрді - ауырған орыстың ұлкен жазушысы Сергей Николаевич Марков еді. Тақырыбы - мәңгүрттік болатын. Тарихтағы қасіретті бұлай атаған ортақ досымыз Шыңғыс Айтматов еді. Жаратылыс сияқты көне, түркі мақала айтады: «Жат жерде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол». Ертедегі ұлы елді басқарған сұлтан Бейбарыс мамлюктердің қатаң тәрбиесі берген мәңгүрттікті жеңіп, қайғы шеккен өз отанына қайыршы болып оралады.
Информация о работе Олжас Сулейменовтың өмірі мен қоғамдық саяси қызметі